Материалдар / ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛТЖАНДЫЛЫҚ КЕПІЛІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛТЖАНДЫЛЫҚ КЕПІЛІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіптік білім беру мекемелерінде білім алугыларға патриоттық білім беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Наурыз 2024
196
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛТЖАНДЫЛЫҚ КЕПІЛІ



Кез-келген ұлт ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Жастар тәрбиесі дегеніміз – болашақ қоғам иелерін тәрбиелеу ісі. Болашақ жастардың қолында болғандықтан саналы, дені сау, ойы ұшқыр, сезімі сергек, ұлтжанды азамат өсіру – ең бірінші орында тұрған мәселе. Қазақ елінің болашағын айқындайтын, оны тұрақты даму деңгейіне көтеретін бірден-бір құндылық- ол жастарды ота ншылдық рухта тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттілігін» ерекше ескерткен және олардың ең бастыларының қатарында «патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық» аталып өткен, сонымен қатар, «бұл құндылықтар меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс». Ендеше, патриотизм идеясы жастарға білім мен тәрбие берудің барлық бағдарламаларынан көрініс табуы керек, жалпы көпшіліктің де одан хабардар болғаны жөн.

Бүгінгідей демократиялық бағыт ұстанып отырған қоғамда, балалар мен жастардың тағдыры өздеріне, отбасының материалдық ахуалына байланысты болып отырған жағдайда патриотизмнің маңызын айқындау басты мәселелердің бірі екені даусыз.

Отаншылдық сезім- адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын  психологиялық , саяси -әлеуметтік құбылыс. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады.

Бұл қасиетті сезім отбасынан басталады. Өкінішке қарай, нарықтық қатынастардың кеңінен орын алуы, ересектердің тәрбиеге жеткіліксіз көңіл бөлуі, ата-аналардың уақытының жетіспеушілігі мен қолдарының тимеуі отбасындағы жастар тәрбиесінің ролін түсірді. Әрине, мұндай жағдайларда өзінің ескі арнасын жоғалтқан патриоттық, отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру мен оған тәрбиелеудің жаңа жолға оңайлықпен түсіп кете алмасы анық.

Кезінде Бауыржан Момышұлына: «Осы сіз неден қорқасыз?»- дегенде батыр: «Жаудан да, даудан да қорықпаған құазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Біріншіден, бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам; екіншіден, немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқамын; үшіншіден, дәмді, дәстүрді сыйламайтын ұрпақ өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсең, кімді болса да шауып тастауға даяр. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже, ата жоқ» деп қасірет болар қаупін жасырмай айтыпты. Қаһарман бабамыз айтқандай-ақ ана әлдиіне бөленіп, әже ертегісіне құлағын түріп өскен баланың қашанда ұлттық рухы биік болады. Тәрбиенің бастауы- отбасына, өмір-тіршілігіне тікелей байланысты. Отбасы- адам баласының өсіп, өнетін, қаз тұрып, қанат қағатын ұясы, отаншылдық рухтың қайнар көзі. Отбасы - бала тұлғасының әлеуметтенуінің алғашқы институты болып табылады. Қоғамның рухани өсуі мен дамуы, қалыптасуы сөзсіз бүгінгі білім беру орындарымен, ондағы тәрбие процесінің сапасы мен отбасының моральдық-этикалық мүмкіндігіне тікелей байланысты. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді. Студент жастарды азаматтылық, патриотизм, еліміздің қарқынды сатылап дамуы идеяларының рухында тәрбиелеуге бет бұрған оқу орындарының ішінде үлкен оқу тәрбиелік потенциалы бар, облысымыздың жетекші оқу орындарының бірі болып табылатын Қызылорда медициналық колледжі де бар.

Колледжіміздің тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты: әлеуметтік тұрғыда белсенді, білімді де білікті әрі саналы, парасатты, жан-жақты мәдениетті, еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін рухани дүниесі бай, мейірімді, әлеуметтік-мәдени өзгерістерге қабілетті XXI ғасырға лайықты, елін сүйген патриот тұлға қалыптастыру мен дамытуға жағдайлар жасау. Тәрбие қызметіміздің басты міндеті: жеке тұлғаның рухани және шығармашылықты үздіксіз дамуына, өзін-өзі дамытуына, кәсібилік, бәсекеге қабілеттілік, сыни көзқарас пен ойлаудың стандартты емес үлгілерінің болуына, мәдени-толеранттылық, белсенді жасампаздық бастау, тағы да басқа адами ұстанымдарды қалыптастыратын тәрбие беру жүйесі мен тәрбиелік ортаны құру мен қолдау. Тәрбие бағыттарының ішінде біз партиоттық тәрбие беруге басымдылық береміз. Патриотизмге тәрбиелеудің мақсаты:
  • Отанға деген сүйіспеншілігі мен құрметін қалыптастыру;
  • Ел тарихы мен мәдениетін білу арқылы Қазақстан Республикасының негізгі құндылықтарын зерделеуге көмектесу;
  • Өз колледжіне, шағын ауданына, қаласына, Республикасына пайда келтіруге ұмтылысы мен тілегін дамыту;
  • Заңға бағыну және құқықтық сана – сезімін тәрбиелеу;     

Колледж оқушыларының бойында қазақстандық патриотизм, отаншылдық сезімдерін қалыптастыруда сыныптан тыс өткізілетін тәрбие сағаттарының орны зор. Мысалы, Патриоттық тәрбие беру бағытында Тәуелсіздік күніне байланысты ұйымдастырылған «Тәуелсіздік –асыл мұра» атты әдеби - музыкалық кеште оқушылар еліміздің өткенінен мол мағлұмат ала отырып Жалаңтөс Баһадүр, Бұхарбай сынды батырлардың елі, жері үшін аянбай күрескенін, кешегі Желтоқсан құрбандары Ляззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаевтың ерлігін танып үлгі етері сөзсіз. 9-мамыр Жеңіс күнінің қарсаңында «Желбіре, Жеңіс Алауы!» тақырыбында тәрбие сағатын өткіздім, тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлес жауынгерлеріміз бен батырларымыз туралы мағлұмат беру. Бұл кешке колледжіміздің сол жылдардағы студенті Кеңесбай Қалиевті шақырып, атамыз топ оқушыларына отанды қорғаудың ерекше үлгілері жайында баяндап берді. Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындаңы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, жастардың бойындағы Отанға сүйіспеншілігін арттыруда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы, Қазақстанның халық қаһарманы Б.Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырып кеткен өсиеттерімен ерлікке толы шығармаларымен таныстыру мақсатында «Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы» тақырыбында да топ сағаты өткізілді.

Қазіргі жағдайда патриотизм жаңа сипатқа ие болды, өйткені Қазақстанда бірнеше ұлт өкілдері өмір сүріп, «Қазақстан» деген мемлекетке бірікті. Біздің колледжімізде көптеген ұлттың өкілдері де білім алады. Олардың арасында тығыз, достық қарым қатынастар мен өзара түсіністік орнаған.

Міне осы барлық ұлт өкілдерінде қазақстандық отансүйгіштік сезімді қалыптастыру – қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Осы мәселені шешу мақсатында 1-Мамыр Қазақстан халқы бірлігі мерекесі қарсаңында колледжіміздегі өзге ұлт өкілдерінің ұйымдастыруымен «Достық әнін шырқайық!» тақырыбындағы топ сағаттары өткізіледі. Патриоттық сезімнің қайнар көзі – Отан, оның мазмұны – туған жер, табиғат, оның байлықтары, тілі, тарихы, дәстүрі, туған өлкеміздің киелі орындары мен тарихи ескерткіштері, мәдени мұралары және Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Студент жастардың бойында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрмет тұту сезімін қалыптастыру мақсатында конкурстар мен олимпиадалар, «Бұл — біздің Ту!», «Бұл — біздің Елтаңба!», «Бұл — біздің Гимн!» патриоттық акциялары, Қазақстан тарихын білуге арналған конкурстар мен олимпиадалар, өзге ұлт өкілдері болып табылатын студенттер арасында мемлекеттік тілді білуге арналған конкурстар, әдеби конкурстар, патриоттық әндер конкурстары және т.б. арналған мерекелік бағдарламалар өткізіледі. Осы шараларды өткізу барысында колледж басшылығы оқушылардың ата-аналарының іс-шараларға барынша қатысуын, олардың да қамтылуына баса назар аударады. Себебі әрбір ата-ана өз баласына ұлттық рухта тәрбие беріп, ұстаздар ғасырлар бойы халқымыздың жинаған ұлттық мұрасымен озық мәдениетін жас ұрпақтың бойына сіңіре білсе, дүниетанымымен елжандылық және отаншылдық сезімдерін үйлестіре білсе, тәрбиенің бірлігі осында болмақ.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!