Материалдар / Презентация Қазақ ертегілерінің танымалдылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Презентация Қазақ ертегілерінің танымалдылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазапқ ертегілеріндегі кейіпкерлерінің танымалдылығы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2021
530
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы:

Қазақ балалар әдебиетіндегі кейіпкерлердің танымалдылығы.

Зерттеу объектісі:

Балалар әдебиетінің кейіпкерлері.


Зерттеу саласы:

Қазақ балалар әдебиетіндегі кейіпкерлердің оқырмандар арасындағы танымалдылығы.


Зерттеу жұмысымның мақсаты:

Қазақ балалар әдебиетіндегі кейіпкерлердің танымалдылығын арттыра отырып,оқушыларды қазақ балалар әдебиетін оқуға ынталандыру.

Қазақ балалар әдебиетіндегі кейіпкерлермен танысу.

Қазақ балалар жазушыларының шығармаларын насихаттау.


Зерттеу жұмысымның өзектілігі:


Балалар қазақ балалар әдебиетін оқудан қалып барады,оқуға қызығушылықтарын арттыратын қызықты кітаптардың, жарнамалардың, теледидардан берілетін бағдарламалардың жағдайы көңіл толарлық емес.Тәрбиелік мәнге толы қазақ шығармалары бүгінде оқылмайды , кейіпкерлері оқырмандарды қызықтырмайды.


Міндеттерім:

Қазақ балалар әдебиетіне шолу жасап, кейіпкерлерін анықтау.

Шетел балалар әдебиетіндегі кейіпкерлердің танымалдылығын белгілеу.Қазақ балалар әдебиет кейіпкерлерінің танымал болмауының себептерін анықтау.Қазақ балалар әдебиетін насихаттау жолдарын қарастыру.


Гипотеза:

Қазақ балалар әдебиетінің кейіпкерлерін жан- жақты насихаттау,

қазақ балалар әдебиетінің оқырмандарын арттырады.



Кітап- білім бұлағы.


«Кітап дегеніміз алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиет.Кітап оқудан тиылсақ,ой ойлаудан да тиылар едік» деген Ғабит Мүсірепов.

Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр.Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын,компьютер секілді құралдың әсері деп білеміз. Қазақ балалар әдебиетінен балаларды қызықтыратын кейіпкерлерді таба аламыз ба?Балалар әдебиеті ХІХ ғасырда Абайдың,Ы.Алтынсаринның шығармалары арқылы қазақ әдебиетінің жеке саласына айналған.Қазіргі кезде өзіндік сыр сипатымен,жазу мәнерімен танылған М.Әлімбаев,Т.Молдағалиев,Сапарғали Бегалин, Саттар Ерубаев,Ж.Смақов т.б. Олар жаңа өмір сүру формасына көшкен заманда балалар әдебиетін уақыт үдесіне сай дәрежеге көтере білген.



Қазақ халқының әдебиетінде балаларға арналған әдебиетке ерекше мән берілген.Аңыз-әңгімелер кейіпкерлері:Қожанасыр,Алдар көсе,Жиренше шешен.Ертегілер кейіпкерлері:Ер Төстік,Қаңбақ шал,Жалмауыз кемпір. Батырлар жырларындағы кейіпкерлер:Қобыланды батыр,Алпамыс батыр,Ер Тарғын,Қамбар батыр тағы басқалар.Ақын-жазушылар шығармаларының қызықты кейіпкерлері де аз емес.

Осы кейіпкерлердің бейнесі балаларға таныс па?Балалар арасында қандай кейіпкерлер танымал? Осы сауалмен оқушылар арасында сауалнама жүргіздік.

1.Қазақ балалар әдебиетіндегі кейіпкерлерді білесің бе?

2.Олардың бейнесі таныс па ?

3.Сен танитын әдеби кейіпкерлер кімдер?

Бұл сауалнаманың нәтижесі осы.Ең танымал кейіпкерлер:Спанч-Боб,Шрек,Гарри Поттер,Өрмекші адам.Осылардың ішінде қазақ әдебиет кейіпкерлері өте аз аталды.

Мен өзім кітапханадан алып оқыған қазақ балалар жазушыларының шығармаларын оқып,сыныптастарыма әңгімелеп бердім.

Мысалы, «Ер Төстік» ертегіснің мазмұнында Ер Төстік жұт болғанда жоғалып кеткен ағаларын іздеп табу үшін жер астына түсіп,Шойынқұлақпен жекпе жекке шығып,жыландар патшалығына барып,жолда айнымас достары-Көлтауысар,Таусоғармен,жер асты өнерпаздарының көмегімен кездескен қиыншылықты жеңіп отырады.Темір хан елінде Айдаһармен алысады,пері Шойынқұлақты жеңеді.Ол мистикалық әлемнің дұшпандарына қарсы тұра алатындай қабілеті бар екенін байқаймыз.Біздің жас оқырмандарымызды осы сияқты әдеби мұралар қызықтырмайды ма?Бұл шығармаларда қазіргі оқырмандарға керек мистика да,батырлық та бар.

Оқушыларға оқылған кітаптарымды насихаттап әңгімелеп бергеннен кейін ,оқушылар арасында қайта сауалнама жүргіздім, нәтижесі осы:

Қазақ балалар әдебиетін оқитын оқырмандар саны артып,оқушылар өздері оқыған шығармалардағы басты кейіпкерлерді бейнелеген.


Қазір «Алматыкітап», «Баянжүрек», «Аруна», «Балалар әдебиеті» сияқты баспалар балалар кітаптарын шығарып жатыр.Бірақ таралымы 1000 данадан аспайды.Содан болар , қаладағы кітап дүкендерінде балалар әдебиеті жеткілксіз.

Өскемен қаласындағы екі дүкен бойынша мағлұматты мына кестеден көруге болады.

Ал біздің кітапхананы алатын болсақ соңғы 1-2 жыл ішінде қазақ тіліндегі әдебиет саны 5-6 есеге артқан.Сондықтан мүлде қазақ балалар әдебиеті жоқ деуге болмайды.

Бала алдымен суретке мән береді.Ал қазір біздегі суреттердің сапасы нашар және кейіпкерлердің суретті бейнесі қалыптаспаған. Мысалы:Алдар көсе суреттері әр түрлі болып шығып жүр.Бүгінде Алдар көсенің отыздан астам түрі бар.Қазақ әдебиетіндегі кейіпкерлердің қатысуымен бағдарламалар жоқ.


3. Қорытынды

Кейіпкерлердің танымалдылығы-шығармаларды оқуға қызығушылық тудырады.


Кейіпкер образының балалар ерекшеліктеріне сай тартымды, қызықты болуы абзал.Балаларға арналған әдебиет ұлт тарихында сонау ауыз әдебиетінен бастау алып,қазіргі кезеңге дейін өзінің тілдік,стильдік жағынан,мазмұны мен құрылымы жағынан үлкен белеске көтерілді.

Мәселен, «Опай сопай» ертегісінің сюжеттік өрістеуі халықтық ертегілерге тән дәстүрде жазылған. Ертегіні «Ерте, ерте, ертеде,ешкі жүні бөртеде» деп халық ертегісіне тән қалыпты қайталанып отыратын тіркеспен бастаған.Тіпті бас кейіпкердің хан болып кетуі дәстүрлі ертегі шеңберінен алыстамай оқырмандарды қызықтырады. Ал ақынның «Тамшы», «Аю қалай адасты», «Ұзын аяқ» сынды ертегілері таза шығармашылық қиялынан туған. Тамшының басынан кешкен әрқилы оқиғаларын суреттей отыра, қоршаған орта,табиғат пен адам арасындағы тығыз байланысты суреттейді.

Ал Қобыланды батыр,Ер Төстік сынды ертегі кейіпкерлері мен олардың мінген жылқыларының бейнесін әдебиеттегі образдары бойынша кескіндесе, шетел кейіпкерлері сияқты танымал образдар өмірге келер еді деп үміттенемін.

Осы өзім оқыған әдеби кітаптарымды бастауыш сынып оқушыларына әңгімелеп ,кейіпкерлерін суреттеп бердім.

Оқушылардың қызығушылықтары артты.Әдеби шығармаларды насихаттау нәтижесінде оқырмандар саны көбейгені анықталды,қазақ балалар әдебиетінің кейіпкерлері танымал болды. Осы жұмысымның қорытынды сауалнамасы:

Оқушылар сол әдебиет кейіпкерлерінің суреттерін салды,солай біз жаңа образдар кескіндедік.Осы сияқты кейіпкерлерді жарнамаларда ,балалар бағдарламаларында қонақ етіп жиі көрсетілсе балалар арасында олардың танымалдығы артатын еді.


Назарларыңызға рахмет!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!