400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Поэзия кеші Мұқағали Мақатаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кештің мақсаты:

            Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасына көрініс.

Айдос:

-Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты . Иә, Мұқағали- ғажайып, сыршыл, ақын.  Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух,  сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, - деп жырлаған ақын биыл тірі болса ақпан айының тоғызында 8
9 жасқа толар еді.

Ендеше, ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Поэзияның хантәңірі-Мұқағали» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер.

Диана: 
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы»
-деп өзі жырлап кеткендей, ақын туралы бүгінгі таңда естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда. Бірақ ақын туралы айтқанымыздан айтпағанымыз көп болып отыр. М.Мақатаев туралы көбірек білгіміз келсе, оның өлеңдерін оқиық. Алдымен ақынның өзі туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап алайық.

Айдос: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезгендей.  Оған ақынның «Есіңе мені алғасың» атты өлеңі дәлел емес пе? Олай болса барлығымыз бірге осы әнді шырқайықшы.

Диана: «Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,
Неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім,» – деп жырлаған Мұқағали ақын шындығында да поэзиямен егіз дүниеге келген сияқты.
Айдос: Поэзия – адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнеленбей тынбайтын өктем рухтың бейнесі; Ақынның өзге жұрттан артықшылығы – бүкіл болмыспен, табиғатпен табысып, кез келген кісі әсерлене бермейтін кұбылысқа тебіренетіні, кез келген кісі әсерлене бермейтін нәрседен әсерленетіні. Ендігі кезекте поэзия әлеміне саяхат жасасақ.

Диана: 

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-

деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді. 

Амангелді Еркежан «Саржайлау» әні

 Айдос:

Кезінде ақиық ақын М. Мақатаев: 
«Ақынмын деп қалай мен айта аламын, 
Халқымның өз айтқанын қайталадым. 
Күпі киген қазақтың қара өлеңін, 
Шекпен жауып өзіне қайтарамын», - деп қарапайым қазақтың қара өлеңінің жілігін шағып, майын ішті. Дегенмен, өзінің әділ бағасын ала алмай кеткен ақынның әділ таразысы халық болды. Оны күллі халық сүйіп оқиды. Мұқағали шын мәнінде, біртуар екенін халыққа таныта білді

Мұқағали өмірі туралы видеоролик.

Диана:

Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы. 
Халық көңілін сусындатқан, ақын өлеңдерінің көпшілігі өмір туралы, тірршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жыр етеді.

 Бүгінде ақынның ортамызда болмағанына налимыз, ал медет тұтармыз – алып ақынның өзінің көзіндей көрінетін өркеш-өркеш өлеңдері халқынан қалтқысыз бағасын алып, келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады. Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында аласармаумен қымбат та құнды. 

Айтқұл Манас «Сенің көзің » әні

Айдос:

- Мұқағали – біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылыымды зерттемек болсаңдар, онды мен не жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мен өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен. 
Диана:

- Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізіне берейік.
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Жүргізуші:

«Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған» -

деп болашақ ұрпаққа жол сілтеген
Мақатаев жырлары, бүгінгі кеш барысында оқушыларға шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау болады деген сенімдеміз. Олай болса, поэзия кешіміздің қорытынды сөзін тәрбие ісінің меңгерушісі
Нүсіпова Үміт Жапарбекқызына береміз.

Диана:

Мұқағали поэзиясы шырқалып
Қыран құстай қалықтасын асқарда.
Өлеңі оның еш өлмесін, ұрпағы
Тойласын тойын
Шығарып атын аспа
нға!
«Батырды-батыр жеңер белдескенде»,
Шешенді шешен жеңер дау шешкенде.
Осымен тәмамдалды кешіміз бұл
Бақытты күндерде кездескенше.

Айдос:

Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әр бір әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма? – деп бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен халқына деген махаббатын поэзия да ғана емес өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген М. Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап өту біздің парызымыз. Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!

«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!
Диана:

- Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі.

Айдос: 

-Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Поэзияның хантәңірі -Мұқағали» атты әдеби-жыр кешіміз аяқталды.

Диана:

- Келесі көріскенше амандықта болайық.















Дәлел













Мысал













Аян

Бапай

Есікбай

Иманжанов

Садық

Тұржан

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
1501
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі