Оқу сабағының жоспары №
Практикалық жұмыс. Лоренц күші мен Ампер күшіне есептер шығару.
(сабақтың тақырыбы)
Модуль /пән атауы ЖББП 9 Физика
Педагог _______________дайындады.
20_ жылғы "___" ____________
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ __________________
Сабақтың түрі: аралас
Өткізу формасы: жаңа білімді, дағдыларды бекіту сабағы
2. Мақсаты:
-Лоренц күші мен Ампер күшінің физикалық мәнін және олардың қолданылу аясын түсіну.
-Лоренц күші мен Ампер күшінің есептік тәсілдерін меңгеру, олардың формуласын дұрыс қолдану дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
-Лоренц және Ампер күштерінің әсерінен бөлшектер мен өткізгіштерге қалай әсер ететінін практикалық есептер арқылы көрсету.
-Әртүрлі жағдайларда магнит өрісі мен токтың өзара әрекеттесуін зерттеу.
3. Күтілетін нәтижелер
-Сол қол ережесін қолданып Ампер және Лоренц күштерінің бағытын анықтай алады.
-Магнит өрісінің күштік сипаттамасын, бұрғы ережесін біледі.
-Магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын дұрыс көрсете алады.
4. Қажетті ресурстар
презентация, стикерлер, үлестірме қағаздар.
5. Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі (3 мин)
-амандасу.
-аудитория дайындығын тексеру.
-студенттерді түгендеу.
2. Білімді бақылау 3 мин
Үйге берілген есепті тексеру.
- Актив бөлігінің ұзындығы 5 см болатын өткзгішке 50 мН күшпен әсер ететін магнит өрісінің индукциясы қандай? Өткізгіштегі ток күші 25 А. Өткізгіш магнит өрісінің индукциясына перпендикуляр орналасқан.

Бағалау критерийі: Сол қол ережесін қолданып, Ампер күшінің бағытын көрсетеді.
3. Практикалық жұмыс
1. топтық жұмыс. 15 мин Суретте магнит өрісінің токпен өзара әсері көрсетілген. Келтірілген әрбір жағдай үшін есепті тұжырымдап, оны шығару керек.
І-топ а, д
ІІ-топ б,е
ІІІ-топ в,ж
ІV-топ г,з
-
Суретте магнит өрісінің токпен өзара әсері көрсетілген. Келтірілген әрбір жағдай үшін есепті тұжырымдап, оны шығару керек.
-
Егер магнит индукциясы мен ток күшінің бағыттары суретте көрсетілгендей болса, Ампер күшінің бағытын анықтаңдар (а-г).
-
Токтың бағытын анықтаңдар (д);
-
(В) индукция векторының бағытын анықтаңдар (е, ж).
-
Ампер күшін анықтаңдар (з).

Шешуі:Магнит өрісіне орналастырылған тогы бар өткізгішке Ампер күші әрекет етеді. Магнит индукциясы векторы (В), Ампер күші (Ғ) және токтың (І) бағыттары сол қол ережесі бойынша анықталады.
Жауабы:(
а) жоғары;
(б) оңға; (в) жазық бетіне нормаль вектор бойымен, ішіне; ( г)
солға.

-
Токтың бағыты жазық бетіне нормаль вектор бойымен, ішіне (д);
-
Индукция векторының бағыты (е) жазық бетіне нормаль вектор бойымен, бақылаушыға қарай; (ж) төмен қарай бағытталған.
-
Ампер күшін ҒА=0, себебі (В)индукциясы векторы мен токтың бағыттары қарама-қарсы бағытталған (з).

2. Жұптық жұмыс . 5 мин
Дұрыс сәйкестікті сызбамен біріктіру арқылы көрсет! Өзін-өзі бағалау.
|
Күш сызығының қасиеті |
|
Күштің бағытын көрсетеді |
|
Ампер күшінің формуласы |
Магнит индукциясының бағытын көрсетеді |
|
|
Егер токтың бағыты «бізге қарай» болса
|
Магнит өрісінің күш сызықтары сағат тілінің бағыты бойынша
|
|
|
Магнит өрісінің индукциясының өлшем бірлігі
|
- магнит өрісінің күш сызықтары солтүстік полюстен шығады (N-north) оңтүстік полюске (S-south) кіреді. |
|
|
Егер токтың бағыты «бізден ары» болса |
Тесла (Тл) |
|
|
Флемингтің сол қол ережесі бойынша сұқ саусақ |
Магнит өрісінің күш сызықтары сағат тілінің бағытына қарсы
|
|
|
Флемингтің сол қол ережесі бойынша бас бармақ |
|
|
|
|
|
|
|
|
Ток күшінің бағытын көрсетеді |
|
|
Флемингтің сол қол ережесі бойынша ортаңғы саусақ |
Бас бармақпен сәйкес келеді |
Бағалау критерийі: Сол қол ережесін қолданып Ампер және Лоренц күштерінің бағытын анықтай алады. Магнит өрісінің күштік сипаттамасын, бұрғы ережесін біледі.
Жеке жұмыс. Есептер шығару. Тыңдалым арқылы беріледі. 15 мин
1. Заряды 10 мкКл және массасы 1 мг электр зарядының тозаңы біртекті магнит өрісінде шеңбер бойымен қозғалады. Өрістің индукциясы 1 Тл, ал тозаңның жылдамдығының шамасы 5 м/с болса, шеңбердің радиусын анықта.
2. Ток күші 3 А болған
ұзындығы 10 см өткізгіш магнит индукция векторы
0, 2 Тл магнит өрісіне орналастырылған. Магнит индукция күш
сызықтары перпендекуляр бағытталған. Өткізгішке әсер ету күшін
тап
3. Біртекті магнит өрісінде 2 мкКл электр заряды 10 м/с жылдамдықпен қозғалады. Зарядқа индукциясы 0, 1Тл магнит өрісі тарапынан күш әсер ету күшін анықта.
4. Ток күші 5А тогы бар тұйық рамаға әсер етуші күш моменті 2 Н*м. Раманың ауданы 4 см2. Магнит өрісінің индукциясын тап.
5. Зарядталған бөлшек потенциалдар айырмасы 15 В индукциясы 0, 5 Тл магнит өрісінде индукция күш сызықтарына перпендикуляр бағытта қозғалады. Егер электрон радиусы 10 см шеңбер бойымен қозғалатын болса онда бөлшектің зарядының оның массасына қатынасын тап.
Бағалау критерийі: Ампер және Лоренц күштерінің формуласын қолданып есептер шығарады.
4. Материалды бекіту. 5 мин
Zipgrad платформасы арқылы тест жұмысы тексеріледі.

Тест
1. 1820 жылы магнетизм ілімі бойынша жаңалық ашқан физик.
А) Г.Герц Б) Х.Эрстед
С) А.С.Попов Д) А.Ампер Е) Г.Ом
2. Магниттің неше полюсі бар?
А) 2 Б) 3
С) 4 Д) 5 Е) 6
3. Магнит өрісінің неше қасиеті бар?
А) 2 Б) 4
С) 3 Д) 5 Е) 6
4. Тұйықталған күш сызықтары бар өріс.
А) электр өрісі Б) магнит өрісі
С) электростатикалық өріс Д) құйынды өріс Е) біртекті өріс
5. Егер бұранданың ілгерілемелі қозғаласының бағытын өткізгіштің ток бағытымен сәйкестендірсек, онда бұранда тұтқасының айналу бағыты магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын көрсетеді. Бұл қай ереженің тұжырымдамасы?
А) ток күші Б) Ленц ережесі
С) сол қол ережесі Д) оң қол ережесі Е) бұранда ережесі
6. Егер оң қолдың бас бармағын өткізгіш бойымен жүріп жатқан ток бағытымен бағыттасақ, онда өткізгішті қармай ұстаған саусақтардың бағыты магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын көрсетеді. Бұл қай ереженің тұжырымдамасы?
А) сол қол ережесі Б) оң қол ережесі
С) бұранда ережесі Д) Ленц ережесі Е) ток күші
7. Магнит индукциясы қандай әріппен белгіленеді?
А) F Б) E
С) B Д) U
Е) l
8. Магнит индукциясының өлшем бірлігі не?
А) Н Б) А
С) м Д) Тл
Е) Кл
9. Магнит өрісінде қозғалатын зарядқа әрекет ететін күш
А) Кулон заңы Б) бұранда ережесі
С) оң қол ережесі Д) сол қол ережесі
Е) Лоренц күші
10. F =qVb бұл қай шаманың формуласы?
А) ток күші Б) Лоренц күші
С) Ом заңы Д) кернеу
Е) электрсыйымдылық
5. Сабақтың қорытындысын шығару Бағалау парағы бойынша 3-мин
Рефлексия 3Қ
1. Құнды....
2. Қызық...
3. Қиын....
4. Қанда ақпарат болашақта саған қажет болуы мүмкін?
7. Үй тапсырмасы. 2 мин
- Ампер күші мен Лоренц күшінің ұқсастығы және айырмашылығын жазу.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Практикалық жұмыс. Лоренц күші мен Ампер күшіне есептер шығару

шағым қалдыра аласыз