2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Педагогтерді аттестаттаудың тиімділігі бойынша АНЫҚТАМА

Педагогтерді аттестаттаудың тиімділігі бойынша АНЫҚТАМА

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепшілік бақылау анықтамасы, Педагогтерді аттестаттаудың тиімділігі бойынша дайын АНЫҚТАМА
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Педагогтерді аттестаттаудың тиімділігі бойынша

АНЫҚТАМА


Бақылау объектісі: оқу жұмыс жоспары, дәрігер құжаттамалары.

Бақылау мақсаты:

  • Педагогтарды аттестаттауды уақытылы және нәтижелі болу үшін құжаттарының дайындық деңгейін анықтау

Бақылау жүргізілген уақыт : қыркүйек, 2024-2025 оқу жылы

Бақылау нысаны: Персоналды бақылау/ құжаттармен танысу

Тексерді: директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.

Педагогтарды аттестаттау жүйесі – бұл олардың кәсіби деңгейін, тәжірибесін және білім беру саласындағы жетістіктерін бағалау үшін маңызды процесс. Аттестаттау процедураларының нәтижелі болуы педагогтың құжаттық дайындық деңгейіне тікелей байланысты. Осы анықтамада педагогтардың аттестаттауына қажетті құжаттардың толықтығы мен уақытылы рәсімделуін бағалау мақсатында мәліметтер беріледі. Педагогтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бұйрығымен таныстырылып, осы бұйрық негізінде құжаттар жинақталатыны туралы ескертілді.

Құжаттарды бағалау критерийлері:

  1. Құжаттардың толықтығы: Педагогтардан талап етілетін барлық құжаттардың болуы (құжаттар тізімі: еңбек кітапшасы, біліктілік санаты туралы анықтама, кәсіби дамуға қатысты құжаттар, диплом мен сертификаттар көшірмелері және т.б.).

  2. Құжаттардың мерзімділігі: Аттестаттау үшін қажетті құжаттардың уақытылы рәсімделуі мен қайта жаңартылуы. Құжаттардың жарамдылық мерзімінің аяқталуына жол бермеу.

  3. Құжаттардың сапасы: Құжаттардың сапасы мен дұрыс рәсімделуі, оларды тексеру кезінде қандай да бір қателіктер мен кемшіліктердің болмауы. Әрбір құжаттың педагогтың кәсіби қызметін дәл көрсететін нақты мәліметтермен қамтамасыз етілуі.

  4. Кәсіби даму құжаттары: Педагогтың кәсіби дамуына қатысты жоспарлар мен есептер, курстар мен тренингтерге қатысу туралы құжаттардың болуы.

Құжаттар тексеру нәтижелері:

  • Педагогтар аттестаттауға қажетті барлық құжаттарды уақытында тапсырған.

  • Құжаттардың көпшілігі толық әрі дұрыс рәсімделген.

  • Кейбір құжаттарда (мысалы, сертификаттар мен анықтамалар) мерзімі өтіп кеткен немесе жаңартылмаған, сондай ақ педагог-зерттеуші деңгейін алатын ұстаздар қалалық жетістіктерін салмау керек екені тіралы ескертіліп айтылды.

  • Кәсіби даму құжаттары (курстарға қатысу, семинарлар мен тренингтер) кейбір педагогтар үшін толық емес.

Төмендегі педагогтер аттестациядан өткізіледі.

р/с

ФИО

Өтініш беру деңгейі

1

Ұстаздың аты-жөні

педагог-зерттеуші

2

Ұстаздың аты-жөні

педагог-сарапшы

3

Ұстаздың аты-жөні

педагог-модератор



Қорытынды:
Құжаттардың дайындық деңгейі көбінесе жақсы. Алайда, уақытылы жаңартылмаған құжаттар мен кейбір кемшіліктер аттестаттау үдерісінің кідіруіне себеп болуы мүмкін. Бұл мәселені шешу үшін педагогтарға құжаттарды уақытылы рәсімдеуді және жаңартуды ұсыну қажет.















Бақылауды жүргізген директордың

Ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі

орынбасары м.а: ФИО


05 Ақпан 2025
268
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі