Қазақстан Республикасының ғылым жəне Жоғары білім
министрлігі əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: «Философия және Саясаттану» Кафедрасы: «Дінтану және Мәдениеттану»
МАҚАЛА
Тақырыбы: «Тәжірибелік оқу: мәдениет пен дәстүрлерге бойлау»
Орындаған: Серік Ұ. А
Алматы
«Тәжірибелік оқу: мәдениет пен дәстүрлерге бойлау»
Оқу тәжірибесі аясында біз мәдени және тарихи маңызы бар бірқатар орындарға бару мүмкіндігіне ие болдық. Тарих пен мәдениетпен тікелей танысудан асатын не бар? Мұндай сапарлардың арқасында біз тек алған білімімізді бекітіп қана қоймай, әрбір нысанның маңызын өз көзімізбен көріп, тереңірек сезіне алдық.
Тәжірибелік оқу барысында мен көптеген мәдениет орталықтары мен мекемелеріне бардым. Тәжірибе барысында барған алғашқы нысанымыз – Алматы қаласындағы әйгілі Вознесенский Кафедралдық Соборы болды.
Алматыдағы Вознесенский кафедралдық соборы 1907–1908 жылдары белгілі сәулетші Андрей Зенков жобасы бойынша салынған. Ол жер сілкіністерге төзімді құрылыстарымен танымал. Бұл ғимарат ерекше ағаштан, шегелерді қолданбай жасалған және биіктігі шамамен 56 метрді құрайды. Әлемдегі ең биік ағаш құрылыстардың бірі болып саналады. Собор орыс православие шіркеуінің неовизантиялық архитектура элементтері бар стилінде жасалған және 1911 жылғы күшті жер сілкінісіне төтеп бергені тарихи маңызға ие, бұл инженерлік шеберлікті дәлелдейді. Ішінде дәстүрлі иконалар, ағаштан ойылған әшекейлер мен қабырға суреттері сақталған. Қазіргі таңда собор Алматының негізгі православие шіркеуі болып табылады және аймақтың рухани мұрасының символы саналады, сондай-ақ Қазақстанның мәдени және сәулет ескерткіші ретінде туристер мен діндарларды тартады. Бұл соборға күнделікті келетін адамдар саны айтарлықтай көп деп айтуға болады. Күнделікті келетін адамдар Иса Мәсіхке сыйынып, бейнесіндегі қолын сүйіп, оған тағзым жасайды. Сонымен қатар бұл шіркеу христиан дінінің православтық бағыты болғандықтан адамдар тек Иса Мәсіхке қана емес сонымен қатар , иконаларға да сыйынады екен.
Келесі нысан ол – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың музей үйі.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа арналған музей 2002 жылы оның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылды. Кейін, мемлекет қайраткері ұзақ жылдар өмір сүрген мемориалдық пәтері 2012 жылы, Қонаевтың 100 жылдығына орай көпшілікке қолжетімді болды. Бұл пәтерде ол 1969 жылдан 1993 жылға дейін, өмірінің соңына дейін тұрған.
Музей қорын қалыптастыруда оның туыстары ұсынған отбасылық құжаттар, фотосуреттер, бейнематериалдар, портреттер мен тұрмыстық заттар маңызды рөл атқарды. Кейінірек бұл материалдар достары мен серіктестерінің сыйға тартқан жәдігерлерімен толықты.
Қазіргі таңда музей екі кешеннен тұрады. Алғашқы кешен үш экспозициялық залды қамтиды, мұнда Қонаевтың балалық шағы, жастық кезеңі, еңбек жолының басталуы мен мемлекеттік, саяси және ғылыми қызметі баяндалады.
Ал екінші кешен – мемориалдық пәтер – бірнеше бөлмеден тұрады: жұмыс бөлмесі, қонақ бөлме, жатын бөлме және ас үй.
Бұл музейдің ерекшелігі – пәтердің ішкі көрінісінің сол қалпында сақталуы. Келушілер бұл жерден Қонаевтың қарапайым тұрмысын, күнделікті өмір салтын, мінезін және жеке қызығушылықтарын шынайы сезіне алады.
Еңбектері мен сыйлықтардан бөлек, музейде Қонаевтың өзі отырған орындығы, қолданған заттары, үстелі және көптеген суреттері мен аңшылық кезінде қолданған қару-жарақтары сақталған. Бұл музейді зерттеу арқылы тек тарихқа шолу жасаудан бөлек, көптеген қызықты ақпараттар білуге болады.
Келесі нысан – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры. Бұл мәдение орын естен кетпес естеліктер қалдырды. Театр құрылысы 1937 жылы жәй ғана кіші студиядан басталып, 1941 жылы оның үлкен ғимарат болып салынуына негіз болды. Театр ғимараты сәулет жағынан ерекше. Ол неоклассикалық стильде салынған, көз тартарлық бағаналары, кең баспалдағы мен әсем ішкі интерьері оның мәртебесін айқындай түседі. Театрдың негізгі залы – акустикасы өте жоғары, көрерменге ерекше әсер қалдыратын кең әрі сәнді орын. Бұл сахнада қазақтың атақты композиторларының опералары мен балеттері алғаш қойылып, ұлттық мәдениетіміздің алтын қорына енген.
Театр репертуары өте бай – мұнда классикалық еуропалық опералар мен балеттерден бастап, қазақ ұлттық шығармаларына дейінгі кең ауқымдағы қойылымдар сахналанады. «Қыз Жібек», «Абай», «Біржан – Сара» секілді опералар мен «Бақшасарай фонтаны», «Жизель», «Аққу көлі» сияқты балет туындылары – театрдың ең жарқын шығармаларының бірі. Сонымен қатар, бұл сахнада әлемдік деңгейдегі опера және балет жұлдыздары өнер көрсетіп, Қазақстан өнерін халықаралық деңгейде танытып жүр.
Мен көрген Дж .Вердидің “Риголеттосы” әлемдік стандарттан калмады.
Опера өнерінің жауһарларының бірі – Джузеппе Вердидің «Риголетто» туындысы. Бұл шығарма алғаш рет 1851 жылы Венеция қаласында қойылған. Итальяндық композитордың бұл операсы өзінің драмалық тереңдігімен, музыкалық шеберлігімен және шынайы эмоцияға толы бейнелерімен ерекшеленеді. «Риголетто» — Вердидің шығармашылық өміріндегі бетбұрысты кезеңді білдіретін, оның ең әйгілі туындыларының бірі. Вердидің «Риголетто» операсы – махаббат, қасірет пен тағдырдың жан тебірентер симфониясы. Әрбір орындаушының үні жанды тербетіп, жүрек түбіндегі сезімдерді оятты. Ариялар – жай ғана ән емес, жанның ішкі мұңы мен махаббатының, үміті мен үмітсіздігінің айғағы секілді сезілді. Музыка тіл қатпай-ақ, сезіммен сөйлейді – дәл осы сәттерде өнердің шынайы құдіретін сезіндім.
Сахна безендірілуі мен костюмдер ерекше талғаммен жасалған. Өзімді көрермен ретінде емес, оқиғаның ішіндегі кейіпкердей сезіндім. Жарық, музыка, актерлердің қимылы – барлығы біртұтас өнер туындысына айналды.
Келесі нысан – Жастар ресурстық орталығында өткен “Эмоцияларды тану” іс-шарасы. Бұл тренингтің мақсаты тек эмоцияларды тану ғана емес оларды сезіну арқылы көрсету қабілетін арттыру, стресс тақырыбындағы талқылаулар арқылы оны шешу жолдары мен алдын алу шарттары. Бұл тренингтан алған кеңестер мен ақпараттар өте көп, әрі пайдасы бар . Стресс және эмоция сөздерінің толық мағынасын, олардың түрлерін ашық талқылау арқылы көп ақпарат жинадық. Физикалық ойындар ойнау және тұлғалық типті анықтау тестін өту арқылы өткізілген іс-шараның белсенділігін арттырып, қойылған мақсатына жеттік. Бұл іс-шара өте қызықты болып өтті, мағант ұнады.
Қорытындылай келе, тәжірибелік оқу барысында тарихи және мәдени нысандарды аралау арқылы ұлттық мәдениеттің байлығы мен тереңдігін сезініп, өткен мен бүгінді байланыстыратын көпқырлы құндылықтармен таныстық. Мәдениеттанушы ретінде бұл тәжірибе бізге мәдени феномендердің тарихи контекстегі маңызын тереңірек түсінуге, олардың қазіргі қоғамдағы ролі мен ықпалын зерттеуге мүмкіндік берді. Осындай практикалық сапарлар мәдени мұраны сақтау және оны насихаттауда маңызды рөл атқаратынын тағы да дәлелдеді. Сонымен қатар, бұл тәжірибе мәдениетті зерттеудің теориялық негіздерін нақты өмірдегі көріністерімен байланыстырып, болашақ ғылыми ізденістерге тың серпін берді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Практика мақала, Серік Ұлсұлу 1 курс Мәдениеттану

шағым қалдыра аласыз