400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ПДТ балалардың сөйлеу тілін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Психикалық дамуында тежелуі бар балаларда сөйлеу тілі дамуының тежелуі және сөйлеу тілінің бұзылыстары кездеседы. Көптеген сөйлеу бұзылысы патологиялары балалардың психопатологиялық ерекшелерымен байланысты. Көптеген психикалық дамуында тежелуі бар балаларда импрессивты және экспрессивті сөйлеуі бірдей бұзылған, сонымен қатар ауызша сөйлеу және жазбаша сөйлеулері де тежелген болып келеды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:

ПДТ балалардың сөйлеу тілін дамыту

Психикалық дамуында тежелуі бар балаларда сөйлеу тілі дамуының тежелуі және сөйлеу тілінің бұзылыстары кездеседы. Көптеген сөйлеу бұзылысы патологиялары балалардың психопатологиялық ерекшелерымен байланысты. Көптеген психикалық дамуында тежелуі бар балаларда импрессивты және экспрессивті сөйлеуі бірдей бұзылған, сонымен қатар ауызша сөйлеу және жазбаша сөйлеулері де тежелген болып келеды. (Выготский Л.С.)

Балаларда импрессивті сөйлеу тілінің даму жеткіліксіздігі мынадай белгілермен сипатталды: сөйлеу тілінің қабылдау дифференциясы, дыбыстарды ажырата алмау, жеке сөздердің мағынасын түсінбеу. Ал экспрессивті сөйлеу тілінің бұзылыстары мынадай белгілермен сипатталды: дыбысты айтуының бұзылуы, сөйлеу тілінің кедейлігімен, сөйлеудің грамматикалық өқрылымының жеткіліксіздігі, стереотиптердің болуы, аграмматизм, сөйлеу тілінің белсенсіздігі. Көптеген жағдайда сөйлеу тілі бұзылыстарының сипаты жалпы сөйлеу тілінің бұзылысын және сөйлеу тілінің тежелуі бар екенін растайды. Сөйлеу тілінің тежелуі вербалды және интелектуалды қабілеттерге де әсер етеді.

Осылайша, психикалық дамуында тежелуі бар балалардың сөйлеу ерекшелігі сөйлеу тілінің жалпы жүйелік бұзылыстары екенын сипаттайды. Сөйлеудің өздік ерекшелігі эмоционалды-ерікті сфераға қалай әсер етсе, танымдық іс-әрекеттерге де дәл солай әсер етеді. Психикалық дамуында тежелуі бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарының симптоматикасы мен механизмі бір қалыпты емес , деген қорытындыға келуге болады. (Левина Р.Е.)

Психикалық дамуында тежелуі бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарының сипаттамалық белгілернің бірі сөйлеу әрекетініңреттелуі, әрекетті вербализациялаудағы қиыншылық, жоспарланған сөйлеу функциясының қалыптаспауы болып табылады. Бұл категориядағы балалар өздерінің іс-әрекетін вербализациялауда қиыншылықтарға ұшырайды. Оларда сөзік қорының анықсыздығы, сөйлеу тілінің белсенсіздігі, логико-грамматикалық құрылымы қиын сөйлемдерді түсінудегі қиыншылықтар, сөйлеудің кейбір бөлшектерін қолданудағы қиыншылықтар, динамикалық бұзылыстар кездеседі. Сөйлеу тілінің және танымдық дамудың өзара тығыз байланысты екенін мына ғалымдардың шығармаларынан білуге болады, олар Л.С. Выготский, Н.И. Жинкин, СЛ. Рубинштейн, А.Г. Лурия, А.К. Маркова, Ф.А. Сохин. Мектеп жасына дейінгі психикалық дамуында тежелуі бар балалардың танымдық құрылымы тежелумен, анализ және синтез операцияларының қалыптаспағандығынан, сөздік ойлаудың дамымауынан, өзін-өзі басқарудың қалыптаспауы – мұның барлығы сөйлеу тілі дамуының тежелуіне әсер етпей қоймайды. (Лурия А.Р.)

Психикалық дамуында тежелуі бар балалардың сөздік қорының негізгі сипатамасы оның кедейлігінде және анықсыздығында. Баланың сөздік қорының қалыптасуы баланың психикалық дамуымен, қоршаған орта құбылыстарымен таныстығымен тығыз байланысты. Осыған байланысты, психикалық дамуында телуі бар балалардың сөздік қорының ерекшелігі танымдық қызметінің бірегейлігін, олардың қоршаған орта туралы білетін мәліметтері аздығын көрсетеді. Психикалық дамуында тежелуі бар балалардың көбі өздерінің ата-аналарының мамандықтары туралы қысқы ғана анық емес ақпаратка ие. (Власова Т.А.)

Қоршаған орта туралы ақпараттың аздығының себебінен психикалық дамуында тежелуы бар балалардың сөздік қорында көпшілікке танымал заттардың, іс-әрекеттердің және қасиеттердің атаулары кездеспейді. Психикалық дамуында тежелуі бар балалардың сөздік қорында зат есім мен етістіктер басым. Сын есімді игеруде біраз қиындықтарға кенеледі. Бұл балалардың сөйлеу тілінде сын есім тек заттың өзіне(балаға) таныс қасиеттеріне қарай ғана қолданылады. Психикалық дамуында тежелуі бар балаларда тіпті түстерді, заттың формасын анықтауда да қиындықтарға ұшырайды. (Абрамова Г.С.)

Баланың лексикалық сөйлеу тілінің дамуының ең маңызды белгісі жалпылау түсінігін меңгеруі. Жалпылау сөздерін меңгерген бала анализ бен синтездеу қабылетінде игереді. Психикалық дамуында ауытқушылықтары бар балалардың сөйлеу тілінің лексикасының ерекшелігі антоним мен синонимның толық қалыптаспағандығында. Е.В. Мальцевтің мәліметері бойынша психикалық дамуында ауытқушылығы балалар антонимнен қараған синонимдерді пайдалуда қиналады.

Психикалық дамуында ауытқушылықтары бар балаларда септіктерді шатастыру байқалады. Септіктің жалғауларын дұрыс жалғамайды, зат есімнің көпше түрлерін дұрыс жалғамайды. Септіктерді жаттауға өте көп күш жұмсалады. Балалар қиын демеулік сөздерді қолданбайды.

Осылайша, психикалық дамуында тежеулері бар балалардың сөйлеу тілінде бір шама ерекшеліктер бар. Баланың сөйлеу тілінің дамымауы , оның ақыл-ой дамуына да кері әсер етеді, бала өз жа ерекшелігіне сай дамымайды. Психикалық дамуында тежеулер бар балалардың сөйлеу тілін дамыту үшын келесі нұсқауларды орындаған жөн:

  1. Артикуляциялық жаттығуларды орындау

  2. Тыныс алу жаттығуларын орындау

  3. Есте сақтау қабылетіне арналған жаттығуларды орындау

  4. Сабақты көрнекіліктер арқылы жүргізу

  5. Белгілі бір тақырыпты толыққанды меңгергенге дейін жеткізу

  6. Логопед, невропатолог манандарына консультацияға бару







Калтурсунова Рысгуль Дархановна

логопед

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
28 наурыз
1289
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі