жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Портрет кескіндемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Портрет кескіндемесі»
Мұғалім: Н.Тыныштықова

2014-2015 оқу жылы
Бекітемін
Тексерілді
Мектеп директорының оқу жұмысы
жөніндегі орынбасары
__________________ Ә.Шонтыбаева
« ___» _____________________
Пәні: Кескіндеме
Күні: 25.02.2015ж
Уақыты: 8:50-11:15
Сағат саны: 3
Сыныбы: 2
Тобы: I
Оқушы саны: 10
Сабақтың тақырыбы: Портрет кескіндемесі- 3 сағат
Машықтық жұмыс: Фон реңі қарама- қарсы натурашы басының
ұзақ мерзімді этюды .
-
Конструкциялық құрылым.
Сабақтың мақсаты: Адам басының құрылысымен танысу,
анатомиялық құрылымына мән беру .
1.Білімділігі: Оқушылардың кескіндеу пәнінен
білімдерін жетілдіру, портрет салып,
түспен жұмыс жасауға үйрету
2.Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, шыдамдылыққа
инабаттылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін,
ой-өрістерін дамыту, арттыру.
Сабақтың түрі: топтық
Сабақ әдісі: а) теориялық
б) машықтық
Сабаққа қажетті құралдар
мен көрнекіліктер: 35х45 ватман,карандаш,өшіргіш,кнопка,
акварель,палитра,көрнекі плакаттар,т.б.
Сабақтың жоспары: I Ұйымдастыру
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
а)теориялық
б)машықтық
IV Қорытындылау
V Үйге тапсырма
VI Бағалау
VII Сыныпты жинақтау
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру
Сыныпты жабдықтау, оқушыларды орындарына отырғызу,оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыны журналға белгілеу.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
3 заттан құралған натюрморт.(гуашпен бояп келу)
Үйге берілген тапсырманы тексеріп , кемшілігін айтып, бағалаймын.
Үй тапсырмасна қосымша өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға
жауап берейік?
-
Натюрморт дегеніміз не?( жансыз заттарды бейнелеу)
-
Натюрморт қандай мағына береді?( өлі табиғат немесе қозғалмайтын зат)
-
Суретті ең алдымен неден бастайды?(компоновка)
-
Гуашь дегеніміз не?(ең тығыз,қою жағылатын бояу)
-
Акварель дегеніміз не?( Суды көп қосып жағылатын мөлдір бояу)
-
Интерьер дегеніміз не?( ғимараттың ішкі көрінісі)
-
Көлеңке нешеге бөлінеді?( Меншікті, түспе)
-
Меншікті көлеңке дегеніміз не?(Заттың жарық түспейтін бөлігі)
-
Түспе көлеңке дегеніміз не?(Заттың жерге түскен көлеңкесі)
-
Жылт дегеніміз не?(жарықтың заттың үстіне түскен ең ашық жері)
III.Жаңа сабақ
Портрет кескіндемесі- 3 сағат
а)теориялық
Портрет бейнелеу өнерінің барлық түрімен: кескіндеме, мүсін, графика, мозаика, т.б. жазыла береді. Портреттің негізгі міндеті — адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу. Портрет кейіпкерге қарап отырып салынады, кейде көмекші материалдарға (көркем, ауыз әдебиеті, түрлі тарихи деректерге, т.б.), естеліктерге сүйене отырып та ойдан туындайды.. Портретте жеке немесе топтама адамдар бейнеленеді.
Портрет жанры дегеніміз жалпы адам бейнесін салу.
Портрет өнері ең алғаш Египетте пайда бола бастады. Портрет ежелгі Мысыр, Қосөзен, Грек, Рим өнері дәуірінен белгілі.
Қазақ тарихында мүсіндік портреттің дені ежелгі түркі қағандығы (5 — 8 ғ-лар) мен қыпшақ заманы (8 — 13 ғ-лар) кезеңіндегі балбалдар мен тас мүсіндер. Қазақтың тұңғыш суретшісі Ш.Уәлиханов портрет ағымында көп еңбек етті (“Сұлтан Мамырхан Рүстемов”, “Тезек төре”, қарындаш, 1856 ж., “Алатау қырғызы” түрлі-түсті қарындаш, 1856 ж.). 20 ғ-дың басынан қазақ суретшілері Ә.Қастеев, І.Телжанов, Н.Нұрмұхамедов, А.М. Черкасский, Г.Исмаилова, А.Ғалымбаева, М.Кенбаев, Х.Наурызбаев, Ү.Әжиев, т.б. Портрет жанрын ұлттық үрдісте дамыта білді.
Казақтың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевтің ең алғашқы суреттерін өздерінің туысқандары мен жақындарының портреттерін салудан бастаған.
Портреттің бірнеше түрлері бар. Олар:
Парадтық – қоғамдық жерлерде салынатын суреттер. Мұнда суретші осы адамның қоғамдағы ролін, істеген игі істерін көрсеткісі келеді.
Әлеуметтік - әр түрлі қоғам таптарының өмірін көрсетіп және салыстыратын портрет түрі.
Психологиялық – ойға батқан шешілмейтін сұрақтарға шешім іздеп уайымға батқан немесе қуаныш сезімі бар адамдар салынған портрет түрі.
Автопортрет – суретшінің өзін өзі салуы.
Бұл – бір тұлғалық композициялық құрылымнан тұратын қондырғы портрет, қазақстан бейнелеу өнері қорынан айрықша орын алған көркем туынды.
Портрет жанры орындалу ерекшелігіне, композициялық құрылысна, құрылымына қарай бір тұлғалық және көп тұлғалық болып бөлінеді.
Күрделі нұсқаны суретте толығымен көрсету өте қиын. Сондықтан көрген нәрсені қабылдау сияқты бейнелеудің де оңай жолдарын пайдаланған жөн.
Мысалы: бастың айқас сызықтары адам денесінің «ақ сызықтары» және т.б. сүйеніш нүктелері және орталық нүктені пайдалануды ұсынылады.
Бастың айқас сызықтары екі қиылысқан сызыктан тұрады. Біріншісі – беттің орта сызығы ол маңдай мен мұрынды ортасынан екіге бөліп иектің ортасынан өтеді, екіншісі басты айналдыра көздің сызықтары арқылы өтіп, екі сызық бір-бірімен қаңқа құрайды. Егер бас тура қараған түрде болып, аздап артқа қарай шалқайса, орта бет сызық тік қалпында қалып, көлденең сызық жұмыртқа сияқты санақ сызық болып, сызылады.
Портрет салуда тек адам бейнесін беру емес ,оның психологиялық жандүниесін, жас ерекшелігін тағы басқа қасиеттерін аша білу қажет.
Адам портрет салу үшін оның басының құрылысын білу керек. Адам басы- бас сүйектен , бұлшық еттен, тері жабындысынан тұрады.
б)машықтық
Дара портретті салу үшін перспективаларды және де ассимитриялық сызықтарды жақсы меңгеру керек. Адамның басы өзінің құрылысы және пропорциялары бойынша әр адамда әр түрлі осы өзіндік жеке-дара ерекшелікті іздеп тауып, баса көрсетуге адам бетінің орташаланған схемасымен жақсы көмектеседі.
Сонымен портретті салу үшін ең алдымен 35х45 ватманды қиып алып тақтайымызға бекітеміз.Адамның басының жалпы көлемін саламыз.Жұмыртқа тәрізді етіп жалпы формасын кескіндейміз .Басты теңдей етіп бөлетін тік сызық және көлденең сызық сызамыз.Бастың кескінін теңдей 3 бөлікке бөлеміз.
Егер сызықтар арқылы басты бет әлпетті бөлшектеп көрсек көздің орта сызығы бастың жалпы биіктігінің дәл жартысынан өтеді, яғни көзден жоғары тұрғанның бәрі де одан төмен тұрғандар қанша орын алса, сонша орын алады.
Бір қарағанда мұрын, ауыз, иек орналасқан төменгі бөлік жоғары бөліктен, яғни маңдай мен төбеден әлдеқайда көп орын алатын сияқты болып көрінеді. Көз сызығы беттің дәл ортасы бойынша өтетінін анықтап алған соң, беттің қалған бөліктерін орналастыруға көшеміз. Көздердің арасындағы қашықтық, мұрын қанатының ең шеткі нүктелерінің арасындағы сияқты, көздердің ұзындығы, көздердің ең шеткі нүктелеріне дейінгі қашықтық – бәрі де бір өлшемге тең. Осы деректерді пайдалана отырып, бетің алдынан қарағандағы құрылысының схемасын жасап бастаймыз.
Көздің ұзындығы бастың енінің бестен біріне және мұрынның еніне тең. Яғни, мұрын ені көздің ортасындағы ара қашықтыққа тең .Құлақтың ұзындығы мұрынның ұзындығына тең.
Бастың кез-келген қимылы кезінде тіпті сәл-пәл ғана бұрылғанда немесе еңкейгенде бұл осьтік сызықтар басты айнала қоршап жатқан доғалар немесе сопақшалар болып шығатыны аңғарылады.
IV.Қорытындылау
Бүгінгі тақырып бәрімізге түсінікті болды ма?
Ендеше мына сөзжұмбақты шешіп көрейік?
5
4
![]()
![]()
![]()
3
![]()
ппппррппппр
2
1
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
6
![]()
![]()
7
![]()
8
1. Жалпы адам бейнесін салуды не дейміз?(Портрет)
2. Ойға батқан шешілмейтін сұрақтарға шешім іздеп уайымға батқан немесе қуаныш сезімі бар адамдар салынған портрет түрі? (Психологиялық)
3. Мұнда суретші осы адамның қоғамдағы ролін, істеген игі істерін көрсеткісі келеді ,қоғамдық жерлерде салынатын суреттер.?(Параттық)
4. Әр түрлі қоғам таптарының өмірін көрсетіп және салыстыратын портрет түрі.(Әлеуметтік)
5. Суретшінің өзін өзі салуы.(Автопортрет)
6.Портерт өнері ең алғаш қайда пайда бола бастады?(Египет)
7.Ең алғашқы қазақ суретшісі кім?(Уәлиханов)
8.ХХ ғ.басындағы алғашқы кәсіби қазақ суретшісі?(Қастеев)
V.Үйге тапсырма.
Үйден адамның басын нобайлау.
VI.Бағалау
VII.Сыныпты жинақтау
25.02.2015 күні
сағат 8:50-де көркемсурет бірлестігінің мұғалімі Н.Тыныштықованың
2 сыныпқа
«Портрет кескіндемесі»
атты ашық сабағы өтеді.

Айша ҒАЛЫМБАЕВА Ғарифқызы
(29.12.1917 ж.т., Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Есік а.) — кескіндемеші, киносуретші, Қазақстанның халық суретшісі (1967; 1961 жылдан Қазақстанның еңб. сің. өнер қайраткері), қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш кәсіпқой суретші. 1943 ж. Алматы көркемсурет уч-щесін (қазіргі Көркемсурет академиясы), 1949 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық мемл. кинематография ин-тының (ВГИК) сән және көркемсурет бөлімін бітірген. Шығарм. қызметін “Махаббат туралы аңыз” (1954), “Шабандоз қыз” (1955) және “Бұл Шұғылада болған еді” (1955) фильмдеріне эскиз жасаудан бастады.
Алғашқы кескіндемелік туындылары: “Тоқымашылар” (1951), “Г.Разиеваның портреті” (1952), “Автопортрет” (1956), “Халық таланттары” (1957), “Халық ісмері Б.Бәсенованың портреті” (1958), “Дастархан” (1959). 20 ғ-дың 60-жылдары “Абай әні” кинофильмі желісіне арналған кескіндемелік шығармалар топтамасын (“Билер соты”, “Үйлену тойы”, “Той”, “Айтыс”, “Кездесу”, т.б.) салды. Сондай-ақ, әр алуан жанрларда жемісті еңбек етті.
60 — 70-жылдар ұ. шығармашылығының кемелденген кезеңі болды. Бұл уақытта суретші “Аяққалқан”, “Жайлау соқпағы”, “Көне көзе”, “Қобыз”, “Сары алма”, “Қызыл апорт” т.б. пейзаждар мен натюрморттар және қазақ бейнелеу өнерінің алтын қорына енген “Батыр ана” (1966), “Қазақстан әндері” (1962), “Ежелгі керамика” (1966), “Қостанай. Алтын дән пирамидалары” (1971), “Бейбітшілік” триптихы (1975), “Жердің сыйы” (1978), “Береке” (1980), т.б. шығармаларын жазды. Сәндік-монументтік сарындағы композицияларды салуда ұ-ның жаңа көркемдік ізденістерін төмендегі шығармаларынан айқын байқалды: “Біз заманымызды мақтан етеміз” (1965), “Бір кесе қымыз” (1967; Қазақстанның Мемл. сыйл., 1972); ұ. отандық көркемсурет өнерінде портрет жанрының шебері ретінде де белгілі. Оның “Ұлымның портреті” (1964), “Жазушы ұ.Мұстафиннің портреті” (1965), “К.Байсейітованың портреті” (1974), “Өнер зерттеуші Г.Сарықұлованың портреті” (1975), “Актриса С.Майқанованың Ш.Уәлиханов анасының рөліндегі портреті” (1976), “Актриса Х.Бөкееваның “Абай” спектакліндегі Әйгерім рөліндегі портреті” (1976), “Оралдық келін” (1978), т.б. шығармалары отандық суретшілердің осы жанрдағы үздік туындылары қатарынан орын алады. Суретші шығармаларына тән нәзік лиризм оның 20 ғ-дың 90-жылдарындағы “Қызыл раушан гүлдері”, “Шұғынық гүлдер”, “Жемістер мен гүлдер” туындыларында айқын байқалады. ұ. — “Қазақтың ұлттық киімдері” (1958, 1976) альбомының авторы. Ол Алматы көркемсурет уч-щесінде және ҚазПИ-де (қазіргі Алматы мемл. ун-ті) дәріс оқыды. Еңбек Қызыл Ту және “Құрмет белгісі” ордендерімен, медальдермен марапатталған.
|
|
|
|
Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956).
Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияcында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.
Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарындастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары тұпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте" (1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Амангелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіресі іспеттес.
Әбілхан — туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гүл ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы авто-дүкен" (1963), "Қапшағай ГЭС-і" (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аудартады.
Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймай, туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.
Осы бір қарапайым да қасиетті қылқалам шеберінен біз көп өнеге алдық. Ол — бұрын сурет өнеріне қойылған тыйымды тұңғыш тойтарып, төл өнерді төрге сүйреген жан. Бір бастаған картинасын аяқтамай орнынан тұрмайтын төзімді адам еді. Бояу езу, жағу әдісі де әлі жұмбақ. Ол сурет өнерін дамыту арқылы дінді бұзған жоқ, қайта тарихымызды тірілтті. Біздерге жол салып берді. Сондықтан ол — қандай құрмет болса да лайық ізашарымыз.
Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер мұражайының алдындағы Ә. Қастеев ескерткіші. Алматы қаласы
Жайлаудағы Абай
Жас Абай. Ә. Қастеев. 1945.
һ
Танымал туындылары[өңдеу]
«Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері; ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов» портреті сияқты танымал суреттері бар.
Марапаттары мен лауазымы[өңдеу]
-
"Қазан төңкерісі" орденімен, "Еңбек Қызыл Ту" орденімен екі рет, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1942).
-
Қазақ КСР халық суретшісі (1944).
-
Шоқан Уалиханов атындағы Қазақ КСР-нің мемлекеттің премиясы (1967), «Қазақсан жерінде» атты туындылары үшің.
Естелік[өңдеу]
-
Кастеев атымен ҚР мемлекеттік өнер мұражайы, сонымен қатар бірнеше қалалардағы көшелер аталған.
-
Шымкент қаласындағы көркемөнер колледжі Қастеев атымен аталған, 2009 жылы колледж алдында суретшінің ескерткіші ашылды.
-
2004 жылы Қастеевке арналға пошта маркілері шығарылды.



шағым қалдыра аласыз











Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген