Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пропорция негізгі қасиетін білу және қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
материал математика пәнінің мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Алгебралық өрнектер және түрлендірулер


Мектеп: №44 «Жаңа дала» ЖОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Джакипова Клара Айдаралиевна


Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы



Пропорция


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.3 пропорция анықтамасын білу;

6.1.2.4 пропорцияларды ажырату және құрастыру;

6.1.2.5 пропорцияның негізгі қасиетін білу және қолдану;



Сабақ мақсаттары

Пропорция анықтамасын біледі, ажыратады

Пропорцияның негізгі қасиетін біліп, есептер шығаруда қолданады;

Берілген пропорциядан жаңа пропорция құрастырады

Бағалау критерийі

Пропорция мүшелерін ажырата алады

Пропорцияның негізгі қасиетін біліп, есептер шығаруда қолданады;


Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминалогия:

пропорция

пропорция мүшелері

шеткі мүше

ортаңғы мүше

қатынас

тең қатынас

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

екі қатынастың теңдігін.......деп аталады;

пропорциядағы а-ны және d-ны пропорцияның ......мүшесі деп, b-ны және с-ны........мүшелері деп аталады;

Құндылықтарды

Дарыту

Өзара қарым-қатыныста тіл табысуын қалыптастыру, өз пікірін ашық айтуға, сұрақ қоюға үйрету.

Пән аралық байланыстар

жаратылыстану

Бастапқы білім

Қатынас, тең қатынас.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы (10-минут)

Оқушылардың көңіл күйін көтеру мақсатында ортаға шығарып шаттақ шеңберін құрғызып, «Жүректен жүрекке» тренигі арқылы бір-бірімен амандасады, сағат тілімен бір-біріне жақсы тілектерін айтады. (2-минут)

Топқа бөлу (қайталау сұрақтар арқылы). 1-3 –ке дейін сандар жазылған бейджиктерге қыстырылып тұрған сұрақтарға жауап беріп бейджикті алып төсіне тағып топтарға бөлініп отырады. (3-минут)

«Көршіңді тексер стратегиясы» бойынша оқушылар дәптерлерін алмасу арқылы үй тапсырмасын тексереді. (5-минут)

Оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу мақсатында «Басбармақ» тәсілін қолданамын.




Бейджик.

Сабақтың ортасы (25-минут)


Өздігінен білім алуға бағыт-бағдар беру мақсатында «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы жаңа тақырыпты топта талдап, постер қорғау.(15-минут)

Екі қатынастың теңдігі пропорция деп аталады.

= немесе

Мұндағы а , b ≠ 0, c≠0, d≠0 Оқылуы: «a-ның b-ға қатынасы c-ның d-ға қатынасына тең».

a:b=c:d пропорциясындағы a-ны және d-ны пропорцияның шеткі мүшелері деп, b-ны және c-ны ортаңғы мүшелері деп атайды.

шеткі мүше ортаңғы мүше

ортаңғы мүшелері

=

шеткі мүшелері

ортаңғы мүше шеткі мүше

Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең.

Бұл – пропорцияның негізгі қасиеті.

= немесе пропорциясынан

теңдігі алынады.


«Себетке гүл жинау» әдісі арқылы оқушылардың жылдам әрі дұрыс есеп шығару қабілетін арттырамыз. Әр топқа түрлі гүлдер шашып тастаймыз, оқушылар қалаған гүлін таңдап артында жазылған есептерді жылдамдықпен берілген уақыт ішінде шығарып гүлдерін себеттерге жапстырады. 10-минут ішінде ең көп гүл жинаған топ жеңіске жетеді.

Сары гүлдер (А)

Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңдар

1) 6:11 =   х:55                   2)      3:8  = 45:х                       

3)      8:х    =  104:117      4)      х:15  = 24:90                   

5)        х: 19,5 =  2:3                  6)      37,8:х  = 7:15                    

 

Жасыл гүлдер (В)

* –ның орнына тиісті санды қойып, пропорцияның белгісіз мүшесін тап:

6: * = * :10 8: * = * : 5

4: * = * : 6 11: * = * : 10


* :20 = 10: * * :7 = 30: *

* :8 = 40: * * :5 = 20: *


Қызыл гүлдер (С)

Пропорция құр, жауабын тап:


1. 120 м матадан 24 көйлек тігіледі, осындай 18 көйлек қанша м матадан тігіледі?


2. 28 кг картоптан 4,2 кг крахмал алынады, 35 кг картоптан қанша кг крахмал алынады.


3. Кітапханада 400 кітаптар мен журналдар бар. Оның 26%-ы математикаға арналған кітаптар. Кітапханада математикаға арналған неше кітап бар?


4. Қарбыз массасының 98%-ы су. 5 кг қарбызда қанша су бар?


5. Товарлың бағасы 120 теңгеге арзандатылған,бұл бастапқы бағасының 15%-ын құрайды. Товардың бастапқы бағасы қандай.


6. 400 г ерітіндіде 20г тұз бар.Тұздың ерітіндідегі проценттік қатынасын табыңдар?

Бағалау критерийлері:

Дискриптор:

Тең қатынастардан пропорция құрастыра алады

пропорция анықтамасын біледі;

тең қатынастарды таба алады;

одан пропорция құрастырады;

Белгісіз мүшесін табады

пропорция анықтамасын біледі;

мүшелерін ажырата алады;

белгісіз ортаңғы немесе шеткі мүшелерін таба алады;

Мәтін есептерді пропорцияның көмегімен шығарады

шартын құра алады;

пропорция құрастыра алады;

белгісіз мүшесін табады;

жауабын жазады;


Есепті дұрыс шығарған оқушыларға смайликтер беріп бағалап отырамын.


Сергіту сәті.

Логикалық есептер беру

1 жұмыртқа 5 минутта піседі,5 жұмыртқа неше минутта піседі?

Қаз бір аяғымен тұрса 5кг, ал екі аяғымен тұрса неше кг?

Оқулық, плакат, маркерлер





















Себет суреті салынған плакат.

Түрлі түсті қағаздардан жасалған гүлдер.




































Сабақтың соңы (5-минут)

Үйге тапсырма: №55

Кері байланыс: «Алтын көпір» әдісі арқылы оқушылар бір қолдарының алақанын бір-біріне түйістіріп қатар тізіліп көпір құрып тұрады. Оқушылар не білдім? не білгім келеді?- деген сұраққа жауап беріп көпірден, яғни оқушылардың қолдарының астынан өте береді.



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Баяу қимылдайтын қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіп, ойлау қабілеті жоғары оқушыларға шығармашылық есептер беру арқылы білімін тереңдету.


Смайликтер, «Басбармақ», ауызша мадақтау

Қауіпсіздік ережерімен таныстырып, ережелердің сақталуын мұқият қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес сұрақтарға жауап беріңіз.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
758
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12