400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Программалаудың түрлері: құрылымдық, модульдік, функцияналдық, логикалық. Түрлі бағдарламалау әдістерінің принциптері

Материал туралы қысқаша түсінік
колледж мұғаліміне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Курс:

1

Топ:

МЦМ, ТЭ, СВ,ОПИ-18-9

Сабақ нөмірі (пара)

5

Мамандық, біліктілік:

1113000 «Түсті металдар металлургиясы» мамандығы, 1003042 Су ерітінділерін электролиздеуші біліктілігі; 1114000 «Дәнекерлеу ісі» мамандығы, 111401 2- Дәнекерлеуші (барлық атаулары бойынша) біліктілігі; 0709000 «Пайдалы қазбаларды байыту» (кен байыту) мамандығы 070903 3-Ұсатушы біліктілігі;

Модульдың атауы:

Информатика

Сабақтың тақырыбы:

2 бөлім. Алгоритмдеу және программалау

2.4 Программалаудың түрлері: құрылымдық, модульдік, функцияналдық, логикалық. Түрлі бағдарламалау әдістерінің принциптері.

Күн:


Ұзақтығы:

2 сағат

(90 мин)

Өткізу жері:

ЖМ «Қазақмыс» Корпорациясының политехникалық колледжі», аудитория №405

Сабақтың мақсаты:

Студенттердің құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы және визуалды программалау туралы білімдерін қалыптастыру.

Сабақ мақсаттары:

Білімділігі: Құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы және визуалды программалауды ажырата және қолдана білу, олардың праграммалау тілінде жазылу ерекшеліктерін меңгеру;

Дамытушылығы: Бұл ұғымдардың барлық прораммалық тілдерге ортақ екеніне назар аудару, ортақ қасиеттер мен шамалар туралы білімдерін дамыту;

Тәрбиелігі: Көпсалалық, жан-жақтылық тұрғысында ойлау өрісін қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

Құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы және визуалды программалау түрлерін білулері қажет.

Сабақтың түрі:

Теория

Оқу әдістемесі, әдістемелік, педагогикалық әдістер, педагогикалық технологиялар:

  • Интерактивті оқыту әдісі,  баяндау, сұрақ-жауап, шағын лекция, «Ассоциация» стратегиясы, Блум жүйесі

Қажетті жабдықтар мен құрылғылар

Компьютер, интерактивті тақта, презентация, оқулықтар, дәптерлер, үлестірмелі қағаз.

Қосымша

көзі (әдебиеттер):

Ә. 6, 7 б.















Сабақтың барысы

Уақыт (минут)

Оқытушының әрекеттері

1

2

3

1. Ұйымдастыру кезеңі

2

Білім алушылармен амандасу, сабаққа қатысуын тексеру

2. Білімнің өзектілігі

15

Білім деңгейін тексеру мақсатында білім алушыларға сұрақтар қою

3. Жұмыстарды өз бетімен орындау

25

  • Құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы және визуалды программалау

4. Зерттелген материалды түсінуді бастапқы (аралық) тексеру

14

Оқытушы ауызша сұрақтар қою арқылы білім алушылардың тақырыпты түсінгендігін тексереді.

5. Оқуды бақылау және өзін-өзі бақылау

және қызметтің әдістері

10

Оқытушы жаңа тақырыпты меңгеру нәтижесі бойынша белсенді білім алушыларды бағалайды

6. Білімді жалпылау және жүйелендіру

20

Білім алушыларға тапсырма-карточкалар тарату

7. Үй тапсырмалары туралы ақпарат беру

2

Оқытушы сабақты қорытады. Бағалар қойылады

8. Қорытындылау

сабақ және рефлексия

2

Оқытушы жаңа тақырыпты түсінбеген студенттерге қысқаша түсіндіріп өтеді және қосымша тапырма береді









































Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Студенттерменмен сәлемдесу, түгелдеу. Назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Программалау деген не?

Алғашқы программалау тілдерін сипаттаңдар.

Программа тілдерін қалай топтастыруға болады?

FORTRAN тілінің қандай ерекшелігі бар?

Программалық жасақтама деген не? Оның деңгейлерін атаңдар.

III Жаңа тақырыпты түсіндіру

Көлемі жағынан орташа программаларды құруда құрылымдық программалау қолданылады. Оның негізгі идеясы, оны шешу алгоритмі ағымдағы мәтінге анық көріну үшін шешілетін тапсырманың құрылымын программа құрылымы көрсетуі тиіс. Ол үшін жай оператордың көмегімен құрылатын программа құралдары ғана емес, сонымен қатар алгоритмнің құрылымын нақты бейнелейтін құралдар қажет. Осы мақсатпен программалауды ішкі программа ұғымы енгізілген.

Ішкі программа – қажетті әрекетті орындаушы және ағымдағы кодтың басқа бөліктеріне тәуелді емес операторлар жиынтығы.

Программа бірнеше кішкене ішкі программаларға бөлінеді, олардың әрқайсысы ағымдағы тапсырмамен қарастырылған әрекеттердің бірін орындайды. Құрылымдық программалау идеясы 70-жылдары IBM компаниясында пайда болды, оны әзірлеуге атақты ғалымдар: Э.Дейкстра, Х.Милс, Э.Кнут, С.Хоор қатысты. Құрылымдық программалау программалық өнімнің модульдік құрылымына және әртүрлі программалық модульдердің мәліметтерін өңдеу алгоритмдерінің типтік басқару құрылымдарына негізделген.

Құрылымды басқару типтері:

Реттілік;

Альтернативті (таңдау шарты);

Циклдік.

Құрылымдық программалауға жататын программа әзірлеудің екі әдістемесі кең тараған:

«Жоғарыдан төменге» программалау;

«Төменнен жоғарыға» программалау;

Құрылымдық программалау алгоритмдік мінездемесі бар математикалық есептерді шығаруда тиімді қолданылады.


Модульдік программалау – программаны логикалық бөліктерге бөлу үдерісі.

Программа бірнеше модульдерге бөлінеді және мынадай мақсаттар орындалуы тиіс:

Модульдің дұрыс болуы және оның контекстерге тәуелсіз болуы қажет;

Модульдің ішкі жұмыстарын білмей тұрып әртүрлі модульдерден программа құру мүмкіндігінің болуы қажет.

Модуль өлшемі 60 жолдан аспауы керек және модульдер өзара тәуелсіз болуы керек. Байланысқан элементтерді бір модульге, байланыспаған элементтерді әртүрлі модульге жинау керек. Модульдерді қолдана отырып программа күрделігін төмендетуге болады.

Өзара байланысқан негізгі нысандардан тұратын программалау тілін нысанға бағытталған программалау тілі дейміз.

Нысанға бағытталған программалау технологиясында қолданушы үш базалық элементпен: нысан, хабар және кластармен жұмыс істейді.

Нысандар бірнеше рет қолданылатын программалық модульдерден, яғни байланысқан мәліметтер мен процедуралардан, ал нысан құрылымы екі бөліктен тұрады: айнымалылар және әдістер.

Класс біртипті нысандарға арналған шаблон және нысанды айнымалылар типтері мен әдістерін анықтайтын ақпараттардан тұрады.

Нысанға бағытталған программалаудың негізгі үш принципі бар: инкапсуляция, тұқым қуалау, полиморфизм.

Нысанға бағытталған программалаудың негізгі түсініктері:

Нысан;

Нысанның қасиеттері;

Нысанның әдісі;

Нысандар класы.

Мысалы, автокөлік нысан болады, өйткені түс, модель, жылдамдық сияқты қасиеттері бар. Екпін, аялдама автокөліктің іс-әрекетіне, әдісіне қатысты. Осылайша, қасиет дегеніміз – нысанның сипаттамасы, әдіс дегеніміз – нысанның іс-әрекеді.

Класс-әдістер немесе қасиеттер – ортақтығымен сипатталатын нысандар жиынтығы.


IV Сабақты бекіту

Құрылымдық программалау деген не?

Құрылымдық программалау қашан пайда болды?

Модульдік программалау деген не?

Нысанға бағытталған программалау тілі қандай қызмет атқарады?

V Үйге тапсырма Құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы және визуалды программалау

VIБағалау Студенттердің білімдеріне қарай бағалаймын



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
2449
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі