400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН МУЗЫКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ПАЙДАСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
"ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН МУЗЫКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ПАЙДАСЫ " мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН МУЗЫКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ПАЙДАСЫ

Проблемалық оқыту – мұғалім проблемалық жағдаяттар тудырып, білім беру мәселелерін шешу үшін оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыра отырып, олардың ғылымның дайын қорытындыларын меңгерумен өз бетінше ізденіс әрекетін оңтайлы ұштастыруды қамтамасыз ететін оқыту. (Педагогикалық сөздік)
Проблемалық оқыту педагогикада мүлдем жаңа құбылыс емес. Онымен әйгілі есімдер байланысты: Сократ, Руссо, Дистерверг, Дьюи, Ушинский. Қазіргі кезде проблемалық оқытудың көптеген мәселелерімен М.И.Махмудов, Т.В.Кудрявцев, Г.К.Селевко айналысуда.

Музыка сабағында проблемалық оқытудың әдістемелік негіздері:

1. Музыкалық өнерді белсенді меңгеру процесіне енетін оқушылардың музыкалық ойлауының дербестігі.

2. Белгісізді, жаңаны ашу.

Проблемалық оқыту процесі екі кезеңнен тұрады: тапсырма қою және өз бетінше іздену арқылы белгісізді іздеу.

Осы технологияның мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін мен педагогикалық тәжірибемде проблемалық оқыту процесін ұйымдастырудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолданамын, онда оқушылар терминдер мен анықтамаларды меңгеріп қана қоймай, фактілерді есте сақтайды.

Сабақтағы проблемалық тапсырмалар іс-әрекеттің барлық түрлерін ескере отырып құрастырылады: музыканы қабылдау, аспапта ойнау, ойын-сауық және үй тапсырмаларын орындау.

Проблемалық оқыту технологиясы арқылы музыка сабағын қызықты әрі есте қаларлықтай өткізуге болады. Неге десеңіз, бұл технологияның оқушының ақыл-ойының дамуына тигізетін әсері мол. Мысал ретінде, 3 сыныптың 19 сабағын алсақ.

Сабақ тақырыбы: «Музыка және мүсін»

Сабақ мақсаты: Мүсін ұғымы, музыка жəне мүсін өнерінің байланысы туралы, өз қалаларындағы мүсіндер жайлы іздеп, анықтау, ой қорыту.

Сабақты топқа бөлу арқылы жасауға болады. Сонда оқушылардың топта жұмыс істеу, ой алмасу қабілеттері қатар дамиды.

Сабақ барысы:

Сабақтың тақырыбын «Ребус» арқылы жасырып тапқызуға болады. Тек қана ребус емес, басқа да әдістерді, мысалы «Не ортақ?» әдісін қолданып, оқушылардың қызығушылығын тудыру керек.

Осы тақырып бойынша «ББҮ» кестесін толтыртыртамыз, яғни оқушының негізгі білетіндерін жазғызып, сабақ соңында осы кестеге қайтып ораламыз. Бұл кестені қолданудың пайдасы оқушының өз ісіне талдау жүргізе алуы, жасаған жұмысының нәтижесін көруі.

Келесі кезекте оқушыларға бірнеше мүсін суреттерін көрсету. Проблема тудыру: негізгі ұғым және оның түрлері туралы іздеп, суреттердегі ерекшеліктерді анықтаңдар. Мысалы:

  • Балалар, мына суреттерге назар аударайықшы. Не көрсетілген? Иә, мүсіннің бірнеше суреттерін көріп тұрмыз.

  • Мүсін дегеніміз не? Ол неден жасалады екен? Мүсінді жасайтын адамды кім деп атаймыз?

Егер топтық жұмыс болса, оқушылардың алдына а4 парағына ойларын тірек-сызба ретінде жазуын ұсынамын. Бірнеше ойдың талқылауымен, сараптауымен жасалған жұмыстар проблемалық сұрақтардың шешілуіне негіз болады.

Жауабы: Мүсін дегеніміз - кеңістікте жан-жақты бейнеленген, сомдалған көркем шығарма. Мүсінші – мүсін жасайтын адам.

Мүсін қатты немесе пластикалық заттардан, соның ішінде: тастан, темірден, сазбалшықтан, балауыздан, ағаштан, сүйектен және басқа материалдардан жасалады.

Бұл тапсырмадан кейін «үштілділік» бойынша жұмыс жасалады.

Жауабы: скульптура, sculpture.

Мүсін түрлерін суреттердің көмегімен анықтауға болады. Тек суреттермен емес, оқушылардың негізгі түсінік, білімдерімен табуға да болады.

  • Балалар, мүсіндердің қандай түрлері болуы мүмкін? Мына суреттерге қарап тапсаңдар болады. Ойланып көрейікші, мүсіндердің неше түрі бар екен?

  • Жауабы: мүсіндердің 2 түрі: жұмыр(3д) және рельефті(бір жақты).

Әрине, мұғалімнің бағдарымен жұмыс жасалады.

Ендігі кезекте сабағымыздың негізгі мақсатына келсек. Тағы да суреттердің көмегіне жүгінетін боламыз.

  • Мына тұрған суреттерде не бейнеленген? Арасында қандай байланыс бар? Мүсін арқылы тек музыканы бейнелеуге бола ма? Тағы осыған ұқсас қандай мүсіндерді білесіңдер?

Шығармашылық тапсырма ретінде:

«Мүсіндер мұражайында» атты ойын берілген. Бұл тапсырма да оқушылардың ойлануын, әуенді мұқият тыңдауын, ізденуін талап етеді.

  • Оқушылар, мына тұрған картинадан қандай мүсіндерді байқадыңдар?

  • Құлын, аққу, есек, Алдаркөсе.

  • Енді, әуендермен сол мүсіндерді байланыстырамыз. Оны қалай істейміз? Бірінші, әуендерді мұқият тыңдап аламыз. Қай әуен қай мүсіннің көңіл-күйін, жүрісін, сырт-келбетін естіртіп тұр?

Сабақ соңында «ББҮ» кестесін аяқтап толтыртамыз.

Сонымен, сабақты қорытындыласақ:

Проблемалық оқыту технологиясын музыка сабағында қолданудың пайдасы өте көп. Атап өтсек, оқу материалын мұғалім өзі айтып бермей, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы, проблеманы шешуде оқушының терең ойлауы, шығармашылық жағынан ойлануы, ізденуі, тұжырым жасап, сүзгіден өткізуі және әрине, есте сақтауы. Сабақтан бөлек бұл технологияның айта кететін пайдасы – оқушы осы тәрізді сабақтардан алған дағдыларын өмір сабағында пайдалана білуі. Мектептің оқушыны тәрбиелеудегі негізгі «өмірге дайындау», «өз ойын айта алатын шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу» мақсаттарына жетуге көмектеседі деп ойлаймын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24.09.2023
325
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі