400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Пед.чтения Шаталов технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
математика,физика
Материалдың қысқаша нұсқасы

ФИЗИКА ПӘНІНДЕ ДЕҢГЕЙЛЕП - САРАЛАП ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ Калибеков Нурлан Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Островский атындағы мектеп лицей, мұғалім Nurik9494@mail.ru Бұл мақалда физика пәнін оқыту үшін инновациялық технологиялардың маңызды екені айтылады. Инновациялық технологияны пайдалану сабақ сапасын көтереді,оқушының сабаққа деген кызығушылығын арттырып, ізденушілік, танымдық қасиетін арттыратыны туралы жазылған. В этой статье говорится о том, что использование инновационых технологий на уроке физики улучшают качество знаний учащихся, повышает интерес к предмету, развивает творческую деятельность учащихся. This article is about the importance of innovation technology in physics.Using the innovation technology in physics is improves the quality of the lesson and develops students' interest in the subject. Кілттік сөздер: инновация, логикалық ойлау, физикалық заңдылықтар. Қазіргі замандағы мұғалімнің алдындағы негізгі басты міндеті - тек қана оқушыларды білім жағынан ғана қалыптастырып қоймай, оқушылардың рухани деңгейін оятып, тәрбиелік құндылықтарын арттырып, пәнге деген қызығушылықтарын дамытуға ат салысу. Бала тәрбиесінің дамуына ұстазынан басқа қоршаған орта немесе басқа да адамдардың ықпалы әсер ететіндігі барлығына аян. Мұғалім өмір бойы оқушымен оқушы болып өтетіндіктен, оқып - ізденуін ешуақытта тоқтатпайды. Мұғалімнің өздігінен ізденіп, білімін жетілдіріп отыру - бүгінгі таңдағы білімнің ажырамас бөлігі болып табылады.Сондықтан да мұғалімнің кәсіби педагогикалық қызметі болуы шарт.Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология түрлерін қазіргі кезде көптеп қолданып жүрміз. Бұл технологиялардың оқушының ой - өрісінің дамуына тигізер пайдасы өте зор, себебі оларды қолдану сабақ нәтижесін, сапасын, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады. Әсіресе оқушылардың өздігінен танып, іздену іс - әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты болып білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. [1] Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді.

Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К. Д. Ушинский, Л. С. Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л. ВЗанков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов көтерді. Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулері оқушыны «тұлға» ретінде тануға бағытталды. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді. [2] Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс - әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылды.Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы: оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне; оқушының ынталандыруға; оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым - қатынас достығына; оқушының өз білімін өз бағалай білуіне

білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді Физика сабағында деңгейлеп оқытудың тиімді жақтары мыналар: әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады оқушының жеке қабілеті айқындалады іштей бір - бірінен қалмауға тырысады; әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады; тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады; 1-деңгей–«3»,2-деңгей–«4»,3–деңгей-«5» - даму мониторингін құрып, оқушының дамуын қадағалауға және ата - анасымен байланыс жасауға жеңілдік туғызады; бір ғана сабақта тапсырманың бірнеше түрін орындайды; Сабақ – шығармашылық еңбектің жүзеге асырылатын басты орын болғандықтан, шешуге міндетті жүзеге асыру - ұстаздың шеберлігіне тәуелді. Оқу материалын қызықты ету үшін ойлана, жан - жақты даярланудың өзі ішкі шығармашылық күйді туындатып, оқушыларға берік те, терең білім беруге мүмкіндік береді. [3] Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Сондықтан физика сабағында оқу - тәрбие үрдісінің дұрыс жүргізілуі үшін әртүрлі оқыту әдіс - тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше таңдап алуға тырысамын. Оқушыларға оқу материалын түсінікті және қызықты етіп беру үшін сыныпты көз алдыма елестетіп, әрбір оқушының даярлығы мен мүмкіндігіне, қабілеті мен біліміне сүйеніп, сабақтың құрылымына талдай жасай отырып, алдыма мақсат қоямын. Заман талабына сай білімді, білікті, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Мақсатыма байланысты міндеттер қоямын; Жас ұрпақтың қабілетін ашу. Мақсатты жүзеге асыру. Шығармашылық,логикалық ойлау қабілетін жетілдіру. Оқу материалын баяндау барысында тәжірибелер көрсетіп, жаттығулар орындатып, дидактикалық материалдар мен техникалық құралдарды жүйелі пайдалану арқылы әсер алуға жетелеймін. 1.Жалпы мәдениеттік мәні бар ұлттық, аймақтық, жергілікті материалдарды өз сабақтарымда кеңінен пайдалану. 2.Оқушылардың тұлға ретінде дамуына жағдай жасау. 3.Оқушылардың физика сабақтарындағы белсенді іс - әрекеттерін ұйымдастыру үшін барынша көп мүмкіндіктер жасау. 4.Оқытудың әр кезеңінде оқушылардың пәнді оқыту қызығушылығын қалыптастырып, дамытып оқыту. 5.Пән аралық байланысты сабақта тиімді пайдалану. 6. Деңгейлік және саралап оқыту жағдайында барлық оқушылардың бағдарламалық білімді меңгеруін жүзеге асыру. Жаңа сабақты түсіндіру барысындағы басты мақсатым - әрбір оқушының білім алуының сапалық деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін оқу жоспарын ғылыми негізде ұйымдастыру. Оқушының білімді игеруін үш сатыдан тұратындай етіп құрамы

дастыру. Оқушының білімді игеруін үш сатыдан тұратындай етіп құрамын: 1.Жаңа білімді игеру және оны пайдалана білу. 2. Игерген білімді өңдеп, оны таныс емес жағдайда пайдалана білу. 3. Жалпы білімді өз бетімен игеру. Аталған сатының әрқайсысында оқушының пәндік білімді игеруі төрт деңгейдеөтеді: 1.Білу. 2.Түсіну. 3.Қолдану. 4.Біліктену. Мысалы, «Гармониялық тербелістер. Тербеліс амплитудасы, периоды және жиелігі» тақырыбында оқушы тербелістер жайлы 9 сыныпта өткен түсінігін еске түсіре отырып, жаңа фактілерді, сондай - ақ толқын түрлеріне жататын электромагниттік толқындардың қасиеттерін қабылдайды. Бұл білімді қабылдау деңгейіне жатады. 2 - деңгей – Түсіну, яғни қабылдаған жаңа мәліметті пысықтап бекіту, өз сөзімен естігенін айтып беру. Мысалы: Тербелістердің өмірде алатын орны. 3-деңгей–Қолдану.Қабылдаған білімді формула бойынша тұжырымдау, есепшығара білу, ұқсасмы салдар келтіру. 4 - деңгей – Біліктену. Оқушы алған білімін, сабақтың мәнін түсіндіре білу, басқа фактілермен салыстыра отырып, қорытынды жасай білу. Қарапайым түрде гармониялық тербелісті шығарып ала білу. Әрбір сабақта, мүмкіндігіне қарай, жергілікті жер материалдарын пайдалана отырып, оқушының білімділігін арттыруға көңіл бөлемін. Мысалы, «Импульс» тақырыбын өту кезінде әсерлесуші денелер ретінде асықты пайдаланамын. Тыныштықта тұрған асықты екінші асықпен атқанда екінші асық неге қозғалады? Әсердің берілуі денеге жылдамдық туғызды деген мысал арқылы импульстің формуласы жазылып түсіндіріледі. Сол сияқты үйге мынадай тапсырма беруге болады: стаканға су құйып, оны бір парақ қағаздың үстіне қойыңдар да қағазды жайлап тартып көріңдер, сосын оны лезде тартып алып қараңдар, «Қолдың тарту әсерінің уақытқа тәуелділігі қандай?»-деген сауалды талдап, оған жауап беріңдер. «Реактивті қозғалыс» тақырыбын өткенде картон қағаздан балық пішінін қиып, оның саңылауына пипетка арқылы май тамызып, біраз бақылаймыз. Май балықтағы саңылау арқылы аққанда балық ілгері жылжиды. Бұл тәжірибе реактивті қозғалысты түсіндіруде оқушының білімділік деңгейін арттыруға көмектеседі. 11 - сыныпта дифракция, интерференция құбылысын түсіндіргенде құс қауырсыны, капрон мата, пластинканы пайдалана отырып түсіндіруге өте тиімді. «Дыбыс толқындарын» өткенде резонатор ретінде домбыраның қуысын қарастыра отырып, адамның ауыз қуысы резонатор екенін ескертіп, «жағыңды екі қолыңмен қатты қысып сөйлеп көр» деген тапсырма беріледі. Оқушылар өз тәжірибесіне түсініктеме береді. Осылайша физиканың негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын өмірмен байланыстыра қызықты етіп беру жолдарын қарастырамын. Мұндай тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларға

заңдылықтарын өмірде кеңінен қолдануға болатынын түсінуге мүмкіндік береді. Жалпы инновациялық педагогикалық технологияны қолдану сабақтың сапасын көтеруге, оқушылардың білімге леген оқу - танымдық қызығушылығын арттыруға, қазіргі қоғам талабына сай білім алуына көп әсерін тигізеді.[4] ӘДЕБИЕТТЕР: 1.ҚараевЖ.А.«Саралап,деңгейлепоқытутехнологиясы». 2.Жұмабекова А. А. «Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту». 3.Тұрғанбаева Б. «Жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамыту». Қазақстан мектебі №8, 2004 ж. 4. Ильин В. С. «Формирование личности школьника». М, педагогика, 1984г.





Әлемдік өркениеткеқадам басқан тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени дамуындағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік туғызды. Бүгінде қоғамдық формацияның ауысуы — білім беру жүйесіне айтулы өзгерістер мен реформалар енгізгені белгілі. Бұған жаңа білім стандартының жасалынуы, төл оқулықтарымыздың жазылуы, жаппай компьютерлендіру т. б. игі істер дәлел бола алады. Осының бәрі — ХХІ ғасыр табалдырығынан аттаған жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды, ұлттық мәдениетті танитын, оны өзгеге таныта алатын білімді, жан — жақты қалыптасқан, әлемдік өркениетке қол соза алатын, бәсекеге қабілетті дербес тұлға тәрбиелеу қажеттілігінен туындайды. Бүгінгі таңда оқытушылардың алдында тұрған келесі әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі оқушыға сапалы білім беру. Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. Сонау 1970 жылдардың басында Кеңес Одағы дәуірінде, білім беру саласындағы орта білім беру жүйесіне көшу реформасы оқушылардың 100 % үлгерімін талап етті. Бірақ бұрынғы оқу жүйесі бойынша оқыту осы талапты орындауға мүмкіндік бермеді. Осы дағдарыстан шығу мақсатында озық ойлы, тәжірибелі ұстаздар білім берудің өзгеше жолдарын қарастыра бастады. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Педагогикалық әдістемелік процестерде В. Ф. Шаталов әдісі деген атпен енген тірек — сызба белгілерін (сигналдарын) сабақта қолдану мұғалімдердің көпшілігінен үлкен қолдау тауып отыр, оқыту процесінде кеңінен қолданылуда. В. Ф. Шаталов технологиясының ерекшелігіне тоқталсақ: Бірінші ерекшелігі — нақты дәл есептелген оқу процесін құра білу. В. Ф. Шаталов бұл құрылымды былай түсіндірді «Тірек сигналдары дегеніміз — ойынның элементі, уақыт үнемділігі және бала психологиясын қызықты құбылысқа бағыттау. Бірақ ең басты мақсат — берілген тақырыпты логикалық байланыстар негізінде оқушының түсінуі мен ұзақ уақыт есте сақтауы». Екінші ерекшелігі — уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тақырыпты түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір-екі тірек сигналына сыйдыруға болады. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын жойған жоқ. Тірек сызба белгілер сабақтың негізгі құрам бөлігі ретінде қолданылады. Мұнда негізінен мына мәселелерге назар аударған жөн. 1.      Тірек — сызба белгілерін пәнді жүргізудің басынан бастаған жөн. 2.      Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану керек. 3.      Сызбанұсқаға оқушылармен бірге талдау жүргізіп отыру. Сызбанұсқаларды (схемаларды) оқушылардың қатысуымен талдау керек. 4.      Оқушылардың белгілі тақырыпқа сай сызба белгі даярлауға негізделген өзіндік жұмыс жасауына мүмкіндік беру. 5.      Оқушының топпен және екі — екіден жұмыс жасауына мүмкіндік беру. Тірек сызбаның артықшылықтары мынада: а)     оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі; б)     оқушы оқу материалының ішінен ең негізгісін таңдай білуді үйренеді; в)     оқушы таңдап алған танымдылық — білімдік түсініктерін бір — бірімен байланыстырып, қарапайым жүйе жасауды үйренеді; г)     оқушы оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыланады; д)     Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін — өзі бағалауды үйренеді. Тірек сигналдары арқылы оқыту өзінің нәтижесін береді. Атап айтсақ: Мұғалім: -        оқушы білімін тексеруде дидактикалық құрал ретінде пайдаланады — мағыналық, логикалық белгілерді нақты, қысқа түсіндіреді; -        баға қоры молаяды; -        оқушы білімі әділ бағаланады. Оқушы: -        берік білім негізі қаланады; -        сөйлеу қабілеті дамиды; -        тұжырымдап, топшылау дағдылары қалыптасады; -        танымдық процесі нығаяды; -        қарым — қатынасқажеттілігі қанағаттандырылады; -        пәнге деген қызығушылығы артады; -        шығармашылығы шыңдалады. Нәтижесінде мұғалімнің де, оқушының да жасампаздығы артып, жаңашылдыққа бет бұрады. Оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В. Ф. Шаталов тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының мынадай мақсаттарын — білім, білік, дағдыны қалыптастыру; барлық баланы оқыту; оқытуды жеделдету. Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері — үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас ықпал; ізгілік, еркімен оқыту. Әр оқушының жобасының жариялылығы түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Бүгінгі таңда мектеп мұғалімінің алдында тұрған келелі, әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі — оқушыға тиянақты білім беру. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда мектеп мұғалімдері іздемпаздықпен оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін өз тәжірибесінде үздіксіз қолдана отырып жұмыс жүргізіледі. Жұмыстың нәтижелі болуы кез келген мұғалімнің таңдап алған әдісті үздіксіз, үнемі, жүйелі қолдануына және оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейін ескеріп отыруына байланысты. Сонымен қатар оқушыны оқу жұмысына белсене қатыстырып, оған белгілі бағыт-бағдар беріп, қадағалап, жұмысын бағалап отыру — жақсы нәтиженің негізі. Оқушы білімінің сапасы мен оқытудың тиімді болуы таңдап алынған оқыту әдісінің пәрменділік дәрежесін көрсетеді. В. Ф. Шаталов әдісін сабақта қолдану мектеп мұғалімдерінің көпшілігінен үлкен қолдау тауып, оқыту үрдісінде кеңінен қолдануда. Тірек сызба белгілерін пайдалану тиімді. Белгілі бір әдіс, белгілі бір кезең өткен соң өзге бейнеде түрлендіріп берілсе, онда оқушыларда қайта қызығушылық пайда болып, оларды ізденуге жетелейді. Тірек сызба белгілерін сабақтарымда қолданамын. Мұнда негізінен мына мәселелерге назар аударған жөн:                                I.            Тірек сызба белгілерін орта деңгейдегі сыныптардан бастау (табиғаттану, өсімдіктану).                             II.            Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану.                          III.            Сызба белгілерді оқушылармен бірге талдау жүргізе отырып даярлау. -        Оқушыларға белгілі тақырыпқа сай сызба белгі даярлауға негізделген өзіндік жұмыс және үй тапсырмасын беру. -        Оқушылардың топпен не екі-екіден жұмыс істеуіне мүмкіндік беру. Тірек сызбабелгілерін пайдаланып оқытудың тиімділігі мынада: 1.      Оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі; 2.      Оқушының сызбабелгіні түсінуі үшін ойлау, салыстыру, есте сақтау қабілеттерінің мүмкіндік туады; 3.      Оқу материалының ішінен негізгісін таңдай білуді үйренеді; 4.      Топпен және өзара бірлесе жұмыс істеуді үйренеді; 5.      Оқушы сызу, сурет салу, өз бетімен шартты белгі ойлау, оның мәнін білуге мүмкіндік туады; 6.      Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін өзі бағалап үйренеді. Тірек — сызбаны сабақтың негізгі құрам бөліктері ретінде қолданамын. Тірек — сызба — бұл айтылатын материалдың бейнелі жоспары, белгілі бір мағынаны білдіретін шартты белгілер, сөздер, суреттер және басқа да ойға тірек болар белгілердің жүйесі. Қысқа бейнелі түрде берілген хабарды кез — келген оқушы тұжырымдап, әрі кеңейтілген түрде айта алады. Тірек — сызба баланың ойын қозғайды, материалды берік есте сақтауға негіз болады. Тірек — сызбаны материалды түсіндіруге, бекітуге, оқушы білімін тексеруге, қайталау сабақтарында қолданамын. Жаңа материалды түсіндіруге қолданатын белгілер — жеңіл жазылатын, суреттер — оңай салынатын болуы шарт.   Пайдаланылған әдебиет: 1.      Шаталов В. Ф. Педагогическая проза. М., Просвещение, 1980. 2.      Шаталов В. Ф. Точка опоры. М., Педагогика, 1987. 3.      Шаталов В. Ф. Эксперимент продолжается. М., Педагогика, 1989. 4.      Щуркова Н. В. Педагогическая технология как учебная дисциплина //Педагогика, 1993-№ 2. — С. 66–70. Основные термины (генерируются автоматически): мена, III. Узнать стоимость написания работы Оставьте заявку, и в течение 10 минут на почту вам станут поступать предложения! Выберите тип работы УЗНАТЬ СТОИМОСТЬ РАБОТЫ 

Пожалуйста, не забудьте правильно оформить цитату:
Абдраманова Г. Б., Примбетова А. И. Білім беруде В. Ф. Шаталов әдісін пайдаланудың тиімділігі // Молодой ученый. — 2015. — №7.1. — С. 6-7. — URL https://moluch.ru/archive/87/16682/ (дата обращения: 19.02.2019).













ШАТАЛОВТЫҢ ТІРЕК-СЫЗБАМЕН ОҚЫТУ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

Сайттан жүктеу

В.Ф. ШАТАЛОВТЫҢ ТІРЕК-СЫЗБАМЕН ОҚЫТУ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

Бүгінде  қоғамдық  формацияның  ауысуы – білім  беру жүйесіне  айтулы  өзгерістер  мен  реформалар енгізгені белгілі. Бұған  жаңа  білім  стандартының  жасалынуы, төл оқулықтарымыздың  жазылуы, жаппай  компьютерлендіру т. б.  игі істер дәлел бола  алады.  Осының  бәрі  - ХХІ ғасыр табалдырығынан  аттаған жас ұрпақты ұлттық  құндылықтарды, ұлттық  мәдениетті  танитын, оны өзгеге таныта алатын білімді, жан – жақты қалыптасқан, әлемдік өркениетке қол соза алатын, бәсекеге қабілетті дербес тұлға тәрбиелеу қажеттілігінен туындайды. Осыған орай,  Елбасының  «Елдің ертеңін ойлау керек. ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес. Халықты салауатты да, сауатты өмірге бағыттауымыз керек.» деуі де тікелей ұстаздар қауымына  жүктелер зор міндет. Ол үшін оқушы сұранысын  қанағаттандыратын оқытудың үлгілерін ұтымды қолдану, қажеттілігіне қарай өзгерістер мен толықтырулар  енгізу  ұстаздан  кәсіби шеберлікті талап етеді. Мұндағы ең басты қағида – оқытудың тиімділігін арттыру, оқушы шығармашылығын шыңдау, даралық келбетін қалыптастыру.

Бүгінгі таңда оқытушылардың алдында  тұрған  келесі  әрі  жауапкершілігі  мол  міндеттердің  бірі оқушыға сапалы  білім беру.

         Тиянақты  білім беру дегеніміз -  жаттанды  емес,  белгілі  жүйесі бар,  қарапайымнан  күрделіге  қарай  оқушының  ой - өрісін  дамытатын  ұғымдар.

         Сонау 1970 жылдардың  басында, Кеңес Одағы дәуірінде, білім беру саласындағы  орта білім беру жүйесіне көшу реформасы оқушылардың  100%  үлгерімін талап етті.  Бірақ бұрынғы оқу жүйесі бойынша оқыту осы талапты орындауға мүмкіндік бермеді. Осы дағдарыстан шығу мақсатында озық ойлы, тәжірибелі ұстаздар білім берудің өзгеше жолдарын қарастыра бастады.

Педагогикалық  әдістемелік  процестерде В.Ф. Шаталов  әдісі деген  атпен енген  тірек – сызба  белгілерін (сигналдарын) сабақта  қолдану мұғалімдердің  көпшілігінен  үлкен қолдау  тауып отыр,  оқыту  процесінде  кеңінен  қолданылуда.

          В.Ф. Шаталов  технологиясының  ерекшелігіне тоқталсақ:

          Бірінші  ерекшелігі – нақты  дәл есептелген оқу процесін құра  білу.

В.Ф.Шаталов  бұл  құрылымды  былай  түсіндірді  «Тірек  сигналдары  

дегеніміз  –  ойынның  элементі,  уақыт үнемділігі және  бала психологиясын  қызықты  құбылысқа бағыттау. Бірақ  ең  басты  мақсат – берілген тақырыпты  логикалық байланыстар негізінде  оқушының  түсінуі мен  ұзақ  уақыт  есте сақтауы»       

          Екінші ерекшелігі – уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тақырыпты түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір-екі тірек сигналына сыйдыруға болады. 

         Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын жойған жоқ.

Тірек сызба  белгілер  сабақтың  негізгі құрам  бөлігі  ретінде  қолданылады. Мұнда  негізінен  мына  мәселелерге  назар аударған жөн.

         1. Тірек – сызба  белгілерін пәнді жүргізудің басынан бастаған жөн.

2. Мүмкіндігінше  барлық  сабақтарда  пайдалану керек.

3. Сызбанұсқаға оқушылармен  бірге  талдау  жүргізіп отыру. Сызбанұсқаларды  (схемаларды) оқушылардың  қатысуымен  талдау керек.

4. Оқушылардың  белгілі  тақырыпқа  сай  сызба  белгі  даярлауға  негізделген  өзіндік  жұмыс  жасауына  мүмкіндік  беру.

5. Оқушының  топпен  және  екі – екіден  жұмыс  жасауына  мүмкіндік беру.

 

 

Тірек сызбаның  артықшылықтары  мынада:

а) оқушыға  оқу  материалы  жинақы, қысқаша  беріледі;

б) оқушы  оқу материалының  ішінен  ең  негізгісін  таңдай  білуді  үйренеді;

в)  оқушы  таңдап  алған  танымдылық -  білімдік  түсініктерін  бір – бірімен  байланыстырып,  қарапайым  жүйе  жасауды  үйренеді;

г)  оқушы оқулықпен  және қосымша  әдебиеттермен  жұмыс  жасауға  дағдыланады;

д)  Оқушы өзінің танымдық  деңгейін  біледі. Өзін - өзі  бағалауды  үйренеді.

Тірек  сигналдары арқылы оқыту өзінің нәтижесін береді. Атап айтсақ:  

Мұғалім:

          - оқушы білімін тексеруде дидактикалық құрал ретінде пайдаланады                    

          - мағыналық, логикалық белгілерді нақты, қысқа түсіндіреді; 

- баға қоры молаяды; 

- оқушы білімі әділ бағаланады. 

         Оқушы:

• берік білім негізі қаланады; 

• сөйлеу қабілеті дамиды; 

• тұжырымдап, топшылау дағдылары қалыптасады; 

• танымдық процесі нығаяды; 

• қарым – қатынасқажеттілігі қанағаттандырылады; 

• пәнгедегенқызығушылығыартады; 

• шығармашылығы шыңдалады. 

    Нәтижесінде мұғалімнің де, оқушының да жасампаздығы артып,жаңашылдыққа бет бұрады. 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

 

1. Шаталов В.Ф. Педагогическая проза М., Просвещение, 1980.

2. Шаталов В.Ф. Точка опоры. М., Педагогика, 1987.

3. Шаталов В.Ф. Эксперимент продолжается. М., Педагогика, 1989.

4. Щуркова Н.В. Педагогическая технология как учебная дисциплина //Педагогика, 1993, N 2, с.66-70.

5. Щуркова Н. В. и др. Новые технологии воспитательного процесса. М.1994


Соңғы жарияланған материалдар тізімі



Тірек сигналдары арқылы ас қорыту жүйесін оқытуда жүргізілетін жұмыстар



Тірек сигналдары арқылы ас қорыту жүйесін оқытуда жүргізілетін жұмыстар



Тірек сигналдары арқылы ас қорыту жүйесін оқытуда жүргізілетін жұмыстар



ЖАҢАША БАҒЫТПЕН



Деңгейлеп оқыту технологиясы



Оқыту тиімділігі – озық технологияларда



Білім сапасын арттыру жолдары



ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ



Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабағында пайдалану тиімділігі және табысқа жету жағдаятын туғызу жолдары



МОДУЛДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 20069 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:

Информация
Посетители, находящиеся в группе 
Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер

























Әлемдік өркениеткеқадам басқан тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени дамуындағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік туғызды. Бүгінде қоғамдық формацияның ауысуы — білім беру жүйесіне айтулы өзгерістер мен реформалар енгізгені белгілі. Бұған жаңа білім стандартының жасалынуы, төл оқулықтарымыздың жазылуы, жаппай компьютерлендіру т. б. игі істер дәлел бола алады. Осының бәрі — ХХІ ғасыр табалдырығынан аттаған жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды, ұлттық мәдениетті танитын, оны өзгеге таныта алатын білімді, жан — жақты қалыптасқан, әлемдік өркениетке қол соза алатын, бәсекеге қабілетті дербес тұлға тәрбиелеу қажеттілігінен туындайды. Бүгінгі таңда оқытушылардың алдында тұрған келесі әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі оқушыға сапалы білім беру. Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. Сонау 1970 жылдардың басында Кеңес Одағы дәуірінде, білім беру саласындағы орта білім беру жүйесіне көшу реформасы оқушылардың 100 % үлгерімін талап етті. Бірақ бұрынғы оқу жүйесі бойынша оқыту осы талапты орындауға мүмкіндік бермеді. Осы дағдарыстан шығу мақсатында озық ойлы, тәжірибелі ұстаздар білім берудің өзгеше жолдарын қарастыра бастады. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Педагогикалық әдістемелік процестерде В. Ф. Шаталов әдісі деген атпен енген тірек — сызба белгілерін (сигналдарын) сабақта қолдану мұғалімдердің көпшілігінен үлкен қолдау тауып отыр, оқыту процесінде кеңінен қолданылуда. В. Ф. Шаталов технологиясының ерекшелігіне тоқталсақ: Бірінші ерекшелігі — нақты дәл есептелген оқу процесін құра білу. В. Ф. Шаталов бұл құрылымды былай түсіндірді «Тірек сигналдары дегеніміз — ойынның элементі, уақыт үнемділігі және бала психологиясын қызықты құбылысқа бағыттау. Бірақ ең басты мақсат — берілген тақырыпты логикалық байланыстар негізінде оқушының түсінуі мен ұзақ уақыт есте сақтауы». Екінші ерекшелігі — уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тақырыпты түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір-екі тірек сигналына сыйдыруға болады. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын жойған жоқ. Тірек сызба белгілер сабақтың негізгі құрам бөлігі ретінде қолданылады. Мұнда негізінен мына мәселелерге назар аударған жөн. 1.      Тірек — сызба белгілерін пәнді жүргізудің басынан бастаған жөн. 2.      Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану керек. 3.      Сызбанұсқаға оқушылармен бірге талдау жүргізіп отыру. Сызбанұсқаларды (схемаларды) оқушылардың қатысуымен талдау керек. 4.      Оқушылардың белгілі тақырыпқа сай сызба белгі даярлауға негізделген өзіндік жұмыс жасауына мүмкіндік беру. 5.      Оқушының топпен және екі — екіден жұмыс жасауына мүмкіндік беру. Тірек сызбаның артықшылықтары мынада: а)     оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі; б)     оқушы оқу материалының ішінен ең негізгісін таңдай білуді үйренеді; в)     оқушы таңдап алған танымдылық — білімдік түсініктерін бір — бірімен байланыстырып, қарапайым жүйе жасауды үйренеді; г)     оқушы оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыланады; д)     Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін — өзі бағалауды үйренеді. Тірек сигналдары арқылы оқыту өзінің нәтижесін береді. Атап айтсақ: Мұғалім: -        оқушы білімін тексеруде дидактикалық құрал ретінде пайдаланады — мағыналық, логикалық белгілерді нақты, қысқа түсіндіреді; -        баға қоры молаяды; -        оқушы білімі әділ бағаланады. Оқушы: -        берік білім негізі қаланады; -        сөйлеу қабілеті дамиды; -        тұжырымдап, топшылау дағдылары қалыптасады; -        танымдық процесі нығаяды; -        қарым — қатынасқажеттілігі қанағаттандырылады; -        пәнге деген қызығушылығы артады; -        шығармашылығы шыңдалады. Нәтижесінде мұғалімнің де, оқушының да жасампаздығы артып, жаңашылдыққа бет бұрады. Оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В. Ф. Шаталов тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының мынадай мақсаттарын — білім, білік, дағдыны қалыптастыру; барлық баланы оқыту; оқытуды жеделдету. Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері — үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас ықпал; ізгілік, еркімен оқыту. Әр оқушының жобасының жариялылығы түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Бүгінгі таңда мектеп мұғалімінің алдында тұрған келелі, әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі — оқушыға тиянақты білім беру. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда мектеп мұғалімдері іздемпаздықпен оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін өз тәжірибесінде үздіксіз қолдана отырып жұмыс жүргізіледі. Жұмыстың нәтижелі болуы кез келген мұғалімнің таңдап алған әдісті үздіксіз, үнемі, жүйелі қолдануына және оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейін ескеріп отыруына байланысты. Сонымен қатар оқушыны оқу жұмысына белсене қатыстырып, оған белгілі бағыт-бағдар беріп, қадағалап, жұмысын бағалап отыру — жақсы нәтиженің негізі. Оқушы білімінің сапасы мен оқытудың тиімді болуы таңдап алынған оқыту әдісінің пәрменділік дәрежесін көрсетеді. В. Ф. Шаталов әдісін сабақта қолдану мектеп мұғалімдерінің көпшілігінен үлкен қолдау тауып, оқыту үрдісінде кеңінен қолдануда. Тірек сызба белгілерін пайдалану тиімді. Белгілі бір әдіс, белгілі бір кезең өткен соң өзге бейнеде түрлендіріп берілсе, онда оқушыларда қайта қызығушылық пайда болып, оларды ізденуге жетелейді. Тірек сызба белгілерін сабақтарымда қолданамын. Мұнда негізінен мына мәселелерге назар аударған жөн:                                I.            Тірек сызба белгілерін орта деңгейдегі сыныптардан бастау (табиғаттану, өсімдіктану).                             II.            Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану.                          III.            Сызба белгілерді оқушылармен бірге талдау жүргізе отырып даярлау. -        Оқушыларға белгілі тақырыпқа сай сызба белгі даярлауға негізделген өзіндік жұмыс және үй тапсырмасын беру. -        Оқушылардың топпен не екі-екіден жұмыс істеуіне мүмкіндік беру. Тірек сызбабелгілерін пайдаланып оқытудың тиімділігі мынада: 1.      Оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі; 2.      Оқушының сызбабелгіні түсінуі үшін ойлау, салыстыру, есте сақтау қабілеттерінің мүмкіндік туады; 3.      Оқу материалының ішінен негізгісін таңдай білуді үйренеді; 4.      Топпен және өзара бірлесе жұмыс істеуді үйренеді; 5.      Оқушы сызу, сурет салу, өз бетімен шартты белгі ойлау, оның мәнін білуге мүмкіндік туады; 6.      Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін өзі бағалап үйренеді. Тірек — сызбаны сабақтың негізгі құрам бөліктері ретінде қолданамын. Тірек — сызба — бұл айтылатын материалдың бейнелі жоспары, белгілі бір мағынаны білдіретін шартты белгілер, сөздер, суреттер және басқа да ойға тірек болар белгілердің жүйесі. Қысқа бейнелі түрде берілген хабарды кез — келген оқушы тұжырымдап, әрі кеңейтілген түрде айта алады. Тірек — сызба баланың ойын қозғайды, материалды берік есте сақтауға негіз болады. Тірек — сызбаны материалды түсіндіруге, бекітуге, оқушы білімін тексеруге, қайталау сабақтарында қолданамын. Жаңа материалды түсіндіруге қолданатын белгілер — жеңіл жазылатын, суреттер — оңай салынатын болуы шарт.   Пайдаланылған әдебиет: 1.      Шаталов В. Ф. Педагогическая проза. М., Просвещение, 1980. 2.      Шаталов В. Ф. Точка опоры. М., Педагогика, 1987. 3.      Шаталов В. Ф. Эксперимент продолжается. М., Педагогика, 1989. 4.      Щуркова Н. В. Педагогическая технология как учебная дисциплина //Педагогика, 1993-№ 2. — С. 66–70.

Пожалуйста, не забудьте правильно оформить цитату:
Абдраманова Г. Б., Примбетова А. И. Білім беруде В. Ф. Шаталов әдісін пайдаланудың тиімділігі // Молодой ученый. — 2015. — №7.1. — С. 6-7. — URL https://moluch.ru/archive/87/16682/ (дата обращения: 19.02.2019).









Оқу процесінде тірек - сызбаларды пайдаланудың тиімділігі





Педагогикалық технология оқу үрдісімен – мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Ш._Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуда, жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң, содан бастау керек», ‒ деген сол себептен сабақ барысында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттырып, сабақтың көрнекі өтуін қамтамасыз етеді.

Жаңа педагогикалық технологиялар:

1. Білім беруді ізгілендіру технологиясы;

2. Проблемалы оқыту технологиясы;

3. Тірек-сызбалар арқылы оқыту технологиясы;

4. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы;

5. Міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы;

6. Модульдік оқыту технологиясы;

7. Жобалап оқыту технологиясы.

Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А. Амонашвили. Білім берудің ізгілендіру технологиясының мақсаты ‒ баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту.

Оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және туындаған проблемаларын шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады. Осыған орай оқушының ізденушілік әрекеті мен ынтасы күшейе түседі. Проблемалы оқыту технологиясын негізгі мақсаты ‒ оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.

Модульдік оқытудың өзегі ‒ оқу модулі. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан, оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады. Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының авторы жаңашыл мұғалімдердің бірі, ресейлік мұғалім С.Н. Лысенкова. Бұл технологияның негізгі мақсаты – барлық баланы табысты оқыту. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңынан нашар оқушылар қатыстырылады, бірте-бірте толық дербестікке жету көзделеді.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу. Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды.

Тірек-сызбаларды пайдалану арқылы оқыту В.Ф. Шаталовтың технологиясына негізделіп жасалған оқытудың интенсивтендіру технологиясы болып табылады.

Мақсаты, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін белсендендіріп, схемалық кестелерді қолдану арқылы оқушылардың білімдерін, біліктерін, дағдыларын қалыптастырып, берілген сұрақтың жауабын тезірек табу мүмкіншілігін туғызады.

Демек, оқушылардың оқу барысындағы қабілеттерін белсендендіру құралдарының бірі сабақ барысында тірек-сызбаларды қолдану.

В.Ф._Шаталов технологиясының басты ұстанымы тірек-сызбаларды пайдалану арқылы үздіксіз қайталау, жүйелі білімді қалыптастыру.

Бұл жүйенің жетістігі – материалды бірнеше мәрте қайталай отырып, қол жеткізетін білімнің мықтылығына талпыныс, білім мен білік үшін нақты бақылау, білім алушылардың өзара бақылауын кең қолдану арқылы олардың жеке басына құрметпен қарау.

Тірек-сызбалар ‒ білім алушыларға пәннің әрбір тақырыбынан білімді игерудің міндетті талабының көлемін нақты алуына мүмкіндік береді. Тірек-сызбаларды пайдаланғанда сызбаның оқушы ұғымына сай болуына көңіл бөліну керек.

Тірек-сызба – сабақтың бейне жоспары. Тірек-сызбаны пайдаланудың нәтижесі – тақырыптың тұтастығын, қисындылығын, ықшамдылығын, көрнекілігін қамтамасыз етеді, оқушылардың білімін тиянақтайды, алған білімін оңай еске түсіруге көмектеседі. Оқушыларға сапалы білім беру, оқу бағдарламасындағы білімді қамту мен кеңейту жүйесін жүзеге асырудың тиімді жолы – тірек-сызбаларды пайдалану болып табылады.

Тірек-сызбаларды қолданудың тиімділігі:

  • жүргізілген жұмыс белгілі бір нәтижеге бағытталады;

  • оқушылардың сабаққа ынтасы, қызығушылығы артады;

  • мұғалім мен оқушы шығармашылықпен жұмыс жасайды;

  • мұғалім оқушыны жан-жақты зерттейді;

  • оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады;

  • сабақ кезінде мұғалім уақытты ұтымды пайдалануға қол жеткізеді;

  • оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туады;

  • қиын мәтіннен керек жердің негізгісін тауып алуға, өз бетімен жұмыс жасауға мәжбүр ете бастайды, ойлануға, ой-өрісін дамытуға көмектеседі;

  • теорияның негізгі түйінің таба білуге, оны дәлелдеуге үйретеді;

  • дағдыны сақтауды қалыптастырады;

  • оза оқуға мүмкіндік береді.

Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, біз оқыту технологияларын тиімді жақтарын таңдап алуымыз және оқу-тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізе білуіміз керек.

Оқыту әдістемесі мен педагогикалық тәжірибелер негізінде оқушы ойын, шығармашылық қабілетін дамытуда «Ойлаудың заттық – бейнелік түрі» негізгі міндетті атқаратыны айқындалған. Олар :

  • оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;

  • тақырып мазмұнын аша білу, оқу әрекетін дамыту;

  • әрбір оқушының жас психологиялық ерекшелігін ескеру;

  • міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейін кеңейту.

Оқыту әдістері мен жаңа технологияларды тиімді пайдалану – жетістік көзі. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс.

Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.

Оқытудың тиімділігін арттырып, оқушының ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған В.Ф. Шаталов өз еңбектерінде көрсеткендей, тірек-сызбаларының негізгі мақсаты – «Егер есіңе сақтау үшін үйренсең ұмытасың, ал егер түсіну үшін оқысаң – есіңе сақтайсың» деген қағидасын енгізу.

Ендеше қоғам талабына сай білім беру үшін жаңа педагогикалық технологияларды әр түрлі оқыту әдістерімен сабақтастыра жүйелеп, заманауи тиімді білім беру жүйесін жасақтай білуіміз керек. 

Тірек-сызбаларды пайдалану оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, болжам жасатып, мақсат қойып, толық мазмұндық ақпарат алуға жағдай жасайды. Тірек-сызбалар – сабақ үрдісін ұтымды ұйымдастыруға көмектеседі, тақырып бойынша танымы кеңейеді, топпен және жеке жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Тірек-сызбалар – кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар, модульдер, блоктар, суреттер арқылы іске асырылады. Тірек-сызбалар оқушы қиялын дамыту мен өзін-өзі талдау, қызығушылығын ояту, шығармашылығын дамытудың негізі.

Тірек-сызбаны құрудың негізгі қағидалары:

  1. Тірек-сызба – оқу материалының негізгі бөліктерінің мазмұынын жинақтайтын бөліктерден тұрады;

  2. Әрбір бөліктердегі теориялық материал арнайы белгілер, сызбалар, сөздер арқылы біріктіріледі;

  3. Тірек-сызбалар – есте оңай сақталатындай қарапайым болуы керек.

Бұл үшін графикалық безендіруде шығармашылық ізденіс және ұшқыр ой тапқырлығы талап етіледі.

Тірек-сызбалар ‒ білім стандартында белгіленген, білім беру бағдарламаларында айқындалған талаптарды нақты жағдайларда жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Тірек-сызбалар арқылы білім беру әдістемесінің негізгі ұстанымы – оқу материалдарын оқушының жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттерін ойластырып, саналы да сапалы меңгерту жүзеге асырылады.

Тірек-сызбаларды пайдалану мұғалім үшін тиімді, тақтаға бормен жазып жатудың қажеттігі азаяды, барлық сабақ барысы оқушының көз алдында тұрады, оқу мазмұнын қысқаша баяндап шығу арқылы, көптеген оқушыны бағалау мүмкіндігі туады. Тірек-сызбалар білім берудің үш мақсаты – оқыту, тәрбиелеу және дамытуды орындау кезінде мынадай дидактикалық қызметтерді: үйрету, бағыттау, тексеру жүзеге асырады. Материалды ең алғашқы кіріспе сабақта қысқаша – тезистік дәріс түрінде бергеннің өзінде, сөйлесу бөлімінде көптеген ойын түрлері арқылы материалды 7 ретке дейін қайта қайталап оқып, оқушының білімінің берік болуына, оның өз бетімен көп ізденіп тырысуына, әр деңгейлік тапсырманы орындау барысында шығармашылық дағдысы қалыптасуына, оқушыларды ұжымшылдыққа, тіл коммуникативтілігінің артуына, пәнге қызығушылығының артуына көп көмегін тигізеді. Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыстар жүргізу кезінде бір ғана сабақтың үстінде дарынды оқушымен де, орташа оқушымен де, нашар оқушымен де байланыс үздіксіз жүріп отырады. Сонымен қатар оқушылар әр сабақта бағаланып, қорытынды бөлімде олардың алдыңғы сабақтарда алған бағаларын жақсартуына мүмкіндік туады. Ең бастысы ‒ оқушы дәстүрлі сабақтағыдай 45 минут бойы бір орында тапжылмай отыру, жалығу, шаршау деген сияқты жағымсыз жақтарды басынан кешірмейді. Сабақ барысында оқушының сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады. Оқушы өзін жан-жақты көрсетуге тырысады, себебі әр сабақ сайын бағаланғысы келеді. Оқушыларға сапалы білім беру, оқу бағдарламасындағы білімді қамту мен кеңейту жүйесін жүзеге асырудың тиімді жолы – тірек-сызбаларды пайдалану қажет.

Оқушының жан-жақты білімді болуы – мұғалім күнделікті сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануына байланысты. Кез келген оқушының бойында пәнге деген қызығушылықты арттыруда тірек-сызбаларды пайдаланудың тиімділігі жоғарыда көрсетілгендей зор, олар оқушыға теориялық білімді жүйелі меңгертуге қол жеткізеді.

Тірек-сызбасына ғылыми анықтама берсек ‒ білім алуда оны меңгеруге, есте сақтауда, талдауда білімнің көзі ретінде пайдаланатын сызба құрал .

Тірек-сызбаларды теориялық білім күрделі болып келген жағдайда пайдаланған тиімді. Күрделі формулаларды қорыту барысында, құралдардың неден тұратыны, қалай жұмыс істейтінін меңгеру үшін көп көмегін тигізеді. Тірек-сызбалары ‒ оқу материалын тұжырымдап жүйелеуге, оқушылардың білім деңгейіне орай, даралық ерекшеліктеріне сай, олардың әр түрлі әрекетін ұйымдастыруға жағдай туғызады.

Қазіргі таңда заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі пайда болғанда әр түрлі қызықты суреттері мен сызбалары бар тірек-сызбаларды жасауға мүмкіндік туды. Аталмыш технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі артып, оқушыларды жеке тұлға ретінде бағалауы ерекше орын алады.

Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор.

Жаңа технологияны пайдаланған уақытта мұғалімдерге қойылатын талаптар :

  1. Оқытудың жаңа әдістерін дұрыс таңдау;

  2. Әдістемелік жүйені үнемі жетілдіру;

  3. Әрбір оқушының қабілетіне және жас ерекшелігіне қарай білім беру, дербестікке, ізденімпаздыққа баулу;

  4. Мұғалім түсіндіруші, баланың оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көріну керек;

  5. Оқу мотивациясы мен белсенділігін дамыту;

  6. Оқушылардың танымдық қызығушылығын тудыру;

  7. Оқушының өзін-өзі басқаруын жетілдіру және өз әрекетіне өзіндік баға беруін дамыту;

  8. Оқушы өзін еркін сезінеді, ізденеді, жетістікке жетеді.

Тірек-сызбаларды қолданудың негізгі ерекшеліктері:

  • үнемі қайталау;

  • міндетті, кезеңдік бақылау жұмысы кезінде туындаған қиыншылықты жою;

  • жеке бағадарлы қарым-қатынасқа ықпал;

  • берілген технологияны барлық типті сабақтарға, оның әр түрлі кезеңдеріне қолдану мүмкіншілігінің жоғарылығы;

  • дәріс материалдары қысқарған түрде беріледі;

  • оқу бағдарламасындағы бірнеше тақырыпты қамтып, блоктау әдісі арқылы берілу мүмкіндігі туады.

Тірек-сызбаларды пайдалана отырып, бірнеше көрнекі сабақ өткізуге болады. Қай сабақта болмасын – оқушы шығармашылығын дамыту, алға жетелеу, нәтижеге бағыттау негізгі мақсат болып табылады.

Тірек-сызблар оқушының мынадай мәселелерге көңіл аударуын қажет етеді:

  1. Тірек-сызбаны мұқият оқып шығу. Егер түсініксіз сұрақтар кездесіп қалса, оқулықтағы параграфты оқу;

  2. Тірек-сызбада берілген материалды жадында жақсы сақтап меңгеру үшін өзінің дәптеріне заңдар мен олардың математикалық өрнегін, негізгі формулалар мен теңдеулерді, заңдылықтарды жазып алу;

  3. Көру және жазу арқылы өзінің есте сақтау қабілетінің артуына көп ықпал болатынына назар аудару керек.

Әрбір сабақ оқу үрдісінің негізгі бөлігі. Тірек-сызбаларды пайдалану арқылы өткізілетін сабақ нәтижесінің негізгі шарттары:

  • дұрыс пайдаланылған уақыт;

  • оқушының өзіндік жұмысының үлесін арттыру;

  • әрбір сабақтың, тақырыптың мазмұндық өрісін кеңейту;

  • әрбір тақырыпқа арналған тірек-сызбаларды біріктіріп, блоктауға болады.

Бір жүйедегі оқу материалын бірнеше сабақтарда тұтас қарастыру ‒ оқушының тақырыпты толық зерттеуін қаматамысыз етеді.

Тірек-сызбаларды біріктіру арқылы блоктап оқыту жүйесін жүзеге асыру барысында, тірек-сызбаларды пайдалануда әрбір оқушы жеке тұлға ретінде үлес қосып, топтық білімге араласады.

Тірек-сызбалар ‒ оқу материалын оңай меңгеруге, ұзақ есте сақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен, тірек-сызбаларды пайдаланудың артықшылықтары:

1. Оқушы үшін:

  • оқушының теориялық білімін жүйелі түрде қалыптастырады, жинақтайды, тиянақтайды;

  • оқушының ой-өрісін дамытады, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырады;

  • оқушының өз ойын дәл, қысқа, көркем, таза тілмен жеткізе білуге үйретеді;

  • оқушының шығармашылық қабілеттерін арттырады, ізденуге үйретеді;

  • пәнге деген қызығушылығын арттырады.

2. Мұғалім үшін:

  • мұғалім оқыту технологиясы ұтымды пайдалануға дағдыланды;

  • кәсіби біліктілігі артады;

  • оқушыны үйрете отырып, өз ойын нақты, дәл жеткізеді;

  • топтық жұмыс жасауға мүмкіндік туады;

  • оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады;

  • сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды;

  • оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады.

Тірек-сызбаларды жүйелі пайдалану – пәннің ерекшелігін ескеріп, тақырыптағы негізгі ұғымдарды меңгеріп, ойлау қабілетін дамытып, оқу материалын тез меңгеріп, үнемделген уақытты оның іскерлік мақсатына жұмсауына мүмкіндік береді.

«Ойсыз оқу бекер, оқусыз ой қатер», ‒ деп ұлы ойшыл Конфуций айтқандай, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға ұмтыла отырып, ғылым негіздерін меңгеретін, бағдарлы пікірі бар, ұлттың рухын асқақтатып, әлемдік өркениетке ұмтылатын озық ойлы жеке тұлғаны тәрбиелеуде жаңа белеске көтерілетініміз анық.

Оқыту технологиялары оқушының тұрақты жоғары нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын, жаңа оқу ақпарлары мен біліктіліктерді меңгеру мақсатына жету және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді.

Сонымен, оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.

Оқушылардың өз бетімен білім алуында тірек-сызбаларды қолдану, оқу процесінің дұрыс даму ықтималдылығын арттырады.

Тірек-сызбалары – көптеген мұғалімдер үшін оңтайлы оқыту құралы. Барлық педагогикалық әдіс-тәсілдер оқушының танымдық әрекетін қалыптастыруға, оқу материалын ой елегінен өткізіп, өңдеуге, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуіне, тиянақтауына бағытталуы керек.

Тірек-сызбаларын қолданғанда жұмыс уақыты үнемделеді. Үнемделген уақыт жаттығулар орындауға, қиын тапсырмаларды орындауға жаттығуға, өткен тақырып көлемінде оқушылар білімін тексеруге қолданылады. Тірек-сызбаларын жаңа материалды түсіндіруде, оны бекітуде, сыныптан-сыныпқа көшу, қорытынды бақылауына әзірленуде, бірыңғай ұлттық тестілеуге әзірленуде және білімді бақылау мен күнделікті бақылауда қолдануға болады. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс. Сондықтан да оқыту әдістерін жетілдіру – жетістік көзі.

В.И. Шаталов жүйесінің жетістігі – тақырыпты бірнеше мәрте қайталай отырып, қол жеткізетін білімнің мықтылығына талпыныс, білім мен білік үшін нақты бақылау, оқушының жеке басына құрметпен қарау.

Қазіргі мектептің міндеті – оқушыларға дайын білімді жеткізу ғана емес, оларды өздігінен білім алу әдістеріне баулу. Тірек-сызбалар оқушыға пәннің әрбір тақырыбынан білімді игерудің міндетті талабының көлемін нақты алуына мүмкіндік береді.

Тірек-сызбаларды қолдану теориялық материал мен аудиториялық жұмыстың уақытын қысқартады, баяу оқып үйренетін оқушыларды жалпы қарқыннан қалмауға мүмкіндік береді. Тірек-сызбалар сыныпта және үйде оқушылардың оқу материалын меңгеруі үшін өз бетімен жұмысын анықтайтын тестілермен, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақ жүйелерімен қоса жүреді.

Тірек-сызбаларды қолданып оқыту барысында оқушы тақырыпты жақсы терең меңгереді, мұғаліммен бірігіп талдайды, материалды жақсы есте сақтайды.

Тірек-сызбаларды пайдаланған уақытта өткен тақырыпқа нақты жауап беруге, алған білімді белгілі бір жүйеге көшіруге мүмкіндік туады. Оқушылар тірек-сызбалар бойынша тақырыптың мәнін ашып жүйелі түрде әңгімелеп, тақырыпты толық меңгергенін дәлелдейді. Оқушылар топпен және жұппен жұмыс жасауға дағдыланады, тақырыпты жүйелі меңгереді. Оқушының қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.

Физиканы оқытудың тиімділігін анықтау тек білім деңгейімен ғана өлшенбейді, ол оқушылардың өздігінен білімін жаңаша қалыптастыруға байланысты.

Сабақтың қай түрі болмасын тірек-сызбаларын қолдану тиімді. Жаңа сабақты түсіндіру барысында тірек-сызбалар таптырмас көмекші құрал. Тірек-сызбаларды пайдаланғанда оқушы тақырыпты жақсы терең меңгереді, мұғаліммен бірігіп талдайды, материалды жақсы есте сақтайды. Төменде









тірек-сызбаларды қоданудың жүйесі келтірілген (1 сызба).



Тірек білімдерін еске түсіруге жағдай жасау

Жаңа білім игеру қажеттілігін туындау

Бағыт-бағдар беру

Тірек білімдерін пысықтау

Тақырыпты талдап, анализ,синтез жасау

Өз білімінің алдыңғы және жаңа деңгейін салыстыру,пысықтау

Нәтижені қорытындылау

Мұғалім үшін

Оқушы үшін

Тірек-сызбаларды қолдану




































«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет», - деп Елбасы атап көрсеткендей, қазіргі заманғы педагогикалык технологиялық әдіс-тәсілдерді мектеп оміріне енгізу, оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда білім сапасын арітырудың бірден-бір жолы.

Осындай технологиялардын бірі - Шаталовтың тірек сигналдар технологиялары.

«Тірек сигналдары арқьшы оқыту» технологиясының негізгі мақсаты:

- оқушыларда мүғалімнің қажепі нұсқаулары бойынша

білім, білік, дағды калыптастыру;

- жеке мәліметгеріне қарамастан, барлық баланы оқыту; жеделдете оқыту.

«Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясынын приициптері:

- үздіксіз кайғалау, міндетті кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша оқыту, тірек сигналдарын пайдалану;

- жекелей әрекет жасау;

- ізгіліктік (барлық балалар дарынды);

- мәжбүрсіз оқыту;

- түзетуге, өсуге, жетістікке жетелеу, жетістігін жариялау, шиелініссіз оқыту;

- тәрбие мен оқытуды байланыстыру.

«Тірек сигналдары арқылыоқыту» технологиясының мазмұндықерекшелігі:

- оқу материалы ірілендіріп беріледі;

- блоктық түрде беріледі;

- оқу материалы тірек үлгі-конспекті түрінде беріледі.

Тірексигналы –мән-мағынаны (белгі, сөз, үлгі, сурет және т.б.), білдіретін құрамды бейне.

Тірекконспекті - кысқа конспект түрінде берілетін тірек сигнал жүйесі (оқу материалы сигнал, көрнекі сұлба ретінде беріледі).

Жаңашыл ұстазәдістемесінің негізгі әлементтерінің бірі - тірек сигналдары. Бүл - игерілуге тиіс білімнін мазмүны кодталған көрнекі схема. Көрнекілікке негізделген тірек сигналының жаңа сабақты тусінуді және оны есте сақтауды жеңілдететіні белгілі болды.


 

Әдетте сурет, сызба, схемалар мектепте игерілетін білім сипатына сәйкес әпизодты колданылады.

Шаталовтың көрнекі схемаларды колданудағы жаңалығы - оларға оқу үдерісінде берілетін ерекше рөлінде.

Көрнекілік құралдарды колданудың әр түрлілігі, тірек сигнал- дары мазмұнының абетрактылы және нактылы компоненттерінің үштасуы, онйің маңыздылығы бойынша классификациялануы - ІІІаталов үсынған көрнекі схсмаларының сң маңызды ерскшелігі.

В. Ф. Шаталов (1929 жылы туған) - украин педагогы. В.Ф.Шаталов тәжірибесінің бірінші ерекшелігі - оқу үдерісіндегі оқушылардың іс-әрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге бөліп, мұғалімнің қатаң түрде басқаруы. В. Ф. Шаталов мынадай кезеңдерге бөліп көрсетгі.

1-кезеңде тақырыпты жан-жақты түсіндірігі,

2-кезеңде тірек плақаттарын колданып, қысқаша түсіндіріп,

3-кезеңдеоқушыларға тірек сигналдары (тірек плақаттарының кішірейтілген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп,

4-кезеңде оқушылар оқулықпсн және тірек сигналдарымен үйде жұмыс істейді,

5-кезеңдесабақүстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп, дәптертеріне жазып алады.

6-кезеңде оқушылар мүғалімге тақырып бойынша ауызша жауаптар береді.

Сонымен теориялык материалмен жұмыс 6 кезеңнен тұрды. Шаталов тәжірибесінің екінші ерекшелігі - бағдарлама нык бір- бірімен байланысты немесе қарама-қарсы тақырыптарын біріктіріп оқыту.

Тірек белгілері арқылыоқыту технологиясының калған ерекшеліктері:

- үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бакылау, жоғары деңгейдегі киыншылык, блокпен оқыту, тіректі қолдану;

- жеке багдарлы қарым-қатынас, ыкпал;

ізгілендіру, ерікті оқыту;

- әроқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жагдай жасау;

- оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Қазіргі заман талабына сай. қазірп заманғы педагогикалық технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Оқушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің кажетті нұсқаулары бойынша оқушылардың оқу жұмысының жеке дара және ұжымдықтүрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр түрлі танымдық тапсырмаларды орындау талап етіледі. Осының нәтнжесінде оқушылар өздігінінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудагы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, үйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.





Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену, бекіту, қадаталап пысықтау және бакылау деп бөлуге болады.

Материалды көрнекі беру негізгі үғымдарды дифференциялап топтауды, оларды талдаудың жалпы тәсілін бөлуді, олармен жұмыс жасауды жеңілдетеді.

В. Ф. Шаталоигың оқытуәдістемесі, негізінен, жеті психологиялық-педагогикалык принциптерден тұрады. Олардың әрқайсысының мазмұның ашайық.

/. Теориялық білімді алдын ала ірілендірілген мөлшерде беру, алға жылдач жылжу припципі.

Оқытудың дәстүрлі жүйееінде сабақта оқушылар жаңа материалдың микромөлшерін ғанаоқып, одан соң оны пысықтау және есеп шығару жүргізіледі.

Теорияның өзекті мәселелерінен басқаұсақ сұрактарқарастырылмайды, олар кейінірек не жеке қарастътралады, не кейінгі сабақтарда материалды «жетілдіру» кезеңінде өтіледі.

Бул жаңа материалды жылдам өтуді, басты мәселеге көңілді көбірек аударуды, себеп-салдар байланысын түсінуді, ягни жаңа материалдың кұрыльгмын тұтастай қабылдауды қамтамасыз етеді.

Блокты немесе бірнеше блоктарды оқытудан соң өзара тексеру сабагы жүргізіледі, мүнда жүмыс қорытындыланады, оқушылар сұрактарға жауап береді және олардың әрқайсысына үлгірім әкранында көрытынды баға койылады. «2» койылмайды.

Бос тор калдырылады және оқушыға өтілген теориялық материалды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Одан әрі оқушылар жалпылай есеп шығаруға кіріседі. Жол жөнекей анықғалмаған кейбір ұсақ сұрактар талқыланады.

Тақырып бойынша «түзету-жөндеу жұмыстары» жүргізіледі. Теорияны оқытудан үнемделгенуақытоқулықтағы есептсрмен қатар конкурстық есептер шығаруға арналады.

II. Жаңа сабақты түсіндіруде екі рет қайталау және бірнеше рет түрлендіре қайталау негізінде білімді меңгерту принципі.

В. Ф. Шаталов тұжырымы: «Оқыту үдерісінде оқушылардың творчествосы тек терең және тиянакты білім негізінде ғана ашыла- ды. Білім, тек білім ғана бірінші орында, ал творчество екінші».

Жаңа сабақды түсіндіру ең кемінде екі рет жүргізіледі. Біріншісі дәстүрлі әңгіме, дәріс, көрнекі кұралдар пайдаланылған әвристикалық әңгімелесу түрінде етеді.

Оның мақсаты - барлығын талдау - түсіну (ұғымдарды, кұру логикасын жәнет.б.), яғни кабылдауды және ойлауды қамтамасыз ету. Екінші түсіндіру кыскалау және жылдамырақ тірек плақат (сигнал) бойынша жүргізледі. Плақатсыз да кодоскоп немесе диаироектор арқылы проекциялап жүргізуге болады.

Сабақка дейін тақғаның арткы бетінде әр түспен кескінделген тірек сигналдары жазылып, кайталап түсіндіру кезеңінде ғана ашып керсстіледі.

Екініпі рет кайталап түсіндіруде шектен тыс ұсақталу, ауытқу болмайды. Қайталау, мұғалімнің айқын мазмұндауы - бұл жүйеде пысықғау кезеңінің орнына жүреді және дәстүрлі оқытудағы жаңа сабақгы меңгеріп үлгермеген оқушының шала түсіндіруінен гөрі әлдеқайда пайдалы болады.

Жаңа теориялык білім бірінші және екінші кайталауда қаншама

ұғымды түсіндірілгенмен, барлық оқушылар оны толық игереді және мазмұндаудың негізгі тұстарын есте қалдыру мүмкіндігі толық іске асырылды деуте болмайды. Онсыз бұл білімді еркіи пайдалану, тәжірибеде кең колдану мүмкін емес.

 

Оқулық материалындағы білімнің іріленген бөлшектерін игеру, өзара байланысын және жүйесін анықтап бөлу, жазбаша жоне ауызша еске түсіру оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу белсенділігін арттырады.

Шаталовтың әдістемесі жаңа материал мазмүнын түрлендіре, қайталау жолымен есте сақтауды камтамасыз етеді. Бүл үйде тірек сигналды оқулықгың сәйкес бөлімімен байланыстырып оқу, келесі сабақға тірек сигналдарды жазбаша кайталап еске түсіру, оқулык материалын жәнебасқа да білім көзін пайдаланып тірек сигналдарға жан беру, магнитофон арқылы (ақырын) сұрау, мұғалімге жауап беру, өзара тексеру беттері бойынша жауап және т.б. кайталау түрлері және көптеген есеп шығару.

Яндекс.Директ Содействие в подборе финансовых услуг/организацийОформить кредит на карту онлайн webcredit.kzПолный список всех займовв Казахстане. До 250 000 тг, 0% на первый займ + акции Содействие в подборе финансовых услуг/организацийЗайм до 300 000тнг уже через 2 часа dengiclick.kzВозьми займ на срок до 30 дней. Получи деньги на карту, счет или наличными. Кликай! Содействие в подборе финансовых услуг/организацийЗаймы стали еще выгоднее до 0,27% kredit7.kzБыстрое одобрение, мгновенный перевод средств. Отправляй заявку. Акция! Привезем чистые вещи завтра! dstrade.kz


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
809
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі