Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Present Simple

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілі пәнінен қысқы мензімді жоспарлар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

7 бөлім.Презентацияны безендіру (ортақ тақырып:

«Су – тіршіліктің көзі»)

Мектеп: Абай атндағы №31 жалпы орта мектеп

Күні: 27.07.2018

Мұғалімніңаты-жөні:

Турехханова Шолпан Абдыхановна

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағанда:


Сабақтың тақырыбы:


Презентацияға фигуралар қою.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.1. мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым презентациялар жасау;

3.2.3.2. слайдтар арасындағы ауысуларды пайдалану;

3.2.3.3. презентацияны безендіру үшін дайын безендіру пайдалану;

3.3.1.1. нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламторды қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлығы: мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым презентациялар жасауды ,слайд арасында ауысуларды, дайын безендірулерді жасау және Ғаламторды қолдану жолдарын жетілдіру.

Басым көпшілігі:

мәтін мен бейнелерден, фигуралардан тұратын қарапайым презентациялар жасауды ,слайд арасында ауысуларды, дайын безендірулерді және Ғаламторды қолдануды жасау.

Кейбірі: мәтін мен бейнелерден, фигуралардан тұратын қарапайым презентация жасау және слайд арасында ауысуды, анимация жасауды,дайын безендіруді ғаламторды пайдаланып тақырыпқа сай презентация жасау

Бағалау критерийі

-мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым презентациялар жасауды слайд арасында ауысуларды, дайын безендірулерді жасау, Ғаламторды қолдану жолдарын жетілдіреді.

-мәтін мен бейнелерден, фигуралардан тұратын қарапайым презентациялар , слайд арасында ауысуларды, дайын безендірулерді және Ғаламторды қолдана отырып презентация жасайды.

-мәтін мен бейнелерден,фигуралардан тұратын қарапайым презентация жасап және оған слайд арасында ауысуларды , анимация жасауды, дайын безендірулерді, Ғаламторды пайдаланып тақырыпқа сай презентацияны жасай алады.

Тілдік мақсаттар


Терминология:

Жаңа презентация-Новая презентация-New presentation,Кірістіру –Вставка-Insert, Фигуралар-Фигуры-Figures, Пішім-Формат-Format, Жазу- Надпись-Inscription, Су-вода-water

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

Кірістіру (Вставка)- Фигуралар (Фигуры)- командасын пайдалануды көрсетеді.

-Фигураның ішіне мәтін жазу үшін Пішім (Формат)- Жазу (Надпись) командасын пайдалануды көрсетеді.

Құндылықтарға баулу



Қазақстандағы барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін жағдай жасау, үштілділік қағидатын енгізу де маңыздылығын іске асыру, адалдыққа, ұқыптылыққа, шығармашылыққа, өмір бойы білім алуға бағыттау.Сыныпта алған білімдерін сыныптан тыс жерде қолдану.

Пәнаралық байланыс

Дүние тану, ағылшын тілі, орыс тілі - (термин сөздердің айтылуы).


Алдыңғы білім


Презентацияға арналған ақпарат.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы

«Жақсы ниет»

2 минут




«5 сұрақ » әдісі

4 минут











Топқа біріктіру

2 минут

Ұйымдастыру.Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын, жұмыс орнын реттеу.

Сыныпта жағымды ахуал қалыптасыру

«Жақсы ниет»

Шаттанайық достарым жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Сыныппен жұмыс.Үй тапсырмасын оқушылардан сұрау

«5 сұрақ » әдісі арқылы «Презентацияға арналған ақпарат» тақырыбы бойынша:

1.Презентацияға ақпаратты қайдан аламыз?

2.Мәтіндік ақпаратты қалай көшіреміз?

3.Неліктен тақырып атауын жазғанда WORDArt нысанын қолданамыз?

4.Неге презентацияға арналған ақпаратты іздегенде ғаламторды көбірек қолданамыз?

5.Еске түсірейік: Power Point программасын қалай іске қосамыз?

Қалыптастырушы бағалау: бағдаршам арқылы бағалау

«Фигуралар» әдісі арқылы екі топқа біріктіру

І топ: Төртбұрыш стикерде : презентация -презентация presentation

ІІ топ: Дөңгелек стикерде: Фигуралар-Фигуры-Figures,


Оқулық 3 сынып, жұмыс дәптері

АКТ














Кеспе қағаздар


Сабақтың ортасы

« Галереяны шарлау» әдісі

8 минут

















Жұптық жұмыс.

«Ойлан,жұптас,

бөліс» әдісі

7 минут
































Сергіту сәті

1 минут

Жеке жұмыс.

Кім жылдам?

8 минут

Тапсырма 1. « Галереяны шарлау» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым презентациялар жасауды ,слайд арасында ауысуларды, дайын безендірулерді және Ғаламторды қолдану жолдарын оқулықтан оқып, топта талқылап, бірін-бірі тыңдап, ортақ пікірлерін постерге түсіру. Дайындалған постер бойынша идеяларын қорғап айтып беру.

І топ: Презентация:

-мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым презентациялар жасауды қолдану жолдарын айтып беру.

ІІ топ: Фигуралар:

-слайд арасында ауысуларды, дайын безендірулерді және Ғаламторды қолдану жолдарын айтып беру

Дескриптор:

-Power point программасын ашып, слайд жасап оған мәтін жазу үшін Пішім (Формат)- Жазу (Надпись) командасын пайдалануды көрсетеді, бейнені картинадан, суреттерден енгізіп қарапайым презентациялар жасау , слайд арасында ауысуларды, дайын безендірулерді, Ғаламторды қолдану жолдары туралы білімдерін оқылым, жазылым,тыңдалым арқылы жетілдіреді.

Қалыптастырушы бағалау бағдаршам түстері арқылы бірін-бірі бағалау

Топтық бағалау: басбармақ арқылы бағалау.

Тапсырма 2. Жұптық жұмыс. «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі

мәтін мен бейнелерден, фигуралардан тұратын қарапайым презентациялар жасауды ,слайд арасында ауысуларды, дайын безендірулерді және Ғаламторды қолдануды жасау.

Оқушыларға тапсырма жазылған парақшалар таратылады.

Оқушылар жұптасып тапсырмаларды орындайды.

1слайдқа фигураларды қойып,бояймыз.Ішіне су туралы не білеміз ғаламтордан алып жазамыз.

2 слайдқа фигураларды қойып,ішіне судың пайдасы туралы ғаламтордан алып,фигуралар ішіне қоямыз.

3. Слайдтар арасында ауысуларды орындаймыз.

Дескриптор:

-мәтін мен бейнелерден, фигуралардан тұратын қарапайым презентациялар жасайды.

- слайд арасында тінтуір, бағыттауыш стрелкалар арқылы ауысуларды, дайын безендірулерді және Ғаламторды қолдануды жасай отырып Power Point мүмкіндіктерін туралы білімдерін толықтырады.

Қалыптастырушы бағалау: бағдаршам арқылы бағалау

Жұптық бағалау: басбармақ арқылы бағалау

Сергіту сәті 1 минут :Көзге, қолға жаттығу.

Тапсырма 3. Жеке жұмыс. Кім жылдам?

мәтін мен бейнелерден, фигуралардан тұратын қарапайым презентация жасау және слайд арасында ауысуды, анимация жасауды,дайын безендіруді ,ғаламторды пайдаланып тақырыпқа сай презентация жасау

Презентация жасап көр:

  1. «Қазақстандағы ең ірі өзендер» тақырыбына презентация жасап, слайдтар арасындағы ауысуларды анимация арқылы жасап көрсет.

  2. Төмендегі іс-әрекеттерді орындап презентация жаса:

  • Power Point іске қос.

  • 1 слайдқа «Қазақстандағы ең ірі көлдер»деп тақырып қойып, дизайн таңдап, безендіріп екі слайд жаса

  • Әр слайдқа әртүрлі фигуралар қойып, іштерін бояп, көркемде.

  • Ғаламтордан «Қазақстандағы ең ірі көлдер» туралы мәліметтер алып,фигуралар ішіне орналастыр.

  • слайд арасында ауысуды пайдалан.

  • «Су атауымен өз бумаңа сақта»



Дескриптор:

-Мәтін мен бейнелерден, фигуралардан тұратын қарапайым презентация жасайды

-слайд арасында анимация арқылы ауысуды- жасыл түспен берілгендер Кіру(Вход),сары түспен берілгендерді ерекшелеу (Выделение),қызыл түспен Шығу(Выход) арқылы жүзеге асырады, дайын безендіруді, ғаламторды пайдаланады.

Өз бумасында сақтайды. Қабілеті төмен оқушылар жетелеу тапсырмалар арқылы тапсырманы толық орындап шығады.

- Қалыптастырушы бағалау: Өзін-өзі бағалау



















кеспелер

«Арман ПВ» баспасы 107-108 бет




«Арман ПВ» баспасы 109-110 бет



















Сабақтың соңы

«Борт журналы»

4 минут





















Кері байланыс.

2 минут








Үйге тапсырма:

2 минут




Сабақты қорытындылау «Борт журналы» әдісі. Үштілділік қағидатын енгізу де маңыздылығын іске асыру, адалдыққа, ұқыптылыққа, шығармашылыққа, өмір бойы білім алуға бағыттау.Сыныпта алған блімдерін сыныптан тыс жерде қолдану.

Тақырып бойынша оқушылар келесі мазмұнды кестені толтырады: «Берілген тақырып бойынша бұрыннан білетінім», «Мәтінді оқып жаңадан білгенім», «Болжамдар», «Тың ақпараттар»

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Кірістіру


Insert

Фигуралар

Фигуры



Формат

Format

Жазу


Inscription

Нәтижесі:

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Кірістіру

Вставить

Insert

Фигуралар

Фигуры

Figures

Пішім

Формат

Format

Жазу

Надпись

Inscription

ДескрипторПрезентацияға фигуралар қою» тақырыбы бойынша білімдерін қолданады.

Кірістіру (Вставка)- Фигуралар (Фигуры)- командасын пайдалануды көрсетеді

-Фигураның ішіне мәтін жазу үшін Пішім (Формат)- Жазу (Надпись) командасын пайдалануды көрсетеді.

Кері байланыс:

Бүгінгі сабақты қалай түсінгенін «ЭКСПО-2017» түстеріне жабыстыру.

Көк түс –түсінбедім

Сары түс-жартылай түсіндім

Жасыл түс-түсіндім

Қалыптастырушы бағалау: бағдаршам арқылы бағалау

Топтық бағалау: басбармақ арқылы бағалау.

Үйге тапсырма: «Презентацияға фигуралар қою»

Әмір су туралы мақал-мәтелдерді фигураның ішіне жазып , оны сары түске бояғысы келді.Оған қандай көмек көрсетуге болады? Презентацияны дайындау барысында қандай фигураларды қолданған тиімді?


Кеспе парақша

Өзін-өзі бағалау














Кері байланыс:



Үйге тапсырма: күнделік


«Арман ПВ» баспасы 105-106бет

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ барысында қолданған тапсырмалар оқушылар жас ерекшеліктерін ескеріп сараланған.«Кім жылдам?» әдісімен қабілеті жоғары оқушылаға мүмкіндігіне қарай күрделі тапсырмалар беру арқылы мадақтап отырамын Осы тапсырмада және «Ойлан,жұптас,бөліс» жұптық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар көмекті қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетіп, тапсырманы толық орындауына ықпал етеді.

« Галереяны шарлау» әдісінде қабілеті төмен оқушрыларға жетелеу тапсырмаларын беріп ,. кері байланыс жасау арқылы қосымша түсіндіру ,ынталанды-ру жұмыстарын жүргіземін.Оқушының өзінің, басқалардың ойлары мен жұмыс жасауын бақылау дағдысы қалыптастырамын.Сыныпта алған білімдерін сыныптан тыс жерде қолдана алауға бағыттаймын.

Оқушылардың материалды игеру деңгейін тексер үшін бағдаршам,басбармақ ,өзін-өзі бағалау, жұптарды ауызша мадақтау: жарайсыңдар, жақсы, талпындыңдар әдістерін пайдалануды жоспарлап отырмын.

Бағдаршам арқылы: Бағдаршам – оқушылардың өздерінің қаншалықты түсінгенін көрсетудің жылдам тәсілі. Оқушыларға қызыл, сары және жасыл түсті карточкалар беріледі.

Ж асыл- жарайсың;

Сары- жақсы;

Қызыл- талпындың


Басбармақ - Бұл – оқушылардың өздерінің қаншалықты түсінгенін көрсетудің тағы бір жылдам тәсілдерінің бірі. Осы тәсілді бағдаршам қолданылған сияқты жағдайларда пайдалануға болады. Оқушылар:

толықтай түсінсе, сенімді болса бас бармағын жоғары көтереді;

түсінуге жақын болса, аздап білсе, бас бармағын ортада ұстайды;

егер түсінбесе, сенімсіз болса, бас тармағын төмен түсіреді.





Cабақ барысында кабинеттегі техника қауіпсіздігінің ережелерін,

компьютер алдында дұрыс отыруды, компьютер мен оқушы арасындағы арақашықтықты сақтауды қадағалаймын.

Сергіту сәтінде қолға,көзге жаттығулар жасатамын.

Рефлекция

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау тиімді болдыма

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім?

Және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?









































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.01.2019
439
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12