400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Поэзия оқырман ойымен..."

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен өзімді осы кітап пен оқырман арасындағы дәнекер ретінде, оқырмандарыма көркем әдебиеттің прозалық шығармаларымен қатар, поэзиялық туындаларды оқуға ұсынамын. Поэзиялық шығармаларды оқыту прозалық шығармаларды оқытуға қарағанда әлдеқайда қиын екендігін күнделікті жұмысымызда байқаймыз. Себебі, лирикалық шығармаларда ақынның өз ойы- сезімі, көңіл-күйі алдыңғы орынға шығады. Ақынның сол сәттегі сезінулерін түйсіну кез-келген оқырман тұрмақ, кез-келген үлкен адам үшін де оңай емес. Ол үшін ең алдымен тыңдаушыға әсер ете білу керек. Кәсіби жұмыстарымның бірі – оқырмандарымның поэзиялық шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Поэзия оқырман ойымен...»

Кадирова А.М

Орал қаласы №19 жалпы орта білім

беретін мектебінің кітапханашысы

Мектеп кітапханасы - жас оқырмандардың сүйікті мәдени ортасына айналып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұстаздардың бірден-бір сенімді серігіне айналуы тиіс.

Кітапхана-пайдаланушы мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашылар.

Мен өзімді осы кітап пен оқырман арасындағы дәнекер ретінде, оқырмандарыма көркем әдебиеттің прозалық шығармаларымен қатар, поэзиялық туындаларды оқуға ұсынамын. Поэзиялық шығармаларды оқыту  прозалық шығармаларды оқытуға қарағанда әлдеқайда қиын екендігін күнделікті жұмысымызда байқаймыз. Себебі, лирикалық шығармаларда ақынның өз ойы- сезімі, көңіл-күйі алдыңғы орынға шығады. Ақынның сол сәттегі сезінулерін түйсіну кез-келген оқырман тұрмақ, кез-келген үлкен адам үшін де оңай емес. Ол үшін ең алдымен тыңдаушыға әсер ете білу керек. Кәсіби жұмыстарымның бірі – оқырмандарымның поэзиялық шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері.

Поэзияны оқыту күрделілігі оның жанрлық ерекшелігінде ғана емес, ең бастысы, оқырманның оған деген көзқарасы, қарым - қатынасында. Әсіресе, оқырмандардың көбі поэзиядан гөрі қызықты мазмұны бар, айтайын деген ойының бәрі айқындалып тұратын прозалық шығармаларды ұнатады. Кітапханашыға оқырмандарды поэзиялық шығармаларға қызықтыру, тарту жұмыстарынан гөрі прозалық шығармаларға қызықтыру, тарту жеңілдірек тиеді. Өкінішке орай ондай оқырмандардың да сирек кездесетіні жасырын емес. Олай болса, оқырманның поэзияға деген қызығушылығын қалай туғызу керек, оның тиімді әдістері қайсы, осы мәселеге тоқталайық. Кітапханашы жұмысы ешқандай жоспарға сыймайды. Демек, кітапхананшы – өз қиялы арқылы баланың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ете алатын бірден-бір қозғаушы күш. Оқырман көркем әдебиеттегі поэзиялық шығарманы қабылдау керек. Бұл – оңай үрдіс емес. Ол – оқырманның өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние. Қандай жақсы поэзиялық шығарма болмасын оқырман қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.

Оқырман көркем әдебиетті оқу арқылы - жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға, ұшқыр ой қалыптастыруға, тапқырлық пен шеберлікке шыңдалуға және оқырманның ұғым-түсінігін, қиялын дамытып, оны нақты білімдермен қаруландыруға, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың мәдени дәрежесін арттыруға, оның дүниетанымы мен эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға қол жеткізеді.

Өзімнің әдістемелік тақырыбым: «Оқырмандардың таным көкжиегін арттыру мақсатында кітапты дәріптей білуге баулу, көркем әдебиетке қызығушылығын қалыптастыру» болса, осы бағытта жұмыстану мақсатында оқырмандарыма поэзияны оқып осы шығармадан ой түйіп, эссе түрінде жазуға түрткі болдым.

Оқырмандарға көркем әдебиетті насихаттаудағы мақсатым:Ұлы ойшылдарың, ақындарың, данышпандардың өмірі мен шығармашылықтарын тереңірек оқыту. Ақындардың әдебиетке енгізген жаналығын, қосқан үлесін меңгерту. Өлеңдерін талдау, мәнерлеп оқу арқылы поэзияны сүюге тәрбиелеу, шығармашылық ізденіс дағдыларын қалыптастыру. қосымша мәліметтерді іздестіру кезінде әдебиеттерді дұрыс таңдап, орынды пайдалана білуге, топ алдында өз ойын толық жеткізуге үйрету.

Осы мақсаттар орындаласа өз нәтижесін бередідеп ойлаймын.Өз ойын көркем тілмен жеткізетін, поэзияны сүйетін, әдебиеттің сырлы әлеміне бойлай алатын, білімділік, біліктілік дағдыларын қалыптастыра отырып, ізденімпаз, шығармашыл, адамгершілігі мол оқырман қалыптасады.

Осы орайда сіздерге жас оқырманымның поэзиядан түйген ойын эссе арқылы жазған шығармашылық жұмысын ұсынғым келеді.

Балалар әдебиетіндегі менің сүйікті шығармам.

Мен өзімнің жасыма сай балалар әдебиетін сүйіп оқимын. Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсарин, Қ.Баянбай, Е.Өтетілеуов, С.Қалиұлы жерлес ақындарымыз Қ.Мырзалиев, Қ.Жұмағалиев өлеңдерін оқығанда өзіме үлкен әсер аламын.

Мектеп кітапханасына барғанда маған кітапханашы апайлар қазақ балалар әдебиетімен қатар әлем балалар әдебиетін оқуды ұсынды. Мені Беларус ақыны Якуб Коластың өлеңдері бірден баурап алды. Әсіресе «Сотанақ Савось» өлеңіндегі тентек бала Савосьтың мінез – құлқы, әрекеті арқылы Абай атамыз айтқандай «бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» демекші, біздерді табиғатқа, жан – жануарларға мейіріммен қарауға үйретеді.

Савость деген бала ертелі – кеш көршілерінің алмасын ұрлап, гүлдерді жұлмалап, сәбіздерді жұлған, үнемі кір – кір болып, отпен ойнап, әр күнін тек төбелеспен өткізіп жаман әдетке үйір болған. Қай жерде жүрсе де әркімге бір ұрынып, кішілерді жылатып, торғайларды атып, құстардың ұясын бұзып, айналасындағы адамдарды жаман қылықтарымен мезі қылып, жақсылық жасасам деген ойына кіріп те шықпайды.

Тағыда кімге ұрынсам екен деп жүргенде оның көзі көршісі Павел қарттың мысығына түседі. Ол мысық сүп – сүйкімді тұмсығы қара, құлағы ақ, бауыры аппақ ойнаған кезде сауыры жылт-жылт етіп өзіне жарасып тұратын. Жылы сүтке тойып алып, ұйқысынан тұруға ерініп керіліп жатушы еді.Оның бұлшық еттері ширыққан, құйрығы садақ сияқты иілген. Ұрланып қарағанының өзі аңдардың қарасына ұқсап, қармақ – қармақ тырнағы қыранның шеңгеліндей.Құлақтары жел қайық сияқтанып, көздерін үлғайтып - кішірейткенде оттай жанады.Мысықтың сүйкімділігі сондай ақын оны қаршығаға теңейді. Пырылдаған дыбысының өзін бояу салған әнге ұқсатып, құйрығының қимылын дирижердің қолындай деп әсемдейді.

Мысық пештің түбіне де жатып- жатып жалығып, бесін уақытында тышқан ауламақшы болып далаға шығады. Осы уақытта бас киімсіз алқа- салқа болып Савкада үйінен шығады. Павел қарттың сары төбетімен Савканы көріп мысық зыта жөнеледі. Төбеттен қашып шарбақтың ен биігіне шығып:- Савка, Савка «сүйкімді», Ашуымды келтіріп, айтақтама итіңді! - деп айқайлайды. Биік ағаштың тұғырына шыққан мысықтың айқайы Савканың ашуын келтіріп, ызаланады. Савка сол ашумен досы Антосьқа келіп ақылдасып мысықты сары төбетке талатып, арам ойларын жүзеге асырмақ болады.

Екеуі бір шешімге келіп, сары төбетті алдап ойларын іске асырмақ болып үйлерінен нан мен етті көп етіп алып шығады.

Ал мысықтың ойында ештеңе жоқ пештің үстінде пырылдап жатады.

Савось пен Антось енді жаман ниеттерін жүзеге асырмақ болып мысықтың далаға шығуын аңдиды.Савка күтіп - күтіп шаршап енді қулыққа көшеді де, мысыққа келіп: «Төресі сен мысықтың, Көкесі сен мысықтың. Мақтауға тіл жетпейді, Саған ешкім жетпейді!»- деп алдайды. «Кел, ойналық, келе гой, Құшағыма ене гой!»-дегенде мақтауға шыдамаған мысық Савканың алдын ала дайындаған қабына кіріп кетеді.

Сөйтіп Савось пен Антось аңқау мысықты маң далаға алып шығады. Мысық қожасын жоқтап айқай салып мияулауға көшеді. Оның аянышты даусын естіп Савось мәз болады.Енді Антось досына: «Мен қапты аузын ашқанда төбетің әзір тұрсын»,- деп бұйырып та қояды. Қапты ашқанда ішінен шыққан мысықтың дірілдеп тұрған мүшкіл халін көрген сары төбет Савканың айтақтаған дауысын елемей, таламақ түгіл оны аяп ұлиды. Бұл сотқар Савко үшін күтпеген жағдай болды. Қызыққа батамыз деген Антось аузын ашып естен танады, Савка болса ойбайлап қалады.

Сотанақтар ойлары жүзеге аспай ұтылып, мысық құтылып Савканың басына шығып алады. Басына сүліктей жабысып алған мысықты түсіре алмай Савка қара терге түседі. Енді Савканың өзі ойбайға көшеді. Қожасының айтқанын екі етпейтін сары төбет иесін айналшақтап шықпайды. Іштері әбден күйіп, қабақтары тұйіліп салдары суға кетіп үйлеріне оралады.

Антось пен Савка қызыққа батамыз деп жүргенде ауылдың халқы екеуіне әсіресе Савканың басындағы мысықты көріп күлкіге батады.

Міне, ақын өзінің өлеңі арқылы ит те болса иттің Савосьқа қарағанда мейірімді екенін көрсетеді.Ит жеті қазынамыздың бірі деуіміз де осыдан шығар. Бір ғана өлеңнің өзінен ата-анамыздың біздерге айтатын мақалының өзі «Біреуге ор қазба, өзің түсесің», «Күлме досыңа, келер басыңа», «Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет» деген нақыл сөздері босқа айтылмайтынын дәлелдей тұскендей.

Қазақ ақындары болсын, басқа ұлт өкілдері болсын, бәрінің мақсаты - өздерінің шығармалары арқылы біздерді адамгершілікке, мейірімділікке баулу. Мен осы оқыған шығармаларымнан алған әсерлерімді достарымен бөлісіп, оларды да әдеби кітап оқуға шақырып жүрмін.

Поэзиясының асқар шыңдары, ұлы ақындарының көркем мұрасы- әдебиетіміздің асыл қазынасы. Ақындар қазынасы көптеген өлеңдер мен поэмалардан, мысалдар мен нақыл сөздерден, философиялық толғаулардың негізінде құралғанын білеміз. Оның қай туындысын алып қарасақ та жаңа лебімен, сазды үнімен, ойлылығымен, сұлулығымен ерекшеленіп, оқырмандарды баурай түсері анық.Ақындар шығармашылығын тану мақсатында «Поэзия әлеміне» үңілген оқырмандарымның ақыл-ой әрекетіне бағыттайды, мәліметтерді өздігінен жинауға үйретеді. Оқырман шығармашылығын қалыптастыруға әсер етеді. Негізгі ерекшелігі- мектеп бағдарламасында қарастырылған материалдарды оқырмандардың ізденімпаздықпен тауып, толықтырып, өз білімін байыта алуы.

Қорыта айтқанда,оқырмандарды көркем шығармалар негізінде жеке тұлғаның рухани дамуы мен мәдени іс-шаралар арқылы тәрбиесін Қазақстандық патриотизм рухы негізінде жүзеге асыру болып табылады.

Оқырмандарымыз кітапханадағы оқыған әдебиеттің әр қайсысынан теңізге тамған тамшыдай болсада тағылым алса, мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз.


































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
448
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі