"Прозадағы көркем ой" бөлімі бойынша қорытынды тест

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Прозадағы көркем ой" бөлімі бойынша қорытынды тест

Материал туралы қысқаша түсінік
10-сыныптың қоғамдық-гуманитарлық бағытына Қазақ әдебиеті пәнінен "Прозадағы көркем ой" бөлімі бойынша 2-тоқсанда өтілген көркем шығармалар - Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" және Ә.Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романдарын қорытындылау үшін тест тапсырмалары жауаптарымен бірге дайындалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Прозадағы көркем ой" бөлімі бойынша тест тапсырмалары

1.1928 жылы «Ақбілек» романы қай журналдың бірінші санында жарияланды?

А) «Жаңа әдебиет»

Ә) «Айқап»

Б) «Әйел теңдігі»

В) «Қазақ»


2.Ақбілектің жақсы көретін жеңгесі

А)Жамал

Ә)Ұрқия

Б)Зәйкүл

В)Шолпан


3.Мұқаштың әкесінің есімі кім?

А)Мамырбай

Ә)Төлеген

Б)Тойбазар

В)Балташ


4.Үзінді қай кейіпкер туралы?

«Қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт шүңірек көз жігітпін. Жасым жиырманың жетеуіне шығып тұр» . .

А)Мұқаш

Ә)Бекболат

Б)Балташ

В)Мамырбай


5.Ақбілектің бауырларының есімін табыңыз.

А)Ұрқия, Ескендір

Ә)Қажікен, Сара

Б)Сара, Балташ

В)Мұқаш, Тойбазар


6.Ақбілектің тығылған жерін орыстарға көрсеткен кім?

А)Төлеген

Ә)Бекболат

Б)Әмір

В)Мұқаш


7.Ақбілектің ұлының есімі

А)Мұқаш

Ә)Бекболат

Б)Төлеген

В)Ескендір


8.«... Үш орыс қолдарына шырағдан алып, қораны, үйді, тезекті, шұқырды, жүкті, пішенді – бірін қоймай найзаларымен піскілеп тінтіп жүр . . . .». Орыстар кімді іздеп жүр?

А) Мамырбайды

Ә) Төлегенді

Б) Ақбілекті

В) Мұқашты


9.Ақбілекті орыстар алып кеткенде оның бауырлары Қажікен мен Сара неше жаста еді?

А) 15, 13

Ә) 12, 7

Б) 9, 7

В) 13, 11


10. «Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым 35-те . . . Ес біле есікте жүрдім . . . ». Үзінді кім туралы?

А)Төлеген

Ә)Бекболат

Б)Мұқаш

В)Балташ


11. «Аңыздың ақыры» романы неше бөлімнен тұрады?

А)5

Ә)4

Б)3

В)2


12.«Аңыздың ақыры» романының негізгі сюжеті қай кейіпкерлердің төңірегінде өрбиді?

А) Әмірші, ханша, үлкен ханым

Ә) Әмірші, ханша

Б) Әмірші, ханша, шебер

В)Бас уәзір, әмірші, ханым


13.Хан шеберді қандай жолмен жазалайды?

    А) дарға асады

    Ә) екі қолын кесіп, тірі қалдырады

    Б) көзін ойып, тілін кеседі

    В) мұнарадан құлатады


14.«Кімге болса да, басын төмен салып жіберіп, иегінің астынан жоғары қарай бажайлап бір шолып шығатын əдеті болса керек . . .». Суреттеу кім туралы?

    А) Жаппар

    Ә) Әмірші

    Б) Бас уәзір

    В) Ханша


15. «Сол күні бөлме іші күндегіден ала бөтен қапырық боп кеткендей, түнде де тыпыршып жата алмады. Жалаң аяғына кебіс сұғып, сыртқа шығып еді ай сүттей жарық екен». Жазушы кімнің аласұрған жан-дүниесін көрсеткісі келді?

    А) Жаппардың

    Ә) Әміршінің

    Б) Ханшаның

  В) Ахмет байдың ұзатылған қызының


16.«Көк масаты көйлек киген əлдебір арудай» -  деп, сипатталған мұнараның Әмірші алғаш көргендегі бейнесі қандай еді?

А) өте биік, алыстан көрінгендіктен

Ә) көк түсті жалаулар ілінген

Б) жұмыр, сымбатты

    В) мұнараның басында ару тұрды



17. Әміршінің салтанаты өзгеше сарайының қандай ерекшелігі бар?

  А) бұл сарайда Әмірші маңызды адамдарды қабылдайды, жиналыс

жасайды

  Ә) көбіне отбасымен бас қосады

  Б) сарайда оңаша кітап оқығанды ұнатады

В) оның ішіндегі еліктер мен тотылар өзге бақтардағыдай  қолға

үйретілмеген


18.Әмірші бәйбішесіне арнап арнайы не салдырды?

А) сарай

Б) әсем бақ

С) мұнара

В) мешіт


19.Аула ішінде біреу ыңылдайды. Бұл кім болды екен деп, саяжайға шығып қарап еді, өрік ағашынан жеміс үзіп жатқан қызды көрді. Бұл суреттеу қай сәтті бейнелейді?

    А) Әміршінің жорықтан оралған сәті

    Б) Әміршінің ханшаны алғаш көруі

    С) Жаппардың ЗуҺраны алғаш көруі

    Д) Жаппардың Кіші Ханыммен кездесуі


20.«Тəкаппар сұлудың  асқақ жүзіне телміре қараған бозбаладай». Бұл теңеуде кімдерді суреттейді?

    А) Әмірші мен көк мұнараны

Ә) Әмірші мен ханшаны

    Б) шебер мен ханшаны

    В) Үлкен Ханым мен ханшаны


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2024
334
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі