ПРОБЛЕМАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ: ТАРИХ САБАҒЫНДА

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ПРОБЛЕМАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ: ТАРИХ САБАҒЫНДА

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу ісін ұйымдастырудың негізгі түрі — сабақ процесіндегі мұғалімнің тәрбиеші, зерттеуші, психолог ретіндегі ролі, оның теориялық білімі, тәжірибесі, сабақты ұйымдастыру шеберлігі — сабақтың сапасы мен нәтижесіне тікелей әсер ете отырып, сабақты белсендіру жолдарын іздестіруге, оқушының танымдық қабілетін дамытып, білім-біліктілік деңгейін анықтап, соған сәйкес әрекет етіп шыңдауға бағытталады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ПРОБЛЕМАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ: ТАРИХ САБАҒЫНДА

Садыкова Ағила Сүйінқызы

Тарих пәнінің мұғалімі

БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы

М.Әуезов атындағы №2 ЖОББМ



Білім беру бағытында заман талабындағы өзекті мәселелердің бастысы оқушыны шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелеу, олардың біліктері мен іскерлігін қалыптастыру, өздігінше білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибесінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндік аумағын кеңейту болып табылады. Бұл процестерді жүзеге асыруда тарих пәнінің міндеті мен қызметі, әрине, ерекше.

Тарих -оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін қолайлы шарттарды, әдіс- тәсілдерді, алуан түрлі дидактикалық, түрлендіру жолдарын беретін пәндердің бірі және бірегейі болып табылады. Оқу ісін ұйымдастырудың негізгі түрі — сабақ процесіндегі мұғалімнің тәрбиеші, зерттеуші, психолог ретіндегі ролі, оның теориялық білімі, тәжірибесі, сабақты ұйымдастыру шеберлігі — сабақтың сапасы мен нәтижесіне тікелей әсер ете отырып, сабақты белсендіру жолдарын іздестіруге, оқушының танымдық қабілетін дамытып, білім-біліктілік деңгейін анықтап, соған сәйкес әрекет етіп шыңдауға бағытталады. Оқыту процесінде — тарихи құбылыстар мен оқиғаларды талдау, оларға баға беру барысында — дайын тұжырымдар мен қорытындыларды таңбай, оқушының осыған деген көзқарасы мен тұжырымына алып келу керек, яғни догмалықтан таза қабылдаудан бастап, ойлана отырып, салыстыру негізінде белгілі бір қорытындыға, түйінге өз бетімен жету. Тарих пәнін оқытып-үйретудегі жылдар тәжірибесіне сүйене отырып, оқушының білім біліктілік дәрежесін бағалауда, міндетті, мүмкін, жоғары, шығармашылық деңгей өлшемдерін (критерий) анықтау мүмкіндігі туады.

І-деңгей — міндетті: Оқушылардың материал мазмұнын толыққанды дәрежеде баяндап бере алуы, тарихи терминдердің мәнін айқындау мүмкіндігі мен хронологиялық даталарды білуі. Оқулықпен және құжат материалдарымен жұмыс істей алу қабілеті, яғни тақырыптық жоспар, тезис жасай алуы, графикалық тапсырмаларды орындай білуі.

ІІ-деңгей — мүмкін: Оқушының тарихи идеяларды меңгеруі, таңдау элементтерін білу, тарихи құбылыстар арасындағы заңдылықтар мен себеп-салдарлық байланыстарды ашып көрсету, тарихи құбылыстарға, тарихтағы адамдар қызметіне баға беру, белгілі бір тарихи мәселелер бойынша өз пікірін айта білуі және дәлелдеу қабілеттілігі.

ІІІ-деңгей — жоғары: Оқушының тікелей ізденушілік әрекеті нәтижесінде шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетінің қалыптасқандығы, логикалық тапсырмалар мен проблемалық ситуациялық мәселелерді қиындықсыз шешуге жаттыққандығы, белгілі бір тарихи құбылыстар мен оқиғаларға өз тарапынан балама көзқарас пен ұсыныс жасауға бейімділігі және осыны тарихи заңдылықтарға сүйене отырып, тұжырымдап дәлелдей алуы.

ІV-деңгей — шығармашылық. Оқыту процесінде түрлі әдіс-тәсілдерді шығармашылықпен қарастырған жағдайда оқушылардың ойлау, таным қызметін дамыту мақсатында өте тиімді пайдалануға болады. Осы орайда оқушыларды тікелей шығармашылыққа, ізденушілікке үйрететін логикалық ойлау тапсырмаларын беру, проблемалы баяндау, проблемалы оқыту, проблемалық ситуация туғызу сияқты әдіс, тәсілдерді ұтымды пайдалануды оқыта отырып, дамыту талабын жүзеге асыруға үлес қосады, яғни бұл жағдай оқушылардың танып-білуге құштарлығын арттыратын тиімді тәсілдерді пайдалана отырып, тарихи оқиға, құбылыс, фактілерді талдауға, ізденуге, дәлелдеуге үйрету, қайшылықты проблеманы шешу, оқушының ой-пікірі дербестігі мен еркіндігін барынша кеңейту, сабақта проблемалық жағдай жасау міндетін қояды. Сабақтың үй тапсырмасын сұрау, жаңа оқу материалын үйрету және сол материалды пысықтап- бекіту сияқты аса маңызды кезеңдері мүмкін болғанша оқушылардың көпшілігінің белсене қатысуымен, олардың өз жұмыстарын ұйымдастыруымен, ал жаңа оқу материалын оқып-үйренуге оқушылардың өздерін тікелей қатыстыруымен ерекшеленуі тиіс. Мұндағы негізгі міндет — оқушының ойлау қызметін дамытуға басты назар аудару. Сабақ процесінде проблемалық оқытуды, яғни проблемалық ахуал туғызуды оның барлық кезеңдерінде, жаңа материалды оқытып-үйретуде, пысықтап-бекітуде, үй тапсырмасын сұрауда, жүзеге асырып отыру тиімді. Мұндай әдіс сабақтың түрлі тұрпаттарында саналуан әдістер арқылы жүргізіледі. Мысалы, біз өзіміз жиі қолданатын мәтін мазмұнына байланысты проблемалық сұрақтар қою және оған ауызша жауап беру арқылы шешумен қатар проблемалық әдісті құжат материалдарын талдау негізінде, оқулықпен жұмыс жүргізу барысында мәтін мазмұны бойынша әрбір бөлімге тақырыпша, ат қою, топтық проблемалық жұмыс тапсырмалары, тарихи көркем әдебиетті пайдалану негізінде іске асыруға болады. Жалаң сөзді болмау үшін практикалық іс-әрекеттен мысалдар келтіруге болады: «Қазақстан тарихы» пәні бойынша «Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығының жағдайы» тақырыбын проблемалық ахуал тудыра отырып, кесте жұмысы арқылы жалпы ұжымдық әдіс негізінде жүргізуге болады. Жаңа тақырып айтылып, мақсатымен танысқан соң оның мазмұны баяндалмас бұрын, оқушыларға алдын ала проблемалық тапсырма беріледі. Бірінші проблемалық тапсырма — Қазақстан ауыл шаруашылығының дамуына қандай саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайлар кері әсерін тигізді? Оны қалай шешуге болатын еді? Өз ұсынысың.

Екінші проблемалық тапсырма — ауыл шаруашылығының артта қалушылығын жойып, дамыту қандай тәсілдер арқылы жүзеге асырылды? Материалдың мазмұны түсіндіріліп болған соң тапсырманы орындап, жауап беру үшін 3–4 мин уақыт беріледі. Жауаптардың ішіндегі дұрыс, нақты жауап тақтаға жазылады. Осыған орай оқушылар тарапынан туындайтын ұсыныс, пікірлер айтылып, оңтайлы деп танылған шешім де тақтаға жазылады. Оқушылар тақтадағы мәселелерді дәптерлеріндегі кестеге толтырып отырады. Әрине, мұғалімнің тәжірибелік іс-әрекетінде оқытудың проблемалық әдісін қолданудың жолдары алуан түрлі. Мұны әр ұстаз өз тәжірибесінде тиімді пайдалануға ұмтылады. Бірақ бір шындық бар — ол оқушыларды түрлі тың деректі материалдармен, құжаттармен, естеліктермен жабдықтап, яғни хабарландырып отыру, қысқаша айтқанда — оқушылардың арнайы қосымша әдебиеттерді оқып, таныс болуы, яғни олардың әр түрлі көзқараспен таныс болуы. Осы қарама- қайшы көзқарастан, пікірден жаңа проблема, сұрақ пайда болады, ал оның дұрыстығын, шындығын анықтау арқылы іздену, талпыныс жасауда оқушы жаңа ойларды тауып, проблемасын талдауда жаңалық ашады, өзіне қызықты пікірлерді салыстырып, танымдық, шығармашылық белсенділігі арта түседі. Сөйтіп, оқушы алдымен мұғалімнің көмегімен, кейіннен өздігінен түрлі деректегі әр түрлілік пен қайшылықтан дұрыс қорытынды жасап, түрлі мәліметтерді сыни және аналитикалық талдауға, ой пікірін жаңа жағдайда, дұрыс дәлелдей білуге, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік алады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.03.2025
181
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі