Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Потенциалдық энергия

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға керек болар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Мектеп: «№14 орта мектеп»КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Джумадиева Шолпан

Сынып:7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Потенциалдық энергия

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

7.2.3.4. жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергия формуласын қолдану.

Сабақ мақсаттары

  • Потенциалдық энергияның ұғымын түсінеді.

  • Потенциалдық энергия формуласын есептер шығаруда қолдана біледі.


Жетістік

критерийлері

1. Потенциалдық энергия ұғымын түсіндіреді.

2. Потенциалдық энергия формуласына сипаттама береді.

3. Потенциалдық энергиясы бар денеге мысал келтіреді.

4. Ауырлық күші жұмысы мен потенциалдық энергия байланысын тұжырымдайды.

5. Потенциалдың энергиясының қасиеттерін сипаттайды.

6. Потенциалдық энергия салыстырмалы сипат алу себебін түсіндіреді.

7. Есептің берілгенін жаза алады.


Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат:

Потенциалдық энергия анықтамасын тұжырымдайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Потенциалдық энергия, дененің ауырлық күші ұғымдарын меңгереді.


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Энергия-.............................................

Потенциалдық энергия...................................................


Құндылықтарды

дарыту


«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы »құндылығын негізге ала отырып,потенциалдық энергиясын меңгеру арқылыесептер шығарудытоп болып жүзеге асыруға баулу

Пәнаралық

байланыстар

Математика, дене шынықтыру.

АКТ қолдану

дағдылары

Интерактивтік тақта, топ аттары, бағалау бетшесі


Бастапқы

білім

Энергия, дененің ауырлық күші ұғымдарын білуі керек.


Сабақ барысы


Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурста қатысты р

Сабақтың басы

7 мин

І. Ұйымдастыру

1.1.Оқушылармен амандасу; Сыныпты түгендеу.

1.2.«Жүректен – жүрекке » әдісі арқылы оқушылар бір – біріне жылы лебіздер айту арқылы сыныпта психологиялық ахуал туғызу.


1.3

I топ «Жұмыс»

II топ.« Қуат».

III топ. «Энергия»

ІІ Алдыңғы білімді тексеру.


ІІІ.Миға шабуыл әдісін қолданып, демонстрация жасау.Сұрақтар қою арқылы тақырып ашылады.

Фигуралар, слайд


слайд

Сабақтың ортасы

25 мин


І. Ой бөлісу (Мәтінмен жұмыс)

1.1 Постер қорғату арқылы тақырыпты ашу.

Iтоп

1. Потенциалдық, кинетикалық энергиялары бар денелерге мысал келтіріңдер.

2. Жер бетінен көтерілген дененің энергиясы болатынын дәлелдейтін мысал келтіріңдер.

II топ

3. Потенциалдық энергияны сипаттайтын оның қандай қасиеттері бар.

4. Неліктен потенциалдық энергия салыстырмалы сипат алады.

IIIтоп

5. Ауырлық күшінің жұмысымен потенциалдық энергия арасында қандай байланыс бар.

6. Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясының формуласы қалай өрнектеледі?

Дескриптор:

1. Потенциалдық энергия ұғымын түсіндіру.

2. Потенциалдық энергия формуласына сипаттама беру.

3. Потенциалдық энергиясы бар денеге мысал келтіру.

4. Ауырлық күші жұмысы мен потенциалдық энергия байланысын тұжырымдау.

5. Потенциалдың энергиясының қасиеттерін сипаттау.

6. Потенциалдық энергия салыстырмалы сипат алу себебін түсіндіру.

1.2 Сергіту сәті «Жаяу» әнін сынып болып орындау.


1.3«Джигсо» әдісі бойынша III топқа тапсырмалар беру. Саралау әдісі қолданылып, деңгейлік тапсырмалар топтың деңгейіне сай беріледі.

1. Биіктігі 4 м сынып бөлмесінде биік­ тігі 70 см үстел орналасқан. Үстел үстінде жатқан массасы 300 г кітапты 120 см­ге жылжытқанда жасаған ауырлық күшінің жұмысы неге тең?

2. Массасы 20 кг дененің 9 м биіктікте Жерге қатысты потенциалдық энергиясы қандай болады?

3. Потенциалдық энергиясы 120 кДж , массасы 60 кг дененің нөлдік деңгейден биіктігі неге тең?

Тапсырмаларды әр оқушы жеке орындап, жұппен, топпен тексереді.

Әр топтан 1 оқушы тақтаға шығып, тапсырманы орындайды.

ДҰРЫСТЫҒЫ СЛАЙДТАН ТЕКСЕРІЛЕДІ.

Дескриптор:

1. Есептің берілгенін жазу 1 ұпай

2. Формула жазу -1 ұпай

3. Дұрыс жауап-1 ұпай


Оқулық















Оқулық

Сабақтың соңы

  1. мин

Бағдаршам арқылы бағалау.

  • Жаңа сабақты меңгердім

Өзім орындай аламын

  • Түсіндім, бірақ өзіме сенімді емеспін

  • Түсіндім, бірақ кейбір жерлерін толықтырамын

Үйге тапсырма: Тақырыпты өмірмен байланыстырып мысалдар келтіру.

Оқушының өзін – өзі бағалау бетшесі

Оқушының аты жөні



ширату


1-тапс


2-тапс

3-тапс


4-тапс

1.






2.






Мұғалім лебізі: Барлығыныңызға жаңа сабақты жақсы меңгеруге ат салысып, өз нәтижелеріңізді көрсеткендеріңіз үшін рахмет!!!

  1. ..., Сіздер тапсырманы өте жақсы орындап, менің сенімімнен шықтыңыздар.

  2. ..., Сіздер де тапсырманы жақсы орындағансыздар. Өз білімдеріңізді жетілдіре түсіңіздер.

  3. ..., Сіздерге өз нәтижелеріңізді әділ көрсеткендеріңіз үшін ризамын. Мүмкіндікті жіберіп алмай көмек алыңыздар менен немесе достарыңыздан.

Білім жолында алға!!!



Рефлекция. («Кемпірқосақ» тәсілі)

Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төменгі күлгін түстен ең жоғарғы қызыл түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.











Бағалау парақшасы



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау кезінде топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы артады, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер туындайды, оқушыға дербес қолдау көрсету барысында оқушылардың сөйлесу дағдысы қалыптасады, оқу материалдары мен ресурстарын арқылы оқушылардың жеке қабілеттерін ашылады. Деңгейлік тапсырмалар арқылы қабілетті оқушылар білімдері жетіледі.


Қалыптастырушы бағалау, өзін-өзі бағалау.

Оқушылардың топтық жұмыс кезінде тапсырмаларды орындау кезінде денсаулықтарына зақым келмес үшін орындықтар мен үстелдердің дұрыс орналастырылуына назар аударамын.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
785
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12