400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Психолог - Адам жанының бағбаны

Материал туралы қысқаша түсінік
материал психолог маманжарға қажет. Өздеріне керекті мәліиеттерді ала-алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дауытова Айгул Укибаевна. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беру орта мектебінің педагог-психологы.

Picture 4

Психолог - Адам жанының бағбаны

«Мамандығым –мақтанышым» демекші, мен өз мамандығым арқылы мақтана да марқайа да аламын. Мен бұл мамандықты таңдауымның да өзіндік себебі бар. Мектеп қабырғасында оқып жүргенімде психолог деген мамандықтың бар екенін теледидардан немесе газет журналдан естіп, оқығаным болмаса өзім кездесіп көрмеппін. Менің осы мамандықты таңдауыма өмірден алған сабақтарымнан десем бе, жоқ әлде өмірден көрген қиыншылықтарымнан десем бе!?-екен. Әйтеуір, осы мамандықты таңдауға мына өмір себепші болды десем артық айпағаным болар. Қиналған кезде дұрыс бағыт-бағдар беретін, ақыл-кеңес беретін, қажет болса қол ұшын беруге, өзге адам қиналғанда өзімше жан дүниесіне үңілу және адамдардың қарым-қатынастарының жақсаруына үлес қосқым келді. Оңды солды сілтеп, соқпақ жолдан тура жолға салып көмектессем деген оймен Жантану деген әлемге еніп кеттім. М. Мақатаевтың мына өлең жолдары үнемі жадымда жүреді және маған күш береді.

Өмір, өмір

Болмайды түңілуге,

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,

Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге. Рух күш, жігер беретін қандай тамаша жолдар!

Мен қазіргі таңда №9 жалпы білім беру орта мектебінде мектеп психологі болып жұмыс жасаймын. Еңбек өтілімім-5 жыл, 7 ай, екінші санаттымын.Көзі ашық, көкірегі ояу, білімді де, білікті болып қалыптасудың негізгі іргетасы мектептен қаланады екен. Әр түрлі мінезден қорықпай, оларды зерттеп біліп, еңбектенсең, жан-жақты ізденсең, өзін-өзі жетілдіріп жүретін ерекше мамандық иелері психологтер дер едім. Бұл мамандықтың қызығымен қиындығы қатар жүретінін ұжымның, оқушылардың, ата-аналардың арасында жүргенде ғана түсінесің. Адам жанының бағбаны –психолог деп бекер айтпаса керек. Ол әр адамның сүйіспеншілігін, таза жүрегін мінсіз ақылмен, адал еңбегімен жаулап алып, жақсы өмірге позитивті қарауға көмектеседі.

Мұғалім, ата-ана, оқушыларға қиындықтар туындаса міндетті түрде мектеп психологі дайын тұрады. Ұстаздарға кеңес береді, ата-аналарға өсіп келе жатқан ұрпаққа тәрбие беру барысында көптеген психологиялық қолдаулар көрсетеді, ал оқушыларға өз мәселелерінде іштен тынбауға үйретеді. Менің аңғарғаным әрбір жеке тұлға беті ашылмаған кітап секілді, әр парағын ашқан сайын әр түрлі сырлар, әр түрлі жаңалықтар көресің, көрген сайын таңырқайсың, таңданасың, қызығасың тіпті кейде қынжылады екенсің. Бұл қасиеттерді түсінетін тек қана психолог мамандары деп білемін. Себебі жауапкершілігі өте зор, адам жанына нәр беретін кез-келген уақытта тыңдай білетін, кез-келген ортада қарым-қатынасқа оңай түсетін олардың ішкі әлеміне үңіле білетін, ерекше жаратылыс екенін айтқым келеді.

Шыдамдылық, сабырлылық, сенімділік, сөзіне тұрақты, өзгенің құпиясын шашпайтын, салмақты қасиетті де киелі, құдіретті де мәртебелі мамандық иесі екеніне көзім жетті. Бізден көмек сұрайтын адамның тағдыры мен оның жан дүниесі біздің қолымызда екенін, өзгенің өміріне өзіңнің өмірің ретінде бойлай отырып, олардың жандүниесіне кіре білу екенін сезіндім. Әрбір адам –өзінше жеке дара дүние, сол адамның сарайына үңіліп, жүрек сырына терең бойлап, ондағы құпия жайттарды ұғыну, сақтау қажет екенін түсіндім. Балалар әлемін тереңірек танып, психологиялық тренингтер өткізу – менің жұмысымның мәні.

Біз үшін ХХI ғасыр-психология ғасыры, болашақтың маманы. А. Энштейін «Мамандық таңдау-әр адамның өміріндегі ең маңызды шешім» деген екен. Сол айтқандай мен мамандығымды дұрыс таңдадым деп есептеймін және өзіме лайықты деп білемін. Біз жаны жаралы адамдарға керекпіз сондықтан да адам жанының бағбаны сабырлы, мейірімді психолог атансам адами парызым деп білемін.

Елбасымыздың кешегі жолдауында психолог мамандарға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіп, мәртебе көтеруде үлкен өзгерістер енгізді. Соның ішінде психолог мамандарының рөлі өте жоғары болу керек екенін айтты. Бүгінгі қоғамда, қазіргі технологияның ғарыштап дамыған кезінде адамның жүйкесі өте әлсіз. Сондықтанда күйзелісте жүрген адамның жан дүниесін, әрбір жанға мейірімді жылы сөзі мен қабақтары адам баласы түгіл мұзды да ерітеді делінген сондықтан алда жақсылықтың үлкен үміт жолы күтіп тұрғанын көреміз. Алдағы уақытта өз жұмысымның нәтижесі болуы үшін, қолымнан келгенше жұмыстанып, мектептегі психология жүйесіне тың өзгерістер әкелемін деген ойдамын. Санаға ақыл ұялататын, өмірді ұғынуға себеп болатын - менің мамандығым!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
575
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі