психолог сауалнама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

психолог сауалнама

Материал туралы қысқаша түсінік
психолог сауалнама
Материалдың қысқаша нұсқасы


















«Мұғалімнің психологиялық портреті»

сауалнамасының қорытындысы






Педагог – психолог:

























орта мектебі психологиялық қызмет орталығы мұғалімдермен жүргізілген жұмыстардың қорытынды анықтамасы


Әдістеме: «Мұғалімнің психологиялық портреті» сауалнамасы

Мақсаты: мұғалімнің оқыту стилін, психологиялық жағдайын, өзін - өзі бағалауын, шынайылығын анықтау

Жүргізілуі: зерттелушіге сұрақтар мен тиісінше үш жауап нұсқасы бар сауалнама берілді. Жауаптардың өзіне жақын нұсқасын таңдап, жауап парағына белгілеу тапсырылды. «Дұрыс» немесе «бұрыс» жауаптардың болмайтындығы ескертілді.

Нәтижені өңдеу:

Шкала 1 Негізгі құндылықтар

«А» вариантының балы көп болса – онда оқушыларыңыздың қызығушылығы сізге жақын болғаны. Олармен қарым-қатынаста болу сіз үшін еңбек қажеттілігі емес, рухани қажеттілік. Оқушылар сізден өздерін қолдайтын нағыз мұғалімді таниды. Сізге сенеді және жақсы көреді. Сіздің сабағыңызда оқушылар өздерін қауіпсіз сезінеді. Жайлы эмоциялық жағдай шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіншілік тудырады. Оқушылардың және өзіңіздің денсаулығыңыз сақталады.

«Б» вариантының балы көп болса – онда мұғалімдік жұмысыңызға әріптестеріңіздің сенімі, көмегі маңызды. Сонымен қатар әріптестеріңізде сізді маман ретінде, жақсы түсінетін дос ретінде сыйлайды, бірақ балалар сіздің көмегіңізді, түсінгеніңізді қажет ететінін ұмытпаңыз. Сіздің оларға сенімсіздігіңіз және олардан алшақтығыңыз балалармен қарым-қатынаста қиындық келтіреді.

«В» вариантының балы көп болса – онда мектеп сіз үшін маңызды емес. Сіздің қиыншылығыңыз тек мектеп мәселелерімен шектелмейді, басқа да жұмыстарыңыз бар, мүмкін сіздің өзіңізге деген сеніміңіз соншалықты, сіз әріптестеріңізбен оқушыларыңыздың пікіріне көңіл аспайсыз. Мүмкін сіз жұмысты бар жан-тәніңізбен беріліп істегендіктен, басқа нәрселерге көңіл бөлмейтін шығарсыз.


Шкала 2 Психологиялық жағдай

«А» вариантының балы көп болса – мектептегі жұмысқа сіз көп күш жұмсайсыз. Жағдайды өзгертуге әлсіз екендігіңізге қынжылып, ренжисіз. Мүмкін сіз өзіңізге және өзгелерге көтеріңкі талап қоятын шығарсыз. Егер сіз туындайтын жағдайға өз көзқарасыңызды өзгертсеңіз, өзіңізге жеңіл болар еді, мұғалімнің жұмысына тән стресстен арылар едіңіз. Психоэмоциялық көңіл-күйіңіз көтеріңкі болар еді. Балалармен және әріптестеріңізбен қарым-қатынастан қуанышты әсер алу үшін сіз өзіңізбен және қоршаған әлеммен гармонияда болу жолын қарастыруыңыз керек. Адам психикасының қоры шексіз. Сондықтанда өзіңізді қалыпқа келтіру әдістері өз қолыңызда!

«Б» вариантының балы көп болса – жүйке жүйесінің сезімталдығының арқасында басқа адамдардың жағдайын жақсы түсіне аласыз, жаныңыз ашиды. Сіздің көңіл-күйіңізге сыртқы әсердің ықпалы зор. Ыңғайсыз жағдайлардың қатар келуі сізді қандай да жағдайдан шығарып тастайды. Сол кезде сіз ашушаң болып, әлсіздік білдіресіз. Бойыңызда үрей пайда болады. Келеңсіз жағдайлардың қатар келуін сіз өзгерте алмайсыз, бірақ өз көңіл-күйіңізді, эмоцияңызды басқарып үйренуіңіз керек.

«В» вариантының балы көп болса – сіздің психоэмоциялық жағдайыңыз жұмыстың жемісті болуын қамтамасыз етеді. Қиын жағдайда сіз өзіңізді жақсы ұстай аласыз. Дұрыс шешім табуға қабілетіңіз бар. Өз ісіңізге жауап бере аласыз. Мінезіңіздің бір қалыптылығы және іскерлігіңіз мектептегі психологиялық жағдайға жақсы әсер етеді.

Шкала 3 Өзін-өзі бағалау

«А» вариантының балы көп болса - өз-өзіңізді позитивті тәрбиелеуге бейімсіз. Сіз шығармашылықпен, ойлау қабілетіңізбен ерекшеленесіз. Сабақта оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болып, оларға психологиялық көмек беріп, жылы атмосфера құруға қабілетіңіз бар. Оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдайсыз. Сондықтан оқушының эмоциялық дамуына мүмкіндік туып, баланың сенімділігі артады. Сіз шығармашылығыңызбен, демократияшылдығыңызбен ерекшеленесіз.

«Б» вариантының балы көп болса - өз-өзіңізді бағалауыңыз тиянақты емес. Сыртқы жағдайда көңіл-күйіңіз басқалардың пікіріне байланысты. Еңбегіңіздің позитивті бағалануы шығармашылықпен жұмыс істеуіңізге, өзіңізді еркін сезінуге, сенімге, балаларға ықпал жасауыңызға әсер етеді. Өзіңізді өзіңіз төмен бағалауыңыз, әріптестің есткертуі, өмірлік және кәсіптік мәселерлерді шешуге кері әсерін тигізіп қиындатады.

«В» вариантының балы көп болса – сіз басқалармен тез тіл табысып кете алмайсыз. Сізге өз тұлғаңыздың маңыздылығын төмендету тән. Өзіңізді еркін ұстау, сенімді болу, сабақтың шығармашылық атмосферасын жасау өзіңізді немқұрайлы қабылдауыңызға байланысты. Өзіңізді еркін, сенімді сезінсеңіз, психологиялық қорғаныс қажеттілігіне жүгінбеңіз. Сіз өзіңіздің де, оқушылардың да мүмкіншілігін жеңіл қабылдайсыз.


Шкала 4 Оқыту стилі

«А» вариантының балы көп болса – сіз ұжымжа лидерсіз және күшті педагог деген атыңыз бар. Өзіңіз шешім қабылдайсыз. Талаптардың орындалуын қатаң бақылайсыз, бірақ оқушылардың пікірімен санаспайсыз. Сіздің авторитарлығыңыз түсінушілікті және сабақтағы шығармашылықты тежейді. Балалар белсенділіктерін, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін жоғалтады. Олардың өзін-өзі бағалауы төмендейді. Психологиялық қорғаныс ретінде дөрекілік пайда болады.

«Б» вариантының балы көп болса – сізге татулық позициясы жақын. Ұрыс-жанжалмен қатар жүретін жан күйзелісінен қашасыз. Кей жағдайда өзіңізді кінәлі сезініп, біреудің жұмысын мойыныңызға аласыз. Оқушылардың жұмысын ұйымдастыруды және бақылауды жүйесіз жүргізесіз. Либералдық стиль еңбегіңіздің жемісті болуына, балалардың мұғалімдермен сыйластығын дамытуға, жауапкершілік сезімін күшейтуге кедергі жасайды. Сіз көп күш жұмсайсыз. Көп бересіз, бірақ сіздің бойыңызда жұмысқа деген қанағатсыздық, үрей, сенімсіздік сезімі бар. Қиыншылықтарды жеңіп шығу үшін қоршаған ортамен, оқушылармен жаңа қарым-қатынас құру керектігін ойланыңыз.

«В» вариантының балы көп болса – оқушы сіз үшін тең құқылы серіктес. Сіз оқушыны шешім қабылдауға тартасыз. Оның пікірімен санасасыз. Өз ойын айтқанын мадақтайсыз. Үлгірімімен қатар адамгершілік қасиетінде ескересіз. Сіздің негізгі әсер ету әдісіңіз ақыл айту, өтініш айту, іс-әрекетке итермелеу. Өзіңіздің кәсібіңізге қанағаттанасыз және әріптестеріңзбен қарым-қатынаста өте ашықсыз. Жақсы психоэмоциялық жағдайыңыз оқушыларға беріліп, оқытудың нәтижелі болуына әсер етеді.


Шкала 5 Жауаптардың шынайылығы:

«А» варианты және «В» вариантының балы көп болса – сіз өзіңізді-өзіңіз әділ бағалап, шын жүректен жауап бердіңіз.

«В» вариантының балы көп болса - әлеуметтік дұрыс деп айтылатын шектеулерге бағыныштысыз. Сұрақтарға жақсы жауап бердіңіз.


Сауалнаманың нәтижесі:


Аты – жөні

Пәні

1Шкала

2Шкала

3Шкала

4Шкала

5Шкала

а

б

в

а

б

в

а

б

в

а

б

в

а

б

в

1

Ережепова Маржан

Орыс тілі

5

1

4

3

2

5

6

3

1

3

0

7

3

4

3

2


















3


















4


















5


















6


















7


















8


















9


















10


















11


















12


















13


















14


















15


















16


















17


















18


















19


















20


















21


















22


















23


















24


















25


















26


















27


















28


















29


















30


















31


















32



















Қорытынды: алынған сауалнаманы өңдеу барысында мұғалімдердің оқыту стилі, психологиялық жағдайы, жауаптарының шынайылығы анықталды.

Ұсыныс:

  1. Ұстаздарға негізгі құндылықтарды дамытуға, оқыту стилін өзгертуге бағытталған жұмыстар жүргізу ұсынылды.


Педагог – психологтар:












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.11.2024
222
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі