400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Позитивті манипуляция

Материал туралы қысқаша түсінік
Позитивті манипуляция
Материалдың қысқаша нұсқасы

Позитивті маниупляция

Сөздерді манипуляциялау ұғымы көбіне жағымсыз мағына береді. Әдетте, бұл сөз әдепсіз іс-әрекеттерді сипаттау үшін қолданылады. Біздің санамызда «манипуляция» дегенде жағымсыз ой-пікір пайда болары анық. «Позитивті манипуляция» терминін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты және профессор Жубаназарова Назираш Сүлейменқызынан алғаш рет естідім. ҚазҰУ-дың Филология факультетінің магистранттары оқитын «Басқару психологиясы» пәнін оқыту барысында ұстазымыз Н.С.Жубаназарова магистранттарға креативті тапсырмалар береді. Осы пәнді оқығанға дейін санада манипуляцияға қатысты тек негативті ой тұратын. Ұстазымыздың бағытымен осы тақырып бойынша біршама ізденіп көрдім. Осы тақырып бойынша ізденісімнің нәтижесінде түсінгенімді бөлісейін. Merriam-Webster сөздігінде оның екі анықтамасы оң мағынада көрсетілген. Позитивті манипуляция теориясына қатысты анықтамалар – «шебер басқару немесе жұмыс істеу, өнертапқыштықпен ұйымдастыру немесе бақылау». Біз осы екі анықтамаға қарай «Басқару психологиясы» пәнінде өткен ұйымдағы қарым-қатынас жайлы білімімізді еске түсіреміз. Анықтаманың мағынасы ұйымдағы басқару шеберлігіне кеп тіреледі. Позитивті манипуляция – ұйымның билігін пайдалану немесе қызметкерлерді қанау емес. Бұл үдеріс қызметкерлердің қажеттіліктерін ескеріп, олардың қабілеттілігін арттыру арқылы ұйымдық мақсаттарға жетуге бағытталған тәсіл. Ұйымды басқару, өзін-өзі басқару, жұмысты кеңейту маңызды. Бұлардың бәрі ішкі мотивация ретінде ұсынылады және қызметкерлердің жұмысқа деген қызығушылық сезімін оятуға бағытталған. Ал, сыртқы мотивация ескірген және тиімсіз деп сипатталады. Сондай-ақ кейбір сыртқы мотиваторлар, әсіресе ақшалай сыйақылардың жоғары деңгейі жұмыс мотивациясына қайшы деп есептеледі. Себебі кейбір ғалымдар ақшалай сыйақыны мотивация құралы емес, гигиеналық фактор деп көрсетеді. Қызметкерлер өз басшысының мотвациясын қабылдаған жағдайда, мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:

  1. Басшы қызметкерлердің құрметіне ие болады.

  2. Қызметкерлер өз қажеттіліктерін басшыға ашық айтуға бейімделеді.

  3. Басшы қызметкерлерге олардың жұмыс көрсеткіштері туралы ашық түрде кері байланыс бере бастайды.

  4. Өнімділік артады.

  5. Қызметкерлердің жұмыстан кету деңгейі төмендейді.

Дәл осы нәтижелерді «позитивті манипуляция» деп атай аламыз. Себебі басшы қызметкерлердің қажеттіліктерін үнемі ескере алған. Оларға жауап беру арқылы ұйымдық мақсаттарды жүзеге асыруға ынталандырған. Соның нәтижесінде ұйымдағы жұмыстың өнімділігін арттыратын нәтижеге қол жеткізе алған. Мотивациялық бастамалар – шығармашылықты талап етеді. Ол ұйым ішіндегі жағдайды, қызметкердің жағдайын, сондай-ақ сыртқы ортаны түсінуді қажет етеді. Қорытындылай келе айтарым, қызметкерлерді ынталандыру үшін ішкі мотивацияны ояту қажет. Ақшалай сыйақылар негізгі мотиватор болып саналмайтынын есте сақтау керек. Әр қызметкер өз жұмысын жақсы көріп, ішкі мотивация арқылы жұмыс жасағаны жөн. Дегенмен мотивация беруде басшының да рөлі зор. Осы тұста позитивті манипуляцияны дұрыс қолданып, ұйымдағы ынтымақтастықты арттыратын шебер басшының қабілеті маңызды. Заманауи ұйымдар үшін позитивті манипуляция – тиімді басқару құралы ғана емес, қызметкерлердің әл-ауқатын жақсарту құралы. Сонымен қатар ұйымның табысты болуын қамтамасыз етудің басты факторларының бірі.



Н.С.Жубаназарова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

психология ғылымдарының кандидаты, профессор

Г.Н.Даулетияр

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
176
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі