ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ –
БІЗДІҢ МАҢЫЗДЫ
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЫМЫЗ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты
Қазақстан халқына арнаған Жолдауы көп сала бойынша өркендеудің
бағытын айқындайды. Білім, экономика, демография т.б. негізгі
салалар бойынша бағдары мен идеясын
ұсынды.
Қазіргі кездегі геосаяси,
геомәдени, демографиялық, экологиялық, экономикалық жағдай күрделі
болып жатқанда біздің еліміз адал азамат, Әділетті Қазақстанды
құруға ат салысып жатқаны құптарлық іс. Әділдік болмаған жерде,
дұрыс жұмыс жүрмейтіні белгілі. Сондықтан Жолдауда Президентіміз
«Адал азамат және тұғырлы тұлға
болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың
қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз. Мен
Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған
зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап
етемін» (https://www.akorda.kz/), - деп
нақты дәйектеді.
Технологиялық бәсеке қызып
тұрған жағдайда «Барлық жерде ресурстар үшін талас жүріп жатыр.
Климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және демографиялық
тұрғыдан орнықты даму ең өзекті мәселеге айналды. Бір сөзбен
айтқанда, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер мен
түбегейлі өзгерістер дәуірі
басталды.
Осындай аса маңызды шақта зор
экономикалық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар. Ол
үшін біз біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек. Бұл
жұмысты батыл жүргізуіміз қажет. Басты мақсат – қағаз жүзіндегі
биік жетістіктерге қол жеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс
сапасын жақсарту болуға тиіс.
Қазақстанның экономикалық
дамуының жаңа парадигмасы еліміздің бәсекелік артықшылықтарын
тиімді пайдалануға және өндіріс саласындағы еңбек, капитал,
ресурстар, технология сияқты негізгі факторлардың әлеуетін барынша
ашуға негізделеді», - деп көрсетуі жаңа экономикалық саясатты қолға
алып, жабық өндірісті құрып, яғни ресурстарды алудан бастап, оларды
қайта өңдеуге дейінгі жұмыстарды жүргізу, алдыңғы қатарлы
агросекторды, цифрландыру, инновацияларды енгізу сияқты жұмыстарды
одан әрі жүргізу керектігі айтылды. Сонымен қатар Жаңа экономикалық
саясатта жүзеге асуы екіталай, ұзақ мерзімді мақсат қоюға
болмайтыны көрсетілді. Бұл бағытта әділдік, инклюзивтік және
үнемшілдік жаңа экономикалық бағдарымыздың өзегіне айналатыны
анықталды.
«Техниканы шұғыл жөндейтін
өндіріс орындарының қуатын арттырып, отандық кәсіпорындарға барынша
қолдау көрсеткен жөн. Бізде оған қажетті материалдық-техникалық
база, білік пен тәжірибе және мамандар бар. Тек оларға құзырлы
мекемелердің тапсырысы керек» (https://www.akorda.kz/), - деген
идея айтылды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру
факультеті Жоғары оқу орнына дейінгі
дайындық кафедрасының
ұжымы үшін биылғы Жолдау көп
міндет артып отыр деп түсінеміз (https://www.kaznu.kz), өйткені
Жолдауда «Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы.
Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту
және оқытушылардың біліктілігін арттыру ауадай қажет. Бәріне бірдей
білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің
цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт. Білім беру
жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек» екені
міндеттелді.
«Мемлекеттің білім саласына
қатысты жұмысында тұтастық, яғни жүйе жоқ. Тіпті, өзара байланыс
жоқ деуге болады» (https://www.akorda.kz/), - деп баса айтты. Біз
осы бағытта жүйелі түрде білім беріп, сапаға баса назар аударуымыз
қажет.
Сапалы білім алу, білім беру
мүмкіндіктерін одан әрі дамытсақ, білім алушылар да сапа, адалдық,
әділдік дегенгенге бетбұрыс
жасайды.
Сонымен, «Тыңдайтын мемлекет»,
шын мәнінде, өз жұмысын жүзеге асыруда. Бұл бізге шабыт беріп,
үлкен үміт күтеміз. Әрине, қай кезде болсын, жаңару, жаңғырту оңай
нәрсе емес. Осы жылдары мемлекетіміз талай оқиғаларды бастан кешті,
болған іс – болды, біздің мақсатымыз – алға жылжу, өркендеу. Біз
одан көп сабақ алдық.
Жолдауда «Оқу орындары
түлектерге жұмыс бере алатын мекемелермен ұзақ мерзімге арналған
әріптестік орнатуы қажет. Экономиканың басымдықтарына, аймақтың
және саланың ерекшеліктеріне байланысты тиімді қаржыландыру
тәсілдері керек», - екені де атап өтілді. Демек, біз білім
алушыларымызды оқытып қана қоймай, оларды жұмыспен қаматамасыз
етуге де көңіл бөлуіміз керек. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінде жыл сайын жұмыс берушілермен бірге жәрмеңкелер
өткізеді (https://www.kaznu.kz).
Жолдауда «Біздің армиямыз
жоғары технологиялы қару-жарақпен және әскери техникамен, соның
ішінде бронды техникамен, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарымен,
қазіргі заманғы атыс қаруларымен жабдықталуға тиіс», - деп Қарулы
күштерімізді күшейту, қауіпсіздігімізді сақтау жағына да баса назар
аударылды. Білім алушыларға еліміздің бірқатар университеттерінде
Әскери кафедралардың жұмыс істеуі де осы бағыттағы жұмысты дамытуға
міндеттейді деп санаймыз.
Сонымен қатар, балалардың да
қауіпсіздігі Жолдауда назардан тыс қалған жоқ: «Білім беру
мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде
күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн.
Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға
көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек»
(https://www.akorda.kz/). Мұны білім алушыларға да тиісті деп
санаймыз, өйткені жастардың ішінде суецид, т.б. психологиялық
ауытқулар кездесіп жатады. Сол жағынан, біз де сақ болуымыз керек.
«Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін
қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы
– өте маңызды мәселе» (https://www.akorda.kz/), - деп Жолдауда анық
айтылды.
Президентіміз Жолдауда «Менің
цифрландыру ісіне және инновацияны енгізу мәселесіне баса мән
беретінімді баршаңыз білесіздер.
Біздің маңызды стратегиялық
міндетіміз – Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру. Цифрландыру
ісінде нақты жетістіктеріміз де жоқ емес. Біз электронды үкіметті
және финтехті дамыту индексі бойынша әлем көшбасшыларының қатарында
тұрмыз» (https://www.akorda.kz/), деп көрсетуі біз үшін маңызды.
Сондықтан біз, ұстаздар, өз тарапымыздан цифрлық технологияға білім
алушыларды бейімдеуіміз қажет. Цифрлық технология негізінде дәріс,
семинар сабақтарын өткізіп, осы бағыттағы оқыту әдістерін сапалы
түрде одан әрі дамытуымыз керек.
Қорыта айтқанда, 1
қыркүйектегі Жолдау біздің бағдарымыз, сонымен қатар жаңа
міндеттерді жүзеге асыруға жол көрсетеді деп
санаймыз.
Бегалиева А.Қ., Наралиева
Р.Т.
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ
аға
оқытушылары