Педагогика

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Педагогика

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогика пәні бойынша лекция жинақтары
Материалдың қысқаша нұсқасы

1. Оқу тәрбие әлеуметтік құбылыс.

Жоспар:

1. Тәрбие әлеуметтік құбылыс.

2.Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері.
3.Тәрбиенің мақсат-міндеттері.

4. Тәрбие процесінің мәні.


Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.


Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.


Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.

Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.

2. Мақсат дегеніміз - бір нерсеге  ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты — жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.

Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.
Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.

Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдық қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналар-дық көптігімен баңытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын "Ана мектебінің" кіріспесінде өрбітеді.

"Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегі-дей негізгі элементтерге бөлді:

•  адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";

•  заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";

•  құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";

•  тән саулығы - "дене тәрбиесі".

И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген.
Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, "Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу" - деген.


К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады.

П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген.
1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "жан-жақты даму" ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбие салалары енгізілді.

А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды.

Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді.
Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген.
Абай Қүнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.
М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден .ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы" - деп жазды.

Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің "Қазақ тағылымы" атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берікболу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нерселерден  алулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу.

































2. Оқу-тәрбие процесінің мақсаты мен міндіттері.

Жоспары:

1.Тәрбие міндеттері және қызметтері

2.Тәрбие процесі

3.Тәрбие процесі мен оқыту процесінің ұқсастығы

4.Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу

«Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» - дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.


Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.


Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез – құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.


Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым – қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру құралы.


Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиеші – лердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл – ауқаты және оның саясатымен әрқашан тығыз байланысты болады. Тәрбие – біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке – дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс. Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін  - өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады. Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін - өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.

Тәрбие  - көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата – аналар мен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт – бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол – ұстаздар тобы. Оның орталығы – мектеп.


Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді

Оқу мен тәрбие  - өзара байланысты екі процесс. Олардың міндеттері әрқилы, дегенмен, бір – бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар жүріп отырады, бірақ ұйымдасу әдістері және формалары тұрғысынан түбегейлі өзгеше.

Оқу мен тәрбиенің ортақ белгілері:

- тәрбие процесі өз ішіне оқу элементтерін қамтиды: қандай да ережені орындауды талап етуден бұрын оның іске асырылу жолдарын үйрету қажет;

- оқу процесі мұғалім мен оқушы арасындағы ықпалдасты іс - әрекеттің ұйымдастырылу формасына сәйкес өтеді. Өз қызметі барысында мұғалім оқушыға тәрбиелік ықпал ажсайды;

- оқу және тәрбие процестерінде бірдей әдістер (түсіндіру, қадағалау және т.б.) пайдаланылады.

Қайта тәрбиелеу - тәрбиелік ықпалдар жүйесі барысында құлықтық даму мен іс-әрекеттегі ауытқуларды түзетіп, қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапаларын қалыптастыру.

Қайта тәрбиелеу тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктерінің, сезімдері мен еркінің, түйсіктерінің, іс-әрекеті мен мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық өзгеру процесі, қиын балалардың орынды сапаларын қалпына келтіру, педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктердің орнын еңбектегі, спорттағы және басқа іс-әрекеттегі нәтижелермен толтыру.

Қайта тәрбиелеуде қайта ұғындыру, қайта оқыту, басқа іс-әрекетке көндіктіру, күрт өзгерту, еріксіз көндіру сияқты әдіс-ер қолданылады.

Қайта ұғындыру - бұл тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған оқушылар бойындағы қате көз-қарастарын өзгерту әдісі.

Қайта оқыту - бұл теріс қажеттіліктер мен дағдыларды түзету әдісі.

Тәрбие әдісі дегеніміз тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысқан іс-әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері

Тәрбие әдістері – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету.





3. Оқу тәрбие процесінің маңызы мен атқаратын қызметі.

Жоспары:

1.Оқу-тәрбие процесінің тұтастылығы.

2.Тәрбие әрекетінің нақты түрлерін қатынасы.

3.білімнің сенімділігі.


Тәрбие мазмұнын түсінерде қойылатын талаптар мен мақсаттарға сай оқушының білімі, нанымы, дағдылары; тұлғалык сапасы мен белгілері тұрақты әдеттер жүйесі деп қабылданған. -

Тұлғаньң жан-жақты және үйлесімді дамуы — бүл ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбекпен политехникалық; эстетикалық тәрбиелердің біртұтас педагогикалық процесте тоғысуы. Қазіргі тәрбие бағыттарының негізіне мына идеяға жатады:

1. Тәрбие мақсаттарының шынайы балуыБүгінгі нақты мақсат - бүл адамның ептіліктері мен дарындығына сүйене отырып, оны жан-жақты дамыту. Бұл мақсатқа жетудің құралы - әр адамның мәдениет қоры негіздерін көрруі. Осыдан тәрбие мазмұнының орталық түсінігі, яғни тұлганың "базалық мәдениеті" келіп шығады. Бүл өмірлік өзін-озі анықтау мәдениегті болып табылады, яғни, Кономикалық мәдениет пен еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік және экологиялық мәдениет, көркем өнер және отбасы қатынастар мәдениеті.

2. Үлкендер мен балалардың біріккен іс-әрекеті. Тәрбиеші жұмысының мазмұны балалар мен бірге рухани мәдениеттің жақсы үлгілерін, адамгершіліктік өнеге, іс-әрекет мәдениетін іздестіру арқылы өмір нормалары мен қылықтарын өндеуден құралады. ТП-де оқушының пәнндік белсенділігі көрінеді.

3. Өзін-өзі тануАдамның сенімі, демократиялық көзқарасы, өмірлік позициясы арқылы тұлғаның толық қалыптасуы нақты тәрбиеде жобаланады. Тәрбие мазмұнындағы маңызды элемент —танымның өмірлік өзін-өзі тану мәдениеті. Өмірлік өзіндік таным — бұл кәсіптік, азаматтық түсініктерді қамтитын өте кең ұғым. Өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті таныммды өз бақытының және өз өміріңің субъектісі ретінде сипатталады. Адамның өзіне-өзі үйлесімді болуы арқылы оның кәсіптік, азаматтық және адамгершілік өзіндік танымы қалыптасады. .

4. Тәрбиенің түлгалық багытыМектептегі тәрбие жұмысының өзегін тек бағдарлама, іс-шаралар, әдістері мен формалары ғана құрамайды, сонымен қоса ол бала, жеткіншек, жасөспірім арқылы сипатталатын педагогикалық істің жоғары мақсаты мен мәніне тәуелді. Олардың іске қызығушылығы, ыңғайы, өзіндік мінез-сипаты мен өз қадірін сезінуін дамыту керек. Төрбиеленушшердің қызығушылығынан жоғары рухани қажеттіліктеріне қарай тәрбие ережесіне айналуы қажет.

Тәрбие ықпалдарының бірлігіне жету тәсілі -бүл тәрбие- процесіне қатысты ересектердің, әлеуметтік мекемелер талпыныстарын реттеп бару қызметі. Міне, соңдықтан да төрбиешілер, сынып жетекшілері тәрбиеге қатынасы бар барлық адамдармен қарым-қатынас жасауға күш-жігерін аямауы қажет.

Тәрбие формасы - бүл тәрбие процесінің сыртқы көрінісіМазмұн және форманың философиялық категориялары тәрбие құбылыстарындағы ішкі және сыртқы ұғымдардың бірлігін танытады, яғни біріншісі, не бар екенін көрсетсе, ал екіншісі, қандай түрде екендігін білдіреді. Мазмұн мен форма бір-бірімен тығыз байланысты, яғни мазмұн өзгерісі форма өзгерісіне әкелігіп соғады және керісінше. Мазмұн қалыптасады немесе

формаланады, форма мазмұнмен толығады. Жетекші рөл мазмұнға қарасты.

Тәрбие процесінің мазмұны жан-жақты жән үйлесімді дамыған тұлғаның рухани, адамгершілік эстетикалық, еңбектік, әлеуметтік қасиеттерден құралады Тәжірибе жүзінде бұл мазмұн өзіне барыншүа сәйкес келген ұжымға етеді. Егер бұл сәйкестік бұзылса онда тәрбие қиын және шешілмес дағдарыстарға тап болады. Педагогика тарихы тәрбие процесін ұйымдастырудың әртүрлі формаларын басынан кешірді. Оларды әрқайсысы өзгермелі жағдайлардағы белгілі-бір мазмұндау үшін жасалынады. Біріншіден, балалар саны өзгерді: оқу орнындағы бір немесе оншақты баладан бүгінгі аралық балалардың міндетті мектеп тәрбиесіне өтуі. Сндықтан, тәрбие формасын таңдаудың алғашқы бағамы беріледі. Тәрбие процесінде қамтылған санына қарай тәрбие формалары жске, шағын топтық, топтық (ұжымдық) және бұқаралық больш бөлінеді. топптағы (ұжымдағы) тәрбиеленушілер саны 5-7-ден 25-ке дейін болса, бұқаралық формада оның шегі болмайды. Тәрбие процесінің пәрменділігі оны ұйымдастырудың формасына байланысты. Тәрбиеленушілер саны тәрбие жұмысының мазмұнына жіне оны басқаруға әсерін тигізеді. Тәрбиеленушілер саны көбейген сайын тәрбие сапасы нашарлайды. Тәрбиелеуде жеке жөне шағын топтық формалар дұрыс. Бұл тәрбие жұмысын ұйымдастыру нормаларын өте жылдам және мақсатты бағдарлауға, жағдайдың өзгеруіне қарай педагогикалық амалдарды көрсетуге ыңғайлы. Бірақ жеке және шағын тәрбиенің жоғары экономикалық шығындарды керек етуі — оның тарауындағы елеулі кедергі. Қазіргі жүйелердің кемшілігі тәрбиенің топтық (ұжымдық) формасын пайдалануға көшті. Ол өзінің жеткілікті тиімділігімен, санымен өкініштісі, педагогикалық қызметтің салыстырмалы түрде төмен бағалануымен ерекшеленеді. Соңғысы — елімізде тәрбие формасын таңдаудағы шешуші себеп болып отыр.

Тәрбиелеу мақсаттарына әртүрлі жолдармен жетуге болады. Тәрбиеші тәрбиеленушімен, олардың күиі-қуатына, мүмкіндіктеріне, ынталарына сүйеие отырып, істеген жұмысында қанша жол тапса, сонша тәрбие мақсатына жету тәсілі ашылады. Әрине, кейбір жолдар басқасына қарағанда мақсатқа тезірек жеткізеді. Тәрбиешінің алдында тәрбиеге сай келетін, көзделген жетістікке тез апаратын және аз күш жұмсайтын жаңа, қолданылмаған жол табу міндеті тұрады. Құрастыру, таңдау және тәрбие әдістерін дұрыс пайдалану — кәсіптік педагогиканың асқар шыңы болып есептеледі. Тәрбие тәсілі - жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс. Тәсілдер - бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жету үшін тәрбиеленушімен бірге салатын соқпақ жолы деуге болады. Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол соқпақ үлкен жолға - әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдерін тану, оларды дұрыс қолдану - бұл педагогикалық шеберлік деңгейінің маңызды сипаттамасын білдіреді. Демек, тәрбие әдістері мен тәсілдері тығыз байланысты.

Тәрбие тәсілі - жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс. Тәсілдер - бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жету үшін тәрбиеленушімен бірге салатын соқпақ жолы деуге болады. Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол соқпақ үлкен жолға - әдіске айналады.




































4. Таным теориясы -оқу-тәрбие процесінің методологиясы.

Жоспары:

1.Ғылыми таным рационалдық сипатының басымдылығымен сипатталатын өте күрделі құбылысы.

2.сараптау ұғымдар жүйесі.

3. Танымның теориясы процестің негізгі элементтері.

Ғылыми таным – танымның ең жоғарғы пішімі. Ғылыми таным рационалдық сипатының басымдылығымен сипатталатын өте күрделі құбылыс. Ол негізінен ұғымдар жүйесі, теориялар, заңдар сияқты басқа да ойлау процестерінің түрлері арқылы айқындалады. Әрине, мұнда сезімдік танымның рөлі де жоққа шығарылмайды, алайда ол ғылыми танымның теория ауқымында жанама, екінші рөл атқарады. Ғылыми таным құбылыстар мен процестердің ішкі әмбебаптық байланыстары мен заңдылықтарын эмпирикалық білім мен ақыл-ойға табан тіреп, рационалды түрде сараптау арқылы бейнелейді. Мұндай сараптау ұғымдар жүйесі, ой қорытындысы, заңдар, категориялар мен принциптер сияқты жоғары дәрежедегі асбстракциялар жүйесі арқылы іске асады. Ғылыми танымның ең маңызды міндеті – мейлінше ақиқатқа жету, оның мазмұнын жан-жақты ашу. Осы міндетті іске асыру үшін ғылыми танымның көптеген тәсілдері кеңінен пайдаланылады, оларға: абстракциялау, идеализациялау, синтез, дедукция, асбстрактіліктен нақтылыққа өрлеу, тарихилық және логикалық әдістер жатады. Ғылыми танымның маңызды ерекшелігі – оның өзіне бағытталғандығы немесе ішкі ғылыми рефлексия ретінде калыптасуы; яғни, ол тек таным процесінің өзін, оның пішімдері мен әдіс-тәсілдерін, ұғымдар жүйесін зерттейді.
Танымды жалпы түрде адамның әлемге әлеуметтік тарихи тұрғыдан дамыған қатынасы деп анықтауға болады. Танымның мәні қоғам деңгейіне байланысты. Сондықтан ол тарихи тұрғыдан өзгермелі болады. Танымның теориясы процестің негізгі элементтеріне объектісі және табиғи объектімен сәйкеспейді, қайта адамның субъективтік мүдделерін және мақсаттары көрініс беретін бөлігі болып табылады. Таным сезімдік және рационалдық болып екіге бөлінеді. Танымның сезімдік деңгейі мына формаларға ие – түйсік, қабылдау, елестеу. Ал танымның рационалдық деңгейіне ұғыну, пайымдау, ой қорытындылау жатады. Танымның осы деңгейлері арасында диалектикалық өзара байланыс бар. Таным процесіндегі негізгі мәселе ақиқат болып табылады. Ақиқат өзін абсолютті және салыстырмалы формада көрсетеді. Танымның ғылыми және ғылыми емес деңгейлері (қарапайым, діни, көркемдік) бар.

Ақыл парасат, сана – сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі — өзін қоршаған ортаны танып – білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үнілнді, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым – қатынасын белгілейді.

Басқашаайтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәлімет ңшкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады.


Философиядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда дүниені танып – білуге болатындығын мойындайды.


Диалектикалық материализмнің таным теориясының 1метафизикалық материализмінің таным теориясының ең басты екі айырмашылығы бар: ол, біріншіден, таным теориясына практика жайындағы ілімнің енгізілуі, екіншіден, таным теориясына диалектиканың қолданылуы.


Сонымен диалектикалық материализм таным процесінде бейнелеу принципін басшылыққа алады. Ал бейнелеу дегеніміз айнаның бетінен шағылысқан көру емес, оған механикалық тұрғыдан да қарауға болмайды. Бейнелеу – таным – білуге тиіс объекті мен танушы субъектінің арасындағы күрделі қарым – қатынас процесі.


Сөйтіп, танымның субъектісі деп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік топтарды, кең мағынада алғанда, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады. Сонда – ақ, субъект өз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным объектісі ретінде қарай алады. Табиғатты, қоғамдық қатынайтарды таным объектісі ретінде қарастыру қажет. Олар субъектінің өндірістік, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы таным объектісіне айлады. Бақаша айтқанда, таным объектісі дегеніміз материалдық және рухани дүниенің қоғаммен практикалық және теориялық тұрғыдан қарым – қатынасқа түсетін, нақты тарихи іс — әрекет барысында субъекті игерген бөлігі.


Таным объектілері адамның практикалық қызметімен тығыз байланысты және әрқашан соған тәуелді болады. Таным процесінің негізінде адамның объективті дүниеге тигізетін белсенді әсері жатады. Себебі таным адамның объективті құбылыстарымен байланысына, оларға тигізетін әсеріне және оларды өзгертугіне байланысты дамып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, таным дүниенің белсенді әрі нысаналы бейнеленуі деп қарастыруға болады. Қоғамдық практика таным процесінің қозғаушы күші болып табылады. Ол өмір сүру, іс — әрекет жасау барысында адамдардың алдына ұнемі шешуін талап ететін проблемалармен міндеттер қойып отырады.

Ғылым көпқырлы, көпaстaрлы әлеуметтiк феномен ретiнде бiздiң өмiрлiк қызметiмiздiң бaрлық сaлaлaрынa белсендi түрде енедi. «Ғылым» түсiнiгiнiң мaғынaсын aшу үшiн, оның дaму бaрысын қaдaғaлaу үшiн ғылым мен қоғaм, ғылым мен мәдениет aрaсындaғы бaйлaныстaрдың кең жүйелерi негiзiнде, сол ғылымның өзiн нaқты тaрихи сaрaлaу aрқылы жүзеге aсыруғa болaды. Ғылым мәдени-тaрихи тұтaстықпен тығыз қaрымқaтынaстa дaмиды. Құбылысты шынaйы түсiнiп, ой-толғaмнaн өткiзу үшiн, оның түп тaмырын және дaму тaрихын бiлу қaжет. Aнтикaдaғы, Ортa ғaсырлaрдaғы, Қaйтa Өрлеу дәуiрiндегi, Жaңa зaмaндaғы ғылым aлынғaн бiлiмдердiң тереңдiгi және мaзмұнымен қaтaр, мәселенi қоюымен, зерттеу әдiстерiмен, дәлелдеу және негiздеу тәсiлдерiмен, ғылымның мәнiн, мaқсaт, мiндеттерiн түсiну бaрысымен ерекшеленедi. Бiр жaғынaн, ғылыми бiлiмдердiң дaмуы әлеуметтiк-тaрихи қaжеттiлiктерiмен aнықтaлaды, екiншi жaғынaн – жaңa ойлaрдың, түсiнiктердiң, теориялaрдың пaйдa болуы тaнымның iшкi қозғaлыс зaңдaрының және оның логикaсының негiзiнде жүзеге aсaды. Негiзгi зaңдылықтaрды aшу жaңa ойлaр, ерекше ғылыми нәтижелердi aлудың кiлтi ғылыми зерттеудiң тaбиғaтын дұрыс түсiнуде болып тaбылaды. Тaнымның қaрaмa-қaйшылықты мәнi оның мынaдaй aстaрлaрының бiрлiгi мен өзaрa бiр-бiрiне енуiнде көрiнiс тaбaды, мәселен, теориялық және эмпирикaлық, формaльдық және мaзмұндық, нaқты және нaқты емес, өлшенетiн және өлшенбейтiн iргетaсы (фундaментaлды) және қолдaнбaлы. Қaзiргi зaмaнның aдaмы бұл дүниеге келiп о дүниелiк болғaнынa дейiн сырттaй қaрaғaндa бiр бiрiмен мүлдем бaйлaнысы жоқ екi әлемде – шынaйы (тaбиғи) сондaй aқ жaсaнды техно-психоәлеуметтiк ортaдa өмiр сүретiндiгi белгiлi. 
































5. Оқу-тәрбие процесіндегі баланың жас ерекшелігін ескеру.

Жоспары:

1.Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің маңызын анықтау.

2. Жас ерекшелік туралы түсінік қалыптастыру.

3. Оқу-тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларының  жас ерекшеліктері және оларды ескеру мәселелерін анықтау.

Жастарды  өмірге  және  ұжымдық  еңбекке  тәрбиелеудің, әрбір  жас  адамның  жеке  тұлғасының  өмірлік  бағыт-бағдарын  анықтайтын  дүниетанымын  қалыптастырудың  қоғам  алдындағы  зор  міндеттері  мектепке  жүктелген.

Тәрбие,  шын  мәнінде,  жеке  тұлғаның  дамуы  мен  жалпы  қоғамның  негізгі  мақсаты  болып  табылады  және  ол  қоғамның  әрбір  мүшесінің  жан-жақты  дамуына  жағдай  жасауға  бағытталған.

Белгілі  бір  жастағы  балалардың  жас  мөлшері  дегенде  олардың  көпшілігіне  тән  ерекшеліктер  мен  сипаттарды  айтамыз.  Бұл  ерекшеліктерді  педагогикалық  процесте  ескеру  қажет  және  соған  сәйкес  оқыту,  тәрбие  берудің  тиісті  түрін,  әдістемесін  және  тәсілін  пайдалану  керек.

Әрбір  оқушының  танымдық  іс-әрекетінің,  әсерленушілігінің,  ерік-жігерінің, мінезінің,  жүріс-тұрысының  тек  өзіне  ғана  тән  сапалық  ерекшеліктері  болады.  Демек,  жеке  ерекшелік  — бұл,  адамның  өз  басындағы  қасиеттерінің  бір-бірімен  сәйкестікпен  түйісуі,  оның  басқа  адамдардан  өзгешелігі  осы  қасиеттері  арқылы  көрініс  табады. Әркім  өзінің  жеке  даму  жолын  бастан  кешіреді,  ал  ол  оның  бойына  табиғат  берген  қасиеттерге  және  тіршілігінің  жағжайына  байланысты  болады.

Мектеп  оқушысының  жеке  ерекшелігі  дегеніміз – оның  жас  мөлшеріне,  жыныстық  және  рухани  дамуына,  жан-жақты  тұтас  жетілген  жеке  тұлғалық  қасиетінің  қалыптасуына  органикалық  жағынан  байланысты  өзіне  тән  ерекшелігі.  Осыған  орай  олармен  жеке  жұмыс  жүргізу  педагогикалық  процестің  маңызды  бөлігі  болып  табылады.  Жеке  жұмыс – бұл  педагогикалық  жұмыстағы  бос  сөзділікті  жеңу  және  оның  алдын  ала  іс-әрекет  ұйымдастыру.

Жеке  ерекшеліктерді  есепке  алу  —  бұл  әрбір  жеке  тұлғаның  қызығушылығын,  бейімділігін,  сапасын,  қасиетін,  талабын  және  мүмкіншілігін  ескере  отырып,  өскелең  ұрпақтың  әлеуметтік  қалыптасу  процесінде  сәтсіздіктер  мен  қателіктерді  барынша  кеміте  отырып  тәрбиелеуде  педагогикалық  құралдардың,  әдістемелердің  және  түрлердің  барлығын  пайдалану.

Мектеп  оқушыларының  жеке  ерекшеліктерін  есепке  алуда  нерв  жүйесінің  қызметі,  адамның  темпераменті  көп  жағдайда  ескеріле  бермейді.  Темперамент  —  бұл  адамның  психикалық  қызметі  мен  мінез-құлқының  қуатын  анықтайтын  жеке  ерекшелігі.  Сангвинник – еті  тірі;  флегматик – жәй,  салмақты;  холерик – қызба,  шапшаң;  меланхолик – ойлы,  терең  толғанысты.

Адамның  белгілі  сипаты  мен сапасын  қалыптастырудағы   тәрбиешілердің  мақсат  тәрбие  белгілі  бір  жас  мөлшеріндегі  топқа  бағытталған,  осы  арқылы  сол  топтың  мүмкіндіктері  мен  міндеттері  тәрбиенің  әдістемелері  қолданылады.  Адам  өмірінің  мектепке  дейінгі  кезінде,   жасөспірім  шақта  және  әлеуметтік  ортада  қалыптасқан  есейген  шақ  кезеңдеріндегі   мінез-құлқы  ерекшеленеді.

Жас  мөлшерінің  психологиясы  курсында  оқылатын  жоғарыда  айтылған  жас  мөлшерлік  топтардың  әрқайсысының  сипаттамасын  бұл  тұста  нақтылап  қарастырмай-ақ,  педагогтың  әрбір  жас  мөлшері  тобымен  жүргізетін  оқу-тәрбие  жұмысында  ескерілуі  тиісті   кейбір  тәрбие  ерекшеліктеріне  тоқталамыз.

Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – оқыту және тәрбие мен жүйесіндегі негізгі  принциптердің бірі. Оқыту және тәрбие беру  ісінде осы принципті мұғалім  әр уақытта басшылыққа  алады. Баалалардың жас ерекшеліктеріне сай  мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу  жоспарлары мен бағдарламалы және тәрбие  жұмысының  бағдарламасы  жасалынады. Осылардың  негізінде  мектептегі оқу және  тәрбие жұмыстарының  мазмұны, формалары мен әдістері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іс жүзіне асырылады.

























7. Педагогикалық процестің диалектикасы.

Жоспары:

1.Педагогикалық процестің заңдылықтары.

2. Педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымы.

3.Педагогикалық процестегі тұлға аралық қатынастар.

Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту – тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту – тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістеріне бағыт береді.

Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі – біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама беруге болады. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауды болжауға мүмкіндік береді.

Мұғалімді дайындау сапасы тұтас педагогикалық процестің әртүрлі жақтары, қасиеттері мен сапалары туралы теориялық білімдер жайында және міндеттерге қатысы бар аумағы кең кәсіби міндеттерді қолдануға дайындығынан көрінеді. Қандай да болмасын қиыншылықтарды, кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықтай отырып, оның жалпы құрылымын көре алады деген сөз. Мұғалім үшін бұның маңыздылығы тұтас педагогикалық процестің жүйелі – құрылымдық сипаттау, алда болатын іс-әрекеттің ойша моделін жасауға, нақтылы жағдайды ескере отырып, «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады.

Әлеуметтік жүйенің қандайы да сияқты педагогикалық процесс ашық болады, яғни ортаның ықпалын сезеді, бірақ ішкі белсенділік пен өзін-өзі реттеушілігімен көзге түседі. Осыған байланысты әлеуметтік жүйенің бір түрлілігі сияқты педагогикалық процесте солардың тегіндегідей белгілері болады (Абрамова Н.Т., Афанасьев В.П., Блауберг И.В., Садовский В.Н., және т.б.):


  • қоғамның ұсынуымен жүйе жалпы мақсатқа ие, оның қызмет атқаруы мақсатқа 
    сәйкестік сипатты білдіреді;


  • жүйе өзара байланыстағы және өзара тәуелді элементтерден (компоненттерден) тұрады;


  • жүйе тиым салушылық әкелетін ортада өмір сүреді;


  • жүйенің белгілі бір қоры бар, ол оның қызмет істелуі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді;


  • жүйенің ішкі құрылымы оның деңгейінің иерархиясы және ортамен байланысын көрсетеді;


  • жүйеге тән ішкі қайшылықтар есебінен жүйе дамуға қабілетті;


  • жүйе басқару орталығы арқылы басқарылады.

  • Көрсетілген белгілер не себепті әрбір жеке бөлініп алынған педагогикалық деректі тек қана сипаттауға болатындығын, бірақ егер басқалардың арасында оның орнын анықтауға және «ұстаздар – оқушылар» жүйесінде жеке бөліктерінің өзара әрекеттері туралы анық түсінік болмаса қандай шешім қабылдауға қиын болатындығын түсінуге көмектеседі.

  • Педагогикалық процестің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің ішкі байланыстарында бейнеленеді. Процесс (латынның processus – қозғалыс) алға басу 1) жағдай; 2) белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген «процесс» деген ұғымның мағынасы «ұстаздар-оқушылар» жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай іс-әрекет істеу керектігін білуді талап етеді. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстарымен және мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын заңдылықтарымен байланысты.

    Педагогикалық процестің компоненттері мен құрылымы.

  • Педагогикалық процестің жеке дара бөліктері (компоненттері) туралы оның теориясын жасаудан біраз бұрын практикада жеткілікті дәрежеде жақсы белгілі болған. Олардың бір бөліктері (мақсат, міндеттері, мазмұны) өзгеру барысындағы қоғамдық өмірге мектептің әлеуметтік тапсырма ерекшеліктеріне байланысты қайта-қайта жаңадан қаралып жетілдіре түседі. Көрсетілген мәселені В.Е.Гмурман, В.С.Ильин, Б.Т.Лихачев және т.б. зерттеген. Г.К.Костюк ұстаздар мен оқушыларды педагогикалық процестің бөліктеріне жатқызады. М.А.Даниловтың көрсетуінше педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі тәрбиенің мақсаты болады.

  • Жорамалдау бойынша, қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір мазмұнды іс-әрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықтан педагогикалық процестің (әлеуметтік) бөліктеріне ұстаздарды және оқушыларды жатқызған жөн. Бұл педагогикалық процестің адамзаттық факторы болады. Олардың іс-әрекеттерінің бөліктерін (мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер мен тәсілдер, нақтылы тапсырманың түрі), маңыздылығы олардың оқушыларды оқытудың мәнінің құрамына кіруінде. Сондықтан да процестің бөліктері «ұстаздар мен оқушылар» жүйесін құрайтын адамдар және олардың іс-әрекетінің бөліктері болды.

  • Педагогикалық процестің мәнін тереңдеу және жан-жақты түсіну үшін тек бөлімдер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың әрбірінің ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық процесс бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну нақтылы оқу орнындағы педагогикалық процесіндегі солардың арасындағы объективті өмірсуретін ішкі байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Бөліктердің ерекшеліктерін қарастырайық.

  • Отандық педагогикада тәрбиенің мақсаты жан-жақты тұлға дамуындағы, гумандық бірізділік идеясы тұрғысынан анықталады. Бұл мақсаттың сөз жоқ өзінің құндылығы бар, оның тәрбие мақсатының қоғамдық талабынан өсіп түсінуде (Р.Г.Гурова) философтар мақсатты идеал (идеал – мақсат) ретінде қ Алайда арастырады.











































8. Педагогикалық процестің зандылықтары мен принциптері, оқу тәрбие процесінің технологиясы.

Жоспары:

1.Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері.

2. Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы.

3. Тәрбие мен өзін — өзі тәрбиелеудің бірлігі заңдылығы.

4. Тәрбие іс — әрекетінің және қарым – қатынастың шешуші рөлі заңдылығы.

Shape1 Табиғат пен қоғам дамуы адамның еркінен тыс өмір сүретін объективтік заңдардың қатарына жатады. Бірақ адамдар ол заңдарды ашып, пайдалана білгендіктен олардың іс — әрекеті саналы, бағытталған іс — әрекетке айналады.

Адамды табиғаттың құрамды бір бөлігі ретінде оны танып білу, оған тәрбие арқылы әсер ету өте күрделі педагогикалық процесс.

Педагогика болса диалектиканың барлық заңдылықтарын өз бойына жинақтаған ғылым.

Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама – қайшылығында ашылады.

Педагогикалық процестің заңдылықтарын кезінде К. Д. Ушинский өзінің “Педагогикалық антропология” деген еңбегінде ескертіп айтқан, педагогикалық қағидаларды құр жаттап алу ештеңеге қол жеткізбейді, пайда бермейді. Оның ғылыми негіздерін зерттеу керек, содан шығатын ережелерді білу керек деген. Ол психикалық құбылыстардың заңдылықтарын, оны басқарудың жолдарын зерттеуді, сол заңдарды ой елегінен өткізе отырып, жағдайларға байланысты, пайдалануға болады деген.

  1. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері, оларға мінездеме.

Тәрбие – бұл педагогикалық құбылыс. Педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс заңдылық деп аталады. Педагогикалық заңдылық деп – педагогикалық процестің тұтастығын айтады.

Тәрбиенің заңдылықтары:

  1. Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік – экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамуына игі әсер етеді.

  2. Тәрбие мен өзін — өзі тәрбиелеудің бірлігі заңдылығы. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Белсенділіктің бірнеше түрлері бар. Олар: қарым – қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін — өзі тәрбиелеу белсенділігі.

  3. Тәрбие іс — әрекетінің және қарым – қатынастың шешуші рөлі заңдылығы. Тәрбие, оқыту және білім беру іс — әрекетіне байланысты. Іс — әрекеттің мынандай түрлері бар. Олар: ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық – саяси іс — әрекеттері т.б. жатады.

  4. Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу заңдылығы. Жас ерекшеліктері мынандай жағдайда еске алынады:

а) оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын

т.б. жасағанда;

ә) ағзаның дене және психикалық дамуына байланысты;

б) оқу, тәрбие процесінде.

Жеке адамның дербес ерекшеліктері;

а) темперамент, оның типтері (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик) ;

ә) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілеттер.



























9. Оқу-тәрбие процесінің біртұтастығы.

Жоспары:

1.Әдіс – алға қойған мақсатқа жетудің жолы.

2. Жеке тұлғаның адамдық қасиеттері

3. Оқыту процесінде тәрбиелеу.



Оқу-тәрбие процесінің тұтастылығы – бұл бала өмірін өзгертетін және бағыттайтын мақсаттардың, мазмұндардың, жағдайлардың, қалыптардың, әдістердің жиынтығын ұйымдастыру. Ол баланың тұлғасына толық әсер етуде және онымен қатынас жасауда қалыптасады. Оқу – тәрбие жұмысының жалпы жүйесі функционалды, педагогикалық жүйенің арнайы ісін тәрбиенің ерекше мәселесін шешуге бағытталады. Мысалы, еңбеккерлікті, отаншылдық және интернационалдық сезімді, эстетикалық татымды, дене шынықтыру мәдениетін, ойының дамуын қалыптастыруда мақсатты шаралардың және әрекет түрлерінің жиынтығы.

Оқу-тәрбие процесінің тұтастылығының ұйытқысы болып тәрбиенің келесі бағыттары саналады: азаматтық, рухани – құндылық және адамгершілік серпіні. Бұлар тәрбие әрекетінің нақты түрлерін қатынастың бір ағымына біріктіреді және баланың тұлғасына әсер етеді.

Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, оқушылардың дүниетанымын, күш қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс–әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана–сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.

Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.Оқыту – мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс- тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.Оқыту – таным процесі. Танымдық ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.

Оқытудың міндеті – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.

Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады.

Оқыту – даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан–жақты жетілуін түйістіреді.

Оқыту –екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс–әрекеті болса, оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Сөйтіп, оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.

Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.

Сөйтіп, оқыту процесі оқушылардың жас ерекшеліктерінің сәйкестігін ескере отырып, таным қызметінің формасы мен соған орай өзгертіп отырады.Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айналасындағы әртүрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.Екінші қызметі – тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері және мазмұны мен тәсілдері анықталады.





























10. Жеке адам калыптасуының негізгі жолдары.

Жоспары:

1.Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлық.

2. қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні.

3. Тұлға болу дегеніміз.

«Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама.

  

Адамды көптеген ғылымдар қарастырады: философия, әлеуметтану, этика, эстетика, педагогика,  психология және т.т. әрбір ғылымның өзінің адамды зерттеу пәндері бар. Адамға әлеуметтік-психологиялық талдау жасау үшін: «адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына қатысты нақты түсінік шегін белгілеуіміз керек.

   Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық,  психологиялық,  педагогикалық, әлеуметтік  сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар  бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік (тұлғлық) қасиеттердің болатыны. Ол аға ұрпақ жасаған мәдениетті меңгеруде қалыптасады. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы, және вертикалда аяқ алысып болмайды. Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық  іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді ол өзінде өзіне тән адамдық қабілетерді дамытады. . Адам түсінігі  көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде тек әлеументтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным- сенімін бағыт- бағдарын білімі мен тәжірибесіне икем биімділігін анықтау керек. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат тұтады.

   Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі.  Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд  ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.

   Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен  өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.

Тұлғалық қасиеттер үш дәрежеде болады:

1. Әрбір адам ең алдымен адамзат қауымының мүшесі ретінде шыққан нәсілінен, ұлтынан, туысынан, туған жерінен тәуелсіз есті адамның барлық өкілдеріне ортақ жалпы қасиеттерді иелену. Олардың қатарына: қуану, қайыру, болжамдық, елді сүю, арамдық –зұлымдарға, әділетсіздіктерге, әділеттікке және т.б. көптеген рухани-психологиялық қасиеттер жатды.

2. Әр адамның физикалық ерекшеліктерінен жоғары жүйке жүйесінің қызметінен туындайтын және тек өз басына тән психологиялық өзгешеліктер. Бұлар, оның мінез-құлықында, сезім көрінісінде, темперментінде, қимыл мен жүріс тұрысында, сөйлеу ерекшелігінде, сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптарында, басқа адамдармен қарым-қатынсында т.б. тіршілік әрекеттерінде байқалады. Осы қайталанбайтын ерекшеліктерінің арқасында әр адамның басқаларға ұқсамайтын өзіндік қырлары туады. Бұл қырларының негізгі физиологиялық ерекшеліктерінде жатқанмен оған әрине өмір сүру ортасының да қатысы бар.

3. Адам белгілі бір елде, рухани дәстүрде белгілі дәрежеде жеткен материалдық және рухани мәдениет жемістерін сусындап өседі. Сол дәуірдің тарихи ортаның жемісі осының бәрі адамның жан-дүниесінде өзінің ізін қалдырады.

   Тұлғаны анықтайтындар қатарыны: нені және қалай білетіндігі, нені және оны қалай бағатыны, нені және оны қалай жандандырады, кіммен және қалай қатынас жасайтыны, оның көркемдік қажеттілігі жән оны қалай қанағаттандыратындығына байланысты.

Ең негізгісі өзінің әрекетіне, шешіміне, тағдырына деген жауапкершілігіне сай өлшемі тұлғаны толық көрсетеді.

Даралық - түрлі тәжірибе, білім, пікір, сенім, мінез-құлық, темпераменттермен  көрініс береді. Даралық негізгі параметрлері: себеп, темперамент,  қабілет,  мінез.

Эмоциялық, белсенділік темпераменттің екінші функциясы. Белсенділік пен өзін-өзі реттеу қабілетінің сипаттамасы. Даралықта-тұлға мен организм бірлікте қарастырылады.

Адам  мүмкіндіктері.

Адамның 5 түрлі мүмкіндіктері бар. Олар: гнесологиялық, аксиологиялық, шығармашылық, комуникативті, Көркемдік мүмкіндіктер.

1.Гнесеологиялық (танымдық) мүмкіндік алынған мәліметің көлемі, сапасымен өлшенеді. Бұл мәліметтер сыртқы ортаға қатысты оның табиғи және әлеуметтік жағдайына және өзіндік танымына байланысты жинақталады.

2.Аксиологиялық (құндылық) мүмкіндіктер- тұлғаның әлеуметтану процесінде болатын адамгершілік, саяси, діни, эстетикалық бағыттарға қатысты құндылықтар жүйесіндегі мақсатқа талпыну мен көзқарастарына байланысты туындайды. Бұлар психологиялық және идеологиялық жағдайлар бірлігінде болып, тұлғаның санасы мен өзіндік санасының эмоциональдық-еріктік, интелектуальдық механизмдерінің анықталуымен және өмірлік дүние танымының, көзқарасының, талпынушылығының ашылуымен болады.

3.Шағармашылық мүмкіндіктер-өз бетінше анықталған білігі мен дағдысы, продуктивті және репрокуктивті, құру жасау немесе бұзудағы әрекеттік қабілетімен, оларды орындаудағы еңбек жемісімен көрінеді.

4.Коммуникативтті мүмкіндіктер-басқа адамдармен байланысқа түсу формасы, өлшемімен белгіленеді. Тұлғааралық қарым-қатынас әлеуметтік рольдер жүйесінде көрініс береді.

5.Көркемдік мүмкіндіктер-көркемдік қажеттіліктің деңейі, мазмұны, үдемелі және оны қанағаттандыруымен белгіленеді. Тұлғаның көркемдік белсенділігі шығармашылықта, кәсіпте, өзіндік  іс-әрекеті мен өнер туындыларын пайдалануда ашыла түседі.

Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдығы мәні.

Адам сана иесі ретінде, еңбектену нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіреді, өзіне берген тамаша қасиет-ойлау мен сөйлеу арқасында қатынас жасап, өзінің қоршаған ортасына белсенді түрде ықпал етеді. Яғни дүниенің сырын танып білуде субьектіге айналады. Адам бойындағы даралық өзгелермен қарым- қатынасынан байқалады. Жаңа туған бала индивид (жеке адам) деп саналады. Қалыпты дамыған өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті әлеуметтік ортада өз орын бар адамды жеке адам деп аталады.

Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Адамның түрлі қатынасы арқасында іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір –қасиеті қалыптасады. Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс -әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл әрекеті оны мінез-құлқынан, ниет-тілегімен бағыт-бағдарына айқын байқалады. Ниет-тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс-әрекет түрлеріне, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа білініп тұрады. Әлеуметтік жағдай жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп тұрады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктер мен оның психологиялық дара өзгешеліктерін-темперамент, мінез, іс-қимыл, сезім жүйелері, қабілеті мен еркі білдіреді.

Міне бұл даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез-құлық ерекшеліктері әлеументтік ортада өсіп жетіледі. Жеке адамның тұлғалық сипатын екі түрлі ерекшелігін байқауға болады. Ол: әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар; типтерден туандайтын  және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер.

Бұл екеуі де биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделіп қарастырады. Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар.

Биологиялық фактор –адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер. Әлеуметтік фактор адамның дамып жетілуінде тіршілік ортасының қоғамның, тәлім-тәрбиенің әсері. Бұл екі яғни екі фактор  адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады. Өткен тақырыпта бұдан 30-40 мвң жылдай бұрын  Homo  sapiens  (ақыл-ойлы  адам)  қалыптасқаннан кейін адамның биологиялық эволюциясы  мүлдем дерлік тоқтады дедік.  Мұның себебі неде ?- деген сұрқ туады.

Адмның эволюциясы, жалпы алғанда, оның өмірінің барлық кезеңдрінде тоқтамай жүріп жатады. Бірақ қазіргі  эволюция  адам  өмірінің әлеуметтік жағына қатысты, ал биологиялық эволюцияға келсек, адам жануарлардан бөлініп  шықаннан кейін ол  шешуші рөл атқармйтын  болғаны сөзсіз. Енді адамның  эволюциясына  оның өмірін  мәдени жағынан ұйымдастыру, яғни қоғамдық  өндірістің тәсілі,  еңбек қызметінің дамуы, тұрмыс жағдайлары  тағы басқа шешуші әсер ететін болды. Тіпті денсаулығы әлсіз  адамдарда медицинаның көмегі арқасында  қоғам өміріне  белсене қатыса алады.

Табиғи сұрыпталудың  күші қоғам өмірінде  барған сайын әлсіреуде,  өйткені денсаулық мекемелері және басқа әлеуметтік  институттар жеке адамдардың биологиялық  жағынан өзгергіштігін  ұдайв әлсіретеді.  Мысалы, Еуропада адамның құрт ауруынан өлімі 1840ж.  1млн адамнан  4000  адам болған болса, қазір 1млн адамның 13-і ғана өлетін болды,  ал бұл құрт ауруының  емдеуге қарсыласуы  бойынша сұрыпталуы  мүлдем дерлік тоқтады деуге болады. Мұндай мысалдарды  басқа аурулар бойынша да  келтіруге болады.

Бүгін таңда, бір жағынан, сұрыпталудың салдарынан болатын генетикалық өзгерістің өте баяулауы және  адамның түрліше топтарының арасындағы генетикалық ұқсастықтың күшеюі байқалса, ал, екінші жағынан, мәдиниетпен тұрмыс жағдайларының алуан түрлілігі,  әлеуметтік өзгерістердің  аса жылдамдауы байқалады- мұның бәрі адамзат қоғамында жүріп жатқан  мәдени эволюцияның  көрсеткіші болып табылады.  Сондықтан қазіргі адамның эволюциясында мәдириет шешуші рөл атқарады деп сенімді түрде айтуға болады, өйткені көптеген елдерде саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер адамдардың  тұрмыс жағдайларын жақсартып, денсаулығының нығаюына алып келді, ал бұл адамның табиғи сұрыпталу процесінен тәуелсіздігіне себепкер болды.  Егер жануарлар үшін табиғи  сұрыпталу эволюцияның  басты факторы болса, адам үшін оның рөлі- генофондыны (геннің қорын) сақтауда және денсаулыққа теріс әсер ететін мутациялық өзгерістерді болдырмауда ғана.

Табиғи сұрыпталу адамда негізінен ұрықтық клетка деңгейінде болады. Балалар негізінен генетикалық тұрғыдан денісау клеткалардан туады. Мұның дәлелін ата-аналардың жыныстық клеткаларының ірі генетекалық бұзылысқа ұшырауы салдарынан көп жағдайда ұрықтанған тұқым клеткалары даму басталған алғашқы кезде-ақ өліп кететін фактілерінен көруге болады.

Адамның әлеуметтік бейнесінің өзгеруімен бірге оның биологиялық табиғатыда, сырт кейпі де, ақыл-ой қабілетіде өзгере ме? Денесі мен ақыл-ойы жағынан адамның жаңа ұрпағы бұрынғыларынан гөрі дамығандайә болама?- деген сұрақтар тууы мүмкін.

Алдымен дене құрылысы жағынан алып қарасақ, Homo sapiens түрінің даму тарихы барысында оның дене құрылымы мен денсаулығы айтарлықтай жақсарғаны анық: халықтың орташа өмір жасы өсті. Ертедегі дүние азаматтың орташа жасы 20-22жыл болған болса, XVIII ғасырда 30 жасқа деиін өсті. XIX ғасырдың аяғымен XX ғ. Басына қарай Батыс Еуропа елдерінде ортша жас шамамен 56 жылға жеткен болса, бүгін таңда 75-78 жасқа жетіп отыр. Ал социологиялық және медицинлық зерттеулерге қарағанда, қазіргі адамның “қалыпты ” орташа жасы 80-90 жыл болуы тиіс екен.

Тағы бір мысал. Социологиялық зерттеулерге сүйенсек, XX ғ. 50-60 жылдары өскен жастардың бойы 30-40 жылдарда өскен жастардың бойынан, орташа алғанда, 6-8 см. Ұзын, ал 80-90 жылдардағы жастардың бойы одан бұрынғы 60-70 жылдардағы жастардың бойынан 5-7 см-дей ұзын көрінеді. Бұл, әрине, ең алдымен әлеуметтік тұрмыс жағдайымен жақсаруының алдары деуге болады.

Енді адамзаттың ақыл-ой  қабілетінің дамуы туралы мәселні қарастырып көрелік. Евгеника (адамның тұқым қуалаушы денсаулығы және оны жақсарту туралы теория) деген ілімнің негізін салушылардың бірі, ағылшын психологантрополыгы Ф. Гальтон  қазіргі адамның ақыл-ойы барған сайын төмендейді деп сендіруге тырысады, өйткені дейді ол төменгі таптарының өкілдері ақыл-ой коэфицент көрсеткіші төмен ал олардың отбасы әдетте көп балалы болады, олай болса қоғамдағы адамдар саны негізінен төмен сол  еңбекші топтарының  балаларының есебінен өсетін болғандықтан, адамдардың ақыл-ой деңгейінің  төмендеуі де табиғи нәрсе деп қорытындылайды Ф. Гальтон. Бұл пікір XX ғ-ң 60-жылдарына басына қарай адамның  ақыл-ой коэфиценті  әлеуметтік жағдайы және  балаларының саны арасында тікелей тәуелділік бар деген пікір жалған деп мойындалды.

Қазіргі балалар бұрынғы ұрпақтан гөрі ақыл-ой жағынан дамығандай ма, қалай?- деген сұрақ бүгін таңда талас мәселе деп есептеледі. Кейбір зерттеушілер айтқандай, балалардың ақыл-ой дамуы бас миының эволюциялық дамуымен генетекалық байланысты деп пайымдауға негіз болатын мәлеметтер бүгін таңда жоқ. Туғанынан немесе жастайынан көру есту  мүмкіндіктерінен айырылып, қолмен ұстап көрүден басқа сыртқы дүниемен байланыс мүшелерінен жұрдай болған балалар алғашында  жануарлардың даму деңгейінде болды. Алайда, оқытудың  арнаулы жүйесін, әдісін қолданудың нәтижесінде олар ақыл-ойы дұрыс адамдардың қалпына келді, ал кейбіреулері МГУ-дың психология факультетін бітіріп шықты.

Сонымен бірге  ойлаудың басты органы болып табылатын  мидың эволюциясын растайтын мәлеметтерде  бүгін таңда жоқ. Мидың эволюциясының тоқтағанын тікелей негіздейтін дәлел болмағанымен, бірақ Homo sapiens  пайда болғаннан бергі  30-40 мың жыл ішінде  оның мөлшері өзгермей келе жатқаны жанама дәлел бола алады, ал оғандейінгі адам тектес маймылдардың эволюциясы кезінде олардың миы үнемі дамып, өсіп отврған болатын. Мысалы: австралопитектің миының мөлшері 500-600 см3  болған болса , питекантроптың миы 900см3  , синантроптардың миы 1000 см3 –ге дейін болады. Ал қазіргі адам миының орташа мөлшері ересектерде-1400см3 , әйелдерде-1270см3  . Сонымен қатар адамның жеке басының дарындылығы  оның миының мөлшеріне тікелей тәуелді бола бермейді.

Қазіргі заманғы биологтар мен антропологтардың пікірінше, адамның түр ретіндегі  биологиялық эволюциясы  Homo sapiens пайда болғаннан бері тоқтады деуге болады. Мұның дәлелі ретінде сол уақыттан бері  адам миының өзгермегендігін, оның морфологиялық өзгерісінің аяқталғанын келтірсе де болады. Бұған қарама-қарсы пікір айтуға жеткілікті негіз жоқ.

Сонымен антропогенез процесінің дамуы  адам түрінің қалыптасуының  аяқталуымен тоқтайды. Ал ол бұдан 30-40 мың жылдай бұрын болған. Сол уақыттан бастап адам эволюциясының шешуші факторы ретінде топтық сұрыпталудың әсері де тоқтайды. О сы кезден бастап эволюция әлеуметтік өмірмен байланысты іске асып, адамның болашағы мәдиниеттің деңгеіне тәуелді бола бастады. Эволюцияың негізін адамның ақыл-ойы және саналы іс-әрекеті құрады. Сондай-ақ адам мен қоғамның пайда болуына байланысты генетикалық информация адамның өмірінде жетекші маңызынан айырылып, оның орнына әлеуметтік инфомация келгенін атап айту қажет.

Адамзатты қандай болашақ күтіп тұр, яғни түрдің даму тұрғысынан қарағанда, адамзаттың болашағы қандай деген сұраққа кейде кейбіреулер геномның әлсіреуі салдарынан жануарлармен өсімдіктердің барлық түрлері біртіндеп өледі деген пікірді айтып жүр. Бірақ көпшілік ғалымдардың пікірінше, басты қауіп түрлердің қартаюында емес, биосфераның түрліше қалдықтармен барған сайын көп ластануында, радиациалану деңгейінің барған сайын өсуінде, экологиялық себептерінде болып отыр. Генетикалық ауытқуларының салдарынан кесел нәрестелердің  тууының көбеюі , ақыл-есі нашар адамдардың сананың артуы, генетикалық ауытқулар адамзаттың болашақ өміріне төніп басты қауіп-қатер ең алдымен біздің  ьәдени дамуымыздың төмендігінде екендігін көрсеткді.















































11. Баланың жас және дербес ерекшеліктерін ескеріп, дарындылығын ашу.

Жоспары:

1. Тулға қалыптастыруга бағытталған үдеріс.

2. Мақсатты бағытталуы.

3. Тәрбие үдерісінің айтарлықтай ерекшелігі.



Жалпы педагогикалық үдерісте тәрбие жұмыстары да өз өрісін табады. Бұл үдеріс, әдетте, дербес сипатты құбылыс ретінде қарастырылады, себебі ол өз ерекшеліктеріне ие болуымен оқу үдерісіне де, даму үдерісіне де жанаса бермейді. Тәрбие барысын зерттеуші педагогика саласы тәрбие теориясы деп аталады. Егер оқу үдерісінің субъекттері мұғалім мен оқушы есептелетін болса, тәрбие үдерісінің қатысушылары - тәрбиеші мен тәрбиеленуші.Бастауыш мектепте оқуды да, тәрбиені де жүргізетін бір тұлға - маман педагог.

Тәрбие - мақсатты жүйеде тулға қалыптастыруга бағытталған үдеріс, яғни арнайы уйымдастырылған, тәрбие мақсатын іске асыруға бағышталған тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы басқарымды әрі бақылаулы өзара ықпалды іс-әрекет қатынастары.

Тәрбие бірнеше ерекшеліктерге ие. Оның ең басты ерекшелігі - мақсатты бағытталуы. Тәрбие ұйымдасуынан күтілетін жоғары тиімділік оның алдына тартылған мақсаттың балаға жақын әрі түсінікті болуынан. Мақсат бірлігі, өзара қызметтестік осы заманғы тәрбие үдерісінің негізгі сипатын құрайды.

Тәрбие үдерісі - көп жағдаятты, оның құрамында субъектив және шынайы себептер ықпал-әрекетке келеді. Ескеретін жәйт - тәрбиеші іс-әрекеті тек шынайы заңдылықтарымен анықталып қалмайды. Себебі тәрбие - өнер, ал өнер тәрбиеші тұлғасына, оның даралығына, тәрбиеленушілермен түзген қатынасына орай туындайды.

Тәрбие үдерісінің күрделілігі одан күткен нәтиженің нақты ұстамға келмейоқу үдерісіндегідей дер мезетінде көрінбеуінде.

Тәрбиелік пен тәрбиесіздік қалыптардың жүз беруі аралығында қажетті тұлға қажеттерінің ұзаққа созылған қалыптасу кезеңі жатыр. Себебі бала әртүрлі ықпалдарға кезігіп, оң да, теріс те тәжірибе жинақтайды. Ал тәрбие осы жинақталған тұлғалық тәжірибеден келеңсіз сапаларды шығарып тастап, олардың орнын ұнамды қасиеттермен толықтырып барады. Тәрбиенің және бір күрделілік себебі оның өте қозғалмалы (динамичность) болуында, осыдан тәрбие үдерісі жылдам ауысады, тез өзгеріске келеді.

Тәрбие үдерісінің айтарлықтай ерекшелігі - узақ мерзімділігінде, яғни адам тәрбиесі - өмір бойы тоқталмайтын іс. К.Гельвеций: "Мен әлі үйренудемін, менің тәрбием біткен емес. Ал ол қашан бітеді? Тәрбиеленуден қалған күні, яғни мен өлгеннен соң. Менің бүкіл өмірім, шынын айтсам, біртұтас ұзақ тәрбие". Адам санасында мектептегі тәрбиенің қалдыратын ізі аса бедерлі, себебі адамның жас шағындағы жүйке жүйесі өте икемшіл әрі қабылдағыш келеді. Дегенмен, мектептегі жақсы ұйымдастырылған тәрбие үдерісінің өзінен де жылдам табыс күту жаңсақтық: тәрбие өз нәтижесінің тікелей ықпал сәтінен біршама уақытқа созылуымен сипатталады.

Тәрбие үдерісінің және бір ерекше сипаты - оның үздіксіздігінде. Мектеп тәрбиесі -тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы бірі екіншісімен ұштасып, жүйеге келтірілген өзара ықпалды қатынас әрекеттері. Егер тәрбие үдерісі үзіліске түссе, науқандыққа негізделсе, тұрақталып келе жатқан әдеттерді бекіту орнына, бала санасында қайта-қайта жаңа "жолдар" қалыптастыруға мәжбүр боламыз.

Тәрбие үдерісі - кешенді, яғни бұл сипат тәрбиенің мақсат, міндет, мазмұн, форма мен әдістердің ажыралмас бірлігін аңдатады, оның тұлға қалыптасуының біртұтастығы идеясына бағыныштылығын білдіреді. Тұлға сапа-қасиеттері өзара бөлектенбей, бірлікте, бірігімді, бір уақытта кемелденіп жата-ды, осыдан оған бағытталған педагогикалық ықпалдар да ке-шенді сипатта болуы қажет. Айырым жағдайларда тәрбиеші талап деңгейіне сәйкес болмай жатқан тұлға қасиетіне көбірек назар салғаны жөн. Мысалы, бастауыш сынып оқушысында зейінділік,   шыдамдылық,   байқағыштық  ж.т.с.с.   қасиеттерді қалыптастыруға көбірек көңіл бөлінеді. Тәрбиенің кешенділік сипаты бірқанша маңызды педагогикалық талаптар орындау-ды, тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасындағы ықпалдасты әрекеттерді мұқият таңдап, ұйымдастыруды қажет етеді.

Нәтиже баламалылығы мен екіүштылығы да осы тәрбие үдерісін ерекшелейтін сипат. Бір жағдайда теңдей тәсілдерді қолданғанның өзінде қолға кірер нәтиже әрқилы болуы мүмкін. Мұның себебі - тәрбиеленушінің даралығы, әлеуметтік тәжірибесі мен тәрбиеге болған қатынасы. Тәрбиелеушілердің кәсіби дайындық деңгейі, олардың педагогикалық шеберлігі, тәрбиеленушілермен қатынас жасай білу ептілігі де - тәрбие барысы мен нәтижеге күшті әсерін тигізеді.

Тәрбие - екі тарапты үдеріс. Мұның тосындылығы үдерістің екі бағытта бірдей - тәрбиешіден тәрбиеленушіге (тура байланыс), тәрбиеленушіден тәрбиешіге (кері байла-ныс) қарай жүруінде. Үдерісті басқару, негізінен, кері байланыс арқылы орындалады, яғни тәрбиеленушілерден келіп түскен ақпараттар негізінде оқу, тәрбие нәтижесі анықталып барады. Кері байланыс ақпараттары неғұрлым көп болса, тәрбиешінің тәрбиелік ықпалы соғұрлым күшті болады.

Тәрбие үдерісі қарама-қарсылықты керек етеді. Осыдан тәрбие диалектикасы (дамуы) ішкі және сыртқы қайшылықтармен анықталады. Осы қайшылықтар тәрбие үдерісінің үздіксіз ағымын қамтамасыз етеді. Тұлға қалыптасуының барша сатысында көрінетін ішкі қайшылықтар жаңа қасиеттер мен оларды іске асыру мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықтардан туындайды. "Білемін" және "білмеймін", "бар" және "жоқ" араларындағы сәйкессіздік баланы белсенді іс-әрекет орындауға, тәжірибе өрістетуге, жаңа білімдер мен қылық-әрекет формаларын игеруге, қалыпты талаптар мен ережелерді тануға ынталандырады. Тәрбие қызметі - тұлға қалыптасуын дұрыс бағытқа түсіру, ал бұл тәрбиеленушілерге қозғау салатын күштерді, олардың қажеттерін, сеп-түрткілерін, өмірлікжоспарлары мен құндылықты бағыт-бағдарларын терең білуге тәуелді.

Тәрбие үдерісінің бағыты мен нәтижесіне сыртқы қарама-қарсылықтар да күшті ықпал жасайды. Мысалы, мектеп пен отбасы, педагог пен ата-аналар арасындағы келіспеушіліктер осы сыртқы қайшылықтардың нақты дәлелі. Тәрбие барысында кезігетін көптеген қиыншылықтар астарында халықтың "молданың айтқанын істе, істегенін істеме" дегеніндей, адам аузынан шыққан лебіз бен оныңжасаған қылығыныңжарасым-ды болмауы жатыр.



14. Балалар ұжымы туралы түсінік, құрамы, мәні,міндеттері.

Жоспары:

  1. Ұжым алдында айқын түрде мақсат болуы

  2. Барлық ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы

  3. Ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысынң өзіндік пікірі болуы

  4. қатаң түрде орнатылған тәртіптің болуы





Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С. Макаренко еңбектеріңде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. А.С. Макаренко ұжымның басты белгілерін нақгы тұжырымдап берді: ұжым — басқа ұжыммен органикатық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.

Мектептің балалар ұжымы бастапқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратын-дай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудін әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И. Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е. Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушының адамгершілік дамуымен байланыстырады. Р.С. Немов, А.Г. Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән береді.
Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтеңдіру-дің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетіңде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы,оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.

Оқушылар ұжымы деп мақсатты, әлеуметтік маңызды іс-әрекет негізіндегі оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формасын түсінуге болады.
Оқушылардың іс-әрекеті оқу және оқудан тыс уақыттағы іс-әрекет. Балалар ұжымының үлкендер ұжымына карағандағы ерекшеліктері:

қоғамдық құндылық пен жеке тұлғаның маңызды мақсатына бағытталған
бірлескен іс-әрекеті;

ұжым мүшелерінің еркін қарым-катынас жасауы;

ұжым мүшелерінің бір-бірімен өзара жауапкершілігі және тәуелділігі;
— өзін-өзі сайлау органдарының болуы



Зерттеушілер балалар ұжымдарының басқада ерекшеліктеріне тоқталған, олардың қатарында тапсырмаларды және рөлдерді бөлудегі тең кұқықгык,
өзі басқару органдарынын болуы, ұйымшылдық, адамгершілік психологиялық ықыластық, тәртіп т.б. Балалар ұжымы — өте сезімтал аспап, ол тек педагог тұлғасын басшылығымен ғана дамиды (В.А.Сухомлинский). Сондықтан мұғалім ұжымның даму заңдылктарын, оның даму сатыларын, оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін және ұжымда орнықты сезінуін білуі кажет.

А.С. Макаренко балалар ұжымының технологиясының негізгі қағидаларын «Ұстаздық дастанда» келтірген. Онын пікірінше ұжымдағы ұжым мүшелерінің ілгері жылжуы еркін адамдар ұжымының болмыс формасы. Ұжым қоғамның бөлігі болғандыктан ілгері жылжығанда ғана дамиды. Қозғалыссыз ұжым әлеуметтік тұрғыдан дағдарысқа ұшырайды. ¥жым дамуының негізгі зандылығы — перспективалык бағыттарының

болуы оның мәні ұжымының дамуы тек перспектива (мақсат.іс) болса және жаңа перспективалар байқалғанда ғана мүмкін. Балалардың алдында перспективалар тек педагогпен ғана қатынаспайды, олар өздері қызықты, әлеуметтік маңызды істерді іздейді. А.С. Макаренко перспективалык бағыттарды үш топқа бөледі: жақын, орта, алыс перспектива.

Перспективаларды-ертеңгі қуанышты субъекті жүзеге асыру күш-жігерді талап етеді, сонымен қатар мақсатка жету қуанышына бөліп, ұжым мен оның мүшелерінің қанағат сезімін тудырады. Ұжымның іс-әрекеті арқылы бірте-бірте дәстүр қалыптасады. Олар ұжымда қалыптасқан, оның стилін, құндылық бағыты, мақсатылығы көрсететін салт-сана, тәртіп, мінез-кұлық ережелері.

Бірлескен іс-әрекеті барысында ұжым мүшелерінің мұғалім, ұжым, белсенділер ыкпалында тікелей емес, жанама түрде, оның
оқушыға жүйелі әсері тәрбие механизмі арқылы болуы мүмкін.

Балалар ұжымында тәрбие міндеттерін шешуде қатынастар жүйесін басқару ұжымның дамуының келесі заңы — параллельді ықпалдар заңы.
Оқушылар ұжымында (ер балалар мен қыздар арасында, белсенділер, микротоптар, лидерлер т.б.) өте күрделі қатынастар кездеседі





Әрбір оқушы бұл кезенде өзін ұжым мүшесі ретінде санап өз әрекеттері-нің қоғамдық маңыздылығын түсінуі тиіс. Сонымен бірге оқушылар алға қойылған мақсатты білуі және түсінуі тиіс және сол мақсатқа жетудегі әрбір оқушының рөлі мен қосатын үлесін де білуі керек.


Оқушы ұжымының дамуьшың үшінші кезеңінде тек мұғалім мен белсенділер мүшелеріне ғана талаптар қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық пікірлердің ескерілуімен, оқушылардың өз-өзіні басқаруының жоғарғы деңгейде болуымен, балалардың ұжым жұмыстарымен айналысумен сипатталады. Дәл осындай ұжым оқушыларды ұжымшылдыкқа тәрбиелеу құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық жағдайлар жасалады.

Ұжымның барлық даму сатыларыңда мұғалімнің алдында үнемі тәрбиелеу міндеттері тұрады. Оның ішіндегі ең маңыздысы: педагогикалық жетекшілік пен оқушылардың өз-өзін басқаруын дамытуды қалай бірге алып жүруге болады? (1 суретгі караныз).
Ұжым дамуының бастапқы деңгейінен жоғарғы деңгейге көтерілуі көп жағдайларда мұғалімнің дұрыс позициясына байланысты.

Сонымен қатар сынып жетекшісінің оқушыларға ұжым дамуының жақын, орта және алыс (А.С. Макаренко) деп аталатын үш көрінісін түсіндіру үшін үлкен























































15. Балалар ұжымын ұйымдастыру, тәрбиелеу жолындағы атқарылатын педагогикалық функциялар.



Жоспары:

  1. Балалар ұжымы туралы түсінік, құрамы, мәні, міндеттері

  2. Балалар ұжымын ұйымдастыру, тәрбиелеу жолыңдағы атқарылатын педагогикалық функциялар

  3. Балалар ұжымында оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты саналы тәртіптің қалыптасуы және қалыптастыру жолдары

  4. Даму кезеңдерінде балалардың іс – әрекетін мен қарым – қатынасын ұжымдастыру ерекшеліктері



Тұлға мен ұжымның даму процестері бір-бірімен тығыз байланысты. Тұлғаның дамуы ұжымның дамуынан, оның даму деңгейінен, онда қалыптасқан іскерлік және тұлғааралық қатынастардың құрылымынан тәуелді болып келеді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің белсенділігі, олардың дене және ақыл-ой дамуының деңгейі, мүмкіндіктері мен мен қабілеттері ұжымның тәрбиелік күші мен әсерін айқындайды. Соңғы нәтижесінде ұжым мүшелері белсенді болған сайын, олар өздерінің дербес мүмкіндіктерін ұжым өмірінде барынша толық пайдаланған сайын ұжымдық қатынас айқын көріне бастайды.

Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық дербестігінің дамуы олардың ұжым ішіндегі өзіндік деңгейімен және шығармашыдық белсенділігімен тығыз өзара байланысты. Оқушы ұжымдық қоғамдық пайдалы іс-әрекетте өзін көрсеткен сайын оның ұжымдағы статусы жоғарылайды және оның ұжымға әсері де арта түседі. Керісінше, оның статусы жоғарылаған сайын ұжымдық оның өзіндік дамуына әсері де жемісті бола түседі.



Тұлға мен ұжымның дамуы – өзара байланысты, бірін-бірі толықтыратын процесс. Адам табиғатпен және өзін қоршаған адамдармен қатынастар жүйесінде өмір сүреді және дамиды. Байланыстырдың молдығы тұлғаның рухани байлығын анықтайды, ал байланыстар мен қатынастар молдығы адамның қоғамдық, ұжымдық күшін көрсетеді.

Ұжым мен жеке адам проблемасы ең әлеуметтік проблемалардың бірі болғандықтан педагогика ғылымының басты мәселелерінің бірі. Қазіргі әдебиеттерде «ұжым» түсінігі екі мағынада қолданылады:

¬¬¬- ұжым- кез келген ұйымдасқан адамдар тобы;

-ұжым — жоғары ұйымдасқан топ;

Ұжым тәрбиеленушілерінің ұйымы ретінде бірнеше маңызды белгілермен анықталады:
— ұжым-басқа ұжыммен байланыста болатын қоғамның бір бөлігі;

жалпы әлеуметтік маңызды мақсат болуы, ұжым мақсатының қоғамдық мақсатпен сәйкес келуі;

ұжымның барлық мүшелерінің ортақ мақсатқа бағытталған іс- әрекет жасауы
— ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;
— ұжым мүшелерінің өз араларындағы міндеттерді белгілеуі және оларды мұқият орындауы;
Ұжым- іс- әрекетте үнемі дамып отыратын, әрі іс- әрекетті қажет ететін әлеуметтік организм.
Балалар ұжымы балалардың әлеуметтік тәжірибе жинақтайтын негізгі базасы болып табылады. Тәрбиеленуші тәжірибені отбасында, ұйымдаспаған мектепте тыс жағдайда, құрдастарынан, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, т.б. ақпарат көздері арқылы жинақтайды. Тек ұжымда ғана оны меңгеру арнайы жоспарланады және бағытталады. Сонымен бірге ол балаларға дене және көркемдік потенциалдарын іске асыруға мүмкіндік береді.

Бала тұлғасын дамытудағы ұжымның ролі оның өмірлік іс- әрекетті демократиялық тұрғыдан ұйымдастыруды практикалық жағынан игеруге мүмкіндік беруінде.Педагогикалық жағынан дұрыс бағытталған ұжым әлеуметтік құнды тұлғаның қалыптасуына және оның дербес ерекшеліктерін көрсетуіне жағдай жасайды.



Ұжым дамуының барлық кезеңдері мен сатыларында үлкен және кіші дәстүрлер қалыптасып, нығаяды.Дәстүрлер мінез- құлық жалпы нормаларын қалыптастырады, ұжым өмірін жандандырады.

Үлкен дәстүрлер — бұл үлкен жаппай өткізілетін шаралар, оларды дайындау балаларда өз ұжымы үшін мақтаныш сезімін, ұжым күшіне сенімін, қоғамдық пікірді сыйлау сезімін тудырады. Кіші, күнделікті қолданылатын дәстүрлер өз көлемі, аясы жағынан аз ауқымды қамтыса да олардың тәрбиелік маңызы өте жоғары.
А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетеді:

1.Ұжым тәрбиенің мақсаты мен объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды;
2.Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді;
3.Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі;
4.Ұжымның өзін¬-өзі басқару органдары мен органдары – ұйымдастырушылары болады,
Балаларды ұжымда біріктірудің негізгі көзі – ортақ мақсаттың және оны іске асыруға бағытталған біріккен іс –әрекеттің болуы.

Ұжымдық іс – әрекетте әрбір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз байланыста болады.Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады.Бұл қарым қатынас басқаның ісінеенжарлық туғызбай, керісінше бір- біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне , намыстану сияқты әр түрлі сезімдер мен қатынастар жүйесін туғызады. Адамның көніл күйінің тәрбиелік мәні арта түседі.

А.С.Макаренко ойынша нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып табылады.
В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы негізгі құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі деп есептелінген.
Қорыта айтқанда, ұжым -тәрбиенің маңызды құралы.

Балалар ұжымын қалыптастырудың кезеңдері, заңдары және атқаратын қызметтері

Ұжым дамуы және құрылуы ұзақ әрі күрделі процесс. Ұжым болып қалыптасуы үшін топ бірнеше кезеңдерден өтуі керек. Педагог ғалымдар оның бірнеше жіктеуін көрсетеді. А.С.Макаренко ұжымның құрылуы мен дамуын кезеңдеуде талапты басты көрсеткіш етіп алады.































16. Өздігінен ұйымдасқан формалды емес құрылымдар.

Жоспары:

  1. Нысандарының құқықтық жағдайын жетілдіру.

  2. Заңды тұлғалар қызметін құқықтық реттеу

  3. Зерттеу негізінде коммерциялық емес ұйымдардың кəсіпкерлік қызметінің мемлекеттік маңызы.

Уақыт талабына сəйкес мемлекет жəне бизнес-құрылымдармен қатар «үшінші секторды» құрайтын коммерциялық емес ұйымдардың (үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам ұйымдары) жүйесі өзіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Себебі, соңғы жылдардағы тəжірибеге сүйенсек, бұл сектордың бақылаусыз қызмет атқаруы оның қатысушыларының құқықтары мен бостандықтарының бұзылуының потенциалды қаупін туындатып қана қоймайды, сонымен бірге азаматтық айналымның мемлекет, коммерциялық ұйымдар секілді өзге субъектілерінің де мүдделерінің қанағаттандырылмауына алып келеді. Коммерциялық емес заңды тұлғалар қызметін құқықтық реттеу, оның нысандарының құқықтық жағдайын жетілдіру мен құқықтық қамтамасыз етудің өзектілігін ресми статистиканы қарастыру арқылы байқауға болады. Оған сүйенсек, 2019 жылдың 1 қаңтарында КЕҰ-ның саны 59740-қа жеткен, оның ішінде 4446 жеке мекеме, 8810 қоғамдық бірлестік, 5327 қор, 1336 діни бірлестіктер, 1356 заңды тұлғалардың қауымдастығы, 5263 тұтыну кооперативтері, 362 тұрғын үй кооперативтері, 798 КЕ Акционерлік қоғамдар, 2542 пəтер иелерінің кооперативтері, 7726 өзге де ұйымдар (жалпы ҮЕҰ — 37986), ал 20754 мемлекеттік мекеме. Осыған байланысты бұл саладағы қоғамдық қатынастарға мемлекет тарапынан тікелей немесе жанама түрде ықпалдың болуы заңдылық. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымдар қызметінің нарықтық сипатын айта отырып, олардың жарғылық «ережелер» шеңберінде шектелгендігін айтпау мүмкін емес. Мұндай шектеу коммерциялық емес ұйымдар жүйесін құрайтын «үшінші сектордың» экономика мен əлеуметтік салаға мүмкін болатын тиімді ықпалын əлсіретуі немесе мүлдем жоғалтуы мүмкін. Ал бұл өз кезегінде коммерциялық емес ұйымдар қызметін реттеу үшін, осы нысандағы заңды тұлғалардың түсінігін қайта қарауды талап етері сөзсіз

Мақаланы жазуда ғылыми зерттеудің жалпы жəне жеке əдістері: диалектикалық, тарихи, формальды-логикалық, салыстырмалы-құқықтық, лингвистикалық, нақты-əлеуметтік əдістер қолданылған. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнаманың дамуы мен одан əрі жетілуін қарастыруда жалпы танымдық диалектикалық əдіс, осы бағыттағы құқықтық нормалардың өзара жəне өмірмен байланысын зерттеуде формальды-логикалық, талдау, синтез жəне хронологиялық əдістері, коммерциялық емес ұйым заңнамасы дамуының шетелдік тəжірибесін зерделеуде салыстырмалы-құқықтық əдістер, «коммерциялық емес ұйым», «бірлестік (бірлесу)» терминдерін тереңірек қарауда лингвистикалық əдістер қолданылды.

Зерттеу негізінде коммерциялық емес ұйымдардың кəсіпкерлік қызметінің мемлекеттік маңызы, оларды мемлекеттік-құқықтық қолдау барысында жеткен нақты нəтижелерді анықтауда статистикалық əдістер пайдаланылған.

Сонымен қатар, тəжірибеде коммерциялық емес ұйымдарды құру, қызметін жүзеге асыру мен тоқтатудың құқықтық мəселелерін анықтау мақсатында Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарындағы қоғамдық бірлестік, қор, тұтыну кооперативтері, мекеме нысандарындағы коммерциялық емес ұйымдарда құқықтық аудиттер (нақты əлеуметтік) жүргізілді.Қазақстанда коммерциялық емес ұйымдар ХХ ғасырдың 80-жылдары саясат пен экономика саласындағы реформаларға байланысты дами бастады. Бүгінгі күні олар біздің елде азаматтық қоғамды дамытудың негізі болып табылады жəне олардың өскелең рөлі əлеуметтік бағыттағы нарықтық экономиканың құрылуымен байланысты.

Коммерциялық емес ұйымдарды белгілеуде əлемдік тəжірибе қазақстандық тəжірибемен салыстырғанда біршама ерекшеленеді.

Ұлттық заңнамамызда да оларды сипаттау үшін пайдаланылатын терминдер əртүрлі болуы мүмкін: ол үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), коммерциялық емес ұйымдар (КЕҰ), азаматтық қоғам ұйымдары (АҚҰ). Қатаң мағынада «үкіметтік емес ұйымдар» заңды термин емес, алайда, олардың іс жүзінде орнығуының себебі, олар Біріккен Ұлттар Ұйымының, Дүниежүзілік Банктің, сондай-ақ, бірқатар басқа халықаралық құрылымдардың құжаттарында үкіметтік емес ұйымдарды белгілеу үшін пайдаланылуында. Шындығында, Қазақстанда «үкіметтік емес ұйым» термині, «өзіндік ұйымдасқан» немесе «тəуелсіз қоғамдық бiрлестiк» сияқты отандық атауларды ауыстыруына халықаралық донорлардың ықпалы жоғары болғандығын осы тақырыптағы ғылыми мақалада қарастырған болатынбыз.



Үкіметтік емес ұйым» термині тəжірибеде жəне заңда пайдаланылатынын атап өткен жөн. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар жəне сыйлықақылар туралы» ҚР Заңының 1-бабының 7-тармағында берілген анықтамаға сəйкес, үкіметтік емес ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өздерінің ортақ мақсаттарына қол жеткізу үшін ерікті негізде азаматтардың жəне (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың күшімен құрылған коммерциялық емес ұйымдар (саяси партияларды, кəсiптiк одақтарды жəне діни ұйымдарды қоспағанда) жатады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бірқатар заңдарында «үкіметтік емес ұйым» термині Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік жəне халықаралық үкіметтік емес ұйымдарды белгілеу үшін пайдаланылады. Мысалы, ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңның 3-бабында «Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасы аумағында құрылған жəне жұмыс iстейтiн шетелдiк жəне халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметiне қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер кiрмейдi» деп көрсетіледі.

Арнайы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік коммерциялық емес ұйым құрылып, ұйым ресми түрде үкіметтік емес деп аталған жағдай мəлім.

Іс жүзінде, Қазақстанда бұл термин көбіне коммерциялық емес ұйымдардың синонимі ретінде қолданылады. Алайда тəжірибе мен жоғарыдағы анықтама байқатқанындай, үкіметтік емес ұйым бұл саяси-экономикалық ұғым екенін аңғару қиын емес.

Американдық ғалымдар Леон Е.Айриш, Роберт Кушен, Карла В. Саймон түрлі елдерде үкіметтік емес ұйымдардың құрамына түрлі құрылымдар мен қоғамдық ұйымдар кіреді (жəне шығарылады). Біржақты мағынада — əрбір мемлекетке қатысты — «үкіметтік емес ұйым» термині құрылған құқықтық жүйенің заңды тұлға ретінде танылатын тек формальды түрде жəне де-юре құрылған мемлекеттік құрылымды білдіреді деп көрсеткен.





















17. Балалар ұжымында оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты саналы тәртіптің қалыптасуы.

Жоспары:

  1. баланың өзіне, өзінің өміріне қанағаттануы немесе қанағаттанбаушылығы.

  2. мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланың психологиялық дайындығына кешенді зерттеу жүргізіледі.

  3. Үлкендерге мұғалім алдындағы қорқынышын жою

Бүгінгі таңда бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту, психологиялық денсаулығын нығайту болып отыр. Кіші мектеп жастың шегін көбінесе 6-7 жастан 9-10 жасқа дейінгі кезеңді санайды. Бұл елеулі өзгеріс баланың әлеуметтік жағдайының дамуындағы өзгерістер, оқушы ретінде алатын орны, жаңа оқу әрекетіне байланысты ол нормативті психологиялық күйзеліске тап болады. Бұл кезеңде бала өз дамуында екінші физиологиялық күйзеліске ұшырайды. Ол да 7 жаста болады. Оның ағзасында эндокринді қозғалыс күрт өзгереді, соған қоса денесінің, ішкі мүшелерінің қарқынды өсуі де байқалады. Сонымен, әлеуметтік-психологиялық өзгерістер бала өмірінде физиологиялық өзгерістермен сәйкес келіп, одан шамадан тыс жинақылықты талап етеді. Бұндай өзгерістерге баланың бейімделуіне, жаңа талаптарға сәйкес келуге үйренуге уақыт қажет. Сол себептен оқу жылының басында жиі кездесетін мектепке қызығушылығының төмендеуі, жылауы, тез шаршау, т.б бұл кезеңге тән сипат және бейімделу үрдісінің көрінісі болып табылады. Мектепке алғаш келген балалардың бойына мектептік өмірдің басталуы күрт өзгеріс әкеледі. Өйткені бала мектеп қабырғасына келе отыра ұжымға, жаңа талаптарға, күнделікті міндеттерге үйренуі қажет. Баланың мектепке келуі жүйелі психикалық дамуымен сәйкес келеді. Яғни, танымдық әрекеттері, әртүрлі ес түрлері, сөздік логикалық ойлаулары дамиды. Баланың мектепке бейімделу ұзақтығы бес-алты апта, яғни қазанның он-он бес күндеріне дейін созылады. Ең күрделісі бірінші және алтыншы апта болып табылады. Баланың денсаулығының жағдайына байланысты мектепке бейімделуі әртүрлі болып та келеді. Баланың мектепке бейімделуі психологиялық негізгі көрсеткіші тұрақты мінезінің қалыптасуы және оқытушы, оқушылармен қарым-қатынасты бекітуі, оқу әрекеті мен дағдыларын меңгеруі болып табылады. Бейімделу баланың өзіне, өзінің өміріне қанағаттануы немесе қанағаттанбаушылығы, өзін сезінуі және оны әлеуметтік жағдайының нақты келтіру деңгейі болып табылады. Тәжірибеде көбінесе баланың мектепке бейімделу қиындықтары ата-аналардың мектеп өміріне және мектептегі баланың үлгеріміне деген қарым қатынасына байланысты болып келеді.

Әр оқу жылының басында мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланың психологиялық дайындығына кешенді зерттеу жүргізіледі. Баланың мектептегі оқуға жетілгендігі анықталып қана қоймай, әр сыныпқа байланысты дамуындағы өзгерістерді бақылауға, баланың нышан, қабілеттерін дер кезінде көріп, оны дамыту бағытындағы жұмыстарды белгілеуге, үлгермеушілік немесе тәрбиедегі кемшілік себептерін ашып, оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлерін дұрыс таңдауға ықпал етеді.

Бір ай бойы бейімделу кезеңінен өтті. Сабақтарға қатысылып, сынып атмосферасы анықталды. Мектепке икемделу үрдісін анықтау мақсатында төмендегі тесттер жүргізілді.

«Маған мектепте не ұнайды?» суреті.

«Өздік бағалау» тесті

Оқу мотивациясын анықтау сауалнамасы.

  1. «Маған мектепте не ұнайды?» суреті. Баланың салған суретін өзіндік сұхбат деп қарап, бейнелеу құралдары арқылы зерттелуші туралы ой қалыптастыруға болады. Бұл сұхбаттың ерекшелігі – сурет салдыру арқылы баланың ешкімге айтқысы келмейтін ішкі эмоциялық қобалжуларын анықтауға болатын жобалық сипатқа ие болатындығында. Суретте баланың эмоциялық-еріктік ортасымен, яғни көңіл-күйіне, қызығушылығы, белсенділігі және т.с.с. тұстарымен де анықталады.

Кіші жас оқушылардың эмоционалды дамуы айналасындағы адамдармен қарым-қатынасында және түрлі әрекеттер процессінде: оқу, ойын, еңбекте жүзеге асады. Кіші жас оқушылардың эмоционалды аясы жоғары сезімталдықпен, қозуымен, жаңалыққа ашықтығымен анықталды. Бірақ бұл жастағы бала белгілі кезге дейін өз сезімін ұстай біледі, яғни жасын тыю, қорқынышын білдірмеу. Бұл баланың өз эмоциясын басқаруға үйренуі, керек жағдайда оларды баса білуге және де саналы түрде көрсетіп, басқаларға ықпал жасай алатынын көрсетеді. Түрлі себептерге байланысты (темперамент түрі, тәрбие стилі, отбасы жағдайының ерекшелігі, жеке-дара ерекшеліктері мен стилі, тез шаршау, стресс) эмоционалды даму аясында қысқа мерзімді және тұрақты ауытқулар жоғары эмоционалды тұрақсыздық пен тепе-теңдіктің жоқтығына байланысты. Жеке түрде эмоционалды ауытқуларды 3 негізгі топқа бөлуге болады

Кіші мектеп жасындағы оқушының өздік аясында алдымен осы кезеңде өтіп жатқан күрделі өзгерістерге байланысты өзіне деген қатынасының қалыптасуы жатады. Кіші мектеп жастағы оқушы алғашқы рет бағаланатын әрекет жағдайына жатады. Кіші мектеп жастағы оқушы алғашқы рет бағаланатын әрекет жағдайына енеді, яғни өзін басқалармен объективті түрде салыстыруға мүмкіндік болады. Бұл өзінің “керемет” емес екендігінің сезінуіне әкеледі. Әрине бала өзгелердің өзін қабылдауны, жетістіктерінің мадақтауларына, сонымен қатар жоғары бағаға тырысады деген сөз. Көбінесе өздік бағалау мектепте алған бағамен тура байланысты болады. Сонымен өзін байқап, мақтау алу үшін мектеп өмірінің ережесі бойынша бала нормаға сай дұрыс тәртіпке талпынады. Бірақ, егерде кез келген себептерге байланысты ол бұны орындай алмаса, ол өзінің қырсықтығын көрсете бастайды, өздік бағалауы да төмендеуі мүмкін. 6-7 жасар баланың мектепке келуі- жалпы баланың әлеуметтік психологиялық, физиологиялық жағынан қиын, әрі жауапкершілігі мол кезеңі. Бала өміріндегі, іс-әрекетіндегі жаңа қарым-қатынастар жаңа міндеттердің тоғысуы болып табылады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың уақыты біркелкі құрылымды және көптеген жұмыстармен толы. Ол көбінесе бүгінгі күн мен жақын арадағы болашақпен өмір сүреді. 6-10 жастағы бала өмірінің психологиялық уақыты болашаққа бағытталған, бірақ абстракті болып, нақты іс-әрекетке бағыттамайды. 9-10 жасқа қарай бала өзінің өткені мен болашағын қортындылауға үйренеді.Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл- ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек.Сабақтың негізгі мазмұнында балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мен қанағаттандыруға, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға арналған алуан түрлі этикалық ойындар мен жаттығулар қолданылады. Балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа, түсінушілікке баулып, баланың бойында жалпы адамзаттық қасиеттерді сіңіруді көздейді. Әр сабақты дайындау және өткізу  шығармашылықты талап етеді. 

    

Осыған байланысты мен сендерге бір ойынды ұсынамын, бұл ойын барысында сендер бір-біріңе көптеген жақсы сөздер және мақтаулар айтасыңдар. Барлықтарың бір үлкен шеңбер құрып тұрыңдар. Жүргізуші ойыншылардың біреуін ортаға шығарып, қара шынылы көзілдірікті «ол сиқырлы» деп түсіндіріп киюді сұрайды. Өзінің оң жақтағы көршіңе қара, ол сенің көзілдірігіне қарап тұрып «Түсімде немесе өңімде, менің бойымда қандай жақсылық бар?» деген сөздерді айтсын. «Көзілдірік» (демек көзілдірік киіп тұрған адам) оның атынан қандай да бір жақсы сөзді оған айтсын. Көзілдірік оған қараған балаға беріледі, ал оның көршісі жаңағы сиқырлы сөзді айтады.





































18. Балалар ұжымында саналы тәртіпті қалыптыстырудың жолдары.

Жоспары:

1.Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу

2. Саналы тәртіп тәрбие

3. Төр-тіптік жүйенің талаптары.

Саналы тәртіп ұжым арқылы ңалыптасады. Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу бүкіл оқу-тәрбие процесінде жүреді. Ол оқуда, еңбекте, қоғамдық жағдайда, қызметте, ойында, дене тәрбиесінде, т.б. баланың іс-әрекетінің, қарым-қатынасының барысында атқарылады, іске асады. Саналы тәртіп тәрбиеден бөлек. Саналы төртіп -тәрбиенің ең жоғары сатысы. Себебі, төрбие нәресте ананың құрсағында пайда болғаннан басталса, саналы тәртіп тәрбиенің нәтижесі ретінде бала санаға жүгінген кезден бастап қалыптасады. Саналы тәртіпке педагогикалық басшылық керек. Ата-ана, үстаздар балаларға, шәкірттерге санальі тәртіп беруде, саналы төртіпке үйретуде үстаздың жетекшілік қызметті атқаруы тиіс.

Ата-ана, үстаздар баланы, шөкіртті саналы тәртіпке тәрбиелеу үшін саналылықты керекті мөлшерде ғана ба-ланың ңытығына тимей, көңілін қалдырмай, көзін жет-кізіп, түсіністікті ойға сіңірген жөн. Ол үшін ата-ана, ұстаз демократ болуы керек, баланың жасымен, тәжірибе-сімен санасқаны жөн. Саналы тәртіпке талап керек. Демократ екенмін деп ба-ланың айтқанына көне берсек, одан да жақсы нәтиже шықпайды. Талап — ата-ананың балаға, үстаздың шәкірт-ке қойған тілегі, ультиматумы, өмір кредосы. Талапты үс-таз шәкіртке, ата-ана балаға, бала ата-анаға, шәкірт ұстазға қоя береді. Талап арқылы түсіністік туындайды. Төр-тіптік жүйенің талаптары оқушыны жан-жағынан қам-тиды: оқуға, еңбекке, қоғамдық жұмысқа, жолдас-жораға, ұжымға, өз-өзіне, қоғамдық мүліктерге, ұстаздарға, ата-аналарға, от басындағы өмірге, т.б. талаптары болады.

Тәртіпке шақыратын талаптар баланы шынықтырады, қызметке (оқуға, еңбекке, т.б.) зейінін оятады, рухани байлығын молайтады, ерік, жігерін ңатайтады. Осы-ның арқасында тәртіптілік пайда болады. Баланың саналы төртібінде ата-аналар мен үстаздар үлкен рөл атқарады. Солардың қатаң бақылауының нәти-жесінде баланы төртіпке шақырамыз. Әрине бала ата-ананың, ұстаздың айтқанының бәрін орындаудан қашуы да мүмкін. Бұл жерде өтірік те, қиқарлық та, бірбеткей-лік те болады. Ондай жағдайды болдырмау үшін ата-ана, үстаз алған бағыттан таймауы керек. Бастауыш сынып оқушыларының төртіптік санасы жетілмеген. Ал орта буын оңушыларында сана әлсіз, жалқау, еріксіз, жігерсіз, жора-жолдастардың, көшенің ықпалында болуы мүмкін. Сондықтан ата-ана осы кемшіліктерден арылудың жолын қарастырғаны дұрыс. Сана мен мінез-құлықтың арасында айырма бар. Сана — объективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғары формасы. Мінез — адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын қасиеттер жиынтығы.

Мінез санаға сіңу керек, саналы төртіпке көтерілуі қажет. Ол үшін А.С. Макаренко айтқандай жаттығу керек. Саналы тәртіпті жаттығулар арңылы санаға сіңіріп төрбиелейміз. Саналы тәртіпке талаптан басңа насихат, ағартушылық керек. Баланы рухани байлыққа кенелтіп, арнайы ағарту сауатын ашып саналы төртіпке шақыруымыз ке-рек. Бұл жерде балалар ұжымының атқаратын рөлі ерек-ше. Олардың қоғамдық-ұжымдың шешімдері жеке бала-ны қоғамдық пікірді сыйлауға, онымен санасуға, тыңдауға мөжбүр етеді. Жүгенсіздік, мәдениетсіздік, үлкеннің айтңанын тың-дамау жасөспірімді жарға соңқызады, өмірде опық жегізеді. Ондай бала өмірде көптеген ңиыншылыңңа кезде-седі. Тәртіпсіз бала бірден көзге түседі. Сондықтан ата-анаңың, үстаздардың маңсаты сондай балаларды жөнге салу. Есейе келе ондай балалар жолдан таяды. Ондайды «Қисың ағашты түзеткенмен бірдей», дейді халық.

Мәдениетті, төртіпті, жинақты бала да бірден көзге түседі. Бірақ соның қайсысы шын төртіпті, ңайсысы жалған екенін ажыратып білуіміз керек. Саналы тәртіп төрбиесінің нәтижесі баланың іс-әрекеті арқылы анықталады. Тәртіпсіз іс бітпейді. Тәртіп барлық кезде ке-рек. Тәртіпсіз қоғам жоқ.
Бесінші сұрақ бойынша қорытынды: Саналы төртіп тәрбиеліліктің ең жоғары сатысы. Ондай тәртіптің қалыптасуы ңоршаған ортаға байланысты. Саналы тәртіпті ңалыптастыру үшін балаға жалпы ортақ талап қоя білу керек. Талапты ата-ана, мектеп ұстаздары, жора-жолдастары, мектеп ұжымы қояды, баланы жат-тыңтырады, жақсы істерін мақтайды, жаман істеріне сын айтады, жаман әдеттен арылуға үйретеді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.03.2025
161
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі