400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пост Қызым - үйде қылығы түзде

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қыз – болашақ ана», «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі». Қыз баланың тым әлем – жәлем киініп көзге түсуге тырысуы, орынсыз боянып сылануы ерсі көрінеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қызым – үйде қылығы түзде

Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп апамыз өзінің «Бабалар аманаты» атты кітабында: «Қазақ қазақ болғалы қыз сыйлаған, қызын алқалаған текті халық еді. Сандығында кілті жоқ жомарт қазақ сол жомарттығын алдымен қызына жасаған. «Ұл – түтін, қыз – күтім» деп қызға жақсыны кигізіп, дәмдіні жегізіп, жорғаны мін­гізген. Үйдің оң жақ төріне отырғызған.

Міне, қазақ қыздары ата-анадан осылай тәрбие алып, өз отбасының ұйытқысы бола білді. «Қызым үйде, қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім киісі тәрбиенің негізі болып саналады. Жасыратын несі бар, бүгінде күйбең тіршіліктің соңында, азаннан кешке дейін жұмыста жүрген кейбір ата-ананың баласына көңіл бөлуге уақыты жоқ.

Расында, «Қыз – болашақ ана», «Қыз өссе елдің  көркі, гүл өссе жердің көркі».  Қыз  баланың тым  әлем – жәлем киініп көзге  түсуге тырысуы, орынсыз боянып сылануы ерсі көрінеді. Бұл оның тәрбиесінің  төмендігін көрсетеді. «Әйелдері  тәрбиелі болған халық – тәрбиелі, әйелдері  тәрбиесіз болған халық – тәрбиесіз. Әйелдері үнемшіл, пысық, жігерлі, талапты болса  халық бай, ал жалқау, салақ болса халық  пақыр, кедей болады» деген ғұламалар сөзі көп нәрсені аңғартады.

Адамның бір қызығы бала деген. Оның ішінде қыз балаға дұрыс тәрбие бере алмасақ, оның келешегіне де үміт артпай-ақ қояйық. Күндіз-түні тынбай еңбектенсеңіз мол ақша  табуыңыз мүмкін, ал есейген  балаңыздың бойына сіңіре алмаған тәрбиені күндіз  қо­лыңызға шырақ алып іздесеңіз де тап­пай­сыз. Сондықтан басты назарды бала  тәрбиесіне аударған жөн.

Аққан жұлдыздай із қалдырған Шоқанның әжесі Айғаным анамыздың елді ақылмен басқарғанын, дәрет алмай баласын емізбеген,  немересі Абайдың тәрбиешісі болған Зере әжеміз ата салт-дәстүріміздің тәрбие жолындағы дұрыстығын дәлелдеген. Осындай саналы аналардан қашан да ұлы ұрпақ таралары заңды.


Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы, № 6 жалпы білім беретін мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Муханова Жанагул Бегенжовна

87083138568

Эл. Zhanagul321@mail.ru



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 қаңтар
141
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі