400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДАН ЖИНАҚТАЛҒАН МАТА АТАУЛАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
этнолингвистиканы зерттеушілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДАН ЖИНАҚТАЛҒАН МАТА АТАУЛАРЫ


Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. - Алматы: Атамұра, 2003.

(Осы кітаптан алынған үзінділер)

15-бетте:

Бір уақытта сары ала атлас шатырдың ауызғы шымылдығы ақырын сусып көтерілді де, астынан әлдекім сып етіп ішке кірді.


16-бетте:

Кеудешесі бар адам атлас шымылдықтың шетін еппен түрді де, сып беріп шығып кетті.


Сейфуллин С. Сол жылдарда. Алматы: Жазушы, 1973.

(Осы кітаптан алынған үзінділер)

20-бетте:

Көн шалбарын қаудырлатып жүрген сыңар айылды Шуылдақтар не қылушы еді!


115-бетте:

Іші сырлы, қызылды-жасылды кестелі, оюлы, сәнді, масаты қызыл-шұбар кілемдер төсеп, кілемдер ұстаған.

Әуезов М. Абай жолы. Бірінші кітап. - Алматы: Жазушы, 2008.

(Осы кітаптан алынған үзінділер)

235-бетте:

Абай қасындағы аққұба қыз атып тұрып, атлас шымылдықты сусылдатып түсіріп жіберді.

... Сол сәтте атлас шымылдық шалқия ашылды.


Әуезов М. Шығармалар жинағы. Бесінші том. - Алматы:

Жазушы, 1980

(Осы кітаптан алынған үзінділер)

52-бетте:

Жұқа жібек орамалын жиі желпініп отыр.


140-бетте:

Қабырғаларда қымбат кестелі қалың жібек түскиіздер.


Әуезов М. Шығармалар жинағы. Бесінші том. - Алматы:

Жазушы, 1968

(Осы кітаптан алынған үзінділер)

208-бетте:

Қызыл, көк шымылдығын түсіріп, жібек пердемен өз көзімен өзі тасалап, ойша қоршап қойып, ұзақ еске алып тұрды.


277-бетте:

Базар қолды, тікше келген, ұнамды қара қатипа тақиясы бар.


Әбілаев Д. Баянауыл Баурайында. - Алматы: Жазушы, 1975.

(Осы кітаптан алынған үзінділер)

20-бетте:

Үстінде қынама бел, өңірі күміс қаптырмалы көк пүліш пұшпақ ішік.


47–бетте:

Ақкеліншектің қолынан атлас көрпе төсек үстіне төгіле сусып құлап түсті.


Мағауин М. Өмір жыры. – Алматы: Өнер, 1994.

(Осы кітаптан алынған үзінділер)

3-бетте:

Ең қызығы – жасыл пүліш тысты қарқарадай түлкі тымағының төбесіне үкі тағылған.


Асқар Егеубаев. Ақ боз үй. - Алматы: Атамұра. 2008. – 520 б.

(Осы кітаптан алынған үзінділер)

10-бетте:

Басында үкісі бұлғақтаған кәмшат бөрік, үстінде қырмызы камзол.


71-бетте:

Жібектей майда саусағымен арқасын сипады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
468
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі