Ойын түрлерін қолдана отырып жаңа сабақты меңгерту
Түркістан облысы,
Жетісай ауданы
“Қ.Сәтбаев атындағы №48 ЖББМ» КММ
Досмайлова Жанар Онласыновна
Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін , ойландыратын үрдіс. Ойын төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздылықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігі-нің, көп білуді,сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық,тиімді әдістерінің бірі. Сондықтан ойынды сабақта пайдалану-үлкен нәтиже берері анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ,содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі,бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын - тек жас адамның дене күш қуатын молайтып,оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б ғана тәрбиелеп қоймаймыз, оның ақыл-ойының толысуына , жан дүниенің қалыпта-суына, есейіп есуіне де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.
Бастауыш сынып ұстаздарына балалардың есте сақтау қабілетін, қиялын, қабылдау қабілетін, зейін тұрақтандыруға, аңғарымпаздық қабілетін дамытуға арналған ойындар топтамасын ұсынып отырмын. Осы ойын түрлерін аудандық “Педагогикалық идеялар” фестиваліне қатысып, жүлделі 3-орын алдым.

Сабақта қолданылған ойын түрлері.
1.«Попить» ойыны. Ойынның шарты: екі оқушы попить ойыншығында жазылған әріптерден кезектесіп сөз құрау қажет. Сөз соңғы сөзді тапқан оқушы жеңеді.

2.“Попить” ойыншығын сонымен бірге математика пәнінен қосып-азайту үшін де өте қажетті құрал болып табылады.

3.«Чупа-чупс» ойыны. Бұл ойында бала өзіне ұнаған чупа-чупсты алып,онда берілген сөзді оқиды және тақтаға жазады. Бұл ойын арқылы балада оқылым және жазылым дағдылары қалыптасады.

4. «Қызықты көбелектер» әдісі арқылы балалар жылдам буындап оқуға дағдыланады.

5. «Жұмыртқа жинау» ойында балалар жұмыртқада жазылған әріптерден айтылған сөздерді құрап жазуы тиіс. Бұл ойын арқылы балалар сауатты жазуға дағдыланады.

Қорыта келгенде, ойын элементтерін тиімді қолдану бастауыш сыныптарда өте тиімді, себебі: тез жазу, оқу, жылдам есептеу, логикалық ойлау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын технологиясы керісінше пәнді сүюге, қызығуға ықпал жасайды. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана отырып, балалардың білім деңгейінің мемлекттік және халықаралық стандартқа жетулеріне күш салу – біздің, яғни мұғалімдердің басты міндеті.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Педидея: Ойын түрлерін қолдана отырып жаңа сабақты меңгерту
Педидея: Ойын түрлерін қолдана отырып жаңа сабақты меңгерту
Ойын түрлерін қолдана отырып жаңа сабақты меңгерту
Түркістан облысы,
Жетісай ауданы
“Қ.Сәтбаев атындағы №48 ЖББМ» КММ
Досмайлова Жанар Онласыновна
Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін , ойландыратын үрдіс. Ойын төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздылықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігі-нің, көп білуді,сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық,тиімді әдістерінің бірі. Сондықтан ойынды сабақта пайдалану-үлкен нәтиже берері анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ,содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі,бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын - тек жас адамның дене күш қуатын молайтып,оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б ғана тәрбиелеп қоймаймыз, оның ақыл-ойының толысуына , жан дүниенің қалыпта-суына, есейіп есуіне де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.
Бастауыш сынып ұстаздарына балалардың есте сақтау қабілетін, қиялын, қабылдау қабілетін, зейін тұрақтандыруға, аңғарымпаздық қабілетін дамытуға арналған ойындар топтамасын ұсынып отырмын. Осы ойын түрлерін аудандық “Педагогикалық идеялар” фестиваліне қатысып, жүлделі 3-орын алдым.

Сабақта қолданылған ойын түрлері.
1.«Попить» ойыны. Ойынның шарты: екі оқушы попить ойыншығында жазылған әріптерден кезектесіп сөз құрау қажет. Сөз соңғы сөзді тапқан оқушы жеңеді.

2.“Попить” ойыншығын сонымен бірге математика пәнінен қосып-азайту үшін де өте қажетті құрал болып табылады.

3.«Чупа-чупс» ойыны. Бұл ойында бала өзіне ұнаған чупа-чупсты алып,онда берілген сөзді оқиды және тақтаға жазады. Бұл ойын арқылы балада оқылым және жазылым дағдылары қалыптасады.

4. «Қызықты көбелектер» әдісі арқылы балалар жылдам буындап оқуға дағдыланады.

5. «Жұмыртқа жинау» ойында балалар жұмыртқада жазылған әріптерден айтылған сөздерді құрап жазуы тиіс. Бұл ойын арқылы балалар сауатты жазуға дағдыланады.

Қорыта келгенде, ойын элементтерін тиімді қолдану бастауыш сыныптарда өте тиімді, себебі: тез жазу, оқу, жылдам есептеу, логикалық ойлау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын технологиясы керісінше пәнді сүюге, қызығуға ықпал жасайды. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана отырып, балалардың білім деңгейінің мемлекттік және халықаралық стандартқа жетулеріне күш салу – біздің, яғни мұғалімдердің басты міндеті.
шағым қалдыра аласыз













