Материалдар / Педагогтерді аттестаттау мақсатында №72 бұйрықтың 15-қосымшасына сай портфолиоларын талдамалық сараптамадан өткізу хаттамасының үлгісі

Педагогтерді аттестаттау мақсатында №72 бұйрықтың 15-қосымшасына сай портфолиоларын талдамалық сараптамадан өткізу хаттамасының үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 6-қосымша САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕС ХАТТАМАСЫНЫҢ ҮЛГІСІ Педагогтің\бөлім басшысының(меңгерушісінің) және әдістемелік кабинеті (орталық) әдіскерінің біліктілік санатын беруге (растауға) арналған комиссия отырысының №1 Х А Т Т А М А С Ы Күні: « » ---------------- Күн тәртібінде: 1.Педагогтерді аттестаттау мақстында сараптама комиссиясының төрайымын сайлау; Тыңдалды: 1. «Алғабас ЖОББМ»КММ ДОІЖ Б.У.Кажкенова Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығына № 1 қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» ережесіне сәйкес педагогтерді аттесттатау үшін АТТЕСТАТТАУ КОМИССИЯСЯНЫҢ ХАТТАМАСЫНЫҢ ҮЛГІСІ Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 6-қосымша Педагогтің\бөлім
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2024
34
0 рет жүктелген
1350 ₸ 1500 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогтерді аттестаттаудан
өткізу қағидалары мен
шарттарына
6-қосымша

САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕС ХАТТАМАСЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Педагогтің\бөлім басшысының(меңгерушісінің) және әдістемелік кабинеті (орталық) әдіскерінің біліктілік санатын беруге (растауға) арналған комиссия отырысының

1 Х А Т Т А М А С Ы

Күні: « » ----------------

Күн тәртібінде:


1.Педагогтерді аттестаттау мақстында сараптама комиссиясының төрайымын сайлау;

Тыңдалды:

1. «Алғабас ЖОББМ»КММ ДОІЖ Б.У.Кажкенова Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығына № 1 қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» ережесіне сәйкес педагогтерді аттесттатау үшін

« » шығарылды.Педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссиясының құрамына кемінде 10(он) жыл жұмыс өтілі бар және «педагог-сарапшы» немесе «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтер қатыса алады.Комиссияның өкілеттік мерзімі Комиссия құрамын бекіту туралы бұйрық шығарылған күннен бастап бір жылды құрайды.Комиссия мүшелері тақ саннан (жетіден кем емес) тұрады.Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады.Комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады.Комиссия хатшысы Комиссия отырысына қажетті материалдар мен құжаттарды дайындайды,хаттаманы рәсімдейді және қол қояды.Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.Қазір көріп отырғанымыздай комиссия құрамы белгілі бір себептермен түгел қатыса алмай отыр.Дегенмен құрамының кемінде үштен екісі қатысса заңды деп есептеледі.

Арамыздан комиссия төрайымын сайлайық.

2.Комиссия мүшесі педагог-сарапшы Боранбаева Ақмарал Сансызбаевна: менің жеке пікірім,комиссия төрайымын білікті тәжірибелі маман 36 жыл еңбек өтілі бар Неталиева Багдагуль Гарриевна болу керек деп ойлаймын.Сол себепті Багдагуль Гарриевнаны ұсынамын.

3.Утекова Фарида Серикболатовна:Ақмарал Сансызбаевнаның пікірімен келісемін.

4.Ильясова Маралдым Хабдилшапиховна:толық келісемін.

5.Кажкенова Ботакоз Уразовна:қарсылығым жоқ.


Сараптама комиссиясы күн тәртібіндегі мәселені тыңдап,талқылап,қаулы етеді:

Қаулы:

1.Сараптама комиссиясының төрайымы болып бірауыздан Неталиева Багдагуль Гарриевна тағайындалсын:

2.Аттестатталушы үміткерлердің мемлекеттік құжаттарын №72 бұйрықтың 15-қосымшасына сай бағалансын;







Кеңес төрайымы: Б.Г.Неталиева

Хатшы: З.Д.Нуртазина










Педагогтерді аттестаттаудан
өткізу қағидалары мен
шарттарына
6-қосымша

Педагогтің\бөлім басшысының(меңгерушісінің) және әдістемелік кабинеті (орталық) әдіскерінің біліктілік санатын беруге (растауға) арналған комиссия отырысының

Х А Т Т А М А С Ы №2

Күні: « » ----------------

Күн тәртібінде:

1.«Балғын шақ»МКҚК педагог – психолог маманы Бисенова Динара Кайрбековна мен тәрбиеші Аяпкалиева Саягул Гиниятовна педагог-модератор біліктілік санатына берген өтініштеріне сәйкес сараптамалық кеңес комиссия жұмысының қорытындысы туралы;

Тыңдалды:

1.Сараптамалық кеңес төрайымы Б.Г.Неталиева

Сараптамалық кеңес комиссиясының төрайымы Б.Г.Неатлиеваа Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығына № 1 қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» ережесіне сәйкес аттестаттау комиссиясына келіп түскен педагог-психолог маманы Бисенова Динара Кайрбековна мен тәрбиеші Аяпкалиева Саягул Гиниятовнаның өтініштеріне сәйкес жинақталған материалдары (портфолиосы) туралы хабарлама жасады.

2.Комиссия мүшесі педагог-сарапшы Б.У.Кажкенова педагог-психолог маманы Бисенова Динара Кайрбековна мен тәрбиеші Аяпкалиева Саягул Гиниятовна туралы өз пікірін білдірді.

3. Педагог-психолог маманы Бисенова Динара Кайрбековна мен тәрбиеші Аяпкалиева Саягул Гиниятовна өз жұмыстары туралы хабарлама жасады.

Сөз сөйлегендер:

1.Алғабас ЖОББМ-нің мұғалімі,комиссия мүшесі Б.У.Кажкенова (педагог-сарапшы)

педагог-психолог маманы Бисенова Динара Кайрбековна мен тәрбиеші Аяпкалиева Саягул Гиниятовна- тәжірибелі, білікті,заман талабына сай жаңашыл мамандар. Шығармашылық еңбектері тек ұжымда ғана емес,аудан, облыс көлемінде де танылып,бағаланып келеді. Тәрбиеленушілермен қатар ата-аналармен де бірге жұмыстанып, жетістіктерге жетіп жүр. Аудандық , облыстық семинарларға қатысып, тәжірибе алмасқан. Жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана отырып шығармашылық бағытта жұмыстанып,оны үнемі ұйымдастырылған іс-әрекеттері мен іс-шаралар барысында қолдана отырып,алға қойған мақсаттарына жетіп келеді.Педагог-психолог маманы Бисенова Динара Кайрбековна мен тәрбиеші Аяпкалиева Сагул Гиниятовнаның педагог-модератор біліктілік санатына жинақтаған материалдары (портфолиосы) талапқа сай және екінші аттестаттау комиссиясының кеңесіне ұсынуға лайықты деп есептеймін.

2.Алғабас ЖОББМ-нің мұғалімі,комиссия мүшесі А.С.Боранбаева (педагог-сарапшы)

Педагог-психолог маманы Бисенова Динара Кайрбековнаның сабақты бақылау парағы талапқа сай рәсімделген.Тәрбиеленушілермен,педагогтің жетістіктері бар.Педагог –психолог Бисенова Динара Кайрбековна мен тәрбиеші Аяпкалиева Саягул Гиниятовнаны -шығармашыл, жаңашыл, ізденімпаз,өз істеріне өте ұқыпты, жауапкершілігі жоғары педагогтар. Өз біліктіліктерін көтеру мақсатында арнайы курстардан өткен. Жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізуде белсенді және жақсы нәтижелерімен көрінуде.Педагогтердің шығармашылық жұмыстарын, баспасөз беттеріне жарияланған материалдарын, жетістіктерін, марапаттауларын, әріптестері мен ата-аналардың пікірлерін ескере отырып, жинақталған материалдарын ( портфолиосын) педагог-модератор біліктілік санатына ұсынуды қолдаймын.

3.Алғабас ЖОББМ-нің мұғалімі, комиссия мүшесі М.Х.Ильясова (педагог-сарапшы).

Педагог-психолог маманы Бисенова Динара Кайрбековнаның 15-қосымшаға сай жинақтама құжаттарының жалпы балы 92 балды құрап отыр,ал тәрбиеші Аяпкалиева Саягул Гиниятовнның жинақтама өқжаттарының жалпы балы 90 балды құрап отыр.

4. Сараптама кеңес комиссиясының төрайымы Б.Г.Неталиева:

Жалпы,педагогтарды аттестаттаудағы мақсат-педагогтың өз бетімен кәсіби жетілуіне,шығармашылықпен айналысып оны тәжірибеде бөлісуге,жетістіктерін бағалап,оны шыңдай түсуге жағдай туғызу.Педагог-психолог маманы Бисенова Динара Кайрбековна мен Аяпкалиева Саягул Гиниятовнаның ұсынған материалдары (портфолиосы) өтініш берген біліктілік деңгейіне сәйкес келеді деп есептеймін.


Сараптамалық кеңес комиссиясы күн тәртібіндегі мәселені тыңдап,талқылап,қаулы етеді

Қаулы:


1. Педагог-психолог маманы Бисенова Динара Кайрбековнаның құжаттары мен тәрбиеші Аяпкалиева Саягул Гинитовнаның құжаттары педагог-модератор біліктілік санатын беруге арналған материалдары (портфолиосы) сараптамалық кеңесінен аттестаттау комиссиясына ұсынылады.



Кеңес төрайымы: Б.Г.Неталиева

Хатшы: З.Д.Нуртазина
















































АТТЕСТАТТАУ КОМИССИЯСЯНЫҢ ХАТТАМАСЫНЫҢ ҮЛГІСІ



Педагогтерді аттестаттаудан
өткізу қағидалары мен
шарттарына
6-қосымша

Педагогтің\бөлім басшысының(меңгерушісінің) және әдістемелік кабинеті (орталық) әдіскерінің біліктілік санатын беруге (растауға) арналған комиссия отырысының

1 Х А Т Т А М А С Ы

Күні: « » ----------------

Күн тәртібінде:


1.Педагогтерді аттестаттау комиссиясының төрайымын сайлау

Тыңдалды:

1. «Алғабас ЖОББМ»КММ Әдістемелік кеңес төрайымы Н.С.Утекова Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығына № 1 қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» ережесіне сәйкес педагогтерді аттесттатау үшін № « » шығарылды.Педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссиясының құрамына кемінде 10(он) жыл жұмыс өтілі бар және «педагог-сарапшы» немесе «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтер қатыса алады.Комиссияның өкілеттік мерзімі Комиссия құрамын бекіту туралы бұйрық шығарылған күннен бастап бір жылды құрайды.Комиссия мүшелері тақ саннан (жетіден кем емес) тұрады.Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады.Комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады.Комиссия хатшысы Комиссия отырысына қажетті материалдар мен құжаттарды дайындайды,хаттаманы рәсімдейді және қол қояды.Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.Қазір көріп отырғанымыздай комиссия құрамы белгілі бір себептермен түгел қатыса алмай отыр.Дегенмен құрамының кемінде үштен екісі қатысса заңды деп есептеледі.

Арамыздан комиссия төрайымын сайлайық.

2.Комиссия мүшесі педагог-сарапшы Исимова Клара Мухамбеткалиевна: менің жеке пікірім,комиссия төрайымы мектебіміздің әдістемелік кеңес төрайымы болу керек деп ойлаймын.Сол себепті Утекова Нагима Сериккалиевнаны ұсынамын.

3.Хаймулдина Гулнар Магзумовна:Клара Мухамбеткалиевнаның пікірімен толықтай келісемін.

4.Дисалиев Радик Каберович:толық келісемін.

5.Сагындыкова Алтынгуль Мировна:қарсылығым жоқ.


Аттестаттау комиссиясы күн тәртібіндегі мәселені тыңдап,талқылап,қаулы етеді:

Қаулы:

1.Аттестаттау комиссиясының төрайымы болып бірауыздан әдістемелік кеңес төрайымы Утекова Нагима Сериккалиевна тағайындалсын;

2.Аттестатталушы үміткерлердің мемлекеттік құжаттары №72 бұйрықтың 15-қосымшасына сай бағаланған Сараптамалық кеңестің кешенді талдама нәтижесін тексеру келесі күнге қалдырылсын;



Кеңес төрайымы: Н.С.Утекова

Хатшы: Н.Н.Кажмуканова












Аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасынан суырма

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің «Балғын шақ»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мекемесінің аттесттатау комиссиясының отырыс

2 Х А Т Т А М А С Ы


Күні: « » ----------------


      Комиссия төрайымы:  ____________________________________________________________

      Комиссия мүшелері:

      1. _____________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________

3. _____________________________________________________________

      4. ______________________________________________________________

5. _____________________________________________________________

Күн тәртібінде:


1. Аттестатталушы үміткерлердің мемлекеттік құжаттары №72 бұйрықтың 15-қосымшасына сай бағаланған Сараптамалық кеңестің кешенді талдама нәтижесін тексеру;

Тыңдалды:

1.Аттестаттаукомиссиясының кеңес төрайымы Н.С.Утекова:

Сараптамалық кеңес комиссиясынан Аттестаттау комиссиясына келіп түскен педагог-психолог маманы Бисенова Динара Кайрбековна мен тәрбиеші Аяпкалиева Саягул Гиниятовнаның өтініштеріне сәйкес жинақталған материалдары (портфолиосы) алдарыңызға берілді.№72 бұйрықтың 15- қосымшасы негізінде бағаланған бағалау парағының талдама нәтижелерінің дұрыстығын тексерейік.

2.Комиссия мүшесі педагог-сарапшы К.М.Исимова: педагог-психолог маманы Бисенова Динара Кайрбековнаның жетістіктері,білім сапасы 15-қосымша бойынша талапқа сай бағаланған.Талдама мониторингінде өсім бар.Сараптама кеңесінің шешімімен толықтай келісемін.

3.Комиссия мүшесі Г.М.Хаймулдина (педагог-сарапшы):педагог-психолог маманы тәрбиеші Аяпкалиева Саягул Гиниятовнаның бағалау парағында көрсетілген көрсеткіштерге толық сәйкес келіп тұр.Бұл маман өз ісінің шебері екені тәрбиеленушілер мен тірбиеші жетістіктерінен көрініп отыр. Сараптама кеңесінің бағалануымен толық келісемін

4.Комиссия мүшесі А.М.Сагындыкова (педагог-сарапшы):Педагог-психолог маманы Бисенова Динара Кайрбековнаның сабақты бақылау парағы талапқа сай рәсімделген.Тәрбиеленушілермен,педагогтің жетістіктері бар.Педагог –психолог Бисенова Динара Кайрбековна мен тәрбиеші Аяпкалиева Саягул Гиниятовнаны -шығармашыл, жаңашыл, ізденімпаз,өз істеріне өте ұқыпты, жауапкершілігі жоғары педагогтар. Өз біліктіліктерін көтеру мақсатында арнайы курстардан өткен. Жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізуде белсенді және жақсы нәтижелерімен көрінген.Педагогтердің аталған санатқа құжаттары лайықты деп санаймын. Сараптама кеңесінің шешімімен келісемін.

5.Комиссия мүшесі Р.К.Дисалиев (педагог-сарапшы):педагог-психолог маманы Бисенова Динара Кайрбековнаның 15-қосымшаға сай жинақтама құжаттарының жалпы балы 92 балды құрап отыр,ал тәрбиеші Аяпкалиева Саягул Гиниятовнның жинақтама өқжаттарының жалпы балы 90 балды құрап отыр екен,жинап отырған бал санына құжаттары сәйкес келеді.Сараптама кеңесінің бағалауымен келісемін.




Біліктілік санатын беру (растау) кезеңдерінің қорытындысы бойынша

аттестаттау комиссияның шешімі:

      Мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келеді

Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда)

Лауазымы

Кезекті / мерзімінен бұрын педагогтер үшін

Біліктілік санаты

Мәлімделген біліктілік санаты

Берілген біліктілік санаты

1

Бисенова Динара Кайрбековна

Педагог-психолог

міндетті

санатсыз

Педагог-модератор

Педагог-модератор

2

Аяпкалиева Саягул Гиниятовна

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу

міндетті

санатсыз

Педагог-модератор

Педагог-модератор















     Комиссия төрайымы:

      __________________________(қолы)

      Комиссия мүшелері:

      ___________________________ (қолы)

      ___________________________ (қолы)

       ___________________________ (қолы)

       ___________________________ (қолы)

      Хатшы: ____________________ (қолы)





























Педагогтерді аттестаттаудан
өткізу қағидалары мен
шарттарына
7-қосымша





2024 жылғы " __ " қыркүйек

«Балғын шақ» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мекемесінің аттестаттау комиссиясы

      (комиссияның толық атауын көрсету)

Аттестаттау комиссиясы отырысының № 2 хаттамасынан үзінді

      Біліктілік санатын беру (растау) кезеңдерінің қорытындысы бойынша комиссия ШЕШІМІ

АТТЕСТАТТАЛУШЫ БИСЕНОВА ДИНАРА КАЙРБЕКОВНА

Тәрбиеші лауазымы бойынша мәлімделген «педагог-модератор» біліктілік санатына сәйкес келеді.

     

     







      Комиссия хатшысы: Н.Н.Кажмуканова       қолы            


Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!