Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырыпсөйлеуге үйретуде ертегілерді қолдану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырыпсөйлеуге үйретуде ертегілерді қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада психикалық даму сатысы тежелген мектеп жасына дейінгі кішкентай балалардың байланыстырып сөйлеу дағдысының теориялық аспектілері, халықтық педагогикалық, психологиялық, логопедиялық ғылыми еңбектер арқылы жасақталып, жүйеленді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ ЕРТЕГІЛЕРДІ ҚОЛДАНУ (3 – 5 жас)


Нағашыбай Ж. Ж

 № 5 мектеп-лицей логопед - дефектологы

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы.

E-mail: zharkynay.nagashybay@inbox.ru,

Телефон номер: +77767992990



Аңдатпа: Ғылыми мақалада психикалық даму сатысы тежелген мектеп жасына дейінгі кішкентай балалардың байланыстырып сөйлеу дағдысының теориялық аспектілері, халықтық педагогикалық, психологиялық, логопедиялық ғылыми еңбектер арқылы жасақталып, жүйеленді. Психикалық дамуы тежелген балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытуда ертегілерді қолданудың маңызы, жолдары туралы жазылған. Ертегілерді таңдауда, оларды ПДТ балаларға ұсынуда, қандай бағдарда арнайы жаттығулар жасалу процесі мен ескерілетін факторлар айқындалды.

Кілт сөздер: психикалық дамудың тежелуі, ертегі, мектеп жасына дейінгі бала, сөйлеу тілі, байланыстырып сөйлеу.


Аннотация: В научной статье сформулированы и систематизированы теоретические аспекты навыков связной речи младших дошкольников с задержкой стадии психического развития, научно-исследовательские работы народного педагогического, психологического, логопедического характера. Написано о значении, способах использования сказок в развитии связной речи детей с задержкой психического развития. В выборе сказок, их представлении детям с ЗПР, в какой ориентации выделен процесс выполнения специальных упражнений и учитываемые факторы.

Ключевые слова: задержка психического развития, сказка, дошкольник, разговорная речь, связная речь.


Abstract: The scientific article formulates and systematizes the theoretical aspects of the skills of coherent speech of younger preschoolers with a delay in the stage of mental development, research works of a national pedagogical, psychological, speech therapy nature. It is written about the meaning and ways of using fairy tales in the development of coherent speech of children with mental retardation. In the choice of fairy tales, their presentation to children with ZPR, in which orientation the process of performing special exercises and the factors taken into account are highlighted.

Key words: mental retardation, fairy tale, preschooler, colloquial speech, coherent speech.



ПДТ – психикалық даму қарқынының қалыпты дамуының бұзылуы, нәтижесінде, мектеп жасындағы баланың өзі мектепке дейінгі жас аралығындағы шеңберде қалатын, ойындарға ғана қызығушылық танытатын құбылыс. Дамудың тежелуінің клиникалық әртүрлілігі және біркелкі емес болжамдары бар. ПДТ бар балаларда сөйлеу бұзылыстары барлық компоненттерде (сөйлеу тілінің дыбыстық жағы, лексикалық, грамматикалық жағы) кездеседі. Психикалық дамуы тежелген балалардың этиологиясына қарай көптеген түрлері бар. Олардың кейбіреулерінде орталық жүйке жүйесі қатты зақымдалмаса, басқаларында функционалдық жетіспеушілік байқалады [1, с. 17]. Психикалық дамудың негізгі бұзылыстары: интеллектуалдық деңгейінің төмендігі, танымдық процестер: зейін, логикалық есте сақтау, ойлау, кеңістікті бағдарлау болып табылады.

Байланыстырып сөйлеу – сөйлеу әрекетінің тәуелсіз түрі бола отырып, сонымен бірге балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесінде маңызды рөл атқарады, өйткені ол білім алу құралы және осы білімді бақылау құралы ретінде әрекет етеді. Көптеген ғалымдар бұл сөздерді сөйлемде қолдану және оларды байланыстырып сөйлеуге үйрету туралы өз анықтамаларын ұсынды. Мысалы, олардың бірі А.М. Бородич былай дейді: «байланыстырып сөйлеу – адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін сөйлемдегі мағыналы сөздер жүйесі» [2, с. 23]; ғалым Ф.А. Сохина: «байланыстырып сөйлеу – белгілі бір ойды жүйелі, анық, грамматикалық дұрыс және бейнелеп беру формасы» [3, с. 9]. Осылайша, байланыстырып сөйлеу – отбасында және балабақшада баланың сөйлеуін дамытудың тиімділігінің көрсеткіші екенін дәйектеуге болады.

Психикалық дамуы тежелген балалардың байланыстырып сөйлеу тілі негізгі сюжеттік желіні сақтамайды. ПДТ балалардың айланыстырып сөйлеуінде логикалық құрылым бұзылғандықтан, бір тақырыптан екінші тақырыпқа ауысып кетуі жиі байқалады. Байланыстырып сөйлеуді дамыту жұмысы сөйлеуді дамытудың басқа міндеттерінен бөлінбейді, ол сөздікті байытумен, сөйлеудің семантикалық жағымен жұмыс жасаумен, сөйлеудің грамматикалық құрылымын қалыптастырумен, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеумен байланысты. ПДТ балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытудың бірнеше әдіс – тәсілдері бар. Соның бірі – ертегілер.

Психикалық даму тежелген балаларда байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда нәтиже шығаруға бірден-бір көмек беретін ертегілер болып табылады. Ертегінің бай фантастикасы психикалық дамуы тежелген балалардың ойына қозғау салып, сана-сезімі мен ақыл-ой қызметінің дамуына, ауызша сөйлеудің қалыптасуына, соның негізінде сөйлеу тілінің дамуына көмектеседі. Ертегінің осындай ерекшеліктері балалардың талғамын күшейтіп, сөйлеу мәнерін, байланыстырып сөйлеуін дамытып, өз ойын жүйелі, жинақы жеткізуге үйретеді.

Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балаларға ертегіні таңдаудың да өзіндік категориялары барын ескеру керек. Мектеп жасына дейінгі балаларға тек қиял-ғажайып көрінісі бар және жануарлар қатысымы бар ертегілер ұсынылады. Өйткені, мектеп жасына дейінгі баланың психикалық даму ерекшеліктерін ескеретін болсақ, онда баланы тәрбиелеуге көп уақыт қажет болады, әңгімені дұрыстап жеткізбесе оларға зейін қойып тыңдау қиынға соғады. Ұлтымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов: «Ертегілер кішкентай баланың қиялын оятып, ой көкжиегінің өсуіне оң әсер етеді» деген даналыққа толы пікірін білдіреді. Ертегідегі кейіпкер саны 5-6-дан аспауы қажет, себебі кейіпкер санының көптігі балаларға ертегі барысын түсінуде қиындық туғызады.

Ертегінің сюжеті әуел бастан-ақ қызық, әрі жанды қиялға толы оқиға желісі психикалық дамуы тежелген балаларды бірден баурап алып, еліктіреді.

Халық ертегілерінің ішінде ең көп тарағаны: хайуанаттар туралы ертегілер. Мұндай ертегілер кейіпкерлерінің өмір салты мен қарым-қатынас жасаудағы айлалары ПДТ балаларды шабыттандырады. Жануарлар туралы ертегілердің бәрін алсаңыз да, бала түсінетіндей, көңілді, қызықты етіп айтылады.

Осындай ертегілерде балаларды ойландыратын екі ерекшелік бар:

  • Тыңдай отырып, олар ертегідегі барлық кейіпкердің мінезін, әрекеттерін, сөздерін ескереді, ойларын тоқып отырады, қатты қызықтырса, тікелей үйренуге ұмтылады;

  • Екіншіден, хайуанаттар бағындағы ертегілер мысалында бейсаналы түрде адамдардың мінез-құлқын олармен салыстыра отырып, арасындағы қарым-қатынасты бақылайды.

Мұндай ертегілерге «Түлкі мен қоян», «Түлкі мен бөдене», «Күшік пен мысық», «Түлкі мен тауық», т.б.

Психологиялық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың (3-5 жас) сөйлеу тілін дамыту үшін «Шалқан» және «Бауырсақ» ертегілерін пайдаланып дамыту жұмыстары жүргізілді. Ертегілерді пайдалану барысында бірнеше кезеңдер мен әдістерді қолдану арқылы сабақ өткіздік.

Ертегілер арқылы байланыстырып сөйлеуді дамыту үшін келесі кезеңдер нұсқау ретінде пайдаланылады:

  1. Ертегіні балаларға алдымен қысқаша түрде жеткізу.

  2. Ертегі кейіпкерлерімен таныстыру.

  3. Ертегі мазмұнын толыққанды қамту арқылы сөйлемдерді сұраққа айналдырып балалармен кері байланыс жасау.

Сонымен қатар, ертегімен жұмыс жасау кезінде пайдаланылатын әдістерге мыналарды жатқызуға болады:

  • ертегілерді рөлдер бойынша ерекше интонациямен оқу;

  • ертегі желісімен суреттер салу, осы суреттен ертегінің мазмұнын баланың деңгейінде талдау, сұрау;

  • оқылған ертегі бойынша ауызша қарапайым сөздік жұмысын жүргізу;

  • ертегіні ПДТ балаға түсінікті етіп, қажет емес сөздерді азайту немесе алып тастау арқылы пайдалану.

  • ПДТ балалардың қосымша диагнозын ескере отырып, суреттер немесе ойыншықтарды пайдалану.

ПДТ және ЖСТД І-ІІ деңгейі бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға «Шалқан» ертегісін алдық. Балаларға топтық жұмыс жүргізілгендіктен белсенділіктің жоғары да, төмен де деңгейлері байқалды. Ертегімен жұмыс жасау кезінде жоғарыда аталған кезеңдер мен әдістер негізге алынды. Балалардың тек қана байланыстырып сөйлеу тілін дамытып қана қоймай, ұсақ моторикасының да дамуына септігін тигізу үшін балаларға жапсырмалы кейіпкерлері бар материал ұсындық. Балаларды ертегі кейіпкерлерімен таныстыру уақытында қолда кейіпкерлердің суреті немесе пішіні көрсетілген материалдың болуы өте маңызды болып табылады.

Байланыстырып сөйлеуін дамыту «Шалқан» ертегісінің негізгі бөлімінде жүзеге асырылады. Мысалы, «Ата көмекке кімді шақырады?», «Әжеге көмекке кім келеді?», «Кімнің көмегімен шалқанды жұлдық?» т.б. сұрақтар қойып, балаларға толыққанды жауап беруге дағдылануды үйреттік.

Қорыта келе, халық ауыз әдебиеті үлгілерінің түрі ертегілердің біз жасақтаған ерекшеліктері психикалық дамуы тежелген балалардың талғамын ұштап, сөйлеу мәдениетін дамытады, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, өз ойын жүйелі жеткізуге үйрете алады.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Кушербаев А. Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының ерекшеліктері //Дефектология. 2011. №3. 17 б.

  2. Бородич А.М. Методика развития речи детей. – М.: Просвещение, 2020. – 255 с.

  3. Развитие речи детей дошкольного возраста /под. ред. Ф.А. Сохина. –М.: Просвещение, 2020 – 223 с



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.04.2025
180
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі