Материалдар / Презентация

Презентация

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөзді ажрата білуді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Маусым 2021
414
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Мирзалиева Динара Бейсенбековна
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, магистр
Үсенбекова Айнагүл Ермекбаевна
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, оқытушы

Биологияны оқытудың жаңа әдістерінің бірі



Тыңдармандардың танымдық қабілеттерін арттыру үшін олардың логикалық ойлау
қабілетін дамыту керек. Бұл мақалада тыңдармандардың ойлау қабілетін дамытуда Блум
таксономиясын пайдалану қажеттілігі айтылады.

Это статья поможет развивать познавательных деятельность и их логические
мышления, а так же применить методы таксономия Блума. Слушатели смогут
самостоятельно развивать творческую деятельность при дополнительных занятиях.

This article will help develop cognitive activities and their logical thinking, as well as apply
the methods of the taxonomy of Bloom. Students will be able to independently develop their
creative activity with additional lessons.

Түйін сөз: оқытудың Блум таксономиясы.

Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған
білімінің сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болады.
Оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік
беретіндей құралдармен қамтамасыз ету және студенттің жекелей дамуы, жеке тұлғаның
қалыптасуы, өзін - өзі жетілдіру және қоршаған әлемді жетілдірудің инновациялық
қажеттіліктерін қалыптастыру. Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды дамыта оқыту,
оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жоғарлатуды көздейді. Осы тұрғыдан бүгінгі күні жаңа
технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып тәрбие беру
оқытушының басты міңдеті. Сондықтан, әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты
үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-
тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді. Бұл бағытта білім берудің
әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа
идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан, оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу
мазмұны мен оқушылардың, студенттердің жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың
маңызы зор. Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-
жақты маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі әрбір
оқытушының шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін [1].
Осыған байланысты жұмыстың негізгі мақсаты – биологияны оқыту үрдісіндегі
қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу
бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формаларын, яғни,
технологияларын қолданудың әдістемелік негіздерін ашу.
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум
таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы
Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго
университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз
теориясын дамытқан.1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті
әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау
дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі бо лып табылады. Блум
таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру [2].


Page 2

Блум жүйесі арқылы уақытты тиімді пайдалана отырып қолдануға және сапалы білім мен
оқушылардың өзін-өзі бағалауға қол жеткізуіне мүмкіндік туады. Блум таксономиясы алты
ойлау деңгейлері мен көрсетіледі.
1. Білу
2. Түсіну
3. Қолдану
4. Талдау
5. Жинақтау
6. Бағалау
Білу - таным мен ойлау деңгейі – төменгі деңгей. Бұл деңгей мәлiметтердi қайталау
немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi
еске түсiредi. Мысалы, биологиялық терминдерді әр сабақ сайын қайталап отыру немесе
өткен сабақты еске түсіру.
Түсіну - таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Жаңа материалдағы білімді
түсінгенін анықтау үшін, диалогтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде
сұрау, болжам жасату. Жаңа материалды түсінуін қамтамасыз ету. Жаңа сабақ түсіндіріліп
болғаннан кейін оқушылардың қалай меңгергендігін анықтау кезеңі.
Қолдану - таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Бұл деңгей оқу материалын нақты
жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді,
ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан өмірде қолдану
кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Талдау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының құрылымы
анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің
бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша
ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл деңгей оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар
оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
Жинақтау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалындағы жеке
бөлшектерден немесе шашылған дүниелерден жаңа жасауға көмектесу. Жалқыдан жалпыға
бағыттау. Ойын жинақтап, проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасайды.
Бағалау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының маңызын
анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғыларының оқу
нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді. Материалдың өзі үшін керектісін, құндылығын
анықтау, пайымдауға бағыт беру, идеялар алмасу, өзіне керектісін таңдау [3, 4].
Блум таксономиясын қолдану арқылы оқытудың ерекшеліктері:
- балалар өздері білетіндерінен бастап, бірте- бірте жаңа тақырып пен ұштастыра
отырып, білімін толықтыра түседі;
- берілетін тапсырмалар әртүрлі болғандықтан оқушылардың қызығушылығын
оятады, сыни тұрғыдан ойлау белсенділігі артады;
- сабаққа деген қызығушылығы артады;
- оқушылар арасында топтық жұмыс та, жұптық, жеке жұмыс та орындалады;
- ойларын қорытындылауды, пікірін дәлелдеуді үйренеді;
- әр оқушы білім деңгейін байқап, өзін- өзі бағалап отырады, жұптық бағалау, ал сабақ
соңында топ көшбасшылар топты критериймен бағалап отырады;
- оқытушы да оқушы да көп ізденуге дағдыланады.
«Омыртқалылар және олардың құрылыс ерекшеліктері» атты тақырыпта өткізген
сабағым «Блум» таксономиясы бойынша білу, түсіну, қолдану, жинақтау, бағалау кезеңдері
деп жоспарланды. Сабақта оқушылар топқа біріктіріліп, топтық, жұптық, жеке деңгейлік
тапсырмалар берілді. Оқушылар диалогты әңгімелесу кезінде бір-бірін тыңдады, пікір
алмасты, ой бөлісті, талқылады, ой жинақтады,ынтымақтастықта білімді бірлесіп құру
арқылы түсінікпен дағдыларды қалыптастырды [5]. Сабақтың мақсаты: Омыртқалы
жануарлардың негізгі ерекшеліктері, олардағы мүшелердің дамуы, көбею ерекшеліктері
түсіндірілді. Сыни тұрғыдан ойланып, ойларын еркін айта білуге дағдыландырды. Күтілетін


Page 3

нәтиже: Омыртқалы жануарларда пайда болатын аурулар және олардың алдын алу,
экологиялық жүйедегі орнын білу. Сабақта қолданған әдіс -тәсілдер: «Ой-қозғау», «Өрмекші
торы», «Балық қаңқасы», «Бес саусақ» ,«Аяқталмаған сөйлем» , «Ойлан, бірік, бөліс»,
«Сұрақ қою» әдістері.
Білу кезеңі. Үй тапсырмасын сұрауда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер бойынша «Өрмекші
торы» әдісі арқылы сұралды. Оқушылар шеңбер құрып тұрды және жіпті қағыт алып
қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, өзі де сұрақ қойды. Бұл әдіс оқушылардың есте
сақтау қабілетін дамытуға тиімді болды. Тапсырмада оқушылар бір-бірімен сұрақ-жауап
арқылы диолог жасады. Мeрсер мeн Литлтон (2007 ) өз еңбeктерінде диолог-сaбақта
оқушылaрдың қызығушылығын aрттырумен қатaр олaрдың білім дeңгейінің өсуіне үлес
қосaтынын айтып көрсеткен.
Оқушыларды топқа бөлуде омыртқалы жануарлар (бауыр, өкпе, жүрек, ми) мүшелерінің
суреттері арқылы бөлінді. Әр топ өздерінің топтарынан топ басшы сайлады. Топ ережесін
еске түсіріп, барлығы топ ережесіне және топ басшыға бағынатынын айтты. Топқа бөлу
арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылды.
Түсіну кезеңі. Оқушыларға жаңа сабақты «Ой қозғау»әдісімен сыни тұрғыдан ойлату
мақсатында «Оқытудағы ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану»
арқылы интерактивті тақтадан сөз жұмбақ қою арқылы жаңа сабақ тақырыбы ашылды.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушылардың қaбылдауын
жылдaмдататын, түсінулерін жеңілдететін, мұғaлімнің сaбақ өтуіне көмектесетін бүгінгі
күнде аса маңызды құрал болып тұр.
Қолдaну кeзeңі. Оқушыларға «Жас ерекшеліктеріне сәйкес» тапсырма бердім. Бұл
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы көп нүктенің орнына тиісті сөйлемді қою.
Талдау кезеңі: Одан әрі білімдерін дамыту үшін «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі қолданылды. Ол
үшін оқушыларға суреттердің қиындысын беру және сол бойынша тапсырмалар берілді.
Олар суреттерді құрастырып, төмендегі тапсырманы орындады. Яғни бес саусақ әдісі
арқылы оқушыларға омыртқалы жануарлардың эволюциялық дамуы, құстардың алдыңғы
аяқтарының қанатқа айналуы, қосмекенділердің терімен тыныс алуы, балықтардың б.йір
сызығы мен торсылдағының ерекшеліктері, т.б. жайттар талқыланды.
Жинақтау кезеңі: Алған білімдерін жинақтау мақсатында «Кім жүйрік?» әдісін қолданылды.
Яғни, әрбір топқа сұрақтан қойылып, миға шабуыл жасалды.
Бағалау кезеңі. Сабақты оқушылар қалай меңгергенін бақылау үшін «ББҮ» әдісі бойынша
кері байланыс ұйымдастырылды. Оқушыларға стикер таратылды. Әр тапсырманы бағалау
парағына топбасшылар бағалап отырды, топ мүшелері келісіп отырды.
Нәтижесі:
- қызығушылығы артады;
- бір-бірін тыңдайды;
- ойлау,есте сақтау қабілеті дамиды;
- өзіндік пікірі қалыптасады;
- татулықта жұмыс жасайды.
Қорыта айтқанда, әрбір оқытушы сабақ өткізген кезде оқушыларға, студенттерге
сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар
компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың,
студенттердің қызығушылығы арта түсері анық. «Қазіргі заманда жастарға жаңа
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп,
Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында жаңа технологияны оқу
үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.

Әдебиеттер
1. Торманов Н.Т., Аблайханова Н.Т. «Биологияны оқытудың инновациялық әдістемесі»,
Алматы, Қазақ университеті, 2013ж.


Page 4

2. Есмұқан М.Е. «Студенттердің танысдық ізденімпаздығын қалыптастыру», Алматы,
2004ж.
3. Сабыров Т.С. «Оқыту теориясының негіздері», Алматы, 2000ж.
4. Коменский Я.А. «Ұлы дидактика», М., 1955ж.
5. Жұмабаев М. «Педагогика» Алматы, 1992ж.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