жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ПДТ бар балаларды мектепте оқытуға психологиялық тексеру жүргізу әдістемесі
БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН:
«Сәкен
Сейфуллин атындағы орта
Мектеп директорының оқу
мектебі
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы
бар»
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары
КММ
директоры
А.Р.Смагулова
А.М. Сақаева
__________________
_________________
«____» ________ 2020ж. «____» _______ 2020ж.
«Қуыршақтар
ойнайды»
үйірмесінің жоспары.
МҰҒАЛІМ:Алтынбекова Назгуль Муратовна
«Қуыршақтар ойнайды» үйірмесі
/Авторлық бағдарлама/
Кіріспе
«Қуыршақтар ойнайды» үйірмесі – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б. Мен осы театрлардың ішінен «Қуыршақтарды қолға киіп ойнайтын» киілмелі түрін таңдап алып, соған авторлық бағдарлама жасадым.1-ші сынып оқушысына қызықты болады деп ойлаймын. Саусақтарын ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне байланысты қозғалтуды үйренеді.
«Қуыршақтар ойнайды»- үйірмесіне 15 балаға дейін қатыса алады. Бұл көрсеткш санитарлық-гигеналық нормаға сай. Үйірмеге аптасына 1 сағат, жылына 33 сағат бөлінген. Бұл өнерді балалар біртіндеп меңгереді. Тарихын меңгереді, қуыршақпен жұмыс істеу білігін жаттықтырады, қуыршақ жасап, қойылымға кіріседі. Актерлік қабілеттерін ұштайды. Образға енуді үйренеді. Мұғалім қойылымның көркемдік жағына, безендірілуіне, қойылуына көп көңіл бөлуі керек. Қойылымның барлығы жасқа сай, тәрбиелік мәні зор болуы шарт. Сабақтардың ұйымдастырылу тәсілдері әртүрлі болады.
Түсінік хат
«Қуыршақтар ойнайды» үйірмесі -бұл балалардың жақсы көретін театрларының бірі. Ол балаларды өзінің әсемдігімен, динамикасымен қызықтырады. Қуыршақ театрында балалар өздеріне таныс ойыншықтармен жүздеседі: аю,қоян,ит,қасқыр т.б. Көрініс өзіндік ерекшелігімен балаларды қызықты, сырлы әлемге бірден баурай кетеді.
Қуыршақ театры балаларға көп қуаныш, жағымды эмоция әкеледі. Бұның тәрбиелік мәні өте зор. Кіші мектеп жасындағы бала үшін маңызды уақыт. Себебі осы уақытта оның талғамы, көз-қарасы, қызығушылығы қалыптаса бастайды,сондықтан балаға достық, шыншылдық, өзаратүсіністік,тапқырлық, қайсарлық, т.б. мінез ерекшеліктерін үлгі ретінде көрсету маңызды. Осындай мақсаттарды іске асыруда қуыршақ театры септігін тигізеді. Қуыршақ театры адамдарға бірталай әсер етеді: көркем образдар, персонаждар, безендіру мен әуен- бұның бәрі іспеттес. Баланың нақтылы ойлауын жеңілдетеді, әдеби шығарманың мазмұнын дұрыс, қанық түсінуге көмектеседі және оның көркемдік талғамының дамуына ықпалын тигізеді. Кіші мектеп жасындағы балалар эмоционалды тұрақсыз келеді. Олар белсенді қатысып, қуыршақтардың сұрақтарына шапшаң жауап беруді үйренеді, оларға кеңес беріп, қауіптен сақтауға ұмтылады. Шеберлікпен, образға кіріп ойнаған қойылым жағымсыз қылықтарды бағалауға, ал жағымды кейіпкерге ұқсағысы келуі сезімін тудырады. Театрда көргені баланың дүниетанымын дамытып, мәңгілікке есте қалады. Балалар көрген-білгенін ата-анасына, жолдастырына айтады, сөйтіп баланың тілі дамып, өзінің сезімін білдіру машығы қалыптасады. Балалар салған суреттерінде қойылым эпизодтарын бейнелейді, ермексазбен мүсіндеп, өзара қойылымдар қоюға жетелейді. Бұндай ойындар шығармашылық күш пен балалардың қабілеттерін дамытады. Осылайша, қуыршақ театры баланың жан-жақты дамуына ықпалын тигізеді.
7 модульдің бірі – «Талантты және дарынды балаларды оқыту» . Сыныбымдағы оқушыларды зерттей келе ойлау қабілеттері өте жоғары, тез шешім қабылдай алатын, ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алатын, күрделі сахналық ойындармен тапсырмаларға ұмтылатын оқушылар анықталды. Сол себепті «Қуыршақтар ойнайды» - үйірмесін таңдап алып, оған авторлық бағдарлама жазуды ұйғардым. Бұл «Қуыршақтар ойнайды» үйірмесінің ерекшелігі – оқушы ертегіні оқып, мазмұнын ғана айтып қоймайды, сол ертегідегі рөлдерді сомдау арқылы олардың актерлік шеберліктерінің қалыптасуына жол ашады. «Қуыршақтар ойнайды » үйірмесі оқушыларға қызықты болады деп ойлаймын. «Қуыршақтар ойнайды» - үйірмесін бірінші сыныптан бастап өткізтіп жүрсек, оқушының актерлік шеберлігінің оянуына көп септгігі болар еді. Ұсынылып отырған «Қуыршақтар ойнайды»- үйірмесі 1-ші сыныпқа арналған
Мақсаты:
- Балаларды театр әлемімен таныстыру;
- «Образға кіру» туралы түсінік беру;
- Театр әлемінің есігін паш ету;
- Қазақ тіліне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу;
- Оқушының шығармашылығын театр түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан - жақты жетілдіру
Міндеттері:
*Театрды өнер ретінде таныстыру;
*Қуыршақ театрының тарихымен таныстыру;
*Халық ертегілерінің поэзиясын түсінуге үйрету;
*Кітап оқу қызығушылығын арттыру;
*Сөйлеу тілін, дүниетанымын дамыту;
*Сезімін білдіріп, көпшілікте сөйлеп, өзін-өзі ұстауды үйрету.
