PISA Халықаралық зерттеуінің тест тапсырма үлгілері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

PISA Халықаралық зерттеуінің тест тапсырма үлгілері

Материал туралы қысқаша түсінік
PISA Халықаралық зерттеуінің тест тапсырма үлгілері
Материалдың қысқаша нұсқасы
PISA Халықаралық зерттеуінің тест тапсырма
үлгілері

2

1.ҚАСЫҚТАР
Тапсырма жабық сұрақта
Ыстық суға металл қасық, ағаш қасық жəне пластмасса қасық
салынды. 15 секундтан кейін ұстап көргенде, қай қасық ең
ыстық болады?
A Металл қасық.
B Ағаш қасық.
C Пластмасса қасық.
D Үш қасықтың да ұстап көргендегі қызуы бірдей.

2.БӨЛГІШТЕР
Тапсырма ашық сұрақта
Дəурен - плита төсеуші. Ол еденге немесе қабырғаға плита
салғанда бөлгіштерді пайдаланады.
Мұнда бөлгіштердің барлық үш түрі мен формасы бар : L, T
жəне +. Үш бөлгіш төменде 9 квадрат плитаның квадрат
орналасуында көрсетілген.
Ескерту: Суретте масштаб ескеріл

Ескерту: Суретте масштаб ескерілмеген.

3

3.ФУДЗИ ТАУЫНА ШЫҒУ
Фудзи тауы Жапониядағы белгілі тыныш жатқан вулкан.

Марат Готемба соқпағымен жүру барысындағы қадамдарды
өлшеу үшін педометр қолданды. Оның педометрі, оның
жоғарыға шығатын жолмен 22500 қадам өткенін көрсетті.
Марат Готемба соқпағымен 9 км жоғары көтеріліп бара жатқан
кездегі оның қадамының орташа ұзындығын есептеңдер.
Жауапты сантиметрмен жазыңдар.
Жауап: ................................................. см.
Сипаттау: Ұзындықты белгілі бір санға бөліп, сантиметрмен
коэфициенттік қатынасты беру қажет.
Математикалық сала: Сан.
Мәнмәтін: Әлеуметтік.
Оқу-танымдық әрекет түрі: Қолдану.
Сұрақ форматы: Құрылымдық.

4

4. АЙНАЛМАЛЫ ЕСІК
Кіріс шығыс қалқалар
Айналмалы есік дөңгелек кеңістік ішінде айналатын үш
ішкі есіктен тұрады. Ішкі диаметр 2 метрден тұрады (200
сантиметр). Есіктің үш қалқасы кеңістікті үш бірдей бөлімге
бөледі. Төмендегі жоғары жағынан қарағандағы түрмен
берілген жоспар есіктің қалқаларын үш түрлі қырынан
көрсетеді.

Кіріс
Қалқалар

Шығыс

Сиптаттау: Ақпаратты анықтау жəне есепті шығару үшін
сандық модель құрастыру.
Математикалық сала: Сан.
Мәнмәтін: Ғылыми.
Оқу-танымдық әрекет түрі: Пайымдау.
Сұрақ форматы: Қарапайым сұрақты таңдау.
Күрделілік: 561.3 (4 деңгей).

5

1. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ
ЖЕРДЕГІ АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫНЫҢ АРТУЫ
Өткен ғасырда жер атмосферасының орташа температурасы
көтерілген. Газеттер мен мерзімдік баспасөзде температура
көтерілуінің басты себебі атмосферадағы көмір қышқыл газы
шоғырлануының артуы деп жиі атайды.
ЖЕРДЕГІ АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ
Жердегі температура көтерілуінің салдарларының бірі
Антарктида мен Гренландияны басып жатқан мұздардың еруі
болып табылады. Полярлық мұздардың еруі келешекте
жағалауда жатқан, немесе соның жанындағы əлемдегі əрбір
елге айтарлықтай əсерін тигізуі мүмкін .

Осы əсер келешекте нақты не нəрседе көрінісін табуы
мүмкін?
……………………………………………………………………………
…………………………………………................................................
Жауап толығымен қабылданады
Ықтимал су тасқыны (теңіздегі су деңгейінің көтерілуіне
сілтеме жасалынуы, немесе жасалынбауы мүмкін), немесе
басқа да салдарлары көрсетіледі.





Жағалауды су алады.
Өсімдіктер жойылады.
Құрылық саны азаяды.
Су көтерілуі.

6

2. ВЕЛОСИПЕДШІ АЙЖАН
Айжан жаңа велосипед сатып алды. Велосипедтің
рулінде

жылдамдық

өлшегіш

қондырылған.

Жылдамдық өлшегіш Айжан велосипедпен жүріп
өткен

қашықтық

пен

жолдағы

орташа

жылдамдықты көрсетеді.
2 Сұрақ. Жолда Айжан алғашқы 10 минутта 4 км
жүрді жəне содан соң келесі 5 минутта 2 км жүрді.
Келесі айтылғандардың қайсысы дұрыс?
1. Айжанның алғашқы 10 минуттағы орташа жылдамдығы
келесі 5 минуттағыға қарағанда артығырақ болған.
2. Айжанның орташа жылдамдығы алғашқы 10 минут пен
келесі 5 минутта бірдей болған.
3. Айжанның орташа жылдамдығы алғашқы 10 минутта
келесі 5 минуттағыдан азырақ болған.
4. Берілген ақпараттан Айжанның жылдамдығы туралы
ештеңе айту мүмкін емес.
Сипаттау:

Уақытты

және

жүрген

жолдың

жылдамдығын жылдамдығын есептеу.
Математикалық сала: Өзгерістер мен қатынас.
Мәнмәтін: Жеке бастық.
Оқу-танымдық әрекет түрі: Қолдану.
1. Сұрақ форматы: Жауапты таңдау
2. Күрделілік: 696,6 (6 деңгей).
Қазақстандық оқушылардың дұрыс жауабы: 52 %

7

орташа

3 Сұрақ. Айжан өз велосипедімен үйінен 4 км қашықтықтағы
жатқан өзенге дейін барды. Оған 9 минут қажет болды. Ол
үйіне 3 км қысқа жолмен қайтты. Бұл үшін оған 6 минут қажет
болды. Айжанның өзенге дейінгі жəне артқа қарай орташа
жылдамдығы (км/сағ) қандай? Орташа жылдамдық …………..
км/сағ.
Сипаттау: Екі жүріп өткен жол мен кеткен уақытты ескере
отырып, екі жолдың ораша жылдамдығын есептеу.
Математикалық сала: Өзгерістер мен қатынас.
Мәнмәтін: Жеке бастық.
Оқу-танымдық әрекет түрі: Қолдану.
Сұрақ форматы: Құрылымдық.
Күрделілік: 696,6 (6 деңгей).
Толық жауап: 28 км/сағ.
Қазақстандық оқушылардың дұрыс жауабы: 20 %

8

3. ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Біздің денсаулығымызға жүйелі, бірақ қалыпты денешынықтыру
жаттығулары пайдалы.

Сұрақ түрі: «Иə/Жоқ» жауабын таңдау
Құзыреттілік: Құбылыстарды ғылыми
тұрғыдан түсіндіру
Мазмұны: Жермен, ғаламшармен
байланысты жүйелер (жаратылыстану
ғылымы білімі)
Қолдану саласы: Денсаулық
Мәнмәтін: Жеке бастық
Күрделілік деңгейі: 386
Дұрыс орындалу пайызы: ЭЫДҰ елдері –
82,4%

708 6 деңгей
633 5 деңгей
559 4 деңгей
484 3 деңгей
409 2 деңгей
1 деңгей
335 1 деңгейден
төмен

ФИЗИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Жүйелі денешынықтыру жаттығуларының пайдасы неде?
Әр жолдан «Иə» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін
айналдыра сызыңыз.

9

Жүйелі денешынықтыру жаттығулары пайдалы ма?
Иә немесе
Жоқ
Денешынықтыру жаттығулары жүрек жəне қан тамыры Иə/Жоқ
жүйесінің ауруларының профилактикасына пайдалы
Денешынықтыру жаттығулары дұрыс тамақтануға
Иə/Жоқ
үйретеді
Денешынықтыру жаттығулары артық салмақтан арылуғаИə/Жоқ
көмектеседі
4. «ТОҚАШ»
Бойжеткен орталық бекетте поезд күтіп отырды. Ол уақытты
өткізу үшін кітап сатып алмақ болды. Кітаппен бірге ол бір қорап
тоқаш сатып алды. Содан соң ол күту залынан тыныш отырып,
кітап оқуға болатын бос орын тауып алды.
Тоқаш қорабы бойжеткен мен газет оқып отырған ер адамның
арасындағы орындықта болатын. Ол бір тоқашты алған кезде, ер
адам да біреуін алды. Ол таңқалғанымен, ешнəрсе айтпады жəне
одан əрі оқи берді. Ол ішінен «Сене алар емеспін! Егер мен
батылдау болғанда, міндетті түрде бірдеңе дер едім» деп ойлады.
Ол əрбір тоқашты алған сайын, ер адам да тура солай істеді.
Қорапта бір тоқаш қалғанға дейін солай бола берді. Бойжеткен ер
адамның не істейтінін көру үшін күте тұрмақ болып шешті. Ал, ол
соңғы тоқашты алып, оны екіге бөліп, оған жартысын берді.
Таңқалған ол кітапты сөмкесіне лақтырып салып, орнынан тұра
жүгірді. Ол сабырға келу үшін залдың екінші шетіне барып отырды.
Ашуы тарқаған соң, ол кітабын алуға сөмкесін ашты. Тек сонда
ғана, ол өзінің қорабы ашылмаған тоқашы сөмкесінде жатқанын
көрді.
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін жоғарыда берілген «Тоқаш»
əңгімесін қолданыңдар:
1сұрақ.
Әңгіменің басында бойжеткен не істеді?
A. Ол бекетте поезд күтіп отырды.
B. Ол бекеттен кетейін деп жатты.
C. Ол бекетте ер адаммен сөйлесіп жатты.
D. Ол бекетте газет сатып алып жатты.
2 сұрақ.
Әңгіменің ортасында бойжеткен «Сене алар емеспін!» деді.
Бойжеткен не нəрсеге сене алар емес?

10

Сұрақ түрі: Тұтас мәтін
Құзыреттілік: Мəтінннен ақпарат табу
Мазмұны: Хабарлау
Мәнмәтін: Қоғамдық
Сұрақтың форматы: қысқаша жауапты таңдау
Күрделілік деңгейі: 340 (1 деңгей)
Қазақстандық оқушылардың дұрыс орындау пайызы: 90%

2 сұрақ. Мəтіннің ортасында қыз бала «сене алмаймын деді»
Неге сене алмайды?

Сұрақ түрі: Тұтас мәтін
Құзыреттілік: Мəтінннен ақпарат табу
Мазмұны: Хабарлау
Мәнмәтін: Қоғамдық
Сұрақтың форматы: Еркін құрастырылатын жауап
Күрделілік деңгейі: 420 (2 деңгей)
Қазақстандық оқушылардың дұрыс орындау пайызы: 54%

11

МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
5. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Төменде 7 аймақтағы тұрғындар саны мен жұмыспен
қамтамасыз етілу туралы мəлімет көрсетілген. Жұмыc күші
ретінде саналмаған адамдардың ішіне балалар, үйдегі ата-

6

1
4
2

5

7
3

аналар жəне зейнеткерлер кіреді.

12

Сұрақ 1: Жұмыспен қамтамасыз етілу туралы мәлімет
2010-жылдың желтоқсанында қай аймақта жұмыссыз
адамдардың ең көп саны болған?
Аймақтың нөмірі: ................
Сұрақ 2: Жұмыспен қамтамасыз етілу туралы мәлімет
2009 жылғы желтоқсан айында 2 аймақтағы жұмыс
күшіндегі адамдардың жалпы саны қанша болды?
Адамдардың жалпы саны: .
Сұрақ 3: Жұмыспен қамтамасыз етілу туралы мәлімет
Мына мəліметке қатысты келесі пайымдаулар дұрыс па?
Әрбір пайымдауға «Иə» немесе «Жоқ» дегенді айналдыра
сызыңыз.

Жұмыc күші
( балалар, үйдегі ата-аналар жəне
зейнеткерлерді қоспағанда )
Жұмыспен
қамтылған
адамдар саны

Жалпы халық саны
Айм
ақ

Жұмыспен
қамтылмаған
адамдар саны

Желтоқсан Желтоқс Желтоқс Желтоқс Желтоқс Желтоқс
2009
ан 2010 ан 2009 ан 2010 ан 2009 ан 2010

1

24 811

24 916

14 227

14 328

440

591

2

45 901

47 795

21 119

22 157

1 081

1 528

3

5 508

5 563

2 889

2 928

133

180

4

33 082

35 858

15 599

15 558

821

1 164

5

72 811

76 241

34 858

34 929

2 225

2 593

6

52 400

52 584

27 031

26 872

2 756

2 365

7

15 429

16 592

7 879

8 070

354

445

13

Пайымдау

Мына пайымдау
дұрыс па?

2009 жылдың желтоқсаны мен 2010
жылдың желтоқсаны аралығында барлық
аймақтардағы жалпы халық саны артқан.

Иə / Жоқ

2010 жылдың желтоқсанында 1 аймақта
жалпы тұрғындардың жартысынан астамы
жұмыспен қамтылған.

Иə / Жоқ

Сұрақ 4: Жұмыспен қамтамасыз етілу туралы мәлімет
Төмендегі сұраққа жауап беру үшін аймақтар картасын жəне
кестені қолданыңыз.
1, 2, 3 немесе 4 аймақтарының қайсысында 2010 жылдың
желтоқсанында халық тығыздығы (ауданға шаққандағы адам
саны) ең үлкен болған?
A
B
C
D

1 аймақ
2 аймақ
3 аймақ
4 аймақ

14

6. ПЛИТКАЛАРДАН ЖАСАЛҒАН ОЮ
Сұрақ 1: Плиткалардан жасалған ою
Суретте өрнегі бар кафельді плитканың үлгісі бейнеленген:

Сурет 1

Келесі оюлардың қайсысын 1 суретте бейнеленген
үлгідегідей 4 плиткадан қосып жасауға болмайды?

A

B

C

D

15

7. ЖЫЛУ ЖОЛЫ
Сұрақ 1: Жылу жолы
Төрт үй қабырғалары 12 км жəне 5 км тіктөртбұрыштың
төбелері болатындай орналасқан. Осы тіктөртбұрыштың
центрінде жылу станциясы орналасқан. Төменде осы үйлерді
жылу станциясына қосатын құбыр жүргізудің төрт түрлі

X

N

Z

H

сызбасы берілген:

Бұл сызбаларды, оларға сəйкес құбыр жүргізудің ең
қысқасынан бастап, ең ұзынымен аяқталатындай ретте
орналастырыңыз
_____
Ең
қысқа

_____

_____

_____
Ең
ұзын

16

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САУАТТЫЛЫҒЫ
8. СҮТ
Келесі мәліметті оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Cүтқоректілер төлдерінің алғашқы ішетін тамағы – cүт.
Олар ішетін сүттегі нəрлі заттар аналарының сүтіндегімен
бірдей болуы денсаулықтары үшін өте маңызды.
Кестеде үш сүтқоректілер: сиыр, қасқыр жəне адам
сүттерінің құрамына кіретін негізгі заттар келтірілген.
Мəліметтер сүттің 100 грамында орта есеппен қанша май,
белок жəне көмірсулар бар екенін көрсетеді.

Зат

Әйел
Қасқыр
Сиыр
адамны
сүті
сүті (г)
ң сүті
(г)
(г)

Май

3,9

9,6

4,0

Белок

3,4

9,2

1,4

Көмірсу

4,9

3,4

7,0

Қасқырлардың арасында, қасқырдың сүтімен асырап
өсірілген кішкентай балалар туралы аңыздар мен əңгімелер
бар. Осындай аңыздардың бірінде көне заманда Еуропа
ормандарында өскен бала туралы айтылады.
Кестедегі мəліметтер осы аңыздың шындығын растау
үшін де, жалған екенін дəлелдеу үшін де қолданылуы мүмкін.
Сұрақ 1: Сүт
Кестенің мəліметтерін пайдаланып, бұл аңыз шын болуы
мүмкін екенінің дəлелін келтіріңіз.
.....................................................................................................
.....................................................................................................
.....................................................................................................

17

Сұрақ 2: Сүт
Кестенің мəліметтерін пайдаланып, бұл аңыз шын болуы
мүмкін емес екендігінің дəлелін келтіріңіз.
.....................................................................................................
.....................................................................................................
.....................................................................................................
Сіз əр түрлі сортты, құрамындағы майлар мен
белоктардың мөлшері əр түрлі сүт сатып алуыңызға болады.
Жанар «Айналайын» сүтінің ақ жəне көгілдір пакеттердегі
екі сортын сатып алады. Сүттің пакеттеріндегі жазуларда оның
екі сортының да құрамындағы майлар мен белоктардың
мөлшері туралы келесі мəліметтер бар.

«Айналайын»,
ақ пакет
(100 г-ға)
Майлар
Белоктар
3,9 г
3,4 г

«Айналайын»,
көгілдір
пакет (100 г-ға)
Майлар
Белоктар
0,0 г
3,4 г

Сұрақ 3: Сүт
Егер сүтті бөлме температурасында (мысалы, 20oC)
қалдырса, онда біраз уақыттан кейін ол ашып кетеді. Оған
қоса, сүтте тығыз нəрселер (негізінде түйіршіктер түрінде)
пайда болады.
Жанар бұл тығыз нəрселер неден тұратынын анықтағысы
келеді.
Ол ақ пакеттен 100 г сүт жəне көгілдір пакеттен 100 г сүт
алып, оларды 20oC температурада ұстады. 4 күннен кейін
сүттің екеуі де ашып кетті. Ол сүттің құрамындағы тығыз
нəрселердің мөлшері шамамен бірдей болып шыққанын көрді.

18

Сүттің пакеттеріндегі мəліметті пайдаланып, келесі
айтулардың қайсысы осы эксперименттен шыққан тығыз
нəрселерге қатысты ең жақсы қорытынды болып табылатынын
нұсқаңыз.
A
B
C
D

Тығыз нəрселер тек майлардан ғана тұрады.
Тығыз нəрселер тек белоктардан ғана тұрады.
Тығыз нəрселер белоктар мен майлардан тұрады.
Тығыз нəрселер майлардан немесе белоктардан тұратынын
анықтау мүмкін емес.

Сұрақ 4: Сүт
Майлар адам үшін қуат көзі ретінде қолданылатын сүттің
құрамындағы заттардың бірі.
Сүттің құрамына
минералдар жəне су.

кіретін

басқа

заттар



көмірсулар,

Осы сүттің құрамына кіретін заттардың қайсысын адам
үшін қуат көзі ретінде пайдалануға болады?
Осылардың
əрқайсысы
үшін
жауаптарының бірін қоршаңыз.

«Иə»

немесе

Заттар

Қуат көзі?

Көмірсулар

Иə / Жоқ

Минералдар

Иə / Жоқ

Су

Иə / Жоқ

19

«Жоқ»

9. АС ҚОРЫТУ БОЙЫНША ЭКСПЕРИМЕНТ
Лаззаро Спалланцани тамақ бұлшық еттің күш салуынан
емес, ас қорыту сөлінің көмегімен қорытылатыны туралы
пікірді 18 ғасырда айтты. Мұны көрсету үшін, ол іші қуыс
ұзындығы 2 см жəне диаметрі 0,5 см ағаш түтікшені жұтты.
Түтікшенің ішінде кішкене ет болды. Түтікшенің екі жағы да
жабулы, ал қабырғаларында көп кішкене тесіктер жасалған еді.
Екі күннен кейін ағаш түтікше оның бойынан шықты. Бұл кезде
ағаш цилиндр бос болды.
Сұрақ 1: Ас қорыту бойынша эксперимент
Өз экспериментінде Спалланцани
тесіктері бар ағаш цилиндрді қолданды.

қабырғаларында

Ол мұны не үшін жасады? Әрбір пайымдау үшін «Иə»
немесе «Жоқ» сөзін қоршаңыз.
Мына пайымдау Спалланцани қабырғасында тесіктері
бар ағаш цилиндрді не үшін қолданғанын түсіндіруінің
бірі бола ала ма?
Ағаш цилиндр қатты болды, сондықтан ас қорыту жолы
бұлшық еттерінің цилиндрдің ішіндегі етке əсер етуіне
кедергі жасады.
Ағаш цилиндр тамақты қорытуға көмектесетін
талшықтардан тұрды.
Ағаш цилиндрдегі тесіктер ас қорыту сөліне цилиндрдің
ішіне кіріп, етке əсер тигізуіне мүмкіндік берді.

Иә немесе
Жоқ?
Иə / Жоқ

Иə / Жоқ
Иə / Жоқ

Сұрақ 3: Ас қорыту бойынша эксперимент
Сол кездегі ғалымдар Спалланцанидің экспериментін
қатты сынады. Олар цилиндр қуысындағы ет ас қорыту сөлінің
химиялық əсерінсіз өзі ыдырады деп ойлады.
Бұл сынға жауап беру ретінде Спалланцани өз
экспериментінің
нəтижелерін
басқа
эксперимент
нəтижелерімен саластыруына болар еді.
Етті ас қорыту сөлі қорытқанын көрсету үшін, ол мына
эксперименттердің қайсысын қосымша жүргізуіне болатын
еді?
20

A Етті тура сондай, бірақ тесіктері жоқ ағаш түтікшеге салу.
B Етті тура сондай тесіктері бар, бірақ металдан жасалған
түтікшеге салу.
C Тура сондай, тесіктері бар ағаш түтікшені қолдану, бірақ
еттің орнына картоп салу.
D Кішкене бір тілім етті жұмсақ, су жəне ауа өтпейтін,
қапшыққа салу.
Сұрақ 4: Ас қорыту бойынша эксперимент
Спалланцани өзін сынаушыларға басқа жолмен жауап
берді. Ол құстың (үкінің) асқазанынан ас қорыту сөлін жинап
алды да, төменде сипатталған экспериментті жүргізді. Ол
экспериментті бірнеше рет қайталады жəне əр жолы
нəтижелер бірдей болды.
Су

Ас қорыту сөлі

Су

Ас қорыту сөлі

10 сағат өткен соң

37ºC суы бар ыдыс
Кішкене бір тілім
ет

Кішкене бір
тілім ет

Тек сүйықтық қана

10 сағат өткен соң

Тәжірибенің басы

Енді сіз ас қорыту сөлі тамаққа əсерін тигізгеннен қорыту
процесі жүретіні туралы қорытынды жасай аласыз ба?
ИӘ
ЖОҚ
Екі шыны түтіктегі
жауабыңызды түсіндіріңіз.

нəтижелерді

салыстырып,

.....................................................................................................
.....................................................................................................

21

өз

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
10. ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ
Әлем тілдерінің алуан түрлілігі
Адам қанша тілде сөйлейді?
Картаға қарап, кейбір бағалаулар
бойынша біздің планетамызда 6800-ге
жуық тілдер бар екені туралы ойланып
көріңдер. Барлық тілдердің тоқсан
алты пайызында жер халқының 4%
ғана
сөйлейді.
Әлемдегі
сөйлеу
тілдерінің нақты санын іс жүзінде
анықтау мүмкін емес.
Бұл тілдерде қай жерде сөйлейді?
Австралия және
Мұхит өңірі
19%

Солтүстік және
Этнологке1 сəйкес, Азияда шамамен
Оңтүстік Америка
15%
2200, Африкада – 2060, Австралия

Азия
33%

Африка
30%
Еуропа 3%

мен Мұхит өңірінде – 1300 тілде
сөйлейді, Солтүстік жəне Оңтүстік
Америкада – 1000, жəне Еуропада –
230 тіл қолданылып жүр.
Әлем
тілдерінің
қолданылуы
диаграммада көрсетілген.

Қолданылатын тілдердің ең көбі қай елдерде?
Әлемде белгілі тілдердің жартысын небəрі сегіз елдің халқы
пайдаланады.
Халық
Ел
Тілдер саны
(миллион)
Папуа Жаңа Гвинея
832
6,3
Индонезия
731
231,6
Нигерия
515
148
Үндістан
400
1169
Мексика
295
106,5
Камерун
286
18,5
Австралия
268
21,1
Бразилия
234
187,2

1

Қазіргі кезде қолданылатын барлық белгілі әлем тілдерінің жиынтығы бар анықтама кітабы.

22

Неліктен тілдердің нақты санын анықтау
қиын?
Біріншіден, көптеген тілдер жөнінде біз
өте аз білеміз. Әлемнің көптеген бөліктерінде
тілді зерттеу аяқталған жоқ. Кейбір тілдерді
табу (ашу) əлі алда. Көптеген тілдер жеткілікті
зерттелген жоқ. Бұл Азияның, Африканың,
Австралияның, сондай-ақ Солтүстік жəне
Оңтүстік Американың де көптеген тілдеріне
қатысты.
Екіншіден, ұлттық болмыс пен өзара
түсінісу нышандары үйлеспеуі мүмкін. Кейбір
жағдайларда
саяси
нышандар
лингвистикалық мəселелерден басым болып
жатады. Мысалы, швед, дат жəне норвег
тілдері
өзара
түсінісуге
қиыншылық
туғызбайды (бұл лингвистикалық нышан),
дегенмен əр түрлі елдерде осы тілдерде
сөйлейтін болғандықтан (саяси нышан),
олардың үшеуі де өз алдына жеке тілдер
болып саналады. Басқа жағынан алғанда,
қытай тіліндегі көптеген диалектілер өзара
түсініспейді, бірақ бір елде сөйленетіндіктен
жəне бір жазу жүйесін қолданатындықтан, бір
тілдің нұсқалары деп саналады.
Бір тілде қанша адам сөйлейтінін анықтау
неге қиын?
Белгілі бір тілде сөйлейтін халық санын
бағалаулардың едəуір айырмашылықтары
болуы мүмкін. Кейбір зерттеулер тек ана
(бірінші) тілінде ғана сөйлейтіндерді есепке
алады. Басқалары ана (бірінші) тілінде де,
қарым-қатынас жасайтын (ана тілі емес,
күнделікті өмірде қолданатын екінші) тілде де
сөйлейтіндерді қосады. «Этнолог» бүкіл
əлемде ағылшын тілін қолданудың мынандай
статистикасын келтіреді: бірінші тіл ретінде –
341 миллион адам, ал бірінші жəне екінші тіл
ретінде – 508 миллион адам қолданады.
23

Келесі сұрақтарға жауап беру үшін, алдыңғы екі бетте келтірілген
«Әлем тілдері» мақаласын пайдаланыңыз.
Сұрақ 1: Әлем тілдері
Қай өңірде тілдер бəрінен аз?
A Солтүстік жəне Оңтүстік Америка.
B Африка.
C Еуропа.
D Азия.
E Австралия жəне Мұхит өңірі.

Сұрақ 2: Әлем тілдері
«Барлық тілдердің тоқсан алты пайызында жер халқының 4%-ы ғана
сөйлейді» (1-ші азат жол).
Бұл нені білдіреді?
A Адамдардың көпшілігі тек бір тілде сөйлейді.
B Кейбір адамдар көп тілдерде сөйлейді.
C Көптеген əлем тілдерінде адамдар өте аз сөйлейді.
D Кейбір əлем тілдері қолданыстан шыққан.

24

Сұрақ 3: Әлем тілдері
Оқырман бірінші беттің соңындағы кестеге, содан кейін екінші
беттегі мəтіннің бірінші азат жолына қарап, былай деді: «Мақаланың бұл
екі бөлігі бір-біріне қарама қайшы».
Ол не туралы айтты?
............................................................................................................................
............................................................................................................................
............................................................................................................................

Сұрақ 4: Әлем тілдері
Мақаланың екінші бетінде тілдердің
қиындығының бірнеше себебі аталады.

нақты

санын

анықтау

Төменде осы қиындықтың мүмкін екі себебі келтірілген.
Бұл мүмкін себептердің əрқайсысы мақалаға енгізілді ме? Жауап
беру үшін «Иə» немесе «Жоқ» сөздерінің бірін айналдыра сызыңыз.

Мүмкін себеп

Бұл себеп мақалаға
енгізілді ме?

Адамдардың «тіл» деп нені санау керек
екені жөнінде пікірлері қайшы.

Иə / Жоқ

Кейбір тілдер тек ауызша түрде ғана
бар, олардың жазуы жоқ.

Иə / Жоқ

25

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БОЙЫНША АШЫҚ СҰРАҚТАРДЫҢ
ЖАУАПТАРЫ
1 сұрақ,тапсырма «Сүт»
Жауап толық қабылданады
Код 1:
Сүттің екі түрінің де құрамы бірдей деген (майлар, белоктар,
көмірсулар) фактіге негізделген түсіндіру беріледі.
НЕМЕСЕ
Қасқырдың сүтінде майлар мен (немесе) белоктардың
немесе тіпті біраз көбірек мөлшері бар екені түсіндіріледі.

жеткілікті

 Аңыз шын болуы мүмкін, өйткені қасқырдың сүтінде де, əйел
адамның сүтінде де майлар, белоктар жəне көмірсулар бар.
 Бала өзіне қажеттінің бəрін, тіпті одан да көпті алар еді.
 Қасқырдың сүтінде бала үшін майлар мен белоктар жеткілікті.
 Қасқырдың сүтінде тіпті майлар мен белоктар көбірек, демек, əйел
адамның сүтіне қарағанда энергия да көбірек.
Жауап қабылданбайды
Код 0:

Басқа жауаптар

Қасқырдың сүтінде көмірсулар аз, ол өсетін балаға жеткіліксіз.
Бала үшін қасқырдың сүтіндегі нəрлі заттардың мөлшері ана
сүтіндегідей дерлік.
Код 9:

Жауабы жоқ.

2 сұрақ,тапсырма «Сүт»
Жауап толық қабылданады
Код 1:
Әйел адамның сүті мен қасқырдың сүтінің құрамындағы
(немесе құрауыштарының бірінің мөлшеріндегі) (едəуір) айырмашылыққа
негізделген түсіндіру беріледі.
 Мен аңыз шын деп ойламаймын, өйткені əйел адамның сүтінің
қасқырдың сүтінен айтарлықтай айырмашылығы бар.
 Көмірсулардың мөлшері олар қамтамасыз ететін энергиямен дереу
қамдау үшін жеткіліксіз.
26

Жауап қабылданбайды
Код 0:

Басқа жауаптар

Қасқырдың сүтінде белоктар мен майлар көп, бұл оған көп қуат берді.
Жоқ, ақпарат мүлде жоқ. Қасқыр балаға емшек емізді ме, жоқ па, бұл
сүттің əр түріндегі майлардың мөлшерімен ешбір байланысы жоқ.
Аңыз алдамшы, өйткені нəрестелер анасының сүтін емуі керек.
Код 9:
Жауабы жоқ. Сіз əр түрлі сортты, құрамындағы майлар мен
белоктардың мөлшері əр түрлі сүт сатып алуыңызға болады.
3 сұрақ,тапсырма «Сүт»
• Код 2:
«Иə», ас қорыту сөлімен толтырылған түтіктегі етте
болған өзгерістерге байланысты (екінші түтіктегі емес) дəлел
келтірілген. Анық емес салыстыру да жарайды.
• … өйткені ет тек ас қорыту сөлі болған түтікте ғана ыдырады
• … өйткені ет ас қорыту сөлі болған түтікте ғана жоқ болып кетті.
• … өйткені ет ас қорыту сөлі болмаған (жоқ) түтікте қорытылған жоқ.
• Иə. Екі жағдайда да ет толық дерлік ыдырады. Бұл ас қорыту сөлі
ас қорытуға себін тигізетінін білдіреді. [«Екі жағдай» - бұл «түтікше
жұту» эксперименті және түтікпен жүргізілген эксперимент деп
болжауға болады].
• Жауап жартылай қабылданады
• Код 1:
«Иə», етте болған өзгерістермен байланысты дəлелдер
келтірілген, бірақ екі жағдайды салыстыру жоқ.
• … өйткені 10 сағат өткеннен кейін химиялық (əрекет) реакция жүрді.
• … өйткені ет жоқ болып кетті.
Жауап қабылданбайды
• Код 0:

Басқа жауаптар.

• Иə. [Бірақ түсіндіру берілмеген.]
Код 9:

Жауап жоқ.
27

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
Жауап толық қабылданады
Код 1:
Екінші беттегі бірінші абзацта «Неліктен тілдер санын дəл
анықтау соншалықты қиын?» деген тілдерді санаудың қиындығы туралы
ескертуге қарамастан, кестеде олардың саны туралы нақты деректер
келтірілгені айтылады. Жалпы пайымдаулар да, мəтіннен алынған
мысалдар да қабылданады.
 Кесте əр түрлі елдердегі тілдер саны бойынша нақты цифрлар бар
екенін көрсетеді, ал мəтінде жер шарының көптеген бөліктеріндегі
тілдер саны белгісіз деп айтылады.
 832 – бұл нақты сан, оны анықтау мүмкін емес деп айтылып еді ғой!
 832 – бұл тіпті дəп-дəл! [Мәтінде тілдердің нақты нақты саны
белгісіз екені туралы айтылатыны көмескі түрде тұспалданады]
 Онда австралиялық тілдер жеткіліксіз зерттелген деп айтылады,
бірақ австралиялық тілдердің нақты саны (268) келтіріледі.
 Бірінші абзацта тілдердің нақты санын анықтау қиын деп айтылған.
[Кестеде дәл сандар келтірілгенін түсіну көмескі айтылған]
Жауап қабылданбайды
Код 0:

Толық емес немесе түсініксіз жауап берілген.

• Зерттеушілер əр түрлі қорытындылар жасады.
• Көптеген тілдер жеткілікті зерттелмеген. [Кестемен
қайшылығын көрсетпей, абзацтан дәйексөз келтіреді.]

қарама-

Материалды анық түсінбеу немесе шындыққа жатпайтын не мəнсіз
жауап.
• Кестеде жəне абзацта барлық елдер туралы айтылмаған.
• Абзацта бұл елдердің халқы аталмаған.
Код 9: Жауабы жоқ

28
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
08.02.2024
603
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі