400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пікірталас . Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы

Материал туралы қысқаша түсінік
9-11 сыныпқа
Материалдың қысқаша нұсқасы

№60 жалпы орта білім беретін мектебі

тарих пәнінің мұғалімі Ахметова Гулстан Ермеккызы


Сабақтың тақырыбы: Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы.

Мақсаты: Ата-ана мен мектеп бірлесе отырып жасөспірімді тәрбиелеудегі ықпалын меңгерту, бала мен ата-ана қарым-қатынасын нығайту; ата-ана, мұғалім мен оқушы құзыретілігін жақсарту.

Күтілетін нәтиже: Өз ісіне жауапкершілік арттыру.

Оқу нәтижелері:  Өз пікірін негіздеп, дәлелдеуді талап етуге; ата-аналарды жасөспірімді тәрбиелеудегі тәжірибелерін бөлісуге, жасөспіріммен қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгеруге; ата-аналардың мектеппен ынтымақтаса жұмыс жүргізуде жасөспірімге ықпал етумен танысады.

Түйінді идеялар: Баланы тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтардың маңызын игеруге , жасөспірім жанының ерекшеліктерімен танысуына мүмкіндік береді.

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Баланың отбасындағы өмір сүру және тәрбиелену құқығы» атты пікірталас сабағымызға қош келдіңіздер! Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбек сүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана.

Ұйымдастыру кезеңі:

Жүргізуші: «Жүректен жүрекке» ойыны арқылы, ата-аналар «Күн» бейнесін ұстап тұрып, бір-бірімен танысады.

2-топқа бөлу. 1. Ата-аналар. 2. Балалар


Баяндама: «Баланың отбасындағы өмір сүру және тәрбиелену құқығы.» оқылады.

«Балалар- болашағымыз, Қазақстанның Тәуелсіздік туын тік ұстап, елімізді танытатын бүгінгі жас ұрпақ» деп айтып та, жазып та келеміз. Конвенция 1989 жылы 20 қарашада қабылданды. Бала құқығы туралы Конвенциясы ҚР 1994 жылы 11 қарашада заңдық күшіне енді. Әрбір адам 18 жасқа дейінгі Конвенцияда ұсынылған барлық құқықтарды 18 жасқа дейінгі балалар қолдана алады. Бала құқығы Конвенцияның 24-бабында, ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және асырау жөніндегi мiндетi айтылған. ҚР-ң Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығындағы 8,9,13-тармағында, мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайтындығы айтылса, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 409 бабы, 2-тармақшасында, сабақ уақытында ұялы телефон, смартфон, планшет ұстатпауға сонымен қатар баланың кешкі 22:00-ден ойын-сауық орталықтарына және сағат 23:00-ден кейін үй ауласынан тыс жерге қараусыз жібермеуі туралы айтылған. ҚР «Білім туралы» заңының 49-бабы 2-тармақшасында көрсетілген міндеттерді орындайды. Міндеттерді бұзған жағдайда «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің 109-бабы 2 тармақшасына сәйкес жауапқа тартылады.

3.25. Оқушы қандайда бір қылмысты іске барған жағдайда (мектеп болсын) бірінші кезекте ата-анасы жауапқа тартылатынын білуі тиіс.

Енді осы балалардың тәрбиесі, бүгінгі ахуалы қандай дегенде ойландыратын да, толғандыратын да жайлар баршылық. Бала тәрбиесіне әу бастан ата-анасы, өскен ортасы, оқыған мектебі жауапты еді. Бүгінде сондай. Бұрындары жастар тәрбиесімен тығыз айналысатын пионер, комсомол ұйымдары енді жоқ. Кәмелетке жасы толғандармен түрлі бағыттағы жастар ұйымдары, «Нұр Отанның» жастар қанаты айналысуда. Мектепте балалар 5-6 сағат болады да, қалған кездері әркім не істесе де өзі біледі. Ата-анасы күнкөріс қамында жүреді. Балаға қарайтын олардың уақыты бола бермейді.Балалар үйге келген бойда не теледидардың, не компьютердің алдында шұқшияды. Теледидардан көретіндері ұрып-соғу, өлтіру, ату, не болмаса биік үйлерден секіріп ұшып жүрген өрмекші адам… Компьютерден де көретіні сол.«Бүгінгі жастарға не болған. Шетінен жауыз, қатыгез болып барады», — деп ғайбаттаймыз. 12 мен 17 жас аралығында жас ұрпақтың мінезінің аумалы-төкпелі, әлі психологиясы қалыптасып үлгермеген кезінде не бір сұмдықтарды көрсе әрине қатыгез болады. «Оқушылар мектеп ауласынан шыққан соң ата-ана жауапты», — дейді мұғалімдер. Көшеде жүрген балалардың кімге еліктеп, кімді пір тұтары белгілі. Олар босқа қарап жүр дей алмайсың. Кәмелетке толған, толмаған жастар мен жасөспірімдер мақсаты түсініксіз түрлі ұйымдарға қатысады. Өздерінің тұрған жеріне қарай «Центровые», «Поселковые» деген орысша аттар қойып, бір-бірімен төбелесіп, қырқысып жүргендері. Мұның кейде адам өліміне дейін әкелетіндерін көріп жүрміз. Ішкі істер басқармасындағы азаматтар да біледі. Балалар арасында қылмыс жылдан жылға көбеймесе азаятын емес. Кімді кінәлаймыз? Әрине, ең алдымен ата-анасы мен мектеп ұжымын.

Ал енді шындыққа келгенде қоғам бұл істен шет қалып отыр. Нарық, нарық деп жүріп, балалар тәрбиесін ұмыттық. Бұл күрделі мәселені бүкіл қоғам болып қолға алмасақ, болашағымыз бұлдыр болары сөзсіз.Енді не істейміз? Өмірде, мінберлерде, бұқаралық ақпарат құралдарында , білім ошақтарында талай жақсы ойлар, идеялар айтылып жатыр. Мен бұл мәселені жолға қою үшін  ата-аналар мен балаларды шақырып пікір алысуды жөн көрдім.

I. «Ой қозғау» әдісі арқылы ең бірінші көрермендерге «Баланың отбасындағы өмір сүру және тәрбиелену құқығы» атты тақырыпта бейне ролик көрсетіледі.

II. Ситуациялық сұрақтар:
А.Ата-аналарға қойылатын сұрақтар:
1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?
3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
6. Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
7. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?
8. Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі, алайда бір күні сынып жетекшісі оны үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз?
9. Балаңыздың сабағы тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді , ашулы қабақ күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
10. Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп, мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссыз, енді не істейсіз?
11. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?

12.Балаңызға берген уәдеңізді ұмытпайсыз ба? 
13.Балаға қатаң талап қою бала тәрбиесіне кедергі келтірмей ме? 

Б.Оқушыларға арналған сұрақтар:

1.Білімді әрі тәрбиелі болып өсуі үшін ата-ана балаға қандай жағдай жасауы керек?
2. Балаларды теріс қылығы үшін жазалау керек пе?
3. Ата-анаң сені еркелете ме және бос уақытыңда немен айналысасың?
4. Балаға тәрбиені ең бірінші кім беру керек деп ойлайсыңдар?
5. Ата-анаң сенің ең жақын досыңды біле ме?

6.Ата-анаңның мінезін айта аласың ба?

7. Мектепте саған мұғалім тәртібіңе байланысты ренжіп қатты ұрысты, сенің сондағы іс әрекетің?

8. Ата-анаңа айтпай жасырын түнде шығып балалардың туған күніне немесе т.б сол сияқты мерекелерге барғансың ба?

9.Ата-анаңның көңіл-күйі болмай тұрса қандай іс -әрекет істейсіз?

10.Ата-ана және мектеп ұстаздары балаларға қалай тәрбие беру керек деп ойлайсың?

11.Сіз ата - анаңыздың қандай үлгі қасиетін қалар едіңіз?

IІІ. Ашық пікір тыңдау.

Көрермендерге қойылатын сұрақтар.
Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.
- «иә» десеңіздер - қолдарыңызды шапалақтаңыз;
- «жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар;
1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіздер ме?
2) Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата - ана бірдей ықпал жасай ма?
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз.
- егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз.
- егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.

ІV. Ой қорыту «Түйінді сөзді мен айтамын»

Бүгінгі пікірталас сөздің қорытынды сөзді ата-аналар өз ойларын айтады.


Жүргізуші: Сөз соңында айтарым, бұрынғыдай бүкіл ауыл, көше болып, балаға тәрбиеші болсақ… Ата-апа, әке-ана, аға-іні, әпке-қарындас, туған-туыс дегендей бәріміз де жас буынның болашағы жарқын болуы үшін ұл-қыздарымыз бен немерелеріміздің сүйеніші, ақылшысы, досы, сырласы бола білейік. Сондықтан  да мына жайттарды  есімізде ұстайық:
«Отбасында берілген тәрбие жігеріңді  құм қылып, жерге қаратпасын десең  балаға кішкентайынан  түзу тәрбие  бер» -деп  ата бабамыз айтқандай  бала тәрбиесіне уақытында  көңіл бөліп, еліміздің   инабатты, ибалы, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер атa - ана мен мектеп   өзара тығыз байланыста болса,  балаларға бірдей талап   қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл- қыздары  жан жақты  дамыған  азамат  болып шығары сөзсіз.

Назарларыңызға көп рахмет. Сау саламатта болыңыздар!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
1180
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі