|
Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске
түсіру
|
Мұғалім
«Инновация – болашаққа қадам» атты бейнероликті көрсетеді (Canva AI
не ChatGPT Video Generator арқылы
жасалған).

—
Сабақтың
тақырыбын және мақсаттарын түсіндіреді.
—
Сабақ соңында
оқушылар өздерінің презентациясын қорғап шығатынын
айтады.
«Елдің ғылыми жетістіктері» атты Kahoot
онлайн-викторинасын іске қосады (10 сұрақ). Сұрақтарда Қазақстанның
ғалымдары мен жетістіктері қамтылады (мысалы, Әл-Фараби,
Д.Нұрпейісова, Назарбаев Университет
жобалары).
|
—
Оқушылар
бейнероликті тамашалайды.

—
Өз болжамын
айтады: “Бүгінгі тақырып не туралы болуы
мүмкін?”
—
Сабақтың
мақсатымен танысып, өз оқу мақсатын
белгілейді.
—
Смартфон
арқылы Kahoot сұрақтарына жауап береді.
— Топтық нәтиже
талданады.
|
Ауызша
мадақтау
Kahoot автоматты
ұпайы
|
Бейнеролик (https://www.youtube.com/watch?v=V4HXu2-u-V0), тақта, экран
|
|
Жаңа білім
Бекіту
|
I кезең –
Түсіндіру
“Ғылыми
ізденіс дегеніміз не?” тақырыбында қысқаша дәріс. Ғылыми зерттеудің
сатылары: 1) мәселені анықтау, 2) ақпарат жинау, 3) талдау, 4)
қорытынды жасау, 5) ұсыну.
II кезең –
Мәтінмен жұмыс
“Қазақстандағы
жас ғалымдар мен инновациялар” атты шағын мәтінді таратады (мысалы,
жасанды интеллект жобалары).
III кезең
– Топтық талқылау
Топтарға
тапсырма: өз зерттеу тақырыбын таңдау және ғылыми сұрақ
құру.
Мысалы:
1-топ –
“Қазақстандағы жасыл технологиялар”
2-топ – “Тіл
мен ЖИ байланысы”
3-топ –
“ЭКСПО мұрасы және инновациялар”
4.
Практикалық бөлім (ЖИ көмегімен)
Тапсырма:
“AI-Зерттеу жобам”
Мұғалім әр
топқа нұсқаулық береді:
1. ChatGPT
немесе Google Gemini-де өз зерттеу сұрағын енгізу (мысалы:
“Қазақстандағы жас ғалымдардың жетістіктері туралы презентация
идеяларын ұсын”).
2. ChatGPT
ұсынған жауаптарды өңдеп, өздерімен
толықтыру.
3. Canva AI
немесе PowerPoint арқылы 3–4 слайдтан тұратын шағын презентация
дайындау.
Мұғалім бағыт
береді: «ЖИ — көмекші, бірақ негізгі мазмұн сіздің ойыңыздан шығуы
тиіс».
Әр топ өз
зерттеу нәтижесін таныстырады (2 минуттан). Мұғалім “Ең жаңашыл
жоба” номинациясымен сыныптық дауыс
жинайды.
— Қысқаша талдау: қай топ ғылыми тұрғыда
дәйекті болды, қайсысы жаңашыл шешім
ұсынды?
|
—
Мәтінді оқып,
маңызды деректерді белгілейді.
—
Топта тақырып
таңдайды.
—
“Біз не
зерттемекпіз?” деген сұраққа жауап жазады.
—
Шағын жоспар
құрады (Мәселе, мақсат, дереккөз, нәтиже).
—
Әр топ өз
тақырыбын ChatGPT не Gemini-ге жазады.
—
Ұсынылған
мәтінді өңдеп, слайдтар жасайды.
—
Canva AI
немесе PowerPoint арқылы дизайн мен мазмұнды
біріктіреді.
—
Презентацияны
қорғайды.
—
Топтар өз
презентациясын қорғайды.
— Қалған оқушылар сұрақ қояды және дауыс
береді.
|
Формативті
бағалау: белсенділік, топтық ынтымақ
Бағалау
критерийлері:
1. Мазмұн
тереңдігі (5 б.)
2. ЖИ құралын
тиімді қолдану (5 б.)
3.
Шығармашылық және дизайн (5 б.)
Бағалау парағы (өзара және мұғалім
бағасы)
|
Мәтін
парақтары, слайд
Компьютер,
интернет, ChatGPT, Canva AI
Бағалау парағы,
флипчарт
|