Перспективалық жоспар желтоқсан. МАД

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Перспективалық жоспар желтоқсан. МАД

Материал туралы қысқаша түсінік
Перспективалық жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2024 - 2025 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы (балабақша / шағын орталық, мектепалды сыныбы)____________________________________

Топ: мектепалды топ

Балалардың жасы: 5 жастан.

Жоспардың құрылу кезеңі: желтоқсан айы, 2024-2025 оқу жылы.



Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты

Желтоқсан

бірлік және ынтымақ айы

Дене шынықтыру

- балалардың денсаулығын сақтау және қорғау, физикалық үйлесімді дамыту;

- спортқа деген қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салты дағдыларын дамыту;

- дене шынықтыруға баулу, дененің физикалық сапаларын: күш, жылдамдық, шыдамдылық, икемділікті дамыту;

- дене шынықтырудың әртүрлі нысандарында шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін дамыту;

- балалардың дене қалыптарының дұрыс дамуына, қимылдарының үйлесімді қалыптасуына, жалпақ табандылықтың алдын алуға медициналықпедагогикалық бақылау жүргізу және ұлттық қимылды ойындар өткізуге жағдайлар жасау.

Негізгі қимылдар.

Тепе-теңдікті сақтау: заттардан аттап жүру, шектелген жазықтықтың үстімен қосалқы қадаммен, аяқтың ұшымен жүру; скамейканың үстіне қойылған текшелерден аттап жүру, арқан бойымен бір қырымен, қосалқы қадаммен (өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге қою) жүру, әр қадам сайын допты алдынан немесе артынан қолдан-қолға ауыстыра отырып, кедір-бұдыр тақтай, гимнастикалық скамейка бойымен жүру; гимнастикалық скамейканың бойымен екі қадам қашықтықта орналасқан іші толтырылған доптардан аттап өту; қолдарынан ұстап, жұптарымен айналу.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем және ырғақты орындау.

Қимылдардың ырғағын музыкалық сүйемелдеумен үйлестіру. Түзу бағытта адымдап жүру. Жұбымен шеңбер бойымен жүру.

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Кеудеге арналған жаттығулар. Допты жоғарыдан (алға және артқа) бірбіріне беру. Қолды алға көтеріп оңға, солға бұрылу. Гимнастикалық қабырғаға қарап тұрып, белінің тұсындағы тақтайшаны ұстап, алға еңкею. Гимнастикалық қабырғаға арқасымен сүйеніп тұрып, белінің деңгейіндегі рейкадан ұстап, аяқты кезектестіре бүгу және тік көтеру. Алға еңкейіп, алақанын еденге тигізу.

Қолдарын айқастырып желкеге қою, қолды жазып, екі жаққа созу. Алға қарай еңкейіп, алақанды еденге тигізу; артқы жағынан қолды айқастырып көтеру; қолды жоғары көтеріп, жан-жаққа бұрылу. Отырып алға қарай еңкею, тізерлеп тұрып алға еңкею.

Спорттық жаттығулар.

Дене шынықтыру мен спортқа қызығушылықты ояту және дене шынықтырумен, спортпен айналысуға баулу. Спорт түрлерімен таныстыруды жалғастыру. Спорт залда және спорт алаңында қауіпсіздікті сақтауға баулу.

Шанамен сырғанау. Бір-бірін шанамен сырғанату, төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен сырғанау.

Сырғанау. Өз бетінше мұзды жолмен сырғанау, жүгіріп келіп сырғанау.

Жүзу. Судың таяз жерінде отырып және жатып аяқпен қимылдар жасау (жоғары және төмен). Судың ішінде қолымен алға, артқа жүру (аяғы денесінің деңгейінде созылған). Иек, көз деңгейіне дейін судың ішінде отыру, суға бетін малу, суға үрлеу; суда жүзу.

Судағы аэробика. Бұрылыстар жасай отырып, суда қимылдар жасау.

Спорттық ойындар.

Хоккей элементтері. Берілген бағытта қақпаға хоккей таяқпен шайбаны сырғанату, оны қақпаға кіргізу.

Қимылды ойындар.

Ынта мен шығармашылық таныта отырып, таныс қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруға мүмкіндік беру. Ұлттық қимылды ойындарды ойнату.

Балаларды жарыс элементтері бар ойындар мен эстафеталық ойындарға қатысуға баулу.

Дербес қимыл белсенділігі.

Қыс мезгілінде мұзды жолдармен сырғанауға, шаңғымен жүруге, хоккей ойындарына, шанамен сырғанауға жағдай жасау.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Өзінің көңіл-күйін сипаттай білуге үйрету. Балаларды дені сау адамның мүмкіндіктерімен таныстыру, олардың салауатты өмір салтына деген қажеттілігін қалыптастыру.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру.

Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол-аяғын жуу, тістерін мұқият тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл сүлгімен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

Су температурасын біртіндеп төмендете отырып, қарапайым шараларды өз бетінше жүргізуге дағдыландыру, балалардың денсаулығын, шынықтыру құралдарының әсерлеріне бейімделу деңгейін ескеріп, қарама-қарсы температурадағы сумен шайыну, таңертеңгі жаттығуды орындауға қызығушылық тудыру, дене бітімін қалыптастыру және өкшелерді нығайту.

Сөйлеуді дамыту

- ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын

жетілдіру;

- коммуникативтік дағдыларды дамыту: әңгімелесушіні тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға үйрету;

- түрлі балалар әрекетінде қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы ауызекі сөйлеуді дамыту;

- балалардың тәжірибесіне сүйене отырып және олардың қалауын ескере отырып, тәрбиешімен және құрдастарымен келесі талқылаумен тәуелсіз қабылдау үшін көрнекі материалдарды таңдау;

- әндер мен билерді қолдана отырып, көркем бейнені құруда шығармашылық дербестікті дамыту.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Ана тіліндегі дауысты және айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз бп, г-ғ, к-қ дыбыстарды дұрыс, анық айтуды үйрету.

Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы). Артикуляциялық жаттығулар жасау.

Сөздік қор

Сөйлегенде көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді қолдану, белгілі бір затқа белгілерді, әрекеттерді және берілген әрекетке заттарды таңдай білу.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Түбірлес сөздерді жасау және қолдана білу, етістіктерді жалғаулармен қолдану, сөйлеу әдебін, жай және жайылма сөйлемдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Байланыстырып сөйлеу.

Айналасындағылармен өздігінен диалогті бастауға ынталандыру, әңгімелесушіні мұқият тыңдап, сұрақтарды дұрыс қоюға және қойылған

сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап беруге баулу, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті ұстау, әдепті және сабырлы болу.

Шығармашылықпен сөйлеу әрекеті.

Шығармашылықпен әңгімелеп беруді жетілдіру: ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару, бақылаулар мен суреттер бойынша сипаттау және хабарлау әңгімелерін құрастыру, өзара байланысты бірізді сюжет құрастыру, сөйлегенде бейнелі сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану.

Көркем әдебиет

- түрлі балалар әрекетінде қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы ауызекі сөйлеуді дамыту;

- балалардың тәжірибесіне сүйене отырып және олардың қалауын ескере отырып, тәрбиешімен және құрдастарымен келесі талқылаумен тәуелсіз қабылдау үшін көрнекі материалдарды таңдау;

- әндер мен билерді қолдана отырып, көркем бейнені құруда шығармашылық дербестікті дамыту.

Шығарма мазмұнын сюжеттің бірізділігін сақтай отырып, эмоциямен, қисынды қайталап айтып беру, диалогтік сөйлеуді дамыту, кейіпкерлерге және олардың әрекеттеріне өз көзқарасын білдіру. Әдеби кейіпкердің белгілі бір әрекетін өзінің қалай қабылдағаны туралы айту, кейіпкерлердің жасырын әрекетін түсіну.

Өлеңді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту. Көркем шығарманы рөлдерге бөліп, сахналау, рөлдерде кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын, интонациясы мен мимикасын беру, қойылымдағы өзінің рөлін мәнерлі дербес орындау.

Сауат ашу негіздері

- сауат ашудың алғышарттарын қалыптастыру арқылы қолды жазуға дайындау;

- коммуникативтік дағдыларды дамыту: әңгімелесушіні тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға үйрету;

- ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын

жетілдіру.

Буын туралы ұғымдарды қалыптастыру, сөздерді буындарға бөлу, олардың саны мен ретін анықтау. Буындардан сөздер құрастыруға (ауызша) үйрету. Сөйлем туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (грамматикалық анықтамасыз), сөйлем сөздерден тұратынын түсіну. Сөйлемді ауызша талдау: жай сөйлемдерді сөздерге бөлу, сөйлемдегі сөздердің ретін, санын анықтау. берілген сөзге сөйлем құрастыру.

Қазақ тілі

- коммуникативтік дағдыларды дамыту: әңгімелесушіні тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға үйрету;

- ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын

жетілдіру;

- түрлі балалар әрекетінде қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы ауызекі сөйлеуді дамыту;

- балалардың заттар мен жағдайды нақты сипаттауда қарапайым тұжырымдар мен өз ойларын басқаларға түсінікті жеткізуге баулу.

Тілдік дамытушы орта.

Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, киім-кешегімен, азық-түлік өндірудегі тұрмыстық кәсібімен, тұрмыста, аң аулауда, мал өсіруде және егіншілікке қажетті құрал жабдықтары, туған өлкенің көрнекі жерлері, әсем табиғаты, тарихи орындары туралы суреттер, фотолар, альбомдармен жабдықталған орта құру.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).

Сөздік қор.

Шағын өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар жаттату, жұмбақтар шешкізу. Балаларды шешендік өнерге, айтыс өнеріне баулу.

Тілдің грамматикалық құрылымы

Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуді, интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру. Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.

Байланыстырып сөйлеу.

Таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айтуға, тыңдалған көркем шығарма мазмұнын ретімен жүйелі түрде жеткізуге, кейіпкерлердің диалогын мәнерлі интонациямен беруге, шығарманы рөлдерге бөліп сомдауға, кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізуге баулу, шығарманы еркін талқылауға мүмкіндік беру.

Математика негіздері

- танымдық қызығушылықтарын, білуге құмарлықты, оқу әрекетіне қызығушылықты дамыту, мектепте оқуға ынтасын арттыру;

- зейінді, есте сақтауды, бақылауды, зерттеуді, талдау жасай білуді, себеп - салдарлық байланыстарды орнату, қорытынды жасауды дамыту;

- балаларды зерттеу барысында жаңа ақпараттарды алуға, обьектілерге зерттеу жүргізу үшін өз әрекетінің алгоритмін жасауға баулу;

- математикалық және интелектуалды-шығармашылық қабілеттіліктің алғышарттары көрінуіне ықпал ету.

Жиын.

Жиынды сапасы бойынша әртүрлі элементтерден (түсі, өлшемі, пішіні, дыбысы, қимылы, қолданылуы бойынша заттардан) құру, жиындарды бөліктерге бөлу және оларды қайта біріктіру, бүтін жиын мен оның әр бөлігі арасында байланыс орнату, жиынның бөліктен үлкен екенін, бөліктің жиыннан кіші екенін, жиынның бөліктерін санау және элементтердің (заттардың) бір-біріне қатынасы негізінде салыстыру.

«Бір» сөзінің мағынасы, ол тек бір затты ғана емес, сондай-ақ жиынның бір бөлігі ретінде заттардың тобын білдіретінін түсіндіру.

Сан және санау.

10 көлеміндегі сандарды салыстыру, саны кем затқа бір зат қосу арқылы теңсіздіктен теңдік немесе саны көп заттан біреуін алып тастау арқылы теңдіктен теңсіздік шығару.

Шама.

Заттарды әртүрлі белгілері бойынша (түсі, пішіні, өлшемі, материалы, қолданылуы) салыстыра білуге үйрету. Шартты өлшемнің көмегімен заттардың ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу және осы өлшемдер бойынша бірнеше заттарды салыстыру.

Геометриялық фигуралар.

Танымдық-зерттеушілік қызығушылықты, ойлауды, алдына қойылған міндетті шешуде не істеу, қалай істеу керек екенін түсінуге, күрделі формадағы заттарды өз бетінше зерттеуге мүмкіндік беру, қоршаған ортадан геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табу, олардың пішіндерін анықтау.

Кеңістікті бағдарлау.

Кеңістік туралы түсініктерді бекіту: заттарды кеңістікте орналастыру (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде); қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, оң жақтан сол жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа. Сөйлеуде белгілі бір заттың өзіне немесе басқа затқа қатысты орнын көрсете білуге үйрету. Берілген бағытта, оны белгі бойынша өзгерте отырып, бағдарлауын қалыптастыру. Қағаз парағын бағдарлай білуді бекіту.

Уақытты бағдарлау.

Тәулік бөліктерінің ауысуын («кеше», «бүгін», «ертең»), оқиғалардың ретін («алдымен – содан кейін», «бұрын – кейінірек») анықтау.

Қоршаған ортамен таныстыру

- әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру, қоғамның әлеуметтік және этикалық нормалары мен дәстүрлеріне, жалпы адами құндылықтарға баулу;

- дербестікке тәрбиелеу;

- Отанның тарихы мен мәдениетін білу және оған құрметпен қарауды қалыптастыру, туған жер туралы түсініктерін кеңейту;

- еңбек түрлеріне және әртүрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;

- табиғат әлеміне танымдық қызығушылықты, табиғаттың тірі объектілеріне жанашырлық сезімін дамыту, қоршаған ортаға қатысты кейбір әрекеттерінің қарапайым салдарын көре білу;

- экологиялық мәдениеттің негіздерін қалыптастыру және табиғатта өзін қауіпсіз ұстау.

Бала, оның отбасы, үйі.

Өзінің болашағына, біліміне, денсаулығына, қызметіне, жетістіктеріне сенімді болуға, қоғамға пайдасын тигізуге баулу. Еңбекқорлық пен жауапкершіліктің маңызын түсіну, өзін-өзі құрметтеу, өз күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімділікті арттыру.

Заттық әлем, кеңістікті бағдарлау.

Заттар, олардың белгілерін нақтылау және бейтаныс заттардың қолданылуын түсіну. Заттардың қандай материалдардан жасалғанын өз бетінше анықтау және талдау, олардың сапалары мен қасиеттерін сипаттау.

Көлік, байланыс құралдары.

Арнайы көлік құралдарының түрлерін, белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықталуын түсіну, ұялы телефон, смартфон, компьютер, ғаламтор, теледидардың қолданылуын білу, оларды қолдануда қауіпсіздікті сақтау.

Еңбекке баулу.

Ата-ана еңбегін түсіну, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқау. Еңбек ардагерлерін, қарттарды құрметтеу, үлкенді сыйлау, олардың еңбегін бағалау.

Адамгершілік және патриоттық тәрбие.

Туған өлке, ел, Отан, мемлекеттік және халықтық мерекелер, еліміздің рәміздері, оның маңызы туралы білімдерін кеңейту. Қазақстан Республикасының Президенті, оның халық үшін атқаратын қызметінің маңыздылығын түсіну.

Мемлекеттік мерекелердің (Жаңа жыл, Республика күні), ұлттық мереке (Тәуелсіздік күні) маңыздылығын түсіну, оларға белсенді қатысу.

Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана, республикадағы қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы ұғымдарын байыту.

Жол қозғалысы ережелері.

Жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жол белгілерін (жүру бөлігі, жаяу жүргіншілер өткелі, тротуар, велосипед, электросамокат, гироскутер, сигвейге арналған жол) білу, бағдаршамның белгілеріне сәйкес жолдан өту. Жол қозғалысының қарапайым ережелерін, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің қозғалыс ережелерін сақтау.

Құрастыру

- балалардың өнер шығармаларын эмоционалды қабылдау қабілетін қалыптастыру;

- балалардың шығармашылық қабілеттерін, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдауын дамыту;

- қоршаған әлемді эмоционалды тану, өнер түрлері туралы түсінігін қалыптастыру;

- өзінің, құрдастарының жұмыс нәтижелерін бағалай білуге, жұмысты ұжыммен орындауға баулу;

- балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмді тәрбиелеу үшін жағдай жасау;

- балалардың түрлі әрекеттерінде қауіпсіздікті сақтау.

Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру.

Табиғи материалдарды дұрыс пайдалануға үйрету. Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс жасау кезінде өзінің әрекетін жоспарлау дағдыларын жетілдіру, дербестік пен шығармашылық танытып, мақсатты түрде жұмыс жасай білу. Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып, елестетуі, ойлауы бойынша қолдан бұйымдар жасай білу.

Сурет салу

- балалардың өнер шығармаларын эмоционалды қабылдау қабілетін қалыптастыру;

- балалардың шығармашылық қабілеттерін, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдауын дамыту;

- қоршаған әлемді эмоционалды тану, өнер түрлері туралы түсінігін қалыптастыру;

- өзінің, құрдастарының жұмыс нәтижелерін бағалай білуге, жұмысты ұжыммен орындауға баулу;

- балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмді тәрбиелеу үшін жағдай жасау;

- балалардың түрлі әрекеттерінде қауіпсіздікті сақтау.

Бояулармен жұмыс жасауды жетілдіру (бояғышта акварельді сумен араластыру, қажетті түсті алу), қанық түстер алу үшін қарындашты түрліше басып бояу, бейнелеу, түсті қанық беру үшін қағаздың фонын таңдау және бояуларды үйлестіру, өз жұмысының нәтижелерін бағалау.

Мүсіндеу

- балалардың өнер шығармаларын эмоционалды қабылдау қабілетін қалыптастыру;

- балалардың шығармашылық қабілеттерін, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдауын дамыту;

- қоршаған әлемді эмоционалды тану, өнер түрлері туралы түсінігін қалыптастыру;

- өзінің, құрдастарының жұмыс нәтижелерін бағалай білуге, жұмысты ұжыммен орындауға баулу;

- балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмді тәрбиелеу үшін жағдай жасау;

- балалардың түрлі әрекеттерінде қауіпсіздікті сақтау.

Бақылаған заттың бейнесін бере білу, затты әртүрлі қалыптарда мүсіндеу, пішіннің бетін дымқыл шүберекпен тегістеу және кескішті пайдалану.

Жапсыру

- балалардың өнер шығармаларын эмоционалды қабылдау қабілетін қалыптастыру;

- балалардың шығармашылық қабілеттерін, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдауын дамыту;

- қоршаған әлемді эмоционалды тану, өнер түрлері туралы түсінігін қалыптастыру;

- өзінің, құрдастарының жұмыс нәтижелерін бағалай білуге, жұмысты ұжыммен орындауға баулу;

- балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмді тәрбиелеу үшін жағдай жасау;

- балалардың түрлі әрекеттерінде қауіпсіздікті сақтау.

Жапсырудың түрлі әдістері (симметриялы, сыңарлы симметриялы, сұлбалы) мен тәсілдерін (тура, қисық қию, ою, флористика элементтерін) қолдану, түрлі материалдардан (қағаз, мата, табиғи материалдар) жапсыру.

Музыка

- музыкаға, өнердің түрлеріне, өнер туындыларына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Музыкаға қызығушылық пен сүйіспеншілікті қалыптастыру. Классикалық,

халықтық және заманауи музыкамен таныстыру негізінде музыка мәдениетін

қалыптастыру.

Музыка тыңдау.

Балаларды шығармалардың эмоционалды мазмұнын, олардың сипатын, көңіл-күйін, динамикалық ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Музыкалық шығармаға көзқарасын білдіру, оның сипаты, мазмұны туралы айту.

Музыканың сипатын бейненің мазмұнымен, оның көңіл-күйімен байланыстыра білуді қалыптастыру.

Өмірдің кейбір құбылыстарын бейнелеу тәсілі ретінде әлемдік және қазақ музыка өнерінің шығармаларымен таныстыру.

Музыкалық шығармалардың жанрларын ажыратуға (ән, күй, марш, би) үйрету. Шығармалардың жеке фрагменттері бойынша (кіріспе, қорытынды, музыкалық фразалар) әуендерді тану арқылы музыканы есте сақтауды жетілдіру.

Ән айту.

Ән айтуда дауыспен вокалдық-есту қабілетін үйлестіруді жетілдіру. Ән айту дағдыларын қалыптастыру, бірінші октаваның «ре», екінші октаваның «до» диапазонда жеңіл дауыспен ән айту, ән айтар алдында, музыкалық фразалар арасында тыныс алу, әннің сөздерін анық айту, орташа, қатты және ақырын дауыспен ән айту. Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз жеке ән айту дағдыларын дамыту. Әртүрлі сипаттағы әндерді өз бетінше және шығармашылықпен орындауға баулу. Әнді музыкалық талғаммен

орындауға жаттықтыру.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Музыканың және оның бөліктерінің сипатындағы өзгерістерге сәйкес қимылдарды өзгерте отырып, жаттығуларды орындауға үйрету: марш сипатын анық ырғақты жүрумен; музыканың қимыл сипатын жеңіл және ырғақпен жүгіру, жүрелеп отыру арқылы бере білу.

Би қимылдарын: қосалқы және ауыспалы қадам жасауды, әртүрлі бағытта жүгіруді және секіруді меңгеру.

Билер.

Музыкаға сәйкес орындалатын би қимылдарын білу; би қимылдарының элементтерін жеңіл, еркін орындау; қозғалыс бағытын музыкалық фразаларға сәйкес өзгерту.

Қазақ халқының би өнерімен таныстыру, қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқандығын, ол халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, әнкүйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы екенін, би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін құрайтынын түсіндіру, балаларға «Қаражорға» биін билету.

Би шығармашылығы.

Таныс би қимылдарын қолдана отырып, музыканың сипатына сәйкес ойдан би қимылдарын шығару, мәтінге сәйкес әнді сахналау; шығармашылық тапсырмаларды орындауға ынталандыру.

Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау. Балалар музыкалық аспаптарында қарапайым, таныс әуендерді жеке және

шағын топпен орындауға үйрету, балалар шығармашылығын дамыту, оларды белсенділікке, дербестікке баулу.

Музыкалық (дауылпаз, асатаяқ) және шулы аспаптарда ойнау тәсілдерімен таныстыру.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.12.2024
65
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі