Пневматикалық мылтықтан ату. Далалық оқу жиыны 19-сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пневматикалық мылтықтан ату. Далалық оқу жиыны 19-сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Атыс дайындығы 1. Пневматикалық мылтықтан ату жаттығулары Тізеге тіреп ату
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

    Сабақ тақырыбы: Пневматикалық мылтықтан ату

Бөлім:

Атыс дайындығы

Педагогтің аты-жөні:

Абдикешов Д.А.

Күні:


Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Пневматикалық мылтықтан ату

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1. Пневматикалық мылтықтан ату жаттығулары

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Пневматикалық қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шараларын, пневматикалық қарудан ату тәсілдерін біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

Пневматикалық қарудан ату тәсілдерін дұрыс орындайды.

Кейбір оқушылар:

Нысанаға дәл тигізе алады

Құндылықтарға баулу

Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресур-р

Басы

3'

Амандасу, түгелдеу, оқушылардың сырт көріністерін, құрал-жабдықтардың дұрыс сәйкестігін тексеру.

Взвод командирінің орынбасары оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға сабаққа дайындығы жөнінде баяндама жасайды.



Ортасы

5'


Білу

Пневматикалық қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы оқушыларға түсіндіремін, оларды қатаң түрде ұстану қажет екенін жеткіземін.

- Пневматикалық қаруды әрдайым сақтықпен пайдаланыңдар.

- Қаруды ату қажет болмаған затқа, әсіресе адамға бағыттамаңдар!

- Қаруды ұңғысын жаттығу нысанасы жаққа бағытталған жағдайда, ал алып жүргенде ұңғысын төмен немесе жоғары қаратып ұстау қажет.

- Ешқашан, тіпті қару оқталмаған болса да, саусақты ағытқыш құйрықшада ұстап тұрмау қажет. Бұл тек жаттығу нысанасын көздегеннен кейін орындалады. Осыған дейін оны сақтандырғыш тоғынында ұстау қажет.

- Қаруды тек атыс шебінде ғана оқтау және соққылық жағдайға келтіру керек.

- Атыс жүргізіліп жатқан аумақты, әсіресе оптикалық көздеуішті пайдаланғанда, бақылаңдар. Топ болып атыс жүргізгенде, топ мүшелерінің ату шебі аумағына (немесе ұшқан оқтың жолына перпендикуляр болатын ұңғы ауызының сызығы) кіріп кетуінен абай болыңдар.

- Бір-біріңе оқталған немесе соққылық жағдайға келтірілген қаруды бермеңдер.

- Оқталған немесе соққылық жағдайға келтірілген қаруды қараусыз қалдырып кетпеңдер.

- Қаруды қараусыз қалдыруға тыйым салынады.

- Егер жаттығу нысанасы аймағында адамдар жүрген болса, қаруға тиіспеңдер (қару оқталмаған болса да).

- Егер атыс жаттығуы жүріп жатпаса (атыс алаңында орын ауыстырғанда) қаруды бүктелген (бекітпесі ашылған) жағдайда, бірақ оқталмаған және соққылық жағдайға келтірілмеген күйде алып жүру қажет.

- Атыс алдында қарудың техникалық күйін, бұрандаларының жақсы бекітілгенін тексеріңдер.

- Оқталған немесе соққылық жағдайға келтірілген қаруды бөлшектемеңдер.

- Қарудың жұмысқа жарамдылығын тексеру, баптау және жөндеу арнайы бөлінген орындарда, қауіпсіздік шараларын ұстана отырып орындалады.


- Пневматикалық қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шараларын айтып береді.







Қ/Б


АӘТД оқулығы

3'


Түсіну

Пневматикалық мылтықты оқтап, соққылық жағдайға келтіргенде, жеңіл әрекет ету қажет, оны сілкуге, жұлқып ашуға және тарс жабуға болмайды.

Сұқ саусақты ағытқыш құйрықшасына перпендикуляр қояды. Тек ортаңғы саусақ мылтықтың сабын қармап ұстайды. Басбармақ, төртінші және кіші саусақ мылтық сабында тұрады.

Талқылайды, түсінуге тырысады.

- Пневматикалық қарудан ату тәсілдерін анықтайды.



Қ/Б

АӘТД оқулығы

24'


Қолдану

Тізеге тіреп ату үшін

- оң аяқтың астына төсеме (жастықша) қойып, тізерлеп, ату жазықтығына 50-60 градус қиғаштап, өкшеге отыру;

- оң табанның ұшын жерге тіреу;

- сол аяқты тізеде бүгіп, ату жазықтығында, барынша тік болатындай етіп қою;

- сол шынтақпен сол аяқ тізесіне сүйену;

- оң қолымен мылтық дүмі мойыншасынан ұстап, шынтақты бос төмен түсіру;

- сол қолды, иықты, арқаны еркін ұстау;

- терең тыныс алу;

- жартылай дем шығарып, демді ұстау;

- ағытқыш құйрықшасына қатты қысу (шамамен екі есе);

- көздеу (6 секундтан артық емес);

- ату;

- оқтың тиюін қадағалау;

- дем шығару керек.

Пневматикалық қарудан атуға жаттығу


Тәжірибелік көрсетілім. Тәжірибелік көрсетілімнен кейін кемшіліктерді көрсете және жоя отырып, әр оқушының техниканы қайталауын талап етемін, оқушылар қайталап жасайды.

Пневматикалық қарудан атуға жаттығады.

Қ/Б

АӘТД оқулығы

3'


Жинақтау

- Пневматикалық қаруды қолданғандағы қауіпсіздік шараларын атаңдар.

- Тегіс қарауыл деген не және оның көздеу кезіндегі рөлі қандай?

- Көздеу және шүріппені басу кезіндегі орын алатын қателіктерді атаңдар?

- Тұрып, тізерлеп атқандағы әрекеттер тәртібін көрсетіңдер.


Сұрақтарға жауап беру арқылы диалогқа түседі.


Қ/Б



Аяқталуы

2'



Кері байланыс

Әрбір оқушының және жалпы взводтың іс-әрекетіне талдау жасау. Сабақтың мақсатына жетуін анықтау.

Үйге тапсырма беру §4

Бөлімше командирлері жақсы жұмыс жасаған жас сарбаздар мен бөлімшелерді атап өтеді.



     




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2025
96
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі