Тақырып бойынша 11 материал табылды

презентация "Критериалды бағалау жүйесі бойынша жылдық есеп үлгісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан үшін жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушыларды оқуға ынталандыруға,қызығушылығын арттыруға,дамытуға бағытталған.Егер әр білім алушыға,оның ата-аналарына түсінікті анық,өлшемді бағалау критерийлері берілсе,бұған қол жеткізу әбден мұмкін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Критериалды бағалау жүйесі бойынша 2016-2017 оқу жылының ІІ жарты жылдық қорытындысы бойынша есеп


Білім алушылардың күтілетін оқу нәтижелері жетістігін бағалау жүйесі білім беру мазмұнының ажырамас бір бөлігі болып табылады.Жаңартылған орта білім беруді енгізу кезінде білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі қолданылады.

Қазақстан үшін жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушыларды оқуға ынталандыруға,қызығушылығын арттыруға,дамытуға бағытталған.Егер әр білім алушыға,оның ата-аналарына түсінікті анық,өлшемді бағалау критерийлері берілсе,бұған қол жеткізу әбден мұмкін.

  1. Критериалды бағалау жүйесі бойынша нормавтік құжаттар.

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулық-әдістемелік құжаттар арқылы реттеледі:

-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты;

- Оқу бағдарламасы;

-Оқу жоспары;

-Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге

асыратын,білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу

жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі;


-Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;

-Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп

үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық;

-Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.

Осыған орай мен бірінші « Критериалды бағалау жүйесі

бойынша»нормативтік құжаттар базасын жүйелеуден бастадым.Басауыш

сынып мұғалімдеріне арнайы семинар өткізіп,критериалды бағалау

бойынша нұсқаулықпен таныстырдым.Атап айтатын болсам

терминдер мен анықтамаларға (Балл қою кестесі,білім алушының

портфолиосы,дескриптор,жиынтық бағалау,кері

байланыс,критериалды бағалау,қалыптастырушы бағалау,бағалау

нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал) толық түсіндірме

жұмыстарын жүргіздім.




2.Мектепте қалыптастырушы бағалауды енгізу мен қолдану.

2016-2017 оқу жылында 1 сыныпқа критериалды бағалау жүйесі

енгізілді.1 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері критериалды

бағалау жүйесі бойынша (дене шынықтыру пән мұғалімінен

басқалары) алдын ала курстан өткізілді.Мектепте қалыптастырушы

бағалауды енгізу мен қолдану тиімді,өйткені қалыптастырушы бағалау

кезінде оқушылардың қателесуге,оны түзетуге құқығы бар.Олардың

мүмкіндігін анықтауға ,қиыншылығын табуға ,дер кезінде оқу үдерісін

түзетуге мүмкіндік береді.Қалыптастырушы бағалау оқушыны

жауапкершілікке,өздігінен ізденуге,білім алуға жетелейді.Қиын

жақтарына тоқталсақ:қалыптастырушы ,жиынтық бағалау кезінде

тапсырмалар шығаруға уақыт көп кетеді.Осыған орай арнайы

қалыптастырушы,жиынтық бағалау дәптерлері енгізілсе,жұмыс

жүргізу оңайға түсер еді деп ойлаймын.


3.Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру.

2017 жылдың 16 ақпан күні 1 сынып ата-аналарына

қалыптастырушы бағалау жүйесімен таныстыру жиналысы

өткізіліп,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Олардан 10 сұрақтан

тұратын сауалнама алынды,рубрика жүйесінің тиімділігі айтылды.


Ата-аналарға арналған сауалнама

«Сіздің балаңыз жаңартылған оқу бағдарламасына дайын ба?»

1.Балаңыздың оқуына көңіл бөлесіз бе?

2.Балалардың жасына қарамай,онымен ақылдаса аласыз ба?

3.Жаңартылған білім жүйесінің құрылымымен таныссыз ба?

4.Осы оқытудың болашақта тиімдігін бағыттай аласыз ба?

5.Критериалды бағалауға келісесіз бе?

6.Тиімділігіне көзіңіз жете ме?

7.Оқушыны алға ынталандыратын,өз деңгейін айқындай алуына көмегі бар ма деп ойлайсыз ба?

8.Мұғалім мен ата-ана арасында ынтымақтастық болу керектігін айқындайсыз ба?

9.Сіздің тарапыңыздан қолдау көрсете аласыз ба?

10.Кері байланыс түзуге дайынсыз ба?


4.Білім алушылармен жұмысты ұйымдастыру.

2016-2017 оқу жылы 1-сынып мұғалімдері үшін ерекше оқу жылы

болып табылды.Елімізде мектеп табалдырығын аттаған барлық 1-

сынып оқушылары ҚР МЖМБС-2015 сәйкес жаңартылған білім

мазмұны оқу жоспары және бағдарламаларымен оқытылды.Отандық

орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды

дағдыларға көп көңіл бөлінді.Бұл дағдылар жалпы адамзаттық және

этномәдени құндылықтарға негізделе отырып,оқушыларға оқудағы

,сондай-ақ өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік

берді.Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы мектептің

ерекшелігі – оқудағы жетістіктер нәтижелі сипатқа ие,ал оқу процесі

оқушылардың әрбір сабақта білімді «табудағы» белсенді қызметімен

сипатталады.Бұл жағдайларда оқушы – таным субьектісі,ал мұғалім

оқушылардың танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы қызметін

атқарады.Әрбір оқушыны жасына да,мүмкіндігіне де қарамастан тұлға

ретінде қабылдауға қол жеткізуге ұмтылдық.Оқыту мақсаты оқушы

және мұғалім үшін ортақ болды,міне білім мазмұнын жаңартудың

педагогикалық аспектісінің мәні осында.Бұған қол жеткізуде әрбір

мұғалім өзінен бастады,ол жаңарту процесінің әлеуметтік аспектілерін

көрсетті.Мұғалім педагогикалық ойлау немқұрайлылығын жеңуі және

оқушымен бірге өзі де оқуы тиіс болды.Білім алушылардың қолайлы

дамуы үшін достық қарым-қатынастағы ортаны құру өте маңызды

болып табылады.Атап айтсақ: білім алушылармен ынтымақтастыққа

және дербестікке қабілетті тұлғаны әлеуметтендіру,ақпаратты

өздігінен алу,талдау және тиімді қолдану дағдысын қалыптастыру

бойынша жұмыстар жүргізілді.




5.Мектепте бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды енгізу және қолдану.

Пәндерді,бөлімдерді,тақырыптарды кіріктіру,сондай-ақ пәнаралық

байланыстарды жүзеге асыру құралы - ортақ тақырыптар –

жаңартылған бағдарламалардың бірден бір ерекшелігі болып

табылады.Олар барлық пәндердің мазмұнымен,ұзақ мерзімді және орта

мерзімді жоспарлау жүйесімен байлансқан.Сондықтан,мұғалім қысқа

мерзімді жоспар дайындауда ортақ тақырыптар жүйесін сақтау және

тапсырмаларды құрастыру мен оқушылардың сабақтағы қызметін

ұйымдастыруда оларды ескеріп отырды.1 сыныпта ортақ тақырыптар

әр тоқсанға 2-еуден тең бөлінген,олардың әрқайсысына шамамен

бірдей сағат саны қарастырылды.Мұғалім әрбір ортақ тақырыптар үшін

сағат санын білім алушылардың дайындық ерекшелігіне байланысты

өзі өзгертті.1 сыныпта мұғалімдерге,білім алушыларға және ата-

аналарға білім алушылардың оқу бағдарламаларын ың 3-4

тоқсандардағы бөлімдер/ортақ тақырыптарды аяқтағаннан кейін балл

және бағалар қойылған жетістіктері туралы ақпарат беру үшін

жүргізілді.Ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауға дейін

қалыптастырушы бағалауда тақырыпты түсінуге ,өзінің қандай

деңгейде тақырыпты игеріп отырғанын білуіне мүмкіндік берілді.Ал

қиындықтары тапсырманың арнайы дәптерде берілмеуінде болды.Әр

балаға тапсырмаларды шығаруға уақыт кетті.

6.Мектепте тоқсандық жиынтық бағалауды енгізу және қолдану.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы

21 қаңтардағы «Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын

бекіту туралы» №52 бұйрығын, Жамбыл облысы әкімдігі білім

бөлімінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы № 01-03/11 кіріс санды хатын

және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау

бойынша әдістемелік нұсқаулық хатты басшылыққа ала отырып,2017

жылдың 01 ақпан күні мектептің «Білім алушылардың тоқсандық

жиынтық бағалауын өткізу туралы» № 29 бұйрығы

шығарылып,тоқсандық жиынтық бағалау жұмысының нәтижесін

талдау үшін модерация тобы құрылды.Модерация тобының

құрамына:

-Модерация төрайымы: П.Т.Қалбанова- директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

- Модерация мүшелері:

1) З.Т.Қалматаева – директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

2) С.С.Сабралиева – бастауыш сынып бірлестік жетекшісі;

3) А.Б.Болтрикова – бастауыш сынып мұғалімі;

4) Л.С.Момынова - орыс тілі пәнінің мұғалімі кірді.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізу

жоспары құрылып, пән мұғалімдері тарапынан жиынтық бағалау

тапсырмалары оқу мақсаттарына ,бағалау критерийлеріне сай

құрылды.Тоқсандық жиынтық бағалауды қайта орындауға жол

берілмеді.Тоқсандық бағаларды қоюда бөлім/ортақ тақырыптар мен

тоқсандық жиынтық бағалаумен байланысы пән бойынша оқу

бағдарламасына сәйкес меңгерілген оқу материалының көлемі мен

бөлім/ортақ тақырыптардың жиынтық бағалауы санына байланысты

анықталды.Модерация тобы белгілі пән бойынша балл қою кестесіне

қатысты бірыңғай түсінікті қамтамасыз ету үшін алдын ала

бағаланған жұмыстарды талқылады.Модерацияға ешқандай баланың

жұмысы түскен жоқ.

Пайдалы жақтары:Оқыту тек білім берудің төңірегінде ғана

болмады,ол оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына да

тікелей қатысты.Бағалау барысында қарапайым субьективті сандық

бағаларды тіркеуден сапалы,обьективті бағалау жүргізілді.

Қиындықтары: Материалдық базаның жетіспеушілігі,әр кабинеттің

АКТ мен жабдықталмауында.


7.Білім алушылар портфолиосы.

Білім алушылардың портфолиосы бағалау нәтижелерінің анықтығы

мен дәлдігін арттыруға бағытталды.Портфолиоға білім алушылардың

мақсатты түрде жинақтаған,олардың оқудағы нәтижесін

,ілгерілеуін,сауат ашу,математика,орыс тілі, ағылшын

тілі,жаратылыстану,дүниетану,көркем еңбек пәндері бойынша

жетістіктерін көрсететін жұмыстары салынды.Портфолиода білім

алушылардың бағалау критерийлері бар бөлім/ортақ тақырыптар

бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау кезінде орындаған

жұмыстары,білім алушылардың рефлексиялары,мұғалімнің

ұсыныстары көрсетілген кері байланыстары жинақталды.



Picture 15 Picture 14 Picture 16 Picture 17 Picture 18

8.Сабаққтарға қатысу,өзара сабаққа қатысу.

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде әр ай

сайын 1-сыныптың сабақтарына кіріп,әдістемелік көмек беріп

отырдым.Жыл қорытындысы бойынша 12 сабаққа қатыстым.1

сыныптың мұғалімі Болтрикова Ақбота,орыс тілі және әдебиеті

пәнінің мұғалімі Момынова Ләзат,ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері

Төлепбергенова Лаура және Панапова Замира өзара сабақтарына

қатысып,тәжірибе алмасып отырды.






9.Критериалды бағалау.

Критериалды бағалауға қатысты сұрақтар бойынша

коучинг,тренинг,шеберлік сыныптар өткіздім.Онда жиынтық бағалау

үдерісінің қалай жүзеге асатыны ,бөлім/ортақ тақырыптар бойынша

жиынтық бағалау,жоспарлау мен ұйымдастыру кезеңдерін баяндап

бердім.Коучинг барысында ұстаздар түсінуге тырысып,арнайы

жасалған тапсырмаларды орындады.





Келесі коучингімді жиынтық бағалауға арнадым.Бұл кезде де

слайд,кестелер,сызбалар,суреттер,тапсырмалар арқылы түсіндірме

жұмыстарын жасадым.Жиынтық бағалау тоқсан барысында

(бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау) және білім

беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта,және жалпы орта),сонымен бірге

мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім

қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері

көмектесетіні туралы айтып шықтым.Пән бойынша әдістемелік

бірлестіктерге жиынтық бағалаудың барлық түрлері бойынша

бақылау тапсырмаларын,әдістерін,кезеңдерін көрсетіп,оқу жылына

жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылатыны айтылды.

Коучинг 2

Коучингтің әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Уақыт

Психологиялық ахуал

Бір-бірімізге қошемет көрсетіп қоялық.

Мұғалімдер бір-біріне арналған жылы лебіздері мен шапалақтау

арқылы қошемет көрсетеді.

Топқа бөлу

От.Қай кезде де,қандай жағдайда да от болып жанып,өз білімдерін насихаттай білетін жандар.

Су. Жандары жақсылықты сүйетін,көңілдері судай таза,жаңалықтарға жаны құмар жандар.

Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.

Ай.Ойшыл да арманшыл,қиындықтарға мойымайтын ержүрек,батыл жандар.

От,Су,Күн,Ай

Топтарға бөлінеді

Миға шабуыл

Мұғалімдерге Ф.П.Решетниковтың «Тағы да екілік»суреті

ұсынылады.Мына суретке мұқият қараңыздаршы,ондағы отбасы

мүшелерінің әрқайсысының көңіл-күйі қандай?

Мектептен үйіне тағы да «екілік» арқалап қайтқан оқушының

түр-әлпетінен нені аңғаруға болады?Ол өзін қалай сезініп тұр?Сурет

неліктен «Тағы да екілік» деп аталады?

Тағы да екілік! Кеше де,бүгін де,ертең де...Әріптестер,қалай

ойлайсыздар,бұл баланың өз бағасын жақсартуға деген ынтасы бар

ма?Жоқ болса,неге?Оған кім кінәлі,мұғалім бе,оқушы ма?Бүгінгі

сабақта біз сіздермен қазіргі заманда білім саласындағы нағыз

саясатқа айналған проблеменың бірі- бағалау мәселесіне

тоқталамыз.Өйткені оқушының білімін бағалау – оның оқуға деген

ынтасының мүлдем жоғалуына немесеқызығушылығының оянуына

бірден-бір себеп.Мұғалімнің басты міндеті – оқушының өзіне деген

сенімінің жоғалуына жол бермеу.

Сұрақтарға жауап береді,пікір алмасады.

Тапсырма

1 топ:Критериалды бағалауды пайдалану оқушыларға не береді?

2 топ:Критериалды бағалаудан мұғалім не ұтады?

3 топ: Критериалды бағалаудың ата-аналарға пайдасы бар ма?

Топпен жұмыс. Әр топ постер жасайды. «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі

Бойынша бағаланады.

Жұмыстарды бағалау үшін табыс критерийін пайдалану.

Тәжірибеңізде бағалаудың қандай түрлерін қолданасыз?

Бағалау сабақтың қай кезеңінде тиімді және ыңғайлы?

«қойылған баға»

Бағалауда сіздің көзқарасыңыз қандай?

Оқыту үшін бағалау сізге қаншалықты маңызды?

Өз тәжірибеңізде бағалауға ризасыз ба?

Бағалаудың қандай түрлерін ұсынасыз?

Рефлексия

Сұрақ қою:Оқушының жұмысын бағалау тек баға қою түрінде болу

керек

Оқушылар үшін олар өз құрдастарымен салыстырғанда қандай

деңгейде екенін түсіну маңызды

Оқушыларға өз оқу мақсаттарын анықтауға мүмкіндік беру керек

Мұғалім жасаған бағалау анағұрлым маңызды болып табылады

Оқушылар өздеріне баға беріп,білімін қалай жетілдіре алатыныын

түсіну керек

Жазбаша жұмыс нәтижелері әрбір оқушының оқуын бағалаудың ең

жақсы тәсілі болып табылады

Стикерге өз ойларын жазады

Тапсырма

Презентация көрсету

Теориялық материал

Бейнежазба көрсету.Бағалау,бағалау түрлері мен әдістерімен таныстыру.

Бейнежазба.

Бағалаудың теориялық жағымен танысады.

Кері байланыс.Рефлексия.

«Бағалау» сөзін пайдалана отырып,өлең,мақал пайдалана отырып қорытындылау

10. Критериалды бағалауға қатысты сұрақтар бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.

Әрбір коучинг барысында мұғалімдер ұжымы бірлесіп жұмыс

жасап,өзара пікір алмасып,ортақ шешімдер қабылдап,сапалы

оқытудың тиімділігімен мұғалім жұмысының сапасына назар

аударады.Коучингтер барысында сыныптағы оқу үдерісінің

тиімділігін айқындайтын негізгі факторларға,қалай оқу керектігін

үйрену жолданын ортақ талқыға салады.Келесі оқу жылында да

жоспарлар жасалынып,түсіндірме жұмыстар жүргізіледі.




11.Әдістемелік материалдарға мұғалімдердің пікірлері.


Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған бағалау бойынша

нұсқаулықта критериалды бағалау жүйесінің терминдері мен

анықтамалары,қағидалары берілген.Білім алушылардың оқу

жетістіктерін,қалыптастырушы,жиынтық бағалаудың үдерістерін

жоспарлау,ұйымдастыру кезеңінде мұғалімге көмек болатындай,

тәжірибелік ұсыныстар мен тоқсандық,жиынтық баға қою

механизмдері көрсетілген.Оқу үдерісін ұйымдастырудың

ерекшеліктері мен оқу материалдарын меңгеру сапасын анықтау

үшін мұғалім – ата-ана – білім алушы арасындағы өзара

байланысты жүзеге асыру бойынша жұмыс жүйесін құрастыруға

мүмкіндік береді.

12. Мектептің ұсыныстары мен сұрақтары,қажеттіліктері,ұсынымдары.

- Критериалды бағалау бойынша арнайы бағалау дәптерлері шығарылса,мұғалімдердің уақыты үнемделетін еді.Материалдық базаның

Жетіспеушілігі,әр кабинеттің АКТ мен жабдықталмауы,критериалды бағалауды сапалы жүргізуге кедергі келтіріп отыр.




Мектеп үйлестірушісі: П.Т.Қалбанова

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
1876
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12