*Балалардың өмірін қызықпен, қуанышпен толтыру;
*Қуыршақтар тігуге бейімдеу;
*Театр қойылымдарында меңгерген машықтары мен біліктерін күнделікті өмірде қолдануын талап ету.
Күтілетін нәтиже:
Қуыршақтармен ойналатын ойын түрлері туралы түсініктері болады;
Диалог бойынша сөйлесу арқылы тіл мәдениетін жетілдіреді;
Балалар «Қуыршақтар ойнайды»- үйірмесі арқылы армандарының орындалып, қиялдарының қанаттауына оң әсер беретінін ұғынады;
Ертегіні теледидардан көргеннен гөрі, қуыршақтармен ойнаған қойылымдардың ерекше екендігіне көз жеткізеді;
Белсенділік, қайырымдылық, ұжымдық дағдылары қалыптасады.
Қуыршақты алып жүру тәсілдерін игереді;
Театрландырылған әрекеттердің қатысушысы болуға ұмтылады;
Ойындар мен ойдан шығарылған әрекеттерді мәнерлі орындайды;
Шығарма кейіпкерлеріне аяушылық білдіреді, жанашырлығын көрсете
отырып өз ойын білдіреді;
Қуыршақты басқаруды, режиссерлік театрлық ойындарда
көрермендерге байқатпай ұстауды, кейіпкердің пішінін немесе қуыршақты
дұрыс жүргізуді, жүруді, жүгіруді, секіруді, ишараны және қимылды
үйлестіруді, сәлемдесу мен қоштасуды, келіскенді және келіспегенді белгілей
алады.
Бағдарлама мазмұны:
1.Кіріспе 5 сағат
Қуыршақты қолға киіп ойнайтын театрдың «Киілмелі» түрімен таныстыру.
Бағдарлама мазмұнына кіріспе
Оқушылардың сабақ кезіндегі әрекеттеріне талап қою
Оқушылардың сабақ кезінде тәртіп сақтауы
2. Негізгі бөлім 26 сағат
Бірінші сынып оқушыларын ертегілерді қызығушылықпен оқып, оны қуыршақтармен ойнай білуге қызықтыру.
Саусақ театрында саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең - тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді. Бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап - ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.
3. Қорытынды 2 сағат
Жыл бойы дайындаған ертегілерді оқушыларға қуыршақтармен ойнап көрсету.
Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементтерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой - өрісі, қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді.
Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып, өз сезімін мимика, ым - ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді. Саусақ ойындар балалардың ой - өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, әңгіме туралы ата - аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.
Бекітемін:
Мектеп директоры
___________
А.Р.Смагулова
«Қуыршақтар ойнайды»- үйірмесінің
Күнтізбелік жоспары
1-сынып (аптасына 1 сағаттан 33 сағат)
№ |
Тақырыбы
|
Сағат саны |
Мерзімі |
|
Кіріспе бөлім |
5 |
|
1. |
Топтың құрылуы. |
1 |
4.09.20 |
2. |
Қуыршақты қолға киіп ойнайтын театрдың «Киілмелі» түрімен таныстыру. |
1 |
11.09.20 |
3. |
Театрлық қуыршақтармен және театр мамандықтарымен таныстыру. |
1 |
18.09.20 |
4. |
Қуыршақпен жұмыстың негізгі ережелері. |
1 |
25.09.20 |
5. |
Қойылым таңдау. Мазмұнымен толық танысу. |
1 |
2.10.20 |
|
Негізгі бөлім |
26 |
|
6. |
Жаңылтпаштар арқылы анық сөйлеуге жаттықтыру. |
1 |
9.10.20 |
7. |
Әртүрлі ертегілер арасындағы диалог |
1 |
16.10.20 |
8. |
Үйірмеге қатысушылармен мәнер, дикциямен жеке жұмыс. |
1 |
23.12.20 |
9. |
Сценарии бойынша жұмысты бастау «Үйшік»- ертегісі |
1 |
30.10.20 |
10. |
Ертегі бойынша дайындық. |
1 |
20.11.20 |
11. |
Қорытынды дайындық. |
1 |
27.11.20 |
12. |
Ата-аналардың алдында қойылымды көрсету. |
1 |
4.12.20 |
13. |
Қысқа қойылымдардың сөздерін дайындау, жаттығу. «Тиін мен Қасқыр»- ертегісі бойынша дайындық. |
1 |
11.12.20 |
14. |
Қысқа қойылымдардың сөздерін дайындау, жаттығу. «Түлкі мен қоян»- ертегісі бойынша дайындық. |
1 |
18.12.20 |
15. |
Қысқа қойылымдардың сөздерін дайындау, жаттығу. «Арыстан мен Тышқан»- ертегісі бойынша дайындық. |
1 |
25.12.20 |
16. |
Қойылымдарды қоюға дайындық. |
1 |
|
17. |
Қойылымдарды қоюға дайындық. |
1 |
|
18. |
Қойылымдарды қоюға дайындық. |
1 |
|
19. |
Қойылымды басқа оқушылардың алдында қою. |
1 |
|
20. |
Қуыршақтарды жөндеу, жаңа қуыршақтар жасап тігу. |
1 |
|
21. |
«Жыл басына таласқан жануарлар»- ертегісінің мазмұнын талдау. |
1 |
|
22. |
Ертегі бойынша дайындық. |
1 |
|
23. |
Ертегі бойынша дайындық. |
1 |
|
24. |
Ертегіні оқушылар алдында қою. |
1 |
|
25. |
«Ұр, тоқпақ»- ертегісінің мазмұнын талдау. |
1 |
|
26. |
Ертегі бойынша дайындық. |
1 |
|
27. |
Ертегі бойынша дайындық. |
1 |
|
28. |
Ертегіні оқушылар алдында қою. |
1 |
|
29. |
«Түлкі, аю және қойшы»- ертегісінің мазмұнын талдау. |
1 |
|
30. |
Ертегі бойынша дайындық. |
1 |
|
31. |
Ертегіні оқушылар алдында қою. |
1 |
|
|
Қорытынды бөлім |
2 |
|
32. |
Жыл бойы дайындаған ертегілерді оқушыларға қуыршақтармен ойнап көрсету. |
1 |
|
33. |
Қорытынды сабақ |
1 |
|
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Жануарлар туралы ертегілер («Аруна» баспасы) 2014 жыл
2.Жаңылтпаштар жинағы ( Абдрахман Асылбек. Жапырақтар: балаларға арналған өлеңдер, мысалдар, жаңылтпаш, жұмбақтар, санамақтар, аудармалар) 2012 жыл
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей 2014 жыл
4. Қазақ балалар хрестоматиясы, Авторы: Ш.Ахметов 2015-2016 жыл
5. Ғаламтор сайттары, E-mail:aruna_Itd@mail.ru
6. Батырлар туралы ертегілер Алматы: «Аруна» баспасы. 2015 жыл, Әлем ертегілері «Ағайынды Гримм ертегілері Аруна баспасы.2010 жыл»
7. «Балдырған», «Айгөлек» журналдары 2014,2015 жыл
Педагогтің аты-жөні |
Алтынбекова |
||||
Күні: |
23.10.2020 |
||||
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Үйірмеге қатысушылармен мәнер, дикциямен жеке жұмыс. |
||||
Сабақтың мақсаты |
Оқушылардың сахнада сөйлеу мәнерін қалыптастыру. Айтылым дағдысы кезіндегі функциялардың дұрыс қолданылуын дамыту. Анық, таза сөйлеуге үйрету.
|
||||
Сабақтың кезең уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Басы |
Ширату. «Пазл» әдісі арқылы топқа бөлу.
Оқушылар құрастырған суретте не байқадыңыздар? Сабақ тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
|
Психологиялық ахуалға берілген психогиялық жаттыңуларды орындау арқылы жаңа сабаққа назар аудару.
|
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. |
Психологиялық ахуал.
|
|
Ортасы |
1-тапсырма. Жұмыс түрі: мәтін беріледі. Мәтінді орфоэпиялық нормаға сай оқып беру Мысалы -ды деп аяқталатын сөздің соңғы дыбысын т деп айту. Бір үзім нан. Бір жылы көктемде алапат су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күн қарны ашқан бай кедейге: - Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді. - Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей. Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды. - Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы. - Жоқ, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді. Ақыры аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні орай айтылғаны екен. Тышқан мен нәрсете» Алыстағы бір ауылда жесір қалған жүкті әйел өзіне серік болсын деп таудағы жаралы ақ тышқанды (күзен)асырап алады. Ақ тышқан әйелдің қасынан бір сәтте деайырылмапты. Қаншалықты үй жануары болмаса да, барынша тіл алғыш болады. Бірнеше ай өткен соң әйел босанады. Жалғыз басты әйел үшін барлық қиыншылықтарға төтеп беруге және баласын асырап бағуға тура келеді. Күндердің күнінде баласын үйіне тастап, біраз уақытқа сыртқа шығуына мәжбүр болады. Алайда үйде нәресте мен ақ тышқан қалады. Арада біраз уақыт өткен соң әйел үйіне оралады. Есіктің алдында аузы-басы қанға боялған ақ тышқанды көргенде зәр-иманы қалмай, аласұрып, ақ тышқанға бас салады. Сөйтіп, тышқанды өлтіріп тастайды. Дәл сол мезетте ішкі бөлмеден нәрестенің дауысы шығады. Анасы жүгіріп барып қараса, бөлменің ішінде бесікті, бесіктің ішіндегі нәрестені және нәрестенің қасында паршаланып жатқан жыланды көреді...
Маша мен Аю ертегісіндегі Машаның ауыз кимылынан қандай әріпті көруге болатынын жаз. Қай жаттығуға сәйкес келетінін та
|
Мәтінді орфоэпиялық нормаға сай оқып беру Мысалы -ды деп аяқталатын сөздің соңғы дыбысын т деп айту.
Маша мен Аю ертегісіндегі Машаның ауыз кимылынан қандай әріпті көруге болатынын жаз. Қай жаттығуға сәйкес келетінін тап.
|
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. |
|
|
Соңы |
-тапсырма. «Шынжыр» әдісі Берілген әзіл жаңылтпаштарды топ мүшелерімен бірге тізбектеліп айт. Ретін сақта.
аз-аз-аз Құдықты каз. Қаңқылдайды қаз. Келіп қалды жаз. Болып қапты жаз. Атаңа хат жаз. ән-ән-ән Қамба толы дән. Әжем айтқан ән. Құрып жүргін сән.
ақ-ақ-ақ Астында болсын тақ! Алла болсын жақ! Басыңа қонсын бақ! Атам маған жақ. Гүлденіп кетті бақ Әжем маған жақ. Боларсың өркез сақ. Секіреді лақ. Шұнандайды лақ. Сылдырайды бұлақ.
ер-ер-ер Қасиетті жер. Төгілді көп тер. Жемістерді тер. Аға соңынан ер. Сұрағанын бер. лау-лау-лау Желбірейді жалау Лапылдайды алау.
|
|
ҚБ: |
Топтық тапсырмалар. |
|
Педагогтің аты-жөні |
Алтынбекова |
||||
Күні: |
16.10.2020 |
||||
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Әртүрлі ертегілер арасындағы диалог |
||||
Сабақтың мақсаты |
|
||||
Сабақтың кезең уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Басы |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) |
Психологиялық ахуалға берілген психогиялық жаттыңуларды орындау арқылы жаңа сабаққа назар аудару.
|
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. |
Психологиялық ахуал.
|
|
Ортасы |
1- тапсырма. Әр топқа ертегілер үлестіріледі. «Мақта қыз бен мысық» ертегісі. Ертегіні оқып суретті ретімен орналастыру.
«Екі дос пен аю» ертегісін оқып түсініп ертегінің желісі бойынша ертегіден үзінді қойылым жасайды.
І«Хайуанаттардың жыл басына таласуы» ертегісін оқып ертегі үзіндісінен қойылым жасайды.
Бағалау формасы «Шапалақ» әдісі
3- тапсырма. Сәйкестендіру. Сурет пен ертегінің атауын сәйкестендіру. Қасық пен айыр Қиялшылар Алтын балта Балықтар неге сөйлейді Екі дос пен аю Екі лақ Түлкі мен бөдене Қорқақ қоян Кім күшті Қасқыр мен кісі Кішкентай маса Арыстан мен түлкі Ай мен күн Ақылды егінші Кішкентай тас пен құмырсқа Түлкі, аю және қойшы Арыстан мен тышқан Еріншек Алтын санаған өледі Түлкі мен құмырсқа Ақшақар мен жеті гном Алтын балық
|
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі. Ертегіні оқып суретті ретімен орналастыру Екі дос пен аю» ертегісін оқып түсініп ертегінің желісі бойынша ертегіден үзінді қойылым жасайды.
І«Хайуанаттардың жыл басына таласуы» ертегісін оқып ертегі үзіндісінен қойылым жасайды.
Компьютер арқылы слайдтарды қолдану арқылы ертегіге жарнама немесе көрме жасайды. Бағалау формасы «Шапалақ» әдісі
|
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. |
|
|
Соңы |
|
|
ҚБ: |
Топтық тапсырмалар. |
|
Педагогтің аты-жөні |
Алтынбекова |
||||
Күні: |
9.10.2020 |
||||
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Жаңылтпаштар арқылы анық сөйлеуге жаттықтыру. |
||||
Сабақтың мақсаты |
Балаларға ертегі мазмұнын айтуға, сахналауға үйрету.Ертегі мазмұны арқылы адал достыққа тәрбиелеу.
|
||||
Сабақтың кезең уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Басы |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) |
Психологиялық ахуалға берілген психогиялық жаттыңуларды орындау арқылы жаңа сабаққа назар аудару.
|
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. |
Психологиялық ахуал.
|
|
Ортасы |
Мамықтай ұлпа , қанттай ақ Қыста жер бетін басады Қар
Жаны жоқ болса да , ақылды адам ісін істейді Кітап Асты тас , үсті тас Ортасында піскен ас. Таба нан
Бірде төмен бірде шығып жоғары Сөз сөйлесең қозғалыста болады. Тіл Жаңылтпаш – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол адамдардың бір нәрселердің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жаңылтпаш мақал – мәтел сияқты тақпақтап, ұйқастырып айтылады. Жаңылтпаш өте ертеден келе жатқанмен, әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған.болатын заттар: аспан әлемі, жыл мезгілдері, қоршаған табиғат, тұрмыстық заттар,мал, жан – жануарлар, адам оның дене мүшелері, еңбек құралдары,т.б. Жаңылтпаш әр түрлі заттар мен құбылыстар, білім өнер ұғымдары. Жұмбақтар соған байланысты тақырыбы жағынан да сан алуан. Өздерің де кез келген нәрсені ұйқасын келтіріп құрастыруларыңа болады. Жаңылтпаш екі түрлі қызмет атқарады. Біріншіден ойын – сауққа жиналған жұртты күлдіру.Екіншіден баланың тілін ұстартып, жаңылтпаштың әр сөзін асқан шапшаңдықпен айтуға үйрету. Жаңылтпаштың сөздері жаңылдыратындай қиын , көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады.Мұнда қайталаулар жиілеп кездеседі.Мысалы : Қара бүркіт томағасын түсірді, Оны мен томағаламай, кім томағалайды. Оны мен томағаламай, кім томағалайды. Шалғы саптап, шөп шап. Шөп шапсаң , көп шап, Көк шапсаң , шапшаң шап . Шапсаң шапшаң, шаршап жат.
|
|
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. |
|
|
Соңы |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану 1. Жаңылтпаш дегеніміз не? 2. Жаңылтпаш қалай пайда болған? 3. Жаңылтпаш болатын заттар нелер? 4. Жаңылтпашты қалай құрастыруға болады?
|
|
ҚБ: |
Топтық тапсырмалар. |
|
Кері байланыс |
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретін жібереді. |
|
Кері байланыс тақтайшасы. |
|
Педагогтің аты-жөні |
Алтынбекова |
||||
Күні: |
20.11.2020 |
||||
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Ертегі бойынша дайындық. |
||||
Сабақтың мақсаты |
Балаларға ертегі мазмұнын айтуға, сахналауға үйрету.Ертегі мазмұны арқылы адал достыққа тәрбиелеу.
|
||||
Сабақтың кезең уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Басы |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) |
Психологиялық ахуалға берілген психогиялық жаттыңуларды орындау арқылы жаңа сабаққа назар аудару.
|
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. |
Психологиялық ахуал.
|
|
Ортасы |
– Бүгінгі тыңдайтын ертегіміздің аты – «Бауырсақ».– Ертеде кімдер өмір сүріпті? – Шал кемпірге не дейді? – Пісірген бауырсағы қандай болыпты? – Бауырсақ не істейді? (Бауырсақтың орманға дөңгелеп бара жатқанын көрсету). – Бауырсақ қайда дөңгелеп бара жатыр ? – Бауырсақ қандай жануармен кездеседі? – Балалар, қоян қандай болады? Қоянға бауырсақ не деп ән салды? – Менің атым – Бауырсақ. Мені суға иледі, Мені майға пісірді. Терезенің алдына Суытуға қойды. Атайдан мен құтылдым, Әжейден мен құтылдым. Енді сенен құтылу, Қиын емес бұл маған, – дейді де әрі қарай домалай жөнеледі. – Бауырсаққа тағы қандай аң кездеседі? – Балалар, қасқыр қандай болады? –Қасқырға қандай ән айтып береді? – Содан кейін қайсы аң кездеседі? – Балалар, аю қандай болады? –Аюға қандай ән айтып береді?
– Содан кейін қайсы аң кездеседі? – Балалар, түлкі қандай болады? – Түлкіге қандай ән айтып береді? – Одан кейін не болады? – Түлкі қулығын асырып, бауырсақты жеп қояды. Тәрбиеші балаларға жаңа сөздерді қайталатады: -Бауырсақ-булочка. -Қасқыр-волк. -Қоян- заец. -Аю-медведь -Түлкі-лиса. Сергіту cәті: Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп аламыз, Қалтамызға саламыз. Тәрбиеші балаларға «Бауырсақ» ертегісін cахналауға жетекшілік етеді.(«Қ» дыбысының анық айтылуына мән береді).
|
Тыңдайды. Ертегінің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. – Шал мен кемпір. – «Бауырсақ пісір», – дейді. – Дәмді, қызғылт-сары.
– Орманға дөңгелеп кетеді. – Қоянмен кездесті. – Қоян қорқақ, кішкентай
– Қасқыр. –Түсі сұр, тістері сояудай. Балалар хормен Бауырсақтын әнін айтады.
– Аю. – Үлкен, маймақ. Қорбаңдап жүреді. Бауырсақтың әнін хормен айтады. – Түлкі. – Түлкі қу болады. Бауырсақтың әнін қайталайды. Балалар қайталайды: Бауырсақ-булочка. -Қасқыр-волк. -Қоян- заец. -Аю-медведь -Түлкі-лиса. Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды. Балалар рөлдерге бөліп ойнайды. |
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. |
|
|
Соңы |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану – Балалар, бүгін біз қандай ертегі тыңдадық? – Ертегіде қандай жануарлар бар екен? – Түлкі қандай болып шықты? Балаларды мадақтау |
|
ҚБ: |
Топтық тапсырмалар. |
|
Кері байланыс |
Біледі: ертегіні диалог түрінде әңгімелеу және «қ» дыбысын анық айтуды; Игереді: ертегінің мазмұнын сахналауды; Меңгереді:ертегі кейіпкерлерінің қимыл-қозғалысын көрсетуді.
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретін жібереді. |
|
Кері байланыс тақтайшасы. |
|
Педагогтің аты-жөні |
Алтынбекова |
||||
Күні: |
11.12.2020 |
||||
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Қысқа қойылымдардың сөздерін дайындау, жаттығу. «Тиін мен Қасқыр»- ертегісі бойынша дайындық.
|
||||
Сабақтың мақсаты |
Байланыстырып сөйлеуі арттыру. Мазмұнын әңгімелеуге, рөлде ойнауларын жетілдіру. Ойнау шеберлігін дамыту.
|
||||
Сабақтың кезең уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Басы |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) |
Психологиялық ахуалға берілген психогиялық жаттыңуларды орындау арқылы жаңа сабаққа назар аудару.
|
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. |
Психологиялық ахуал.
|
|
Ортасы |
-Балалар,бүгін біз «Ақ тиін мен қасқыр» ертегісімен танысамыз, сахналаймыз. -Ақ тиін бұтақтан –бұтаққа секіріп жүріп,ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды.Қасқыр қарғып тұрып,оны жегісі келеді. Тиін: Жалынып,-мені жеме,жібер. Қасқыр:-Жарайды,жіберемін,бірақ сен маған айт!Неліктен сендер әр уақытта шаттанып жүресіңдер? Тиін:-Мені жіберіңіз,сонан соң айтайын,сонан соң айтайын,әйтпесе жүрегім алқынып,сөйлей алатын емеспін. -Қасқыр ақ тиінді босатады.Ақ тиін ағаш басына шығып алып: Тиін:Сен,қасқыр,залымсың,заымдық ішіңді жандырады,сондықтан әрқшан қапалы жүресің.Біз ешкімге жауыздық істемейміз,сол үшін де әр уақытта шаттанып жүреміз. -Міне,балалар көңілді жарқын жүресің,бұл көңіл-күй адамдарға да,жануарларға қуаныш сыйлайды.Бір жұмбақ жасырамын. Жаңғақ жауған орманда,күндіз қорек айырып, Жатады кеш болғанда,өз құйрығын жамылып. Белестен шапқан бесті ат,Бүкір келген жемісті ат. Бейғам елді іздейді.Малдан күдер үзбейді. -Ертегі қалай аталады? -Қандай ертегі кейіпкерлері бар? -Қай кейіпкер ұнады? -Қасқыр қандай аң? -Енді ертегіні бірге сахналайық.
|
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
|
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. |
|
|
Соңы |
Жаңа
білім мен тәжірибені қолдану |
|
ҚБ: |
Топтық тапсырмалар. |
|
Кері байланыс |
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретін жібереді. |
|
Кері байланыс тақтайшасы. |
|
Педагогтің аты-жөні |
Алтынбекова |
||||
Күні: |
11.09.2020 |
||||
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Қуыршақты қолға киіп ойнайтын театрдың «Киілмелі» түрімен таныстыру. |
||||
Сабақтың мақсаты |
Қуыршақты қолға киіп ойнайтын театрдың «Киілмелі» түрімен таныстыру, мамандарымен таныстырып, өнер, өнер адамдары туралы мәліметтер бере отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын ояту
|
||||
Сабақтың кезең уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Басы |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Әсерлерімізбен бөлісейік» жылулық шеңбері Педагог балаларға 1-2 минут көздерін жұмып,өздерін тағы да табиғат аясында,көк майса шалғында жатып,көк аспан,аппақ бұлттарды көріп,құстардың сайраған әнін,судың сыбдырын естіген кездерін елестетуді ұсынады. Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) |
Психологиялық ахуалға берілген психогиялық жаттыңуларды орындау арқылы жаңа сабаққа назар аудару.
|
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. |
Психологиялық ахуал.
|
|
Ортасы |
Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі:киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б. 11-ғасырда “Діни жазба” тақырыбына ойын көрсететін қуыршақ театрының ерекше түрі пайда болды. Театр ойынындағы басты бейне Марияның атымен марионетка қуыршағы дүниеге келді. Халық қуыршақ театры жайындағы тұңғыш жазба мұра Италияда сақталған. 1930 ж. 25 мемлекеттік қуыршақ театры жұмыс істеді. 1931 ж. Мәскеуде бүкіл Кеңес Одағындағы қуыршақ театрының дамуына зор ықпал жасаған Мемлекеттік Орталық қуыршақ театры ашылды. Қазақ жеріндегі қуыршақ театры ұлттық ойындардан бастау алған. Ертеден келе жатқан “Ортеке” ойыны осының айқын дәлелі. Ағаштан жонылып жасалған киік немесе ат мүсіншесін сылдырмақтап жіп тағып, домбыра тартқанда жіптің бір ұшын ішекті шертер саусаққа іліп билететін болған. Тартылған күй ырғағына қарай “Ортеке” ойын көрсеткен. Практикалық бөлім:
|
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
|
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. |
|
|
Соңы |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану 1.Қуыршақ театры дегеніміз не? 2.Қуыршақпен өнер көрсетудің қандай түрлері бар? 3. 11 ғасырда пайда болған қуыршақ қалай аталады? 4. Қазақ жеріндегі қуыршақ театры неден бастау алады?
|
|
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.
|
Топтық тапсырмалар. |
|
Кері байланыс |
«Бағдаршам» кері байланыс.
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретін жібереді. |
«Бағдар шам» |
Кері байланыс тақтайшасы. |
|
Педагогтің аты-жөні |
Алтынбекова |
||||
Күні: |
18.09.2020 |
||||
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Театрлық қуыршақтармен және театр мамандықтарымен таныстыру. |
||||
Сабақтың мақсаты |
Театрлық қуыршақтармен және театр мамандықтарымен таныстыру.Алғашқы қуыршақ театры жөніндегі мәліметтермен таныстыру.балалардың ой-өрісін байыту бағытында өнер ордалары төңірегінде мағлұматтармен толықтыру. Оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын ояту. |
||||
Сабақтың кезең уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Басы |
1.Оқушылармен сәлемдесу. 2.Үстел үстіндегі тақырыпқа байланысты қуыршақтардың есімдер қою
Күй
тыңдаймыз күмбірлі. деген өлең жолдарын айтқызады. |
Оқушылар бәрі қосылып өлең жолдарын айтады. |
|
Психологиялық ахуал.
|
|
Ортасы |
Мұғалім қуыршақ театры жайлы мәліметті слайд арқылы таныстырып өтеді.
Рөлдік ойын: әр топқа алдын – ала ертегі оқып келу тапсырмасы берілген. Сол ертегіні қуыршақ кейіпкерлері арқылы ойнап беруді ұсына Бауырсақ ертегісі Шалқан ертегісі Мақта қыз бен мысық ертегісі
Сәйкестендіру: слайд арқылы әр елдің қуыршағын сәйкестендіріп айтуды сұрайды. Ән үйрену: «Менің әжем осындай» әні: Алтынай Маханбетова сөзі: Әбдірахман Асылбек |
Жаңа әнді айтып үйренеді Әннің сөзін талдауға тырысады. |
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. |
|
|
Соңы |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Өздеріне ұнаған қуыршақтың суретін салу, |
Өздеріне ұнаған қуыршақтың суретін салу, |
|
|
|
Кері байланыс |
Сабақтан алған әсерлерін немесе көңіл күйлерін смайликтер арқылы білдіруді ұсынады.
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретін жібереді. |
|
Кері байланыс тақтайшасы. |
|
Педагогтің аты-жөні |
Алтынбекова |
||||
Күні: |
2.10.2020 |
||||
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Қойылым таңдау. Мазмұнымен толық танысу. |
||||
Сабақтың мақсаты |
Мазмұнымен
толық таныстыру |
||||
Сабақтың кезең уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Басы |
Жұмыс ережесін келісу
|
Психологиялық ахуалға берілген психогиялық жаттыңуларды орындау арқылы жаңа сабаққа назар аудару.
|
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. |
Психологиялық ахуал.
|
|
Ортасы |
Автор: Мақта қыз үйін жинап жүреді. Дән тауып алады. Мақта қыз мысықты шақырады. Мақта қыз: Мысығым менің қайдасың? Мяу? Келе ғой. (Мысық не істерін білмей отырады. Бір кезде ін қазып отырған тышқанды көреді). Мақта қыз: Келмесең, өз обалың өзіне. (Мақта қыз дәнді өзі жеп қояды. Бір кезде асықпай мысық келеді). Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың? Мақта қыз: Айтпаймын. Мысық: Ендеше мен сенің қатығыңды төгемін. (Мысық Мақта қыздың қатығын төгеді). Мақта қыз: Сол үшін мен сенің құйрығынды кесіп аламын. (Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады). Мысық: Ке-е-е-е-шірші, мяу-у-у. Мен енді бұзық болмаймын. Айтқаныңды тыңдаймын.Автор: Мақта қыз қатығын алып, мысықтың құйрығын қайтарады. Сөйтіп, екеуі тату дос болып қалд
Мысық: Берші құйрығымды? Мақта қыз: Қатығымды қайтарып бер. (Мысық сиырға барады) Мысық: Сиыр, сиыр, маған қатық берші. Сиыр: Менің қарным ашты. Маған жапырақ әкеліп берші.
(Тауық дәнді алып, жұмыртқаны тәрелкеге салып береді). Мысық: Дүкенші, дүкенші, міне жұмыртқа. Маған сағыз беріңізші. Қыз: Алақай, мысық маған сағыз әкелді. Міне саған бір шелек су. (Мысық суды ағаштың түбіне құяды). Ағаш: О, рахат қандай. Міне саған жапырағым. Мысық: Сиыр, сиыр, жапырақты ал. Маған қатығыңнан берші. Мысық: Мақта қыз, міне сенің қатығын, ал. Мақат қыз: Көрдің бе, мысығым, дән же деп шақырғанда, келмедің. Айтқан тілді алмадың, құйрығыңнан айырылдың. Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырағыңнан берші. Ағаш: Мен шөлдеп тұрмын, су әкеліп берші. Сонда мен саған жапырақ беремін. (Су әкеле жатқан қызға келеді). Мысық: Маған суыңнан берші. Қыз: Сен маған сағыз әкеліп берші, мен саған су беремін. (Мысық дүкенге барады). Мысық: Дүкенші, дүкенші, маған сағыз беріңізші. Дүкенші: Сен маған тауықтың жұмыртқасын әкеліп берсең, мен саған сағыз беремін.(Мысық әбден шаршайды. Жұмыртқаны іздеп, тауықтарға барады). Мысық: Тауық, тауық, маған жұмыртқаңнан берші. Тауық: Менің қарным ашты, сен маған дән әкеліп бер. Мысық: Үйіңде не бар? Айт тез. Әйтпесе жеп қоямын. Тышқан: Үйімде бір қап тары бар. (Тышқан қорқып тұрады). Мысық: Маған бір уыс тары бер: Тышқан: Мә-ә-ә-ә ала ғой. Мысық: Тауық, тауық, міне дән саған. Тауық: Міне саған жұмыртқа. (Тауық дәнді алып, жұмыртқаны тәрелкеге салып береді). Мысық: Дүкенші, дүкенші, міне жұмыртқа. Маған сағыз беріңізші. Қыз: Алақай, мысық маған сағыз әкелді. Міне саған бір шелек су. (Мысық суды ағаштың түбіне құяды). Ағаш: О, рахат қандай. Міне саған жапырағым. Мысық: Сиыр, сиыр, жапырақты ал. Маған қатығыңнан берші. Мысық: Мақта қыз, міне сенің қатығын, ал. Мақат қыз: Көрдің бе, мысығым, дән же деп шақырғанда, келмедің. Айтқан тілді алмадың, құйрығыңнан айырылдың. Мысық: Ке-е-е-е-шірші, мяу-у-у. Мен енді бұзық болмаймын. Айтқаныңды тыңдаймын.Автор: Мақта қыз қатығын алып, мысықтың құйрығын қайтарады. Сөйтіп, екеуі тату дос болып қалды
|
тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
|
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. |
|
|
Соңы |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
|
|
|
Кері байланыс. |
|
Педагогтің аты-жөні |
Алтынбекова |
||||
Күні: |
25.09.2020 |
||||
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Қуыршақпен жұмыстың негізгі ережелері.
|
||||
Сабақтың мақсаты |
Қуыршақпен жұмыстың негізгі ережелерімен таныстыру
|
||||
Сабақтың кезең уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Басы |
Жұмыс ережесін келісу
|
Психологиялық ахуалға берілген психогиялық жаттыңуларды орындау арқылы жаңа сабаққа назар аудару.
|
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. |
Психологиялық ахуал.
|
|
Ортасы |
Тапсырма: Әр түрлі қуыршақ театрлары туралы видеолар көрсету.Қуыршақтың аттарын атап, суреттерін көрсету Мәтінді оқыңдар. Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі:киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б. Қазақ жеріндегі қуыршақ театры ұлттық ойындардан бастау алған. Ертеден келе жатқан “Ортеке” ойыны осының айқын дәлелі. Ағаштан жонылып жасалған киік немесе ат мүсіншесін сылдырмақтап жіп тағып, домбыра тартқанда жіптің бір ұшын ішекті шертер саусаққа іліп билететін болған. Тартылған күй ырғағына қарай “Ортеке” ойын көрсеткен Музыка тыңдау:Бейнекөрініс. «Ортеке» Абдулхамит Райымбергенов«Тұран» тобының орындауында «Ортеке» биінің бейне көрініс « Қуырщақ театры туралы не білесіңдер?» |
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
|
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. |
|
|
Соңы |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану 1.Қуыршақ театры дегеніміз не? 2.Қуыршақпен өнер көрсетудің қандай түрлері бар? 3. Қазақ жеріндегі қуыршақ театры неден бастау алады?
|
|
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.
|
Топтық тапсырмалар. |
|
Кері байланыс |
«Бағдаршам» кері байланыс.
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретін жібереді. |
«Бағдар шам» |
Кері байланыс тақтайшасы. |
|
Педагогтің аты-жөні |
Алтынбекова |
||||
Күні: |
30.10.2020 |
||||
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Сценарии бойынша жұмысты бастау «Үйшік»- ертегісі |
||||
Сабақтың мақсаты |
Балаларды үйшік ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін қалыптастыру. Ертегіні сахналауға, достық қарым-қатынасты бағалай білуге баулу.
|
||||
Сабақтың кезең Уақы |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Басы |
Жұмыс ережесін келісу
|
Психологиялық ахуалға берілген психогиялық жаттыңуларды орындау арқылы жаңа сабаққа назар аудару.
|
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. |
Психологиялық ахуал.
|
|
Ортасы |
Жазық
далада бір үйшік тұр. Шиқылдауық тышқан
тоқтай қалып сұрайды:
— Мен,
шиқылдауық тышқанмын. Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп, тоқтап айқайға салады:
— Үйшік-үйшік!
Кім үйшікте тұрады?
Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп, тоқтап айқайға салады:
— Үйшік-үйшік!
Кім үйшікте тұрады?
— Бізді
басып қаласың.
|
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
|
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. |
|
|
Соңы |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Күтілетін нәтиже: Біледі: ертегі кейіпкерлерін тани біледі. Игереді: сахналау арқылы мазмұнын игереді. Меңгереді: ертегіні зейін қойып тыңдап, кейіпкерлердің көңіл-күйін меңгереді.
|
|
|
Топтық тапсырмалар. |
|
Кері байланыс |
«Бағдаршам» кері байланыс.
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретін жібереді. |
«Бағдар шам» |
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген