400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психикасының дамуы тежелген балалардың психологиялық- педагогикалық сипаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың психикалық дамуының тежелу мәселесі дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден –бір көкейтесті проблемаларының бірі болып табылады. Олар кем ақылдылар қатарына жатпайтын, сонымен бірге білім қорының көлеміне қарай олар қорытуға жеткілікті икемділіктері барын кең «дамудың жақын аймағынын» көре білді,белгілі категориялы балаларды іріктеп алды. Бұл балалар ерекше топқа кіреді- психикалық дамуының тежелуі бар балалар. Психикалық дамудың тежелуі уақытша болуы мүмкін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№112 жалпы орта білім беретін мектеп педагог-логопедінің баяндамасы









Педагог-логопед:Махаматисакова Гузал Абдугапировна



Психикасының дамуы тежелген балалардың психологиялық-

педагогикалық сипаттамасы

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз – барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.

Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.







Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс – әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.

Психикалық дамуы тежелген балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.

Балалардың психикалық дамуының тежелу мәселесі дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден –бір көкейтесті проблемаларының бірі болып табылады. Олар кем ақылдылар қатарына жатпайтын, сонымен бірге білім қорының көлеміне қарай олар қорытуға жеткілікті икемділіктері барын кең «дамудың жақын аймағынын» көре білді,белгілі категориялы балаларды іріктеп алды. Бұл балалар ерекше топқа кіреді- психикалық дамуының тежелуі бар балалар. Психикалық дамудың тежелуі уақытша болуы мүмкін.

Ауыр жұқпалы аурулар, бас сүйек миының зақымдануы, уланулар, тұқым қуалаушылыққа бейім болулар да, ПДТ- ң себептері болып табылады. үлгерімі төмен балалардың елу пайызы психикалық дамуы тежелген /ПДТ/ балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр. К. С. Лебединская, В. И. Лубовской, т. б дефектологтар зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі, яғни интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмейтіндігін ерекше атап көрсетілген. 
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгiжетi - сегiз жастан анық байқалады. Оның негiзгiбелгiлерi: сабаққа белсендiлiгi байқалмайды, берiлген тапсырмаларды үлкендердiңкөмегiнсiз дұрыс орындай алмайды, балалармен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады өз өзiн төмен бағалауы; қоршаған ортаға сенбеушiлiкпен қарауы; өз күшiне деген сенiмсiздiгi. 
ПДТ психогенді жағдайларының кері әсеріненде пайда болуы мүмкін, бала ата-анасынан айрылғанда, толық эмоционалды қарым қатынастың жеткіліксіздігі (балалар үйінде, жетімдер үйінде өскендер, ешкім айтарлықтай көңіл бөлмейтіндер), сонымен бірге сезгіш органдарының кемшілігімен (соқырлық, саңыраулық, мылқаулық)- мұндай жағдайларда бакла толық интеллектуалды дамуы үшін жан-жақты хабарлар ала –алмайды. Мәдениеттілігі төмен отбасында ата-аналар тәртібі дамуымен айналыспай өскен балалар өздерінің құрдастарынан интелектуалды қарым – қатынасы жағынан жиі қалып отырады.

Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық дамуында тежелуі (ПДТ) бар балалардың көбеюіне әкеліп отыр. 
Жалпы дамуында тежелуі бар балаларға тән нәрселер: тез шаршау, қоршаған орта жайлы түсінігінің аз болуы, сөз қорының таяздығы, ойын және іс- әрекетінің қалыптасу қиындығы, қабылдауы баяу және ойлау қызметінің төмендігін, сөздік- логикалық қалыптасу қиын болады.

Негізінен мектептерде ПДТ балаларды анықтау және түзеу жұмыстары мектеп психологының міндеті. Түзеу жұмыстарын жүргізу үшін психолог ПДТ-дің түрлерін ескеруі тиіс және оның қаншалықты ауыр түрі екендігін, баланың жеке даралық типологиялық ерекшелігін сақтау керек. 
Психикалық дамуының тежелуі бар балаларды оқытатын адамдар төменгі қағидаларды ескеру керек: 
1.Тапсырманың баланың даму денгейіне сай болуы; 
2.Баланы жеке тұлға ретінде қарап, оның жетістіктерін көріп, мадақтап отыру; 
3. Ата- анамен тығыз байланыста болу; 
4.Түзеу мекемелерінен көмек алуына ықпал жасау( КППК, Оңалту орталығы); 
Ал ПДТ балалардың ата-аналары келесі кеңестерді ескруі тиіс: 
1.Дамуында тежелуі бар балалардың ақыл-ойы дұрыс,тежелу уақытша болатын жағдай.
2.Бала жеке тұлға, қоғамның бір мүшесі, ол өз деңгейінде білім алуға құқылы. 
3. Дамуында тежелуі бар балаға үнемі көңіл бөлу. 
4. Баланың дамуында, денсаулығында, көңіл күйінде, қарым-қатынасында өзгеріс байқасаңыз дер кезінде мамандардан (дәрігер, психолог, педагог)кеңес алу. 
5.Тежелуі бар балаға ұдайы көмек көрсету және балаға мүмкіндігінен тыс күш түсірмеу.
6.Баланың жетістіктерін дер кезінде бағалап, мадақтау. 
Қоғамымызда балалардың білімді де білікті болуы үшін, олардың ерекшеліктерін ерте анықтауға ата-ана, психолог маман, дәрігерлер барлығы бірдей ат салысуы тиіс. Сонда ғана ПДТ балалалар дер кезінде түзеліп, қатарға қосылады. 
ПДТ–і бар балалармен оқу-түзету жұмыстары кең және әртүрлі болып табылады.Оқыту – түзету және түзету – тәрбиелеу жұмыстарының принцптері: 
- арнайы оқыту кезінде де әр баламен жеке жұмыс жүргізу; 
- түрліше әдіс, тәсілдермен қажудың алдын алу, яғни профилактикасы, мысалы, ақыл –ой мен тәжірибелік іскерлікті алмастыру, қызықты және әсемделген дидактикалық заттарды қолдану, көрнекіліктің түрліше тәсілдерін т.б; 
Психикалық дамуы тежелген балалардың тiл байлығы әдеттегi балаларға қарағанда 20 - 30% төмен деңгейде.
Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін психологиялық түзете - дамыту жұмыстарының принциптері: 
Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау. 
Шаршап кетпеуін қадағалау. 
Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру 
Ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару. 
Арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру. 
Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру. 
Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту - түзету процесiндеәдiстемелiк нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастырып, төмендегі жұмыс түрлеріне көңіл бөлу керек: 
Әр баламен жеке жұмыс жүргізу; 
♦ Түрліше әдіс, тәсілдермен қажудың алдын алу, яғни, ақыл - ой мен тәжірибелік жұмыстарды алмастырып отыру; 
♦ Қызықты және әсемделген дидактикалық заттарды дайындау, көрнекіліктің түрліше әдіс тәсілдерін қолдану; 
♦ Баланың білім алу іскерлігін барынша белсенді етіп, олардың сөйлеуін дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыны қалыптастыру әдістерін қолдану; 
♦ Дайындық (оқу бағдарламаның нақты бір бөлігін меңгеруге) жұмыстарын жүргізу және қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейтуді қамтамасыз ету; 
♦ Оқуда және оқудан тыс кездерде баланың барлық іскерлігінің түрін дер кезінде, қажетті жағдайға сәйкес үздіксіз түзетілуіне көңіл аудару. 
Психикасының дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге жету үшiн бақылаудан тыс қалмауы қажет. Сонымен бірге әр баланың физиологиялық, психологиялық жас ерекшелiктерiн ескере отырып, психолог, логопед, дефектолог және ата-ана тығыз байланыста болып, түзету жұмыстары тиімді жүргізілген жағдайда жұмысымыз нәтижелі болады. Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, балаларды мүмкіндіктеріне қарай дамыту, оларға сеніммен қарап, жеке тұлға ретінде өмірге бейімдеу, оқытудың тиімді тәсілдерін іздестіру, мақсатында түрлі жұмыстар атқарылады.


«Өнер-білім бар жұрттар»

Мақсаты

Білімділік:Ы.Алтынсарин туралы түсінігін кеңейту.

Түзету-дамыту:Дүниетанымын,ой-өрісін,қиялын,естесақтау,зейін,танымдық қабілеттерін дамыту және жетілдіру.

Тәрбиелік:Адамгершілікке,ұйымшылдыққа,ұқыптылыққы,сүйіспеншілікке,мейірімділікке тәрбиелеу.


1.Жүргізуші

Алтынсарин- қазақтың жарық шамы,

Ойлағаны аяулы халық қамы.

Жап-жасыл жайқалатын жапырағы,

Алтынсарин- елімнің алтын бағы.

Алтынсарин- ұлы ұстаз ұлағатты,

Алтынсарин- ұлтыма ұлы жарық.

Армысыздар ұлағатты ұстаздар мен қадырменді қонақтар!Бүгінгі ### жалпы орта білім беретін мектебінің үйде оқытылатын және арнайы сынып оқушыларымен бірге ұйымдастырып отырған ұлы ағартушы,алғашқы педагог Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына арналған «Өнер-білім бар жұрттар»атты сыныптан тыс іс-шараға қош келдіңіздер!



Құрметті, ұстаздар қауымы,ардақты қонақтар! Ал енді арнайы сынып оқушылары орындауында Ы.Алтынсаринның өлеңдерін қабыл алыңыздар.

А.Ч. 3-«Г» арнайы сынып оқушысы

Кел,балалар оқылық

Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Істің қайыры
Бастасаңыз алдалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Оқысаңыз , балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.


Х.Р. 3-«Г»арнайы сынып оқушысы

Сөуірде көтерілер рахмет туы,
Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.
Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп,
Жайылар жер жүзіне қардың суы...
Үшпақтың бір сәулесі жерге түсіп,
Өсірер жерден шөпті нүрдың буы.
Жақындар Қүдайымның көктен күні,
Тең болар жарлықпенен күн мен түні.

А.Б. 3-«Г» арнайы сынып оқушысы

Азған елдің хандары,
Тақ үстінде отырғандары.
Жарлыданалыпбайларға,
Сыйлар берсе керек - ті.
Азғанелдіңқожасы,
Қыдырыпкелересі
кке.
Бұлүйдекім бар екендеп,
Көзінсалартесікке.


Жүргізуші. 3-«Г» арнайы сынып оқушылары орындауында «Әндіжан полкасы»биін тамашалайық

Жүргізуші:Ы. Алтынсарин- алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы. Сонымен қатар, Ы.Алтынсарин этнография саласындағы еңбектері халқымыздың салт- дәстүр, әдет- ғұрыптарын қарастырады. Және ол қазақ ауыз әдебиетін зерттеп, қазақтың жұмбақтары, дастандары, мақал- мәтелдері жөнінде ғылыми мақалалар жазды. Лингвистика, тілтану саласында қазақ тілінің тазалығына зор мән берді. Ең бастысы, қазақтың әдеби тілі, оның қалыптасуы мен дамуы, ана тілінің тазалығы Ы. Алтынсариннің негізгі бағыты мен қызметі болып табылды.


Ал енді 3-«Г» арнайы сыныбының оқушысы Ш.А. орындауында «Заманауи»биді тамашалайық.


Жүргізуші:Ы. Алтынсарин көптеген өлеңдерді жазған ақын. Өз шығармаларында отанын, халқын сүюге, оқып білім алуға шақырды, оқу- білімнің, қараңғылықтың мән- жайын ашып берді.

К.Д. 2-«Д» арнайы сынып оқушысы

Өнер - білім бар жұрттар
Тастан салай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.


Р.Ф. 2-«Д» арнайы сынып оқушысы

Әй, жігіттер
Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз,
Азған елдің ішінен.
Алыс - алыс қашыңыздар,
Зияндасты кісіден.
Жақсыны көзбен салмаңыздар,
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар.
Өзі болған ерлердің,
Аяғынан алмаңыздар.


Үйде оқытылатын 6-сынып М.У. Ы.Атынсаринның жыр жолдарын сіздерге жолдайды


Жүргізуші.Арнайы сынып оқушыларының дайындаған «Бауырсақ»ертегісінен сахна көрінісі

Шал-Жавохир

Кемпір-Рахила

Бауырсақ-Чарос

Қоян-Доно

Қасқыр-Шахзод

Аю-Бехруз

Түлкі-Шахноза


4-«Ж» арнайы сынып оқушылары орындауында «Ана» әнін тыңдайық


Жүргізуші. 4-«Ж» арнайы сынып оқушылары дайындаған Ы.Алтинсаринның «Ата мен бала» сахна көрінісін тамашалйық

Ата-Имран

Бала-Жасур

Тақашы-Жасур

Сатушы-Лобар

Автор-Жасмина


Жүргізуші:«Өнер-білім бар жұрттар» атты әдеби –танымдық кешіміз өз мәресіне жетуге таяп қалды.Ұлы ағартушы –педагог Ы.Алтынсаринның 180жылдық мерейтойын дүбірлі той етіп өткізбесек те,қолымыздан келгенше мерекелік шара етіп өткізуді жөн санадық.Ал енді мерекелік шараның соңын әдемі әнмен аяқтайық.Үйде оқытылатын 7 сынып оқушысы Б.Т.-ның «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар.


Қорыта айтқанда қазіргі кезде қоғам дарынды қабілетті адамдарды қажет ететінін ескеріп,жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып,өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу.Өзін-өзіне сенімді,жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет.Жас нәрестенің дені сау болса,отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі.Елімізде өркениетті қоғам құру үшін тәрбиелі,дені сау азаматтарды көп болып тәрбиелеуіміз керек.






 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
1643
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі