400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

PISA, TIMSS халықаралық зерттеулері: пәнді оқытуға көзқарас

Материал туралы қысқаша түсінік
ПИЗА, ТИМС халықаралық зерттеулерінде жаратылыстану бағыты бойынша тапсырмалар күнделікті өмірмен байланысты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЭССЕ

PISA, TIMSS халықаралық зерттеулері: пәнді оқытуға көзқарас

«Біз әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беруге қол жеткізуіміз керек»

Н.Ә.Назарбаев

Қазақстандық білім беру саласының тиімділігі көбіне мониторингтік зерттеулер мен бағалау технологиясының аясында алынған мәліметтерді пайдалану деңгейіне тәуелді. Қазақстанның халықаралық зерттеулерге қатысуы елдегі білім сапасын арттыруда маңызы зор.

PISA, TIMSS жобалары бастауыш және негізгі мектептің білім сапасын бағалайтын халықаралық зерттеулер. Қазақстанда бұл зерттеулерді алғашқы рет 2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты ”Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы“ өткізді. Зерттеуді өткізу уақыты да белгіленген.

Алдымен, халықаралық салыстырмалы зерттеулер дегеніміз не және оның маңыздылығына тоқтала кетсек. Бұл зерттеулер қазіргі уақытта әлемде мектептегі білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады.

Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. Оқушылар  бойындағы  бейімділік  пен  талантын,  танымдық, ізденушілік қабілеттерін зерттеу негізінде қазіргі заман талабына сай шығармашыл тұлға  қалыптастыру.



Жоба оқу үдерісінде шығармашылық ойлауды дамыту арқылы химия тапсырмаларын қолданудың маңыздылығын ашып көрсетеді, бұл оқушылардың білім сапасын артыруға септігін тигізеді, функционалды сауаттылық тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың ғылыми ойлау қабілеті дамиды.

Мысалы: химия пәнінен функционалды сауаттылық тапсырмалары

1-тапсырма

Қалалардағы ауаның ластануының апатты деңгейі бар қалалардың тізімі жыл сайын артып келеді. Атмосфераны ластау мәселесін шешу үшін жоба немесе акция ұсыныңыз.

_____________ ________________ _______________________

Сұрақ 1. Адам әрекеті атмосфераның ластануына әсер ететін қандай салдарға әкелді? Жалғыз дұрыс жауапты таңдаңыз. А) Жаһандық экологиялық проблемаларға алып келеді. Б) соңғы 200 жылда көміртегі қос тотығының концентрациясы 30% - ға жуық өсті. В) автомобильдердің пайдаланылған газдарымен атмосфераға азот оксидтері түседі

2 тапсырма

ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫНДАР

Қышқыл (сірке су қышқылы) реакцияның өтуінде міндетті шарт екені көрсетілген

А) Осы реакцияны жасау үшін жаңбырдың суы қышқыл болуы керек (қышқыл

жаңбыр сияқты) және таза сумен реакция болмайтынына көз жеткізіңіз

Ә) Мәрмәр кесектерінде ақаудың барына тағы қандай себептер бар екендігін

қарау

Б) Өйткені, мәрмәрдің кесектері неше түрлі сұйықтықтарға әсер етпейді, себебі

су бейтарап болып саналады.

Реакция теңдеулерін жазу

А__________________________________________________________

Ә__________________________________________________________

Б__________________________________________________________

3 -тапсырма

ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫНДАР

Төмендегі берілген суретте Кариатидами деп аталатын, Афинадағы

Акрополда 2500 жыл бұрын тұрғызылған мүсіндер келтірілген. Бұл мүсіндер мрамор деп аталатын тау жынысынан сымбатталған. Мрамор карбонат пен кальцийден тұрады1890 жылы мүсіндердің түпнұсқасы Акропольдың музейіне ауыстырылып, ал оның орнына көшірмесі тұрғызылды. Мүсіндердің түпнұсқасын қышқыл жауындар жеп қойған.

Қышқыл жауындардың мраморға әсерін үлгілеп білу үшін, мраморды бір түнге

сірке суына салып қойса болады. Сірке суы мен қышқыл жауынның қышқылдық деңгейі шамамен бірдей. Бір кесек мраморды сірке суына салғанда газдың көпіршіктері пайда болғанын бақылауға болады. Құрғақ мрамордың массасын тәжірибенің басы және аяғында өлшейді.

Сұрақ: ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫНДАР

Осы тәжірибені өткізген оқушылар түнде бір кесек мраморды сірке суына, ал екіншісін жай (тазартылған) суға салды.

Оқушылар бұл сынауды өздерінің тәжірибесіне неліктен қосқанын түсіндіріп

жазыңыз......................................................................................................................

Тапсырмаларды күнделікті сабақ жоспарына кіріктіру үшін,  тапсырмалары сол сабақ мақсатына бірдей болуы керек. Тапсырманы PISA , TIMSS тапсырмаларынан немесе мұғалім өзі дайындауына болады. Күнделікті сабақ барысында бір тапсырма орындаған оқушының функционалдық сауаттылығы артады.

Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты білімді, кәсіпкерлік ортаға бейімді етіп тәрбиелеу басты бағытымыз болып саналады.

Біздің міндетіміз тұлғаны жауапкершілік, ерік күш сезімдерін сіңіру,  яғни олардың дамуына үлкен мән беру. Ал дамудың негізі — білімде.

Елдің ертеңі білімнің тереңдігімен өлшенеді. Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамды, қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді. Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты – оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау  қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету. 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
24 мамыр
244
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі