Материалдар / ПРОЬАРОИ ЬБЬРАРА
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ПРОЬАРОИ ЬБЬРАРА

Материал туралы қысқаша түсінік
ЫВАМИСПТРЬОБЛЮД№ДОЮДЛОРПРАПЕВКАЫ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Наурыз 2023
158
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г.Сейтова


Күні: 27.02.2018

Сыныбы: 8

Пәні: физика

Сабақтың тақырыбы

§51-53 Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі. Түзу токтың магнит өрісі

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі. Түзу токтың магнит өрісі жайлы мағлұмат беру

  • Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі жайлы ақпаратты күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Топта бағалай білуге баулу

Күтілетін нәтиже

  • Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі. Түзу токтың магнит өрісі жайлы мағлұмат алады

  • Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі жайлы ақпаратты күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

  • Топта бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Т ұрақты магниттер деп магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады. Мұндай денелерге табиғи магниттік теміртас жатады.

М агниттің әр түрлі бөліктері әр түрлі магниттеледі. Ең көп магниттік тартылыу күші магниттік полюстер деп аталатын магниттің ұштарында болады. Магниттің солтүстік және оңтүстік деп аталатын екі полюсі болады. Тұрақыт магниттердің магниттік әрекеті кез келген магниттің айналасында магнит өрісінің бар болуымен түсіндіріледі.

Жердің магнит өрісі бар.


Магнит темір рудасының орасан зор кені бар жер қойнауында жергілікті магнит өрістері пайда болады. Мұндай өрістер магниттік аномалиялар деп аталады.


Тапсырмалар


Топтық жұмыс

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс «Венн диаграммасы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (суреттер арқылы 4 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (7 минут)

1-топ

  • 1. Алғаш рет электр тогы түсінігін енгізген ғалым

  • 2. Электр кедергінің өлшем бірлігі қандай?

  • 3.Тізбектің бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал және оның кедергісіне кері пропорционал бұл қай заң?

  • 4.Ток күшін өлшеуге арналған құрал.

  • 5. Электр кернеуінің өлшем бірлігі қандай?

  • 6.Электронның электр заряды не деп аталады?

2-топ

  • 1.Токтың қуатының өлшем бірлігі қандай?

  • 2.Өткізгішті тізбектей жалғағанда тізбектегі кернеу қалай анықталады?

  • 3.Вольтметрді электр тізбегіне қалай жалғаймыз?

  • 4. Кулон заңы қай жылы ашылды?

  • 5. Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы не деп атайды?

  • 6. Ең алғашқы қыздыру шамын ойлап тапқан ғалым?

3- топ

  • 1. Ом заңы қай жылы ашылды?

  • 2. Ток көздерін ата?

  • 3. Адам денесінен өткен ток ауыр әсер қалдырады мұны не деп атайды?

  • 4. Амперметрді электр тізбегіне қалай жалғайды?

  • 5.Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын шама?

  • 6.Электр қозғаушы күштің өлшем бірлігі қандай?

4- топ

  • 1.Тоқтың жұмысының өлшем бірлігі?

  • 2.Ом заңының формуласы ?

  • 3.Электр кернеуін өлшейтін құралды атаңыз?

  • 4.Өткізгішті жалғаудың тәсілдері?

  • 5. Электрленуді байқауға арналған аспап?

  • 6. Параллель жалғағанда қай шама өзгермейді?


ІІІ. Топтық жұмыс (7 минут)

4 топқа 4 түрлі тәжірибелік тапсырмалар

1 –топ.

1-тапсырма.

Құралдар: магнит, әр түрлі материалдардан жасалған заттар.

Магнитті әр түрлі материалдан жасалған заттарға жақындатыңыз, олардың барлығы магнитке тартылады ма?

Қорытынды жасаңыз.

2-топ.

1- тапсырма.

Құралдар : ине, қағаз қыстырғыштар (скрепки), магнит.

Инені алып, оны қағаз қыстырғыштарға жақындатыңыз. Инеге қағаз қыстырғыштар жабысады ма?

Инені магнитке бір бағытта үйкеп, содан соң қағаз қыстырғыштарға жақындатыңыз. Скрепкалар жабысады ма?

Қорытынды жасаңыз.

3-топ.

1- тапсырма.

Құралдар: магнит және магниттік тілше.

Магнитті алдымен магнит тілшенің ақ, содан соң қызыл жағына жақындатыңыз. Магнит пен магниттік тілшенің өзара әсерлесуі туралы не айтуға болады?

Қай жағдайда магниттік тілше тартылады, ал қай жағдайда тебіледі?

Қорытынды жасаңыз

4-топ.

1-тапсырма.

Құралдар: магниттер (жолақ және таға тәрізді магнит), темір ұнтақтары бар мөлдір жазық қорап.

Картон қағазының астына жолақ магнитті орналастырып, оған темір ұнтақтарын бірқалыпты себіңіз. Картон қағаз бен магнитті қозғалтпай, саусағынызбен картон қағазын жәй ғана соғыңыз. Алынған суретті бақылаңыз.

Тәжірибені таға тәрізді магнитке қайталаңыз.


ІV. Жеке жұмыс (10 минут)

Тест сұрақтарына жауап беру

1-нұсқа

1. Магнит тілшесінің неше полюсі бар?

А) 2 В)1 С) 3 Д) 0

2. Тұрақты магниттер мынадай заттарды тарта алады ...

А) алюминий В) қағаз С) темір Д) ағаш

3. Қозғалыстағы электр зарядының айналасында қандай өріс болады?

А) электр өрісі В) магнит өрісі С) электр және магниттік өріс Д) дұрыс жауаптары жоқ

4. Ең көп магниттік тартылу күші болатын жер не деп аталады?

А) магнит В) полюстері С) осі Д) күш сызықтары

5. Әр аттас магниттік полюстер ...

А) тартылады В) тебіледі С) әсерлеспейді Д) дұрыс жауабы жоқ

2-нұсқа

1.Магнит өрісінің күш сызықтары қандай?

А) бейтарап сызықтар В) бейберекет сызықтар

С) тұйықталған және бағытталған сызықтар Д) дұрыс жауап жоқ.

2. Тұрақты магниттің магниттік әсері барынша білінетін жерін көрсет:

А) осі В) центрі С) бағыты Д) полюсі

3. Отырған оқушы жанынан мұғалім зарядталған шарды алып өтті. Олардың қайсысы осы кезде магнит өрісін, қайсысы электр өрісін байқайды?

А) Мұғалім мен оқушы тек электр өрісін байқайды В) Оқушы магнит өрісін, ал мұғалім электр өрісін байқайды С) олардың екеуі де екі өрісті бірдей байайды Д) оқушы электр өрісін, ал мұғалім магнит өрісін байқайды

4. Оңтүстік полюстің шартты белгісін көрсет:

А) S В) N С) Q Д) G

5. Жердің географиялық және магниттік полюстері ....

А) сәйкес келеді В) сәйкес келмейді С) сәйкес келуі мүмкін, бірақ міндетті емес Д) дұрыс жауабы жоқ

3-нұсқа

1. Солтүстік полюстің шартты белгісін көрсет:

А) S В) N С) Q Д) G

2. Жер бетінен онша тереңде жатпайтын орасан зор темір кенді не деп атайды?

А) аномалия В) географиялық полюстер С) магнит дауылдар

Д) географиялық ендіктер.

3. Ең көп магниттік тартылу күші болатын жер не деп аталады?

А) магнит В) полюстері С) осі Д) күш сызықтары

4. Магниттік қасиетін ұзақ сақтайтын денелер:

А)магниттер В) электромагниттер С) магниттік өріс Д) магнит сызығы

5. Магнит өрісін тудыратын:

А) бөлшек В) қозғалыссыз заряд С) тартылу күші Д) қозғалыстағы заряд


ІV.Топтық жұмыс (5 минут)

Сиқырлы сандар

1.Егер Жердің магнит өрісі болмаса, не болар еді?

2. Қазақстан территориясында қандай магниттік аномалиялар бар?

3. Ата-бабаларымыз ерте заманда алыс жолға шыққанда, айдалада кеңістікте қалай бағдар жасап, жол тауып жүрген?

4. Не себепті магнитті таға тәріздес етіп жасайды?

5. Магнитті қалай магнитсіздендіруге болады

V.Қорытынды. (5 мин)Венн диаграммасы және бағалау парағын толтыру

Үй тапсырмасы:

§52-53 оқып келу.

2. Үйде тұрақты магниттер қолданылатын қондырғыларды табыңыз. Олардың жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.

3.Магнит өрісінің адамға әсері туралы мәлімет қарап келу


VІ . Бағалау

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!