400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

ППҚ хаттама №3

Материал туралы қысқаша түсінік
ППҚ хаттама №3
Материалдың қысқаша нұсқасы

_____________ ауданы №___ жалпы білім беретін орта мектебі



Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің 3-отырысының

хаттамасы



_________ауылы 28.12.2022ж

Өткізілген орны: Мектептің мәжіліс залы

Қатысқандар: ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Күн тәртібінде:

  1. Бірінші жартыжылдық бойынша ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың даму динамикасына мониторинг жасау және негізгі пәндер бойынша оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін бағалау;

  2. Екінші жартыжылдыққа жеке оқу бағдарламаларын бекіту;



Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ППҚҚ төрайымы ________ сөз алды. Бірінші жартыжылдық бойынша оқушылардың даму динамикасына мониторинг жасау мақсатында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары сабақтарға қатысты, бақылау хаттамалары (2а, 2б, 3 формалар), негізгі пәндер бойынша жетістіктер картасы толтырылып, зерделенді. Оқу жылының басында және бірінші жартыжылдықтан соң толтырылған бақылау хаттамаларын салыстырып, оқушыларда анағұрлым динамика байқалатынын атап көрсетті.

Аталған мәселе бойынша мектептің арнайы педагогы _______________оқушылардың негізгі пәндер бойынша жетістіктер картасына сәйкес оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін қарастырды. Сонымен қатар, бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері ______, ________ оқушылардың оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейіне тоқталды.

2 «б» сынып оқушысы _________ -қа негізгі пәндер математика және қазақ тілі пәндері бойынша оқу бағдарламалары бейімделді. Математика пәні бойынша оқушыда әлі де тұрақты қиындықтар байқалатындығы айтылды. Қазақ тілі пәні бойынша бейімделген оқу мақсаттарын меңгерді, ауызша жауап береді, өзінің пікірін айтады, жазады және оқиды. Жетістіктер картасын зерделей келе, оқушыда жағымды динамика байқалатындығы көрсетілді.

4 «ә» сынып оқушысы _________________ 2-ші тоқсанда математика және қазақ тілі пәндері бойынша оқу бағдарламалары бейімделді. Арнайы педагог тарапынан алдыңғы сыныптардағы олқылықтармен жұмыс жасалды. Тоқсан соңында жетістіктер картасы толтырылды. Оқушы бейімделген оқу мақсаттарын меңгергенімен, жалпы білім беру бағдарламасын меңгеруге әлі де дайын емес. Келесі тоқсанда да оқу бағдарламаларын бейімдеу қажеттілігі айтылды.

5 «а» сынып оқушысы ________. Педагогикалық диагностика нәтижесінде ________ математика пәні бойынша 2 сыныптың оқу бағдарламасымен, қазақ тілі пәні бойынша 1-сыныптың оқу бағдарламасымен, орыс тілі 2-сыныптың оқу бағдарламасымен оқытылды. Арнайы оқулықтар мен жұмыс дәптерлері қолданылды. Жеке оқу бағдарламасын меңгеру деңгейі жетістіктер картасында көрсетілген. Оқушыға жеңіл зерде бұзылыстары бар оқушыларға арналған оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру қиындық туғызуда. ППҚҚ мамандары тарапынан оқушының оқу бағдарламасын жеңілдету мақсатында ПМПК-ке қайта жіберу ұсынылды.

6 «б» сынып оқушысы ________. Педагогикалық диагностика нәтижесінде ________ математика пәні бойынша 3 сыныптың оқу бағдарламасымен, қазақ тілі пәні бойынша 2-сыныптың оқу бағдарламасымен, орыс тілі 2-сыныптың оқу бағдарламасымен оқытылды. Арнайы оқулықтар мен жұмыс дәптерлері қолданылды. Жеке оқу бағдарламасын меңгеру деңгейі жетістіктер картасында көрсетілген. Пән мұғалімдері тарапынан оқушыда сабақ барысында жағымсыз мінез-құлық танытатындығы және жеке тапсырмаларды орындаудан бас тартатындығы ескертілді.

7 «б» сынып оқушысы _______. Педагогикалық диагностика нәтижесінде ________ математика пәні бойынша 4 сыныптың оқу бағдарламасымен, қазақ тілі пәні бойынша 2-сыныптың оқу бағдарламасымен, орыс тілі 2-сыныптың оқу бағдарламасымен оқытылды. Арнайы оқулықтар мен жұмыс дәптерлері қолданылды. Жеке оқу бағдарламасын меңгеру деңгейі жетістіктер картасында көрсетілген.

9 «б» сынып оқушысы ________. Педагогикалық диагностика нәтижесінде ________ математика пәні бойынша 3 сыныптың оқу бағдарламасымен, қазақ тілі пәні бойынша 2-сыныптың оқу бағдарламасымен, орыс тілі 2-сыныптың оқу бағдарламасымен оқытылды. Арнайы оқулықтар мен жұмыс дәптерлері қолданылды. Жеке оқу бағдарламасын меңгеру деңгейі жетістіктер картасында көрсетілген. ________ тақтадан, кітаптан көшіріп жазады. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды. Калькулятор арқылы есептерді шығара алады. Оқушыда динамика байқалады.

9 «б» сынып оқушысы ________. Педагогикалық диагностика нәтижесінде ________ математика пәні бойынша 1 сыныптың оқу бағдарламасымен, қазақ тілі пәні бойынша 1-сыныптың оқу бағдарламасымен, орыс тілі 2-сыныптың оқу бағдарламасымен оқытылды. Арнайы оқулықтар мен жұмыс дәптерлері қолданылды. Жеке оқу бағдарламасын меңгеру деңгейі жетістіктер картасында көрсетілген.

Күн тәртібіндегі 2-ші мәселені педагог-логопед ___________ қарастырды. Үшінші тоқсанға 2 «б» сынып оқушысы _______ пен 4 «а» сынып оқушысы _______-ға математика және қазақ тілі пәндерінің оқу бағдарламалары бейімделеді. 5 «а», 6 «б», 7 «б», 9 «б» оқушыларына жеке оқу бағдарламаларын жетістіктер картасына сәйкес дайындау ұсынылды.



Ұсыныс:

  1. Ерекше білім беру қажет ететін оқушылардың оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейі бақылауда болуы қажет;

  2. 3-тоқсанға жеке және бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын құрастыру және жүзеге асыру;



Шешім:

  1. Ерекше білім беру қажет ететін оқушылардың оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейі бақылауға алынсын;

  2. 3-тоқсанға жеке және бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын құрастырылып, жүзеге асырылсын.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
634
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі