.,Тусупова С.А
«№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҰЛҒАСЫ- ЖОБАЛАУ ҚЫЗМЕТІ БАҒДАР БЕРУ – БОЛЖАМ ЖАСАУ.
Педагогтың кәсіби іс-әрекеті және оның тұлғасы
Педагогикалық қабілеттің даму деңгейіне қарай Н.В.Кузьмина педагогтардың мынадай біліктілігін ұсынады: данышпан, дарынды, әр түрлі дәрежедегі қабілет: өте қабілетті (педагогикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз етудің жүйесін өз бетімен жасаған) және аз қабілетті (оқушылармен қарым-қатынас жүйесінде сезімтал емес).
Кәсіби мұғалімнің академиялық білім беру, тәрбиелеу, дамыту қабілеті болуы тиіс. Академиялық қабілет және білім, білімділік нәтижесі - педагогикалыќ іс-әрекеттің міндетті компоненті және шарты. Педагогикалық қабілеттің бұл екі түрінсіз педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру мүмкін емес.
Педагогикалық іс-әрекеттің бес компоненттен тұратын функционалдық моделін бар:
1) гностикалық, педагогикалыќ жүйені қолдаудың заңдары мен механизмдері туралы жаңа білім алу мен білімдік қор жинау міндетін шешеді
2) жобалаушылық, бұл – оқытылып отырған курс мақсаты мен ол мақсатқа жету жолдарын жобалаумен байланысты;
3) конструктивтік (сындарлы) компонент, бұған курс мазмұны, сабақты өткізу түрі мен әдістерінің композициясын түзу мен таңдау жөніндегі іс-әрекеттер енеді;
4) ұйымдастырушылық бойынша жоспарланғанды жүзеге асыру міндеттері шешеді;
5) коммуникативтік компонент, бұған педагогикалық процесс субъектілерінің арасында педагогикалық мақсатқа сай өзара қатынас орнатумен байланысты іс-әрекеттер енеді.
Маманның педагогикалық- психологиялық іс-әрекеті жоғарыда баяндалғандай, жекелеген іс-әрекет жиынтығы, нақтырақ айтсақ: әртүрлі әдебиетті, бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді және тағы да басқа оқыту құралдарын талдау, соның негізінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті оқу материалын іріктеп таңдау және оларды құрастыру болып табылады.
Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті кәсіби іс-әрекеттің негізгі субъектісі болып табылады. Мұғалім оќушыларды оқыту сапасына, олардың білім және тәрбие деңгейіне жауапты екендігі белгілі. Мұғалімнің жұмысы, оның жеке тұлғасының негізгі сапаларының кәсіби іс-әрекетінің сипатына сай келген жағдайда ғана табысты болады.
Педагогикалық қызмет оқушы мен тәрбиеленушінің дамуына жұмыс істейтін мақсатты, арнайы ұйымдасқан педагогикалық бірлестігінен туындайды.
Мамандық қызметінің түрлері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, біліктілігін арттыру болып табылады.
Мамандыққа ықпал ететін негізгі шаралар:
- мамандық іс-әрекетінің мазмұны мен тұлғаның өзін-өзі көрсетуі;
- нәтижесін анықтайтын қоғамдық мәні;
- мамандықтың әлеуметтік орнында тұлғаның еңбектегі қызметінің қоғамдық бағасының анықталуы;
- еңбектің тәртібі мен жағдайы.
Мұғалімнің педагогикалық қызметінің түрлері:
- диагностикалық қызметі оқушыларды зерттеп білумен және олардың даму, тәрбиелілік деңгейін белгілеумен, анықтаумен байланысты;
- бағдар беру – болжам жасау қызметі - мұғалімнің тәрбие қызметінің бағытын және тәрбие жұмысының әрбір кезеңінде нақты мақсаттар мен міндеттерді анықтап, оның нәтижелеріне болжам жасай білуімен тұжырымдалады, яғни, мұғалім неге нақты қол жеткізгісі келеді, оқушыны қалыптастыру мен дамытуға ол қандай қадам басуды қалайды;
- жобалау қызметі - бағдар беру-болжам жасау қызметінен туындайды;
-ұйымдастырушылық қызметі - оқушыларды белгіленген тәрбие жұмысына жұмылдырумен байланысты;
- ақпараттық-түсіндірме қызметі, педагог – ғылыми, дүниетанымдық және адамгершілік-эстетикалық ақпараттың аса маңызды көзі болатын мұғалім қызметі;
-ұжымды ынталандыру қызметі – мұғалімнің жеке басының адамгершілік жақсы қасиеттерімен және оқушыларға ықпал ете білумен, оның қарым-қатынас жасау, демократиялық байланыстар орнату, іс-қимылға жетелеу шеберлігімен байланысты қырларын қозғайды. Бұл қызмет балаларға сүйіспеншілік таныта білуді, нағыз ізгілікті қамтиды;
-талдама-бағалау қызметі – мұғалімге оқыту мен тәрбиелеу барысына талдау жасауға, олардан жағымды жақтары мен кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ, мұғалімге өзінің жұмысында жанды байланыс орнатуѓа мүмкіндік береді;
-мұғалімнің зерттеушілік-шығармашылық қызметі: педагогикалық теорияны қолдану мұғалімнен белгілі шығармашылықты қажет етуі осы қызметтің бір қыры болып табылады. Екінші бір қыры – белгілі теорияның шеңберінен шығып, оны байытатын жаңалық атаулыны ой елегінен өткізіп дамыту болып табылады..
Педагогтың кәсіби біліктілігі
Педагогикалық іс-әрекеттің ең маңызды жағы – іс-әрекетте педагогтың өзін-өзі жетілдіру мен оқытуға бағытталған білімділігі, тәртіптілігі, дамытушылық қабілеті.
Кәсіби іс-әрекеттің бір түрі - педагогикалық іс-әрекет, оның мазмұны оқыту, тәрбиелеу, білім беру, дамыту. «Кәсіби іс-әрекет» ұғымының ауқымы «педагогикалық іс-әрекет» ұғымынан гөрі кеңірек, өйткені, мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті осы проблеманы зерттеген мамандардың пікірінше: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, әлеуметтік-мәдени, психотерапевтік, қатысымдық және т.с.с. функционалдық элементтерден тұрады.
Педагогикалық іс-әрекет аясында мұғалім оқушымен қарым-қатынас процесінде ғылымды байланыстырушы рөлін атқарады. Ендеше мұғалім білім мазмұнын бере отырып, ұжымдық субъектілердің іс-әрекетін жеке субъектілердің жеке іс-әрекетіне айналдыру процесін ұйымдастырады, сөйтіп жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.
Сонымен, педагогикалық іс-әрекет – педагогтың білім мазмұны мен оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудағы белсенділігі, ол адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық іс-әрекетті зерттеушілер оның құрылымында мынадай функционалдық элементтері бар жүйе ретінде қарастырады. Олар:
1) педагогикалық өзара іс-қимыл субьектісі мен обьектісі, олармен бірге іс-әрекеті, оқыту мақсаты және қатынас жасау құралдары;
2) оқушы мен мұғалім, оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, процесі және ұйымдастыру түрлері;
3) педагогикалық ықпалдың мақсаттары субьекті мен обьектіні, мазмұны мен құралдары, нәтижелері.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің негізгі белгілері:
-
онымен міндетті білім, дағдыны меңгерген арнайы адам шұғылданады;
-
оны жүзеге асыру үшін белгілі формалары болады: сабақ, «сынып»;
-
бұл іс-әрекет белгілі бір мақсатты көздейді: баланы белгілі бір нәрсеге үйрету; белгілі бір білімдер жүйесін беру; белгілі бір білік, дағды қалыптастыру, білім алуда кеткен ақаулардың орнын толтыру; адам етіп шығару; қабілеттерін, қызығушылықтарын, ойлау, елестету, т.б. дамыту;
4 оқыту, білім беру, тәрбиелеудің мазмұнын анықтау;
5.педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелерін тексеру, яғни, мұғалім үйреткен білім мен біліктердің қорытындысы;
6. нағыз педагог регламенттік іс-әрекетпен ғана шектелмейді – ол, өзінің оқушыға әсер етуде барлық мүмкіншілігін пайдаланады: дәстүрлі емес әңгімелер, сенімді әңгімелесу; баланы ойландырып жүрген мәселелерді талқылау, кеңес беру, көмектесу.
Іскерлік – белгілі бір әрекетті саналы түрде орындау, білімді тәжірибеде қолдана білу қабілеті. Ойлау әрекетінің қатысу дәрежесіне байланысты іскерліктің екі түрлі: ақыл-ой және практикалық тобы белгілі, ал сипаты бойынша – жалпы оқу, еңбек, көркем, спорттық ойын және т.с.с. болып жіктеледі.
Дағды дегеніміз – ол автоматтық іс-қимыл, олай болса, музыкалық педагогикада орындаушылықтың орны, орындаушылықтың түрі – қимыл іс-әрекеті жағынан біз оны біліктілікке жатқызамыз. Бірақ бұл айтып жатқанымыз дағдыны жоққа шығару емес, дағдының да атқаратын үлкен маңызы бар.
Кәсіби білім арқылы оның шығармашылық қабілеті де дамиды. Ол үшін болашақ мұғалім мәдениетінің негізі педагогикалық шеберліктің қалыптасуы.
Педагогикалық шеберлік дегеніміз- болашақ мұғалім тұлғасының жеке дара, психологиялық, интеллектуалды күштері мен қабілеттерініңөзін-өзі іс жүзінде көрсетуінің процесі. Шығармашылық шеберлік ізденіс процесі арқылы жүзеге асырылады.
Ал, кәсіби шеберлік –мамандығы және өзін-өзі ұйымдастыру шеберлігін қалыптастыратын тұлғаның қасиеттерінің жиынтығы.
Педагогикалық шеберліктің құрылымы:
-гуманитарлық бағыттылығы: қызығушылықтар, құндылықтар, идеялар;
-кәсіби білімдері;
-педагогикалық қабілет: коммуникативтілік, перцептивті қабілеттер, динамизм, эмоционалды тұрақтылық, креативтілік;
-педагогикалық техника: өзін-өзі бағдарлау.
Педагогикалық міндеттерді шешуде қарым-қатынас жасай алу (дидактикалық біліктілік, ұйымдастырушылық қабілет, контактілі қарым-қатынас жасау зор роль атқарады. Педагогикалық қарым-қатынас педагогикалық кәсіби мәдениетті қалыптастырады. Ал, педагогикалық шеберлік –педагог тұлғасынының іс-әрекет барысында дами бастайды.
Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің құрылымы төмендегідей негізгі үш топқа бөлінеді:
аксиологиялық компонент
-
адами құндылық қасиеттердің жиынтығы. Олар объективті (тарихи тұрғыда қалыптасқан). Бірақ адамның оларды игеру барысында олар субьектке айналады.
-
әлеуметтік кәсіби құндылықтар. (нормалардың, ережелнрдің
идеялардың жиынтығы).
-
Жеке кәсіби мақсаттар, міндетте, маманның дүниетанымдық
көзқарасы.
технологиялық компонент
-
кәсіби іс-әрекеттің технологиясы. Кәсіби іс-әрекеттің түтас
жүйеде жүзеге асуы.
Жеке шығармашылық компонент
-
маманның психологиялық саланы меңгеруі. Бұнда тұлғаның кәсіби түрде ойлау қабілеттілігімен анықталады: жоғары белсенділік, жауапкершілік, ұйымдастырушылық қабілет, өзінің мінез құлқын бағалау. Сондай ақ болашақ маманның шығармашылық ерекшелігі айқындалады.
Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен даярлығы
Білім, білік, қабілеттілігінің бірлігі негізінде – шеберлік – кәсібиліктің жоғары дәрежесі пайда болды. Педагогиалық іс-әрекеттің шебері болу – оқу мен тәрбиенің заңдылықтарын терең түсіну, оларды практикада пайдалана алу, тәрбиеленуші тұлғасының дамуындағы нәтижелерді сезіне білу.
Кез-келген субъектінің кәсібилігінің қалыптасу нәтижесі – оның кәсіби шеберлігінде. Шеберлік – қандай да бір саладағы жоғары өнер түрі ретінде айқындалады, ал, шебер – бұл өз ісінде жоғары өнерге жеткен маман.
Кәсіби шеберлік кәсіби іс-әрекеттен көрінеді және ең алдымен, кәсіби мақсаттылық, жеке шығармашылықпен, құралдар таңдаудағы оңтайлықпен сипатталады.
Әрбір мамандықтың өзіне тән сапалық ерекшеліктерін көрсетуде, сол мамандыққа тән белгілерді жүйелеудің, яғни, кәсіптік құрылымын – профессиограммасын жасаудың жетекші орны бар.
Профессиограмма - маңызды құжат. Олардың талаптарында кәсіби дайындық пен қайта дайындаудың барлық кезеңдері ойластырылады.
Мұғалімнің кәсіптік даярлығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітіруімен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге, мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы, оның шығармашылық қабілетін дамытуды және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп, педагогикалық ұжымның қолдануға ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады.
Педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық процесс ретінде.
Еліміз егемендігін алғаннан бері бұрыннан қалыптасқан білім беру жүйесі терең өзгерістерге ұшырауда.Педагогикалық үрдістің сапалы болуына көңіл бөлініп отыр. Солардың бірі – педагогикалық үрдістегі мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы.
Қарым-қатынас – мұғалім, тәрбиеші, тренер, студия жетекшілерінің бөлінбейтін элементі, негізі. Сабақ, үйірмелердегі, спорт залдарындағы, шеберханалардағы сабақтар, мейрамдар, саяхат, емтихандар, ата-аналар жиналысы, педагогикалық кеңестер – мұның бәрі қарым-қатынас, оқушылармен, әріптестерімен, әкімшілктермен, ата-аналармен қарым-қатынас.
Қорытынды
Негізгі көңіл аударатын мәселе – педагог пен тәрбиеленуші арасындағы кәсіби қарым-қатынас.
Ұстаз өзінің қызметінде қарым-қатынастың барлық міндеттерін атқаруы тиіс, ол мағлұмат беруші де, оқушыны немесе сынып оқушыларын танып білуші де және ұжымдық қатынас пен өзара қатынастарды ұйымдастырушы да болады.
Педагогикалық қарым-қатынас – қарым-қатынастың ерекше түрі, «кәсіби категориясы» болып табылады. Ол әрқашан оқытушы, дамытушы және тәрбиелеуші қызмет атқарады. Педагогикалық іс-әрекет – динамикалық іс-әрекет: тәрбиеленушілердің жасына қарай әрі педагогтың, әрі балалардың қарым-қатынас көзқарасы, позициясы өзгеріп отырады.
Қарым-қатынастың дәстүрлі өзара байланысқан үш функциясын бөліп көрсетуге болады:
1) коммуникативті (ақпарат алмасу);
2) перцептивті (адамдардың бір-бірін тануы, қабылдауы);
3) интерактивті (біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру, реттеу).
Қарым-қатынасты тану, түсіну және бағалау - екі жақты процесс. Педагог өз тәрбиеленушілерін таниды, ал, олар педагогты іштей тануға тырысады.
Қарым-қатынас іс-әрекетті ұйымдастыруда да маңызы зор. Өйткені, оқушыларға жұмыстың дайын түрі мен әдісін ұсынғаннан гөрі оларды шығармашылық ізденіс арқылы педагогтар мен тәрбиеленушілердің біріккен маңызды әрекеті.
Қарым-қатынас іс-әрекетті ұйымдастыруда маңызы зор. Педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігі қарым-қатынас стилі және тәрбиеленушілерге жетекшілік ету стиліне байланысты болады. Стиль-әдістер мен тәсілдердің жиынтығы, ол адамдардың өзін-өзі ұстау мәнеріне тән. Педагогикалық қарым-қатынас пен педагогтың жетекшілік стилінің ерекшеліктері, бір жағынан, педагогтың даралығына,құзыреттілігіне,коммуникативті мәдениеттілігіне, тәрбиеленушілерге эмоциональды-адамгершілік қарым-қатысына, кәсіби іс-әрекетіне шығармашылықпен қарауына байланысты болса, екінші жағынан, тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне, жынысына, тәрбиелілігі мен білімділігіне, оқу ұжымының ерекшеліктеріне байланысты.
Педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігі қарым-қатынас стилі және тәрбиеленушілерге жетекшілік ету стиліне байланысты болады.
Педагогтың қарым-қатынас стилдері:
1. Педагогтың жоғары кәсібилігі негізіндегі қарым-қатынас.
2. Достық негіздегі қарым-қатынас.
3. Ара қашықтық қарым-қатынас (общение – дистанция).
4. Қорқыту қарым-қатынасы, гумандық емес, қатал тәртіп, қорқыту, сөзін жүргізу, сөзсіз бағынуды талап етеді. Бұл – біріккен педагогикалық іс-әрекет бола алмайды.
5. Қылжақтау (заигрывание) қарым-қатынасы
6. Тан-тамашалық (превосходство) қарым-қатынасы.
Педагогикалық қарым-қатынас деңгейлері:
Сабақ үстіндегі және сабақтан тыс оқу іс-әрекетінің формаларын пайдаланатын оқытушының қызметін талдай отырып, қарым-қатынастың әр түрлі деңгейлерін бөліп алуға болады:
-
жоғары - өзара түсінісу, өзара қарым-қатынас жасау, сенім артуда жылылықпен сипатталады;
-
орта.
-
төмен – түсінбеушілік, бір-біріне жат болу, суық қарау, өзара көмектің болмауымен сипатталады.
Әдебиеттер:
1. Кан-Калик В.А., Учителью о педагогическом общений. –М., 1987г.
2. Введение в специальность: учебное пособие для студентов. /11од ред.Л.И.Рувинского, В.А.Кан-Калика, Д.М.Гришина и др. -М.: 1988 . Глава 111, стр. 36-70.
3. Мижериков В.А., Ермоленко М.Н., Введение в педагогическую деятельность. – М., 2002 г.
4. Никитина Н.Н., Кислинская Н.В., М.Н., Введение в педагогическую деятельность. – М., 2004 г.
5. Рувинский Л.И., Мамандыққа кіріспе. – А., 1991 ж.
6. Мижериков В.А., Ермоленко М.Н., Введение в педагогическую деятельность. – М., 2002 г.
7. Никитина Н.Н., Кислинская Н.В., М.Н., Введение в педагогическую деятельность. – М., 2004 г.
8. Рувинский Л.И., Мамандыққа кіріспе. – А., 1991 ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз