Материалдар / педогогика
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

педогогика

Материал туралы қысқаша түсінік
педогика қыр сырлары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2023
487
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достық университеті











СӨЖ





Тақырып: « МЕНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМЫМ: МӘНІ, ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ, БАСЫЛЫМДЫҚТАРЫ »







Орындаған:Амир Н

Қабылдаған:Мирхаликова Б









«Менің педагогикалық ұстанымым: мәні, құндылықтары, басымдылықтары»

«Алдымен  өзіңді-өзің үйрет,

сонда ғана басқалардан  үйрене  аласың,

өзгелерге  үйрете  аласың»

В.Гете

«Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» алтын ұям мектебімізден үлкен өмірге  қадам  басар сәтте бәріміздің де басымызды  «Болашақта мен кім боламын? Қандай мамандық иесі боламын?» деген  сауалдардың мазалағаны белгілі. Ата – анамның «Мұғалім мамандығын таңда, саған мұғалім мамандығы лайықты және сол мамандыққа бейімсің» деген ақылымен кеңесіп, өзімнің де жүрек қалауыммен Ш ымкент қаласындағы Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достық университетіне «Инфарматика» мамандығына   оқуға түстім.

«Үлкен арман керек адамға»  — деп М. Шаханов ағамыз жырлағандай, алдыңа қойған мақсатқа жету үшін – арман, оны іске асыру үшін күресу керек.

Үйренуге, жақсы нәрсені қабылдауға дайын екендіктеріне сендім. Білуге, үйренуге құштар балаларды көргенде менің де шабытым артып, тағы да бір арман пайда болды. Балғын балалар!.., болашақ үздік шәкірттерімді қалай қалыптастырамын, отанын сүйетін азамат тәрбиелеуге  өзіндік үлесімді қоса аламын ба? – деген сұрақтар көкейімде тұрақтап, жаңа жоспарларымның дүниеге келуіне жол ашты. Баланың бойында имандылық, көркем қасиеттерді сіңіру басты мақсатым болды.

Мен  мамандық  таңдауда  еш  қателеспедім  деп  ойлаймын.  Себебі,  сүйіп, шын  ниет, шын  ынтамен  мамандық  таңдаған  адам — өз  жұмысын  жақсы  меңгеріп, жұмыстағы  әр  күнін  қызықты да  көңілді  күймен  атқара  отырып, әрі  қарай  терең  ізденісте  жүретініне  еш  күмәнім  жоқ. Осы мамандық арқылы өзімнің сан қырлы тұстарымның ашылғандығын байқап келемін, менің өмірге деген құлшынысым одан әрі арта түспесе, кеміген емес.

«Ұстаздық  еткен  жалықпас, үйретуден балаға» демекші, оның  жас  ұрпақты  тәрбиелеуге  тигізер  ықпалы  туралы ғасырдан-ғасырға көп  айтылып,  көп  жазылып келеді.  Ұстаздардың ағартушылық  келбеті  алдында  небір  ойшылдар  мен  оқымыстылар  да  бас  иген. Солай  болған,  әлі де  солай  бола  бермек.

Осы ұстаздық еңбек жолындағы негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу, үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының  бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелей отырып жауапкершілікке тәрбиелеу. Жауапкершілік болған жерде жоспар болады, жоспар болған жерде мақсат болады, мақсат — болашаққа жетелейтін бағдаршам!  Ал бағдаршам – елімнің, Отанымның  саясаты —    білімді де Отанын сүйетін патриот ұл мен қыз тәрбиелеу  —   міне   менің ұстанымым да осы.

Шығармашылық тақырыбым: «Жаңа заман талабына сай  педагогикалық технологияларды қолдана отырып, оқушыларды шығармашылық ізденіс жұмысына баулу».

Мамандығымдағы  парызым  — колледж  табалдырығын  аттаған  жас  жеткіншекті  жылы шыраймен  қарсы  алып,  таңдаған мамандығын ойдағыдай аяқтап, өз мамандығының майталманы болып, «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан» — деп ұлы Абай атамыз жырлағандай өмірден өз орнын табуға үлесімді қоссам  мен  үшін одан асқан бақыт жоқ деп білемін….

Егеменді  еліміздің  өсіп  келе  жатқан  ұрпағын  ойлы  да  іскер,  батыл  да  жігерлі  азамат  етіп  тәрбиелеуде   кәсіптік бағдар беретін колледждердің   алатын  орны  ерекше.  Біздің колледжімізде «Бастауыш білім беру», «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандықтарында оқып білім нәрімен сусындап жүрген  студенттердің, келешекте  мектепке барып балаларға білгенін, үйренгенін, көргенін  айтатын болашақ мамандар тәрбиеленуде.  Мектеп  табалдырығын  аттаған  жас  бүлдіршін  ертеңгі  ел  тұтқасы,  ендеше  оларды  саналы  етіп  тәрбиелеу – әрбір  ұстаздың  борышы  деп  білемін.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Жаңа әлемде  жаңа Қазақстан»  атты Қазақстан халқына кезекті  Жолдауында «Біз    әлемдік  стандарттар  деңгейінде  сапалы  білім  беру  қызметін көрсетуге  қол  жеткізуіміз  керек»  деген  болатын. Білім  сапасы  деген сөз —   сапалы еңбек ету деген сөз. Сапалы еңбек тек қана ізденіспен, креативті ойлаумен, өзіңді құрметтеумен келеді деп ойлаймын. Өзін түсінген адам ғана бұл еңбекке қол жеткізеді.

Өз шәкірттерімнің тәрбиесі түгел болуына ұмтыламын. Ол үшін мен мықты денсаулық иесін, түзу ойлап, дұрыс шешетін, дәл табатын, дұрыс ақыл иесін, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззәт алатын, жаны толқып шабыттанатын, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын адамгершілігі мол жанды тәрбиелеу менің басты мақсаттарымның бірі. Осы  мақсатқа жету жолында жүрегімнің бар жылуын, бар отын аянбай балаға беруге даярмын. Жүріс – тұрысты, ауыздан шыққан сөзді тікелей қабылдайтын оқушылар алдында ұстаз өзін беделді, ұстамды, әдемі ұстай білуі керек. Себебі, бала ұстаздан, жасы үлкен кісіден үлгі алады, соған еліктеп тәрбие алады. Ал тәрбие деген – мәңгілік категория. Өмірде байлық, теңге, доллар деген ұғымдар бар,  бірақ олар келіп – кететін нәрселер. Ал дүниеде мәнді де, күрделі де асыл тас бар ол, әрине, — бала.  Оның дұрыс дамуы, жан – жақты, ұғымы  кең, адал, еңбекқор болып өсуі ұстаздың қолында.

Мен  «Ұстаз- ұлы тұлға»  деген  сөзге  кір  келтірмеуге  тырысамын. Бойымдағы  бар  жақсы қасиеттер мен білімдерімді  оқушы  бойына  дарытып, келешек  жас  буынды елдің  ертеңі  етіп  тәрбиелеу  менің басты  парызым  деп  білемін.  Өзім  таңдаған  мамандықтың қызығына бойлай,  болашақта одан әрі  игере  түсіп, келешек  ұрпаққа жоғары  дәрежеде білім беретініме  кәміл  сенімдімін.

«Ұстазы жақсының –ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойына ұлтжандылық пен ұстамдылықты сіңіріп, ғылыми педагогика жетістіктерін жас ұрпақ тәрбиесіне пайдалана отырып, тарихын білетін азамат қалыптастыру – менің ұстаздық жолындағы парызым.  

«Ел  есінде  бір  жыл  қалғың  келсе-ас  бер,  он  жыл   қалғың  келсе-ағаш   отырғыз,  ал  мәңгі  қалғың  келсе-бала   тәрбиеле»  дейді  халық   даналығы. Мен    үшін  ең  қастерлі  де,  қасиетті  мамандық  ол-ұстаздық.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай  атамыз  айтқан  осынау   қастерлі   мамандықтың   иесі  атанғаныма    20 жыл   болды. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым -үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және  әр оқушының бойынан жақсылық  тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Мұндай ұстаным мұғалімде болмаса, ол жай мұғалім атын жамылып жүргендер деп айтар едім. Қазіргі ұстаздардың алдында үлкен міндет тұр. Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқытудың көптеген әдіс- тәсілдерін алып, өз іс- тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын. Өз   ұлтыма  рухани   діңгегі  мықты, қазақ   елін  әлемдік  кеңістікке  еркін   самғата   алатындай, білім  мен  тәрбие  деп  аталатын   қос   қанатын  қомдаған  заманына  сай  ұрпақ  тәрбиелеуге   өз   үлесімді  қосу.

Қазіргі уақытта елімізде әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңа білім   беру жүйесі қалыптасуда. Мемлекет мәртебесін анықтауда қазіргі заманғы білім жүйесі негізгі фактор болып отыр. Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейтіндігін», – айтады.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі, екіншіден, пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі, үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.

Осындай  жаһандану   заманында  тұспа-тұс  келген   біздің    шәкірттеріміздің  бойында   ұлттық   рухымызды   сіңіріп,  тілі  мен  дінін,  тілін   берік   ұстанған     ұрпақ   оқыту, тәрбиелеу   барысында    ұстаздардың мойнына   жүктелетін  міндет   зор.

Биология сабағын   оқыту  барысында үш өлшемді оқыту,  интерактивті     модульдік   технологиялардың  әдісін  қолданамын.  Келешекте өз әдістемелік технологияларым мен сабақ үйрету шеберлігімді жетілдіру үшін мынадай жұмыстар жүргізу қажет деп білемін:

үздіксіз біліктілігімді көтеріп отыру;

арнайы әдебиеттерді оқу;

оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын –өз сабақтарыма ендіріп отыру;

өзіндік сараптама  жүргізу арқылы ұзтаздық шеберлікті жетілдіру

Отанымызға лайық ұрпақ өсіру, оның бойына  адалдық, тазалық, қоғамның болашағына еңбек етуге құштарлық сияқты мінез-құлықты дарыту әр ұстаздың міндеті деп түсінемін. «Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол нағыз ұстаз» дегендей, қай әдісті пайдалансамда алға қойған мақсатым: бағдарламадағы материалдардың мазмұнын шәкірттеріме жете түсіндіріп, бойына сіңіру, олардың  білімге деген құштарлығын арттыру, басты интелектуалдық белсенділігін көтеру, жан – жақты білім беруді қалыптастыру арқылы өзінің мамандығына қарай, оқушыларымның өн бойына, өсімдік өссе тамақ, кисе киім, саялы баспана, оқитын кітап, ауырсақ дәрі, тыныс алар ауа, малыңа өріс, өзіңе қоныс деген халқымыздың даналық  сөздерін қолдана отырып, осы тәрбиелік мәні бар қазынаны баланың бойына құя білу дұрыс деп ойлаймын.

Болашақта  өз   оқушыларымды   биік  белестерден    көрсем,    сол  үшін  өзімнің   кішкене   де   болса   үлесім  тиген    болса,  мен  өзімді   бақытты  ұстаз,  бақытты   адам  деп   білемін.

«Ұстазы жақсының –ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойына ұлтжандылық пен ұстамдылықты сіңіріп, ғылыми педагогика жетістіктерін жас ұрпақ тәрбиесіне пайдалана отырып, тарихын білетін азамат қалыптастыру – менің педагогикалық ұстанымым.

1.Ұстанымы биік тұлға деген кім ?

2.Педог деген ұғымды қалай түсінесің?

3.Үлгі тұтар,барлығы бас иетін жан?

 

 

 

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!