Материалдар / «Психикалық дамуы тежелген балалардың қарым-қатынасын дамыту» тренингі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Психикалық дамуы тежелген балалардың қарым-қатынасын дамыту» тренингі

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің мамандарына, мектеп психологтарына, психикалық дамуы тежелген балалардың ата-аналарына қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2021
830
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ

Педагог-психолог: Марат Наргиза Сабитбековна


«Психикалық дамуы тежелген балалардың қарым-қатынасын дамыту» тренингі


Мақсаты: тренингке қатысушылардың қарым-қатынасын орнату.

Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы. Қарым-қатынас адамзат қоғамның және жеке тұлғаның жарқын өмір міндетті шарты.Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып табылады. Қарым-қатынассыз адамның тек өзін-өзі танып білуі, әлеуметтенуі яғни индивидтің жеке тұлға ретінде дамуы, әлеуметтік тәжірибені адамнан адамға, ұрпақтан, ұрпаққа тартуы, әлеуметтік топтардың қауымдастықтар мен мемлекеттердің өмір сүруінің өзі, сондай-ақ, индивидтің (дара адамның ) психикалық іс-әрекеті де мүмкін емес.

Қарым-қатынас адамзат қоғамның және жеке тұлғаның жарқын өмір міндетті шарты.Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып табылады. Қарым-қатынассыз адамның тек өзін-өзі танып білуі, әлеуметтенуі яғни индивидтің жеке тұлға ретінде дамуы, әлеуметтік тәжірибені адамнан адамға, ұрпақтан, ұрпаққа тартуы, әлеуметтік топтардың қауымдастықтар мен мемлекеттердің өмір сүруінің өзі, сондай-ақ, индивидтің (дара адамның) психикалық іс-әрекеті де мүмкін емес.


  1. Кел танысайық.


Мақсаты: Ойын арқылы көңіл күйге диагностика жасау.

Ретпен орындау және нұсқау беру.

әрбір бала өзінің атын айтады,ал өзінің үйінде мамасы,аға-апалары қалай атайтындығы және оған қалац атағаны ұнайтындығын айтады. Осыдан кейін жүргізуші қолындағы допты қалаған қатысушылардың біріне лақтырады допты алған ойыншы жүргізуші қойған сұрақтарға жауап береді. Жауап беріп болған соң допты қайта береді.

Талдау сұрақтары. Ойын кезінде қандай көңіл күйде едіңіз,ал қазір көңіл-күйіңіз қалай. Сіз сұрақтарға жауап беру кезінде қиналмадыңызба. Сізге қойылған сұрақтар ұнады ма?


  1. Жетекші мен еруші сергіту жаттығуы.


Мақсаты: Топ мүшелерінің қысымын түсіру жағымды атмосфера мен жұмысқа бағыттылықты құру;жетекші мен ерушінің тұлғааралық позицияларымен,тұрлі қозғалыстарымен қатысушыларды эксперименттеу.

Уақыты. 30-45 минут.

Материалдар: Түрлі стилдегі музыкалық жазбалар.

Жүргізілу барысы. Топ қатарға тұрады. Музыка қосылып қатысушылар қимылдай бастайды. Бірінші тұрған адам мен жүргізуші жетекші болады да ал қалғандары еруші болады. Топтың жүргізушілері өздеріне қалаған биді билеп еркін іс-әрекет жасайды ал қалғандары соның істегенін қайталайды. Бірнеше уақыттан соң бірінші қатысушы қатардың соңына өтеді де еруші болады.

Талқылау сызбасы. Болашақ қатысушы жетекшілер не сезінді? Ал ерушілер? Қатысушыға қашан өзіне ыңғайлы кезең болды. Басқалардың қозғалысын қайталаған кезде немесе өзі жүргізуші болған кезде не сезінді.


  1. Мен кіммін биі.


Мақсаты: қатысушылардың өзін-өзі презентациялауы; топқа интерпритациялы үрдістерді жіберу; қатысушыларджың өзіне қатыстылығын зерттеу.

Уақыты: 1-1,5 сағат.

Материалдар: музыка.

Жүргізілу барысы: топ шеңберде отырады. Қатысушылардың бірі ортаға шығады да бірінші мен шындығында қандаймын биін сосын мен қандай болғанды қалаймын биін билейді. Аяқтаған соң келесі қатысушы ортаға шығады.

Талқылау сызбасы: Қатысушылар бақылаушылар және бишілер не сезінді? Топ мүшелерінің биін бірнеше сөзбен қалай сипаттауға болады.


  1. Тар көпірде кездесу жаттығуы.


Нұсқау. Сіздер өзеннің үстінде орналасқан тар көпір үстінде бір бірлеріңізбен кездесуге барасыңдар. Көпір үстінде сендер кездестіңдер және сізге ары өту керек. Кұлап кетпей өтуге тырысыңыз.

Жаттығу аяқталған соң топпен талқылау. Көпірден өтер кезіңізде сізде қорқыныш болдыма? Қандай әсерде болдыңыз сізге бұл ойын ұнадыма?


  1. Сәлеметсің бе мен менің ең сүйіктім релаксациясы.


- Қолайлы отырыңыз. Мен сізге сізбен болатын нәрсенің бәріне өте жауапкершілікпен және мұқияттылықпен қарауды ұсынамын. Міне сіздің оң аяғыңыз.... ол тірі болып,былай айтатындай: «Маған қамқорлық еткеніңе, мені осылай қойғаныңа рахмет» дейтіндей етіп қойыңыз. Өзіңнің сол аяғыңды табанда не тізеде қысым болмайтындай етіп қойыңыз және сосын сіздің қолдарыңыз сіздің тізеңізге түсірілген болсын. әрбір қолыңызға кезекпен қараңыз. Әр қолыңыз оған қамқорлық танытуға,жылы назар аударуға және бұл қамқорлықты сезінуге лайық. Сол қолың да сенің сол қолың тыныш жатсын. Сенің білегіңді жібере салсын, және әр саусақ сенің назарыңды жылуыңды, сенің қамқорлығыңды сезінсін. өзіңнің әр бір саусағыңа назарыңды сал. өзіңнің әр бір саусағыңның ұшында қазір не сезінудесін. Ортаңғы төртінші ... қан тамырлары белсендірек жұмыс жасайды, қанның қалай соққаны сезіледі, жеңіл шаншу сезіледі. Сол қолдан сезілген сезілген сезім оң қолда туындайды, оң қол бірден әсер береді. Мен саусақтарымның әрбірінен өмірді сезінемін. Жылы қанның соғысын,шаншуды сезінемін. Білектер еркін әрі жұмсақ болды. Олар жәй жатыр, демалуда. Олар маған қамқорлығым үшін, ал мен оларға рахмет айтамын. Мен өз қолдарыма олар күшті, жіңішке әрі нәзік болғандығы үшін алғыс айтамын. Олар өте жылы, нәзік әрі сүйкімді. Олар жылылықты қабылдайды, және бере алады. Мен тыныстайиын,ауа маған қалай енгенін сезінемін, және оны қабылдаймын.тыныс шығарамын ауа менен шығады. Мен менің әлемім үйлесімдігінің барына,ауаны қабылдап оны жібере алатындығыма қуанамын. Тыныс теңбе-тең, тыныш отырып маған тыныстау жеңіл. Міне назар нұры менің жүзімде жұмсақ әрі жылы ұшқындайды.менің еңбеккерлерім аяқтарым.

Мен әрдайым оларды ұмытып кетем. Олар азаннан кешке дейін мені мені өмір бойы алып жүреді, жүгіреді, мені ұстап тұрады. Біз олардыңкүнде ауыр жұмыс істейтіндігін,бізден ешбір алғыс күтпетен тыныш жүретіндігін бағаламаймыз. Рахмет сендерге, менің аяқтарым. Менің барлық тәнім-рахмет, сендер менде болғандарыңа маған өмір бергендеріңе, маған болу мүмкіндігін бергеніңе. Мен саған қамқорлық жасағым келеді, мен сені жақсы көремін. Менде болғаның үшін рахмет. Мен өзім үшін тағдырға ризамын. Мен бұл байлықтарды мен бұл әлемде ештеңеге айырбастамаймын. Сіз дәлме дәл тыныстайсыз, тыныш, жай барақат тыныстайсыз. Осы бөлмеге оралыңыз сіздің астыңызда орындық-сіз онда қолайлы отырсыз. Терең дем алыңыз, көзіңізді ашыңыз сіз осындасыз.


  1. Қарым-қатынас тренигі.


Тақырыбы: Қарым-қатынас тренигі

Мақсаты: Оқушылардың қарым-қатынасын жақсы жаққа бағыттап және тіл табысу деңгейін анықтау.

Нұсқау: Сол жағында тұрған балаға қолынды беріп, сенімді қарым-қатынаста: «Өте қуаныштымын»-деп қолынан ұстап ол бала қасында тұрған балаға осы сөзді айтып әрі қарай жалғаса береді де бүкіл балалар қол ұстасып шеңбер құрады содан соң бәрі де бір дауыс пен «бір-бірімізбен қарым-қатынаста өте қуаныштамыз»деп айтады.


  1. Адам саны


Мақсаты : Бейненің визуалдылығы бойынша қабілеттерді дамыту;

- Шығармашылық тапсырма бере отырып, интеллектуалды, еріктік, эмоцияналды функцияларын стимулдеу;

- Ойдың қарапайым түрінен күрделі түріне өтуіне әсер ету;

Ресурстар: Кең бөлме немесе ашық алаң

Уақыты: 7-15 минут

Жаттығу барысы:

Араларыңыз 1,5 метрдей қашықтықта болатындай қатарға тұрыңыздар. Мен сіздерге 1-ден 9-ға дейінгі сандарды атаймын. Сіздердің міндеттеріңіз: сол сандарды денеңіздің көмегімен көрсету, отырып тұрып, жатып тұрып көрсетесіз бе өз еркіңіз. Ең бастысы – математикалық сандар мен денеңізбен көрсетіп тұрған сандардың сәйкестігі.

Келесі кезеңде жұптасып тұра қалады да, оларға 2 мәнді сандар айтылады, 3 мәнді сандарды атағанда үш-үштен тұрғаны дұрыс.

Ескерту:

Шығармашылықты дамытып қана қоймай, бұл ойын достық қарым-қатынасты қалыптастыруға көмектеседі, сонымен қатар дене бұлшықеттері бақылауды дамытады.

Талқылау: Сізге бұл ойын несімен ұнады? Ойынды ойнағанда сіз қандай қиыншылыққа тап болдыңыз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!