400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пікірсайыс "Үш бақытым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушылардың сөз шеберлігін көтеру үшін, саяси көзқарасын қалыптастыру үшін өткізілді
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пікір-сайыс тақырыбы:

«Тілім, рухым, елім –үш бақытым»


Пікір-сайыстың мақсаты:

  • Саяси тұрақтылықты дәріптеу арқылы білім алушылардың сөйлеу

  • шеберін дамыту, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, көтеру;

  • Үш тұғырлы ел бағдарламасы бойынша «Ағылшын тілінің» мәнін,

маңызын, пайдасын ұғындыру;

  • Ұлттық рухтың маңыздылығын сезіндіру;

  • Ұлттық құндылықтарды насихаттауда жас ұрпақты ұлттық ата-

дәстүр рухында тәрбиелеу;

  • Білім алушыларды елін сүюге, Отан алдында азаматтық

жауапкершілікке тәрбиелеу.

Іс шараның әсері:

Жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу, қазіргі «Ұлттық код» қағидасында қазақ тілінің маңыздылығын көтеру арқылы үш тілділікке көшу саясатын және Отанының алдында азаматтық жауапкершілігін нығайту.


Пікір-сайыстың конструктивті бөлімі:

(Музыка ойнап тұрады. Экранда пікір-сайыс тақырыбы жазылған)

Модератор: Армысыздар қадірлі қонақтар, оқытушылар, колледж жастары.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «ХХІ ғасырда ұлттық сананы жаңарту, ұлттық бірегейлікті сақтау арқылы еліміздің алдына қойған міндеттерге қол жеткізу және дамыту, ең алдымен жоғары дамыған алдыңғы қатарлы елдердің қатарына кіру – тек рухани құндылығы мықты елдің азаматтарының ғана қолынан келеді»,- деген болатын.

Сондықтан сол объективті үрдістен шет қалмай, өз мемлекетіміздің тәуелсіздігін, «ұлттық Кодын», баға жетпес құндылығын қалайша сақтап қаламыз деген өткір мәселе барша халқымызды толғандыруы тиіс.

Мен Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ жоғын іздеген халық» деген сөзі осы заманға дейін өзекті болып отырғанын айтқым келеді.

Сонда қазақ не жоғалтты, жоғалтқанын тапты ма? Тапса, оны ұстап тұра алды ма? Осы сұрақ төңірегінде сөз қозғап көрейікші.

Ендеше, бүгінгі пікір-сайысымыздың тақырыбы: «Тілім, рухым, елім –үш бақытым» деп аталады.

Бүгін біздің колледжімізге Қазақстанның өніп өркендеуіне үлес қосып жүрген қоғам қайраткерлері, алдыңғы буын ағаларымыз келіп отыр. Таныстырып өтейін:

  • Қазақстанға танымал журналист, жазушы – Бейбіт Сарыбай;

  • Техникалық және кәсіптік білім беру саласының ардагері, профессор, техника ғылымының докторы Нүсіпбеков Серик Имансерикович;

Келген қонақтарымызға қош келдіңіздер дей отырып, бүгінгі тақырып аясында сіздердің өмірлік тәжірибелеріңізден өнеге түйіп, ақыл-кеңестеріңізді тыңдасақ және қатысушылардың пікірлеріне аналитикалық сараптама жасап, әділқазылық етсеңіздер деген ұсыныс тастағалы отырмыз.


Модератор: Ал, енді бүгінгі пікір-сайысқа қатысушы жастарымызға өздерін таныстыруға рұқсат берсек. (таныстырады, әр топқа 1мин)


Модератор: Бүгінгі пікірсайыстың бір ерекшелігі жақтаушы не даттаушы топ деп бөлінбейді, әр топ берілген тақырып аясында өз позицияларын қорғап, ой бөліседі. Ал аналитиктеріміз әрбір тақырыпқа өз өмірлік тәжірибесімен сабақтастыра отырып қорытындылайды.

Олай болса экранға назар аударайық

(Видео - Елбасының қазақ тілі туралы айтқаны – 2 мин)

Модератор: Бірінші конструктивті бөлім: Тіл

1-сұрақ: Құрметті қатысушылар Елбасының қазақ тілінің қоғамдағы рөлі жайлы ойын тынадық, бұл ретте сіздердің пікірлеріңіз қандай?

(әр топқа 2 мин)

  1. Сұрақ: Жақсы, ал енді Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халқына Жолдауында: “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуіне сіздердің айтар пікірлеріңіз қандай?

(әр топқа 3 мин, ағылшынша пікір айтылуы тиіс)

Модератор: - Ал сол ағылшын тіліне есігімізді ашып, төрімізге шығарғанда қазақ тілі көлеңкеде қалып қойып жатырған жоқ па? Бейбіт аға, сіз қалай ойлайсыз? (2 мин)

- Серік Имансерікович, сізді жүрегі қазақ деп соғатын, нағыз ұлтжанды, көңілі сұңғыла, ауылдан шыққан қазақтың қара баласы деп білеміз, орыс тілді қалалық өмірде қарым-қатынас жасауда тіл білмеу қиындықтар туғызбады ма? Ал сіздің ағылшыншаңыз қалай? (2 мин)

- Рахмет, ал, енді біздің аналитиктеріміз қатысушылардың ойын қорытса.

(1мин)

Екінші конструктивті бөлім: Рух

Видео (Мен қазақпын. Қуандық Рахым-3мин)

Модератор:

  1. Сұрақ: Қандай керемет, жүрекке жігер ұялататын рухты әуен. Жалпы, ұлттық рух дегенді қалай түсінеміз? (әр топқа 2 мин)

  2. Сұрақ: Сіздердің бойыңыздағы ұлттық рухтын көрінісі деп нені атай аласыз? Сіз өзіңізді толық қанды қазақпын деп санайсыз ба?

(әр топқа 1 мин)

  1. Зал пікірі (Ескерту: әр сөйлеуші 1 минут қана уақыт алады.)

Модератор: ( Аналитиктерге (қонақтарға) сұрақ)

  • Жастар көзқарасымен келіспеске болмас, дегенмен сіз бен біз қазір көп байқайтын қоғамдағы құбылыс - еліміздің болашағына сенімсіздікпен қарайтын енжар, әлжуаз азаматтардың көбеюі жайлы не айтасыздар? (3мин)

  • Рахмет, рух тақырыбы кеңінен ашылып, талданды деп ойлаймыз. Енді келесі конструктивті бөлімге көшпес бұрын мына бір видеоға назар аударсақ.

Видео (Мәңгілік ел-1мин)

Үшінші конструктивті бөлім: Ел

Модератор: Мәңгілік ел болу, тарих жадында мәңгілікке қалу бұл кез келген елдің, ұлттың арманы. Қазақ елі де осы тұрғыдан бірнеше мәселені қолға алып жатыр. Ол «100 жаңа есім», «Болашағы біртұтас ел» жобалары.

1-сұрақ: Сіздер қалай ойлайсыздар тарих бетіне сурет болып қалып қоймай, мәңгілік ел болу үшін не істелінуі керек? (әр топқа 2 мин)

1-сұрақ: Ал сол елдіктің белгісі қандай? (әр топқа 1 мин)

Модератор: ( Аналитиктерге (қонақтарға) сұрақ)

  • «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын жастар. Ал, құрметті сарапшылар, сіздердің ертеңгі ел тұтқасын ұстар жастарға көңіліңіз толады ма? Олар сіздердің сенімдеріңізге лайықты ма? (3 мин)

  • Құрметті қонақтар ортамызға келіп, өмірлік іс-тәжірибелеріңізбен бөлісіп, ақыл-кеңес бергендеріңізге алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі пікірсайыстың шешуші түйінін айтсаңыздар. Сөзжарыста қай топ шынайы шеберлік танытып, шешен тілмен ойын жеткізе алды? Қай топтың әттеген-айы болды? (5 мин)

Келесі сөз кезегін колледж директоры Сүлейменов Сейтбек Тоқтамұратұлына береміз. (2 мин)

Модератор: Осымен көсем сөйлеп, ұшқыр ойын бүкпесіз, боямасыз жеткізген қатысушылар, сондай-ақ көрермендер бүгінгі кештен алған әсермен рухтанып, туған ел, ана тіліне деген құрметі арта түсті деген оймен және ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңімен

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем! ...

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен. -

пікірсайысымызды аяқтаймыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қараша
733
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі