400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

ППҚ хаттама№2

Материал туралы қысқаша түсінік
ППҚ хаттама№2
Материалдың қысқаша нұсқасы

_____________ ауданы №___ жалпы білім беретін орта мектебі



Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің 2-отырысының

хаттамасы



_________ауылы 28.10.2022ж

Өткізілген орны: Мектептің мәжіліс залы

Қатысқандар: ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Күн тәртібінде:

  1. Бірінші тоқсан бойынша ерекше білім беру қажет ететін оқушылардың даму динамикасына мониторинг жасау және негізгі пәндер бойынша оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін бағалау;

  2. ЕББҚ бар оқушыларға БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыру қағидалары;

  3. 2-ші тоқсанға жеке және бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын бекіту;



Тыңдалды:

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің 2-ші отырысын ППҚҚ төрайымы ______ ашты. Мектепішілік бақылау нәтижелерімен таныстырып, ЕББҚ ететін білім алушылардың тәртіп мәдениетіне, оқу бағдарламасын меңгеру деңгейіне тоқталды. Оқытудағы қиындықтары мен жетістіктерін де атап көрсетті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектептің арнайы педагогы _______________оқушылардың негізгі пәндер бойынша оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін қарастырды. Сонымен қатар, бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері ______, ________ оқушылардың оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейіне тоқталды.

2 «б» сынып оқушысы _________ -қа 1-ші тоқсанда негізгі пәндер (математика, қазақ тілі, жаратылыстану, дүниетану, әдебиеттік оқу, ағылшын тілі) бойынша оқу бағдарламалары бейімделіп оқытылды. Оқушыда математика пәні бойынша бейімделген оқу мақсаттарын меңгеруде қиындықтар болды. Оқушы үнемі мұғалімнің жеке түсіндіруін талап етеді. Жалпы сыныпқа айтылған нұсқауларды түсінбейді. Тілдік пәндер бойынша бейімделген оқу мақсаттарын меңгерді, ауызша жауап береді, өзінің пікірін айтады, жазады және оқиды. Келесі тоқсанға дүниетану және жаратылыстану пәндері бойынша оқу бағдарламаларын бейімдеудің қажет еместігі айтылды.

4 «ә» сынып оқушысы _______________-ға 1-ші тоқсанда математика және қазақ тілі пәндері бойынша оқу бағдарламалары бейімделді. Арнайы педагог тарапынан алдыңғы сыныптардағы олқылықтармен жұмыс жасалды. Тоқсан соңында жетістіктер картасы толтырылды. Оқушы бейімделген оқу бағдарламасын меңгергенімен, жалпы білім беру бағдарламасын меңгеруге әлі де дайын емес. Келесі тоқсанда да оқу бағдарламаларын бейімдеу қажеттілігі айтылды.

5 «а» сынып оқушысы ________. Педагогикалық диагностика нәтижесінде ________ математика пәні бойынша 2 сыныптың оқу бағдарламасымен, қазақ тілі пәні бойынша 1-сыныптың оқу бағдарламасымен, орыс тілі 2-сыныптың оқу бағдарламасымен оқытылды. Арнайы оқулықтар мен жұмыс дәптерлері қолданылды. Жеке оқу бағдарламасын меңгеру деңгейі жетістіктер картасында көрсетілген. Оқушыға жеңіл зерде бұзылыстары бар оқушыларға арналған оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру қиындық туғызуда.

6 «б» сынып оқушысы ________. Педагогикалық диагностика нәтижесінде ________ математика пәні бойынша 3 сыныптың оқу бағдарламасымен, қазақ тілі пәні бойынша 2-сыныптың оқу бағдарламасымен, орыс тілі 2-сыныптың оқу бағдарламасымен оқытылды. Арнайы оқулықтар мен жұмыс дәптерлері қолданылды. Жеке оқу бағдарламасын меңгеру деңгейі жетістіктер картасында көрсетілген.

7 «б» сынып оқушысы ________. Педагогикалық диагностика нәтижесінде ________ математика пәні бойынша 4 сыныптың оқу бағдарламасымен, қазақ тілі пәні бойынша 2-сыныптың оқу бағдарламасымен, орыс тілі 2-сыныптың оқу бағдарламасымен оқытылды. Арнайы оқулықтар мен жұмыс дәптерлері қолданылды. Жеке оқу бағдарламасын меңгеру деңгейі жетістіктер картасында көрсетілген.

9 «б» сынып оқушысы ________. Педагогикалық диагностика нәтижесінде ________ математика пәні бойынша 3 сыныптың оқу бағдарламасымен, қазақ тілі пәні бойынша 2-сыныптың оқу бағдарламасымен, орыс тілі 2-сыныптың оқу бағдарламасымен оқытылды. Арнайы оқулықтар мен жұмыс дәптерлері қолданылды. Жеке оқу бағдарламасын меңгеру деңгейі жетістіктер картасында көрсетілген. ________ тақтадан, кітаптан көшіріп жазады. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды. Калькулятор арқылы есептерді шығара алады. Оқушыда динамика байқалады.

9 «б» сынып оқушысы ________. Педагогикалық диагностика нәтижесінде ________ математика пәні бойынша 1 сыныптың оқу бағдарламасымен, қазақ тілі пәні бойынша 1-сыныптың оқу бағдарламасымен, орыс тілі 2-сыныптың оқу бағдарламасымен оқытылды. Арнайы оқулықтар мен жұмыс дәптерлері қолданылды. Жеке оқу бағдарламасын меңгеру деңгейі жетістіктер картасында көрсетілген. __________ жеке оқу жоспарына сәйкес физика, химия, ағылшын тілі пәндері оқытылмады.

2-ші мәселе бойынша ППҚҚ төрайымы __________ бұйрықтар негізінде толық мағлұмат берді. ЕББҚ бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес іске асырылатындығы айтылды. Жетістіктерді бағалаудың үлгілік қағидаларына сәйкес «ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған немесе жеке тапсырмаларды қолданады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін ескере отырып бағалау өлшемшарттарына өзгерістер енгізеді». ЕББҚ бар оқушыларға жеке және бейімделген жалпы білім беру бағдарламасына сәйкес БЖБ, ТЖБ тапсырмалары дайындалып, бағалау критерийлері өзгертілетіндігін атап көрсетті.

Күн тәртібіндегі 3-ші мәселені бойынша мектептің педагог-логопеді ___________ қарастырды. Екінші тоқсанға 2 «б» сынып оқушысы _______ пен 4 «а» сынып оқушысы ________-ға математика және қазақ тілі пәндерінің оқу бағдарламалары бейімделеді.

5 «а», 6 «б», 7 «б», 9 «б» оқушыларына жеке оқу бағдарламаларын жетістіктер картасына сәйкес дайындау ұсынылды.



Ұсыныс:

  1. Ерекше білім беру қажет ететін оқушылардың оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейі бақылауда болуы қажет;

  2. БЖБ, ТЖБ тапсырмалары оқу бағдарламаларына сәйкес дайындалуы қажет;

  3. 2-тоқсанға жеке және бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын құрастыру және жүзеге асыру;



Шешім:

  1. Ерекше білім беру қажет ететін оқушылардың оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейі бақылауға алынсын;

  2. БЖБ, ТЖБ тапсырмалары оқу бағдарламаларына сәйкес дайындалсын;

  3. 2-тоқсанға жеке және бейімделген жалпы білім беру бағдарламалары құрастырылып, жүзеге асырылсын.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
23 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
607
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі