Материалдар / Программалау тілі.Паскаль тілінің алфавиті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Программалау тілі.Паскаль тілінің алфавиті

Материал туралы қысқаша түсінік
Паскаль тілінің алфавитімен танысады. Паскаль тілінің алфавитіне: әріптер, сандар, айыру белгілері және арнайы символдар жатады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2019
658
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: №5

Мектеп:198 ЖББМ

Пәні: информатика

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Жұматай С.Қ

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Программалау тілі.Паскаль тілінің алфавиті

Сабақ негізделген оқу

мақсаты

  • Паскаль тілінің алфавитімен, элементтерімен таныстыру


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Паскаль тілінің алфавитімен танысады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Паскаль тілінің алфавитін, тыныс белгілерін, элементтерін біледі.

Кейбір оқушылар:

  • паскаль тілінде салыстыру амалдарын, логикалық функцияларды қолдана алады.



Тілдік мақсат

Оқушылар:

Паскаль тілінің алфавитімен танысады. Паскаль тілінің алфавитіне: әріптер, сандар, айыру белгілері және арнайы символдар жатады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

begin, end, program, read,write, сан, идентификатор, тұрақты, айнымалы, функция, өрнек

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

  • Div функциясы нені анықтайды?

  • Mod функциясы нені анықтайды?

  • Паскаль тілінің негізгі объектілеріне не жатады?

  • Паскаль тілінің қандай арифметикалық функциялары белгілі?

  • Екі бүтін санды бөлгендегі қалдықты анықтайтын функция қалай аталады?

  • Қандай логикалық функцияларды білесіңдер?

Талқылауға арналған тармақтар:

Паскаль тілінің негізгі элементтері мен объектілерінің қандай басты айырмашылығы бар?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Паскаль тілінің алфавитін жазу


Алдыңғы тақырып


Программалық қамтамасыз етудегі қызметтік программалар

Жоспар


Жоспарлаған

уақыт


Жоспарлаған жаттығулар (төмендегі

жоспарланған жаттығулармен қатар

ескертпелерді жазыңыз)



Ресурстар


Басталуы

10 мин

Жағымды ахуал туғызу

«Қаламсап» әдісі

АКТ-да деңгейлік тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындау.

Жаңа тақырыпты қорытындылау.



Ұйымдастыру.

Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.

«Қар көшкіні» тренингін ұйымдастыру. (Әрбір оқушы өз есімінің алдына оған бастапқа әріптен басталатын сөз қосады.Мысалы: Алғыр,Айнаш) Сынып оқушыларын «ән шырқау» әдісі арқылы 2 топқа бөлемін(оқушылар топтарына ел арасындағы көп тараған, кеңінен таныс әндердің бір шумағы жазылған карточкалар беріледі, сол әндер айту арқылы топқа бөлінеді)

Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін «Қаламсап» әдісі арқылы пысықтау

Оқушылардың қаламсаптарын ортаға жинап, бір қаламсапты таңдаймын және сол қаламсаптың қай оқушыныңкі екенін біліп,өткен тақырып бойынша сұрақ қоямын








Үлестірмелер, оқулық, жұмыс дәптері



Ортасы

15 минут










Практикум


10 минут


Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз

« Программалау тілі.Паскаль тілінің алфавиті».

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы тақырыпты оқуға тапсырмалар беріледі.

1-топ: Программалау тілі.

2-топ: Паскаль тілінің алфавиті

2 топқа берілген тақырыпты постер қорғауды ұсынамын.

Оқушылар жеке оқиды, жұппен талдайды, топпен талықылайды

Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады.



Оқулықтағы деңгейлік практикалық тапсырманы дәптерлеріне орындауға беремін

Оқулықтағы 39-40 бет

9 практикалық жұмыс

Жауаптары:

36 div 7= 5

10 mod 3=1

63 mod 8=7

45 mod 8=5



Оқулық,

үлестірме қағаздар,

интерактивті тақта














Компьютер, оқулық, дәптер

Сабақты қортыныдылау

5 мин

Өтілген тақырыпты қайталау үшін «өрмекші торы» әдісі арқылы қорытындылаймын

Оқушылар шеңбер болып тұрады, бір бума жіппен бастайды, жіптің ұшын қолына ұстап, тақырыпқа қатысты сұрағын қойып келесі оқушыға жіпті лақтырады. Осылай қайталана береді


Дәптер, таратпалар


Аяқталуы


5 минут


Критерийлер арқылы өзін-өзі бағалау. Топтық жиынтық бағалау.


Үйге тапсырма: §5

Бағалау.

«бағдаршам » әдісі арқылы

кері байланыс алу.

«қызыл» түс-түсінген жоқпын

«сары»түс- әлі де сұрақтарым бар

«жасыл»түс-барлығы түсікті

Жиынтық бағалау парағы

Оқулық,

күнделік

Үлестірме қағаздар

Қосымша ақпарат: интернет мәліметтері

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?


Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс




Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.






Қорытынды бағамдау.

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Кері байланыста жазылған ұсыныстар мен сұраныстарға негізделемін.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!