400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

ППҚ хаттама №1

Материал туралы қысқаша түсінік
ППҚ хаттама №1
Материалдың қысқаша нұсқасы

_____________ ауданы №___ жалпы білім беретін орта мектебі



Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің 1-отырысының

хаттамасы



_________ауылы 01.09.2022ж

Өткізілген орны: Мектептің мәжіліс залы

Қатысқандар: ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Күн тәртібінде:

  1. Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құжаттарын бекіту (ППҚҚ құру туралы бұйрық, ППҚҚ жұмысының жоспары);

  2. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ПМПК қорытындыларымен танысу және ПМПК қорытындысына сәйкес жеке оқу жоспарларын бекіту;

  3. Жеке және бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын құрастыру алгоритмі;

  4. ЕББҚ ететін оқушыларға толтырылатын құжаттардың үлгілері;



Тыңдалды:


Күн тәртібінде қарастырылған бірінші мәселе бойынша мектеп директоры М.Т.Ыстыбаева сөз алды. 2022-2023 оқу жылындағы мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құрамын таныстырып, ППҚҚ жылдық жұмыс жоспарын бекітті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ППҚҚ төрайымы ________ ақпарат берді. Мектептегі ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ПМПК қорытындылары мен ұсыныстарымен таныстырды. 2022-2023 оқу жылында мектебімізде 5 оқушы жеке оқу бағдарламасымен және 2 оқушы бейімделген жалпы білім беру бағдарламасымен оқытылады. Жеке оқу бағдарламасымен оқитын оқушылар:

9 «б» сынып оқушысы - __________. ОПМПК ________ қорытындысына сәйкес жеке оқу бағдарламасы және жеңіл зерде бұзылысы бар балаларға арналған оқу бағдарламасымен оқыту ұсынылған.

9 «б» сынып оқушысы - ________ . ОПМПК №____қорытындысына сәйкес жеке оқу бағдарламасы және жеңіл зерде бұзылысы бар балаларға арналған оқу бағдарламасымен оқыту ұсынылған.

7 «б» сынып оқушысы - ________ . ОПМПК №____қорытындысына сәйкес жеке оқу бағдарламасы және жеңіл зерде бұзылысы бар балаларға арналған оқу бағдарламасымен оқыту ұсынылған.

6 «б» сынып оқушысы - ________ . ОПМПК №____қорытындысына сәйкес жеке оқу бағдарламасы және жеңіл зерде бұзылысы бар балаларға арналған оқу бағдарламасымен оқыту ұсынылған.

5 «а» сынып оқушысы - ________ . ОПМПК №____қорытындысына сәйкес жеке оқу бағдарламасы және жеңіл зерде бұзылысы бар балаларға арналған оқу бағдарламасымен оқыту ұсынылған.

Жоғарыда аталған оқушыларға ПМПК ұсынысына сәйкес жеке оқу жоспарының мазмұны талқыланып, бекітілді.

Оқу бағдарламасын бейімдеуді қажет ететін оқушылар:

4 «ә» сынып оқушысы - ________ . ОПМПК №____қорытындысына сәйкес бейімделген жалпы білім беру бағдарламасымен оқыту ұсынылған.

2 «б» сынып оқушысы - ________ . ОПМПК №____қорытындысына сәйкес бейімделген жалпы білім беру бағдарламасымен оқыту ұсынылған.

Күн тәртібіндегі 3-ші мәселе бойынша арнайы педагог_____ толық ақпарат берді. Жоғарыда аталған оқушыларға жеке және бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын құрастыру алгоритміне тоқталды. Терең педагогикалық диагностика нәтижесіне сәйкес бірінші және екінші жартыжылдыққа жеке оқу бағдарламалары құрастырылып (үлгілері берілді), арнайы оқулықтар мен жұмыс дәптерлері қолданылатындығы айтылды. Өзін-өзі тану, дене шынықтыру, көркем еңбек, АКТ пәндері жалпы білім беру бағдарламаларымен оқытылады.

Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасымен оқитын екі оқушыға 1-ші тоқсанға негізгі пәндер бойынша (Математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, ағылшын, орыс тілі) оқу бағдарламалары бейімделеді. Бейімделген жалпы білім беру бағдарламалары әр тоқсан сайын оқушылардың жетістіктер картасын толтыру арқылы жасалатындығы айтылып, көрсетілді (үлгілері берілді).

Күн тәртібіндегі 4-ші мәселе бойынша мектептің педагог-логопеді _____ сөз алды. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға толтырылатын құжаттардың үлгілеріне тоқталды. «Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: әдістемелік нұсқаулық/ Елисеева И.Г., Ерсарина А.К. - Алматы: ТП ҰҒПО, 2019. – 92 б.» әдістемелік нұсқаулығында берілген формалар көрсетіліп, толтыру жолдары ұсынылды.



Ұсыныс:

  1. Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құжаттарын бекіту;

  2. 5 «а», 6 «б», 7 «б», 9 «б» сынып оқушыларына жеке оқу жоспарларын бекіту;

  3. ПМПК қорытындысына сәйкес жеке және бейімделген жалпы білім беру бағдарламасын құрастыру және жүзеге асыру;

  4. ЕББҚ бар оқушылардың құжаттары үлгілерге сәйкес рәсімдеу (1, 1а, 2а, 2б, 3, 4, 5, 6 формалар);

Шешім:

  1. Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құжаттары бекітілсін;

  2. 5 «а», 6 «б», 7 «б», 9 «б» сынып оқушыларына жеке оқу жоспарлары бекітілсін;

  3. ПМПК қорытындысына сәйкес жеке және бейімделген жалпы білім беру бағдарламалары құрастырылып, жүзеге асырылсын;

  4. ЕББҚ бар оқушылардың құжаттары үлгілерге сәйкес рәсімделсін;



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
35 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
1118
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі