ЭССЕ
«Педагог мәртебесін көтеру
– жаңашыл мұғалімді қалыптастырудың
бастауы»
«Ұстазы жақсының ұстанымы
жақсы» деген сөздің түп төркіні өте
терең. «Ұстанымы»
дегенде адамның өмірге деген көзқарасы,
дүниетанымы,белгілі бір дәрежеде адамның бүкіл болмысы ұстаздың
қолында деген мағынаны
білдіреді.
Ұстаздың абыройы биік болуы – бүкіл елдің
абыройының асқақ болуының кепілі.Өркениетті елдердің барлығында
ұстазға деген құрметі өте биік дәрежеде, өйткені ұстаз бүкіл бір
ұлтты тәрбиелеп отырған басты тұлға.Сол себепті де ұстазды
ұлағаттау әрбір саналы халықтың қоғам алдындағы мақсат-міндеті
болғаны абзал.
Ұстаздың мәртебесі қай кезде
биік тұғырда болады?
Осы орайда Жүсіпбек
Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жай
ғана емес, ол жаңаны жаңадан табатын
өнер», — деп тұжырым
жасайды.Яғни,әрбір ұстаз өз жұмысына тыңғылықты
дайындықпен,құштарлық сезіммен кіріссе,еңбегіне қарай жемісін көре
алады.Себебі,даналар сөзін ойыма тірек қылып айтар
болсам «Не ексең,соны
орасың», - деп келтіреді.Бәйгеге қосқан
тұлпары озып шығып дараланса,және де оны дүйім жұрт
бағалап,қадірлеген жағдайда ғана ұстаздың мерейі үстем
болар.
Жаңашыл мұғалім қалай
қалыптасады?
Дамыған елге қарап бой түзеген
еліміз ұрпақ бойына білім нәрін себуші мына біздерді ұстаздар
қауымын, жаңа заман талабына сай білімін жетілдіруді қолға ала
бастады.Әрбір педагогтың білімі мен білігін көтеруді мақсат тұтқан
еліміз ұстаздардың білімін жетілдірсе, біз өскелең ұрпақтың білім
көкжиегін кеңейтуіміз керек. Ұстаздың өз ісіне деген
қызығушылығын арттыру үшін, барынша барлық ресурстармен қамтамасыз
ету.Мүмкіндігін пайдалануға шек қоймау, керісінше бағыт-бағдар
жасау.Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай сілкіністер бүгінгі
білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман
талабы «білу аз, сол білгеніңді
іске қолдана білу» дейді.Бұл әрбір ұстазды
ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Жаңа
технологияның қыр-сырын меңгерген мұғалімдер білім сапасын
арттыруға барынша үлес қосып, ұрпақты жаңа заманға сай біліммен
қаруландыратынына сенім мол.«Әрбір ұстаз – білікті
маман, әрбір оқушы – ойшыл тұлға»
деген қағидаларды ұстана
отырып, білім беру үрдісінде кез келген ұстаз білім сапасын
жақсарту мақсатында оқытудың озық технологияларын жетік пайдалануы
– жаңа үдеріске жетелейді.
Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,
өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай
тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға
жүктелетін міндет ауыр»
– деген еді. Ұрпаққа тәрбие
беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе
бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға
болады.
Тоқсан ауыз сөздің,тобықтай
түйіні Ыбырай
Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен
де қымбат,өйткені мұғалім – мектептің
жүрегі.» -
демекші,«ҰСТАЗ» сөзінің қадірі түспесе екен
деймін.Мұғалімнің мәртебесін көтергеннен ешкім кем
болмайды,керісінше терезесі тең болар.Біз ұстазын ұлықтаған,тер
еңбегін ұмытпаған елміз.
Қашан да білімді
ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры – жас
ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың
қолында.
Якияев
А.Ж