«Поэзияның Хантәңірі -
Мұқағали»
Кештің мақсаты:
ХХғасырдың
ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев жырларын
өлең сүйер қауымға кеңнен насихаттау.
Ақын поэзиясының халыққа кең
таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту,
түсіндіру, сезіндіру. Шығармашылығының музыкасымен үндесу
ерекшелігін ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік назарына
ұсыну.
Кештің
көрнекілігі:
М.Мақатаевтың суреті, ақынның шығармасы мен
өміріне арналған көрме. Видео сюжеттер.Сазды
музыка.
1
жүргізуші: Армысыздар,
қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған
сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық
жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай
жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің
халық-шынымен де бақытты .
Қуат алып Абайдың тіл
күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, – деп жырлаған ақын биыл тірі болса
ақпан айының тоғызында 91 жасқа толар
еді.
Иә, Мұқағали- ғажайып, сыршыл,
ақын. Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух,
сезім мен сананың бірлігі көңілге
ұялайды.
Ендеше ақиық ақынның
шығармашылығына арналған «Поэзияның Хантәңірі -
Мұқағали»
атты поэзия кешімізді
бастаймыз.
2
жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып,
өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға
Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз
білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали Мақатаевтың
өмір жолынан деректерге назар
аударайық.
Күй
1
жүргізуші:
«Айтылар естеліктер мен
туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
/ Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик
жүреді (слайд)/
Ақиық ақын 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы,
қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында
дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған.
Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті Нарынқолда
интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы
өлеңдерін бастаған болатын.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі
қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді.
Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. Ол 1962 жылы
Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды.
Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік
университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М.
Горький атындағы әлем әдебиеті институтында
білім алады. Мұнан соң
«Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің
(1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»)
(1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының
редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет
атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің
қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде
өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді
еңбектене білді. Көзінің тірісінде жариялап үлгерген жыр
жинақтары:
«Ильич» (1964ж), «Армысыңдар достар» (1966ж), «Қарлығашым
келдің бе?», «Мавр» (1970ж), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым
менің» (1975ж)
2
жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал
ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен
бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезгендей. Оған ақынның
«Есіңе мені алғайсың» атты өлеңі дәлел емес
пе?!
«Есіңе мені алғайсың»
әні
1
жүргізуші: Енді ақынды еске ала
отырып, кезекті оның өлеңдеріне берейік. Туған жерге, елге,
халқына, Отанына, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде
оның басты тақырыбы еді. Ол өзінің ұлтын, туған тілін ерекше
құрметтеді. Ортаға оқушыларың орындауында
Мұқағалидың өлеңдері мәнерлеп
оқылады. /«Үш бақытым», «Отан»,
«Қазақстан», «Туған елге» т.б. өлеңдері
оқылады/
2
жүргізуші: Өлең өнер, өлең дерт,
оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын
әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатады.
Оның әндері-таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Тыңдап жүрген
жанымызға жақын әндердің көбінің сөзін М.Мақатаев ағамыз жазғанын
біле де бермейміз. Кезекті осы әсем әнге
берейік.
Ә н «Саржайлау» 8 «Б» сынып
оқушысы Амангелді Еркежан
1
жүргізуші: Поэзия,
менімен егіз бе едің – деп ақын өзі жырлағандай, М.Мақатаев өлең
жазып қана қоймай, өз өлеңдерін шебер оқи алған ақын. Ол біраз
уақыт Қазақ радиосында диктор болып та қызмет етеді. Оның дауыс
ерекшелігін, оқу мәнерін қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек
Байжанбаев жоғары бағалап, өз қол астына алады. Ендеше ақынның өз
дауысын естіп көрейік.
/ Интерактивті тақтадан
бейнеролик жүреді (өз
дауысы)/
/«Бұлқынып жатыр»,
«Қарлығаш», «Қаздар қайтып барады», «Пай,пай
өмір»/
2
жүргізуші: Осы өлеңдерді тыңдай
отырып, мәнерлеп оқудың не екенін шын мәнінде түсінесің. Ерекше
дауыс тазалығы таң қалдырып, тыңдаушыны өзіне баурайды. Ақын
шеберлігі мына отырған балаларға ғана емес, ұстаздар қауымы бізге
де көп нәрсені үйретеді. Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, ән айтып
қана қоймай көрініс те көрсетуге болады екен. Келесі кезекті
көрініске берсек.
8 сыныптың орындауында
көрініс
1
жүргізуші:
Айтылмаған Мұқаңда арман бар
ма?
Әрбір әні толы ғой
армандарға
Шерте білген мұңдарын жас
қайынға
Дәл Мұқандай қазақта ақын бар
ма? – деп келесі кезекті әнге
берсек.
Би
2
жүргізуші: Бүгінгі таңда жас ұрпақ
Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқумен қатар, ақын ағаның жолын қуып,
қауырсын жырларымен арнаулар да жазатындары аз
емес.
1 –
жүргізуші:
Ақын мұрасы, маржан поэзиясы –
мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін
қазынасы, дей тұра, ғасырымыздың ғаламат ақынына деген қошемет
мемлекет тарапынан әлі де аздау ма дейміз. Оның біз білмейтін тағы
да мәліметтеріміз бар екен. Осы сөзімізге келесі көретін видеосюжет
негіз болады.
/Мұқағали туралы 9
дерек)/
2
жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы –
мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін
қазынасы. Олай
болса, жас
ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған
лебізі.
/оқушылар әріптер алып
шығады/
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық
деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы
бірге.
1 –
жүргізуші:
Біздің де балалар құр алақан
емес.
Бүгінгі кешімізге ат салысып
жатқан балаларға көп рахмет айтып, ақындық жолға басқан қадамдарың
құтты болсын, талаптарыңа нұр жаусын демекпіз. Болашақта сендердің
де іштеріңнен арқалы ақындар шығады деп
сенеміз.
2
жүргізуші: Бүкіл саналы өмірінде елінің
болашағын жырлап өткен халқына деген махаббатын поэзия да ғана емес
өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген М. Мақатаев
мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап өту біздің парызымыз.
Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана,
биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI
ғасырдың жастары-сендерсіңдер!
«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан
-жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік
өмір! Міне, кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың
сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар деп
ойлаймын. Бүгінгі кешіміз осымен аяқталды.