Материалдар / Пікірталас мәдениетін меңгеру- адамзат мәдениетін игеруге мүмкіндік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Пікірталас мәдениетін меңгеру- адамзат мәдениетін игеруге мүмкіндік

Материал туралы қысқаша түсінік
Пікірталас мәдениетін меңгеру- адамзат мәдениетін игеруге мүмкіндік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2023
327
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пікірсайыс мәдениетін меңгеру- адамзат мәдениетін игеруге мүмкіндік


Шешендік өнерден бастау алған шешендік сөз өнеріне қанық болады.

Шешендік өнер – қазақтың қанына біткен қасиет. Жігін тауып сөйлей білудің, логикалық ойды жүйелеп айтып жеткізе білудің өзі шеберлікті, шешендікті, ойлылықты, ақыл-парасатты қажет етеді. Ақылдың көзі ойда жатыр. Логикалық жүйемен дұрыс ойлай білу дұрыс жүйелеп сөйлей білу мәдениетін қалыптастырады. Сондықтан ақылдың қадір-қасиетін көпті көрген қариялар бағалап, ақылдың адам өмірінен алатын орнын өз ұрпақтарының санасына сіңіріп келді.

«Как подготовиться к турниру по парламентским дебатам» (Е.Акулич) ойынға аз уақыттың ішінде ойлану (миға шабуыл), талқылау, бұл тақырып не туралы екендігін сұрақтар арқылы дәлелдеу, кілттік аргументті ойластыру, аргумент шарттарындағы логикалық тізбек, аргументтерді дұрыс қою техникасы, т.б. қамтылады. Оқу үдерісінде бұл еңбекте назарға алынады.

Тюрколог В.В.Радлов «Образцы народной литературы северных тюркских племен» атты еңбегінде: «Өздерімен туыстас түркі тектес елдермен салыстырғанда, қырғыздар да, қазақтар да сөзге шешендігімен ерекше көзге түседі. Олардың шешендігіне, шынында таң қаласың. Қазақтар сөйлегенде ешбір мүдірмей, іркілмей сөйлеп кетеді. Өлең шумақтарында ғана ұшырайтын сөйлем түрлері жай сөздердің өзінде іркес-тіркес келіп жатады да, тыңдаушыға өлең тәрізді әсер етеді... Сондықтан да қазақ халқы поэзияның дамуының жоғарғы сатысына жеткен...», - деп көрсеткен болатын.

Оқушылар дебатқа дайындалу барысында танымдық ой-өрістерін дамытады. Осы орайда оқушыларға ғаламтор беттерінен көптеген түрлі дебаттық ойын үлгілері көрсетіледі және түрлі тапсырмалар беріледі. Ойынды көріп шығып, әр ойыншыға сараптама жасау, ойыншылар қалай ойнады, ойнау стилі қандай, эмоциясы (кейбір ойыншыларда тек қана эмоция басым болатын болса, кейбір ойыншылар ұтымды айтылған ой-пікірлерімен ерекшеленеді), фактілерді келтіру дәрежесі, ойыннан алған әсерлері, жаңалық болған нәрсе не, ойында аргумент шарттары сақталған ба, бұл жағдайда сен болсаң кейсті қалай құрар едің, қандай аргумент ұсынар едің және т.б. мәселелер талданады. Сонымен бірге жоғары сынып оқушыларының түрлі қарар түрлерінде қалай ойнайтындығы көрсетіледі, сол ойындар талданады.


Төменде біраз оқушылардың ой-пікірі :


Мектепке барғанша дебат деген сөзді естімеппін де.Бірақ оның не екенін түсінген соң ол мен үшін құмар ойындай болды.Дебаттың әліппесін оқыту жеткілікті.Оны біліп алғап соң ары қарай индивидуалды оқу,өзіңмен жұмыс жасау,сөзді беру тактикасы бәрі-бәрі болады.Әсіресе маған өзінше бір аристократиялы ортаның болғандығы ұнады.Бұл ойынның тағы бір ерекшелігі - жеңілсең де жеңілмейтініңде.Қайта жеңіліс тапқан адам көп сабақ алып,ойлар атты ұтыс қоржынын толтыра кетеді.Ойыннан алған әсеріңнен бір апта арыла алмай жүресің.Дебат маған уақытқа жұмыс жасауды, күрделі мәселені аргументтерге жіктеп,шешу жолдарын табуды,қорытынды шығаруды,сөзбен адамға әсер ете білуді,сөздің тонын айналдыру,сөзбен тұзақ құру т.б көп нәрсе үйретті,тіпті сабақ айтқан кезде де көмегі тиеді.Осындай қызық әрі интеллект пен логиканы іске қосатын ойынның біздің мектебімізде жүйелі түрде өтетініне өте қуаныштымын.Дебатқа әкелген ұстаздарыма алғыс!

Ізбасар Ұлдана


Дебат - адамды өзіне баурап алатын үлкен күш секілді. Мен "Дебат" деген ұғыммен осы мектепте таныстым, бұған дейін дебаттың не екенін білмедім... Алайда, осыншама аз уақыт ішінде бұл тылсым күш мені өзіне баурап алды. Ең алғаш рет дебат ойынын тамашалаған кезде, әрине, ештеңе түсінбедім. Бірақ, маған белгілі болғаны, дебат ең алдымен - сөз бен ой жарысы екен. Алғашқы ойыннан кейін маған дебат қатты ұнап кетті. Ішімнен: " Мен де осылай ойнасам ғой, менің де осындай мүмкіндігім болса ғой" деп ойлайтынмын. Әр дебат ойынын аузымның суы құрып тамашалайтынмын. Ал, осы оқу жылында дебаттың арнайы сабақ ретінде енгізілуінің арқасында маған бір рет болсын ойнап көруге мүмкіндік туды және ойнап та көрдім. Маған қатты ұнады және бұл тылсым ойын мені ғана емес, өзге де оқушыларды өзіне тартқанына сенімдімін.Қысқасы,мен үшін,дебат –айналада болып жатқан құбылыстарды басқаша көзқараспен көруге мүмкіндік берген өмірімнің жаңа парағы немесе жаңа есігі.

Аяулым



Дебат- ойды жүйелі, қысқа әрі нақты жеткізуді, қоршаған ортаға сын көзбен қарауды, өзгенің емес өз қателігіңнен сабақ ала отырып, кез келген тақырыпты еркін игеруді, ой-пікірімді жасқанбай ортаға салуды үйретті. Бойымдағы байсалдылықты күшейтті, агрессивті мінез-құлықтан арылуға көмектесті. Әрдайым әділ әрі бейтарап болуды үйретті. Дебаттың маған бергені өте көп. Ең бастысы дебаттың жай ғана ойын емес, жетістікке жетелейтін баспалдақ екендігін түсіндім. Дебат қызыққа толы естеліктермен санамда мәңгі қалмақ.

Дебатты осынша жақсы көруіме, сірә, Рысхан апай,сіз себепкерсіз!

Көп-көп рахмет!

Тіліңізді алмай, ренжіткен кездерім болса кешіріп қойыңыз!

Шыңбай Нұржұма



Дебат- бұл мен үшін шынымен тылсым күш болды.

Сынып арасындағы балалардың ойындары, ерекше ізденістері мен талпыныстары мені баурамай қоймады. Әрине, мен баста бұл жайлы хабарым мүлде болмады. Көре-көре "өзімді ашуға маған не кедергі" деп ойладым. Осы дебат сабағы арқылы мен бар күшімді жинап ойнадым, маған қатты ұнады. Көптеген жарыстарға қатысып одан әрмен ой-санамды көркейткім келді. Содан бері менің дебатқа деген қызығушылығым оянды. Болашақта маған осы сабақтың пайдасы көп тиері анық. Рысхан апай сізге алғысым шексіз.

Абжанова Айгерім


Балнұр9а


2.Мен дебат ойынын ой дамытушы процесс деп санаймын.Сайысқа дайындалу әрбір оқушының эрудициясын кеңейтеді.Сыни көзқарасын қалыптастырады,үлкен аудиторияларда жақсы,нақты,әдемі сөйлеуге үйретеді.Мен дебат ойынын " болашақ өмірге дайындаушы-мұғалім"деп түсінемін.Осы ұстаз маған не берді?

1)Мен дебат ойыны арқылы дебат-ой қозғау,идеялардың қақтығысы екендігін түсіндім.Ал идеялар қақтығысына сүйенетін нақты аргументтер болу керек.Басқа сөзбен айтқанда,сіз қарсыласқа емес,қарсыластың аргументі мен ойлау негіздері,дәлелдеріне қарсы шығасыз.

2)өз пікірімді нақты фактілерге сүйене отырып,қағазға түсіруді үйрендім.

3)Көпшілік алдында сөйлеудің алдындағы дайындықтың қандай болу керектігінің маңыздылығын түсіндім.

Абыт Балнұр


ДЕБАТ- ол білімділер ойыны. ДЕБАТ-ол элиталар ортасы, болашақ көшбасшыларды дайындап шығатын аламан ордасы. Дебатты мен 8-сыныбымнан бастап ойнаудамын. Дебатты ойнау ол кім көрінгеннің қолынан келе бермейтіндігін уақыт көрсетуде. Дебатты кезінде жоғары лауазымды адамдар ойнаған. Яғни бізді де жоғары лауазымға жетелейтін ол дебат. Мен нақты айта аламын дебатты ойнай білген адам ұлт мәселесін шешетін болашақ қоғам қайраткері болады деп. Дебаттың қыр-сырын түсінген адам өмірде де қателеспейді. Істейтін ісін алдын-ала болжап, алдына мақсат қоя алады. Және мақсатына ізденісімен, білімділігімен жетіктікке жетеді. Яғни нағыз дебатёр үшін "Жетістік баспалдағының" ауылы алыс емес.

Мен дебаттан не үйрендім. Өз ортамда шешен сөйлеуді үйрендім, ұтымды жауап беруді, сыни көзқарасты да меңгердім.Сөз саптауымды кеңейттім.Шешен сөйлеу арқылы өзгелер санасатындай дәрежеге жеттім дегім келеді.Бұл ойынды ойнау маған аса қиындық тудырмады, себебі,менің ата-бабам шешен болған.Бір ауыз сөзбен қалың қолды кері қайтара білген.Біздің би-шешендеріміз дебаттың іргесін баяғыда қалап кеткен секілді.Дебатты Линкольн, Дуглас сияқты ойнамасақ та өз дәрежесінде ойнай аламыз деп ойлаймын.Ұлт қамын ойлайтын азамат осы дебат аясынан шығатынына таласым жоқ.Адамды бір жүйелілікке,шешендікке тәрбиелейді.Дебат-ол біздің болашағымыз.Кім біледі, бәлкім,біз болашақта дебатты ойнау арқылы әдеби тілімізді,сөз саптауымызды пайдаланып,үлкен трибуналардан сөйлейтінімізге.Дебат -бұл жүйріктер ойыны.Ал қазақтың әрбір ұл-қызы жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар, нағыз сен тұр,мен атайын дейтін саңлақтар дегім келеді.

Шалқар Досмахан


Дебат-тәртіп пен тәрбие.Бұл ойында пікір таластыра,сөз жарыстыра отырып тәртіп сақтайсыз.Дебатқа қадам басқан күннен бастап сөйлеу әдебіңіз сыпайылыққа «сізге»ауысады.Тек бұл ғана емес айналаңыздағы адамдарға «ханым,мырза»-деп құрмет көрсетесіз.Бұл алғашында мен үшін жат болатын.Ханым,мырзаны тек кинодан естуші едім,ал дебатта өзіңді « ханым...» -деп атағанда үнемі күлкім келетін.Уақыт өте келе бұл мен үшін әдетке айналды.Жай ғана әдет емес,мәртебеге айналды десем артық айтқаным емес.

Дебат маған көптеген достар сыйлады.Өз достарымды жаңа қырынан таныдым.

«Ойында қарсылас болсаңыздар,өмірде дос болыңыздар» -бұл төрешінің ойын соңында қортындылап,қол алыстыратын сиқырлы сөзі болатын..Бұл дебаттың маған берген ең үлкен сыйлығы.Бұл тек бір төбе.Ал дебат ойыны барысында сіз нақтылыққа ,ойыңызды тура жеткізіп, жүйелілікке үйренесіз.Айтылған қарсы пікірге қарамастан өз ойыңыздың дұрыстығын дәлелдейсіз.Дебатта сіздің бойыңыздан табылуы керек қасиеттер:білімділік,батылдық( көпшілік алдында сөйлеген кезде), әдептілік.

Әбілмәжін Бегімай



Мен дебат үйірмесі арқылы ойды нақты жеткізіп, еркін сөйлеу мен әдемі сөйлеуге бейімделдім. Дебат ойнау барысында көптеген жаңа ақпараттармен таныстым. Тек қана тіл байлығымның жетілуіне ғана емес, ой-санамның кемелденуіне де үлес қостым. Кез-келген ойды, пікірімді нақты фактілер арқылы дәлелдеуді басты тұмарым қылып алдым.

Сынды қабылдап, оны ой елегімнен өткізіп, соған байланысты қорытынды ой шығарып, өмірде пайдалануға да үйрендім.


Әбдібек Нұрай



Дебат-пікірталас ойыны арқылы мен ой өрісімді дамыта алдым. Ізденуді үйрендім. Дебат ол мәдениеттілікке тәрбиелеу болып табылатындықтан мәдениетті болуғада үйрендім десемде болады. Мен дебатты үйренбес бұрын көп жерде өзімді емін еркін ұстай алмайтынмын, көпшіліктің ортасында сөйлей алмайтынмын. Дебат пікірталас ойынын үйрену арқылы емін еркін сөйлеуді үйрендім. Ары қарайда білімімді дамыта беремін, ары қарайда дебатпен жұмыс істей беремін.

Еркеғали Назерке



Шабыт беріп мақсатыңа санаға ылғи жүктейтін

Шақыратын бар әдепке сөз аяғын күт дейтін

Дебат сайын таң боласың, риза болып қайтасың

Жаңалығы таусылмайтын, ақпараты бітпейтін

Құр ойынға баламас ем бұл дебаттың берерін

Жеткілікті біліп алу ненің нағыз керегін

Еркін сөйлеу, қобалжымау, өз-өзіңді көрсету

Пайдалансаң адаспассың, дебаттың бар кемелін

Айшат


Дебаттың маған бергені өте көп. Ең алдымен бір шешім қабылдау үшін оны екі жақты дұрыс талдауды үйрендім. Аудитория алдында өзіңді қалай ұстау керектігін және ең бастысы ойыңды іште жасырып қалмай өз ойыңды анық және толық жеткізуді үйрендім.

Мадияр

Дебатта әркімнің ойы өте бағалы,не дұрыс не бұрыс болсын. Ең бастысы жеңіс емес қатысу демекші,сол ойыннан құмарын алу ең бастысы деп санаймын

Дебатқа қатысқанда мен бірінші рет қатысқандықтан кей қателіктер жібердім.Болашақта юұл қателерді есте сақтап,нақты мәлімет беруді түсіндім.Сонымен бірге дебат арқылы өз сөздік қорымды молайттым, әрі ойымды нақты жеткізе аламын

Дебатты ойнаудың ережелерін кеңірек білдім. Әр сөзімізді растап,аргумент, статистика айтқан кезде ойымыздың дұрыс, жүйелі шығатынын түсіндім. Ең алғаш дебат ойнаған кезде аздап қобалжу, қорқу сезімдері болды. Бірақ тағыда ойнай келе ол сезімдерді жоя бастадым.Маған дебат ойнаған өте ұнады. Алдағы уақытта да осылай керемет ойындар ойнаймыз деген үміттемін.

Қалдаяқ Талшын



Дебат маған өмірге тура көзқараспен қарауды үйретті. Әрдайым өз ойымды жүйелі түрде жеткізуді және де ешқашан берілмей, өз пікірімді қорғауды үйретті. Дебат арқылы өзіме алған жаңа ақпараттарым да аз болмады. Онымен қоса дебат арқылы талпыныс пен ізденіс үстінде болуды үйрендім.

Тұрсынхан Ақжан



Дебат маган көп нәрселерді үйретты.Мысалға айтатын болсақ, әрбір адам сахнаға шыққанда сасқалақтап қалады және өзі айтқысы келген ойын жүзеге асыра алмай қалады.Дебат сол үшін де керек. Дебатта адам өз ойын еркін жеткізе алады.Дебаттан мен көптеген нәрселерді үйрендім.

Айтжанова Амина

Апай сізге көп рақмет бізге көп нəрсе үйреттіңіз,білімінізді бердіңіз,шыдамды болуға, сабырлы болуға үйреттіңіз!

Сізге барлығы үшін рақмееет!

Апай денсаулығыңыз жақсы болсын, шығармашылық табыс тілеймін!

Маған көпшілік алдында қымсынбай,ойымды еркін жеткізуді үйретті. Кез-келген жағдайдан батыл шешім қабылдай отырып, жеңіп шығуды үйретті.

Тілеулес Марат



Дебат маған көп нəрсе үйретті. Еркін сөйлеуді, көпшілік алдында қорықпауды, өз ойыңды ашық жеткізуді үйретті. Дебат арқылы тіл байлығым жақсарды. Рахмет көп- көп!

Сатпек Даяна



Дебат адамның ой ұшқырлығына көмектеседі.Мен Дебат арқылы қарсыласымның ойын тез сіңіре отырып,оған тездетіп жауап беруді үйрендім.Және де көптеген мағлұмат сіңірдім!

Болатхан Айым

Әрбір балаға мейірімділік танытып, оқушыларды дайындап,жарысқа апарып тәжірибе жинатқаныңыз үшін көп -көп рахмет!

Дебаттың маған бергені көп.Ең бірінші мен қабылдаған шешімімнің дұрыс және бұрыс жағынан да қарауға үйрендім.Көпшілік алдында еркін сөйлеп , ойымды нақты жеткізуді үйрендім.Адамға деген сыйластықты және әр нәрсеге нақты дәлелмен сөйлеуді үйрендім

Қанаш Айғаным



Дебат – ойын-сауыққа жақын интеллектуалды ойын. Біздің жан-жақты дамуымыз үшін дебат өте қажет. Ойымызды жүйелі, қысқа да нақты жеткізуге үйретеді. Өмірге, қоршаған ортаға сын көзбен қарап, оның дамуына үлес қосуға итермелейтін күш. Сондықтан қазір дебатқа оқушылардың оң көзқарасы қалыптасқан.

Сонымен қатар дебат кез келген тақырыпты еркін игеріп, өзінің ой-пікірін шешендік қабілеті арқылы көпшілікке жеткізе алуға үйретеді.

Саясатқызы Салимай



Дебат маған көп нарсені үйрете білді.Мәдениеттілікке үйретті және достықты үйретті.Сыныптағы маска таққан достарымнан гөрі дебаттағы қарсылас достарымның артық екенін тусіндірді.Және гылыми тұрғыда ойлауды,әр заттын жаксы мен жаман жағын,осы екі жіпті ажырата білуге үйретті.

Ермағанбет Әліби

Дебат сабағы басталғалы оны қалай ойнайды, не істейді деген сияқты ойлар туындады. Және осынымен мені қызықтырды. Ең алғашқы дебат ойынын ойнағанда өзіме онша сенімді болмадым, қобалжыдым. Тіпті айтқым келген ойларды аздап жеткізе алмай қалдым. Бірақ алғашқы ойыннан көп қателерімді түзетіп, түсіндім.

Келесі ойында өз ойымды жақсы айтып, бірінші ойындағы қателіктерді болдырмауға тырыстым. Өзімнің ойымды толық айтуға, қобалжымауға аз да болса бейімделдім деп айта аламын. Ойынды көрген бір бөлек, ал ойнаған одан да қызықты екен. Жалпы айтқанда өткендегі ойында өзімнің қателіктерімді одан сайын түзедім. Төрешіге ойымды жақсы жеткізуге тырыстым. Дебат ойындарына тағы қатысып, әлі де көптеген тәжірибе алғым келеді.

Аяжан





Пікірсайыс қоғамда қажетті шешім қабылдауға, тәуелсіздікке т.б. дағдыларға шыңдайды. Сондай-ақ пікірсайыс арқылы негізгі мақсат-міндеттерін түсініп, қарсыластарын жеңуге деген ұмтылыстарын қоғамдық жағдайлармен, заман мәдениетімен байланыстыра алады. Оқушылар пікірсайыс мәдениетін меңгеру арқылы адамзат мәдениетін игеруге мүмкіндіктер жасалады.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!