400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Педагогикалық эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
педагог қызметкерлерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Куттеев Даулет Жақсылықұлы

Түркістан облысы

адами әлеуетті дамыту басқармасының

әдістемелік орталығының дене тәрбиесі әдіскері


Менің ұстанымым - ұстаздық ету


Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Болашақпен бағытталып, келешекпен кемелденетін ұрпақты тәрбиелеу – жауапты жұмыс. Негізгі құрал – сабақ. Басты міндет – білім беру. Қалыптасқан қағида – қарым-қатынас орнату. 
Мен Ұстазбын. Ертеңгі күннің еңселі ұрпағын саналылыққа қарай бағыттау басты міндетім. Ол үшін білім де, әдіс пен тәсіл де, арнайы дәреже де маңызды емес. Ең әуелі адамдықтың шынайы бейнесін шәкіртке көрсете білу қажет. Мейірімге мұқтаж мына заманда мұғалімнің берері мол. Қаталдық қағидасы бұл күнде өз мәнісін жойған.

Себебі, бүгінгі қоғам тым күрделі. Оқушы психологиясы да соған сай қиындау. Ата-анамен дұрыс қарым-қатынас орнату, оқушымен тіл табыса білу, түрлі методика арқылы қызығушылықты арттыру – ұстаздың жетістігі.
ХХІ –ғасыр мұғалімі заман талабына сай, шығармашылықпен жұмыс істей білу керек. Әлем өзгерді, қоғамның дамуы өзгерді. Ендеше, қазіргі білім де соған сай болуы керек.Қазіргі заман балалары да өзгерген.  Олар жаңа техниканы тез меңгереді, ойын ашық айтады, жаңа ақпаратты  қабылдау деңгейі жоғары.Сондықтан  қазіргі жас буынға  көбірек ақпарат беруге, логикалық ойлауға итермелейтін ойындар, жарыстар, сайыстар өте қажет.
Мен өз мамандығымды сүйемін және оны мақтан етемін. Ұстаздық жол -қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мамандық. Сол кездескен қиыншы-лықтардан тапжылмай өтуге әріптестерімнің маған деген сенімдері мен сүйіспеншіліктері көмектеседі. Әдіскер ретінде қойған мақсаттарға жету үшін жұмыс жоспарын жасаймын. Сол жоспарды негізге ала отырып, жыл бойы әріптестеріммен бірге еңбек етемін. Пәнім бойынша түрлі сайыстар, сыныптан тыс  жұмыстары мен заманауи техниканы қолдана отырып ұйымдастырамын. Оқушылар жарыстарға  үлкен қызығушылықпен келіп қатысады. Соның нәтежиесінде аудан көлемінде өткен жарыстарда жүлделі орындарға ие болады. Аудандық, облыстық, республикалық көлемде өтетін жарыстарға үздіксіз қатысып тұрады. Егер әрбір ұстаз әрдайым жаңашылдықты ізденіп, оны үйреніп, үздіксіз оқу, еңбектену үстінде болса ғана, шынайы  өз мамандығының хас шебері болады деп ойлаймын.


 «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»-деп Абай атамыз айтқандай барлық жас ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу барысында еліміздің көк туын желбіретер жас өрендерді тәрбиелеуде аянбай еңбек етемін.


 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
862
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі